На головну

Тапсырманың мазмұны

  1. Арастырылатын тапсырманың кіріс және шығыс айнымалыларының бейнелеу
  2. Бағдарламаның мазмұны
  3. Дәріс. Қазіргі мектептегі білім мазмұны.
  4. Дәрістің мазмұны: Информатиканы оқытудың түрлері.
  5. Клиенттердің қаржылық жағдайын бағалау есептерінің мазмұны
  6. Мазмұны
  7. Оқу материалының мазмұны мен құрылымы

Әртүрлі нысаналарды немесе үрдістерді басқару тапсырмаларын шешу практикада қолданылатын жүйенің айқын емес қорытындысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бұл жағдайда айқын емес модельдің құрылуы лингвистикалық айнымалы терминінде зерттелініп отырған жүйенің сипаттамасының формальді қойылымына негізделеді. Басқару үрдісінің кіріс және шығыс айнымалыларының сызықты сипаттамасымен тәуелділік туралы болжам дәстүрлі басқару жүйелерінің кемшіліктерінің бірі болып табылады, бұл мұндай модельдердің жеке тәжірибелік тапсырмаларды шешуде пара-пар төмендетеді. Айқын емес басқарудың сәулеті мен моделі классикалық басқару жүйелерін айқын емес басқару жүйелеріне ауыстыруына негізделеді, мұнда айқын емес қорытындылау жүйесі ретінде қолданылады.

Душ қабылдау кезінде қоспаның кірісіне сәйкесінше магистральды құбыр арқылы салқын және ыстық су келеді. Аса қолайлы жағдай душ үшін қоспаның шығысында тұрақты температурада жылы судың болуы кезінде қалыптасады. Душ қабылдау уақытында судың теңөлшемсіз шығыны бақылануы мүмкін, судың температурасы қоспаның шығысында тербеледі, бұл салқын немесе ыстық судың берілісін қолмен өзгерту мүмкіндігіне алып келеді. Біздің мақсатымыз, қоспа шығысындағы судың тұрақты температурасын қамтамасыз ете отырып, судың температурасын реттеуді автоматты түрде айналдыру.

Бұл жұмысты орындаудың біршама толық сипттамасы тәжірибелік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулықтарда келтірілген.

1. Егер су ыстық болса, онда ыстық су кранының вентилін үлкен бұрышпен оңға бұру қажет.

2. Егер су онша ыстық болмаса, онда ыстық су кранының вентилін үлкен емес бұрышпен оңға бұру қажет.

3. Егер су жылы болса, онда ыстық су кранының вентилін қозғалыссыз қалдырамыз.

4. Егер су салқын болса, онда ыстық су кранының вентилін үлкен емес бұрышпен солға бұру қажет.

5. Егер су суық болса, онда ыстық су кранының вентилін үлкен бұрышпен солға бұру қажет.

Бұл ақпарат айқынталмаған шығыс жүйесінің ережелер базасын құру кезінде қолданылатын болады, ол берілген айқынталмаған басқару моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қойылған тапсырманы шешу үшін міндетті түрде: айқынталмаған лингвистикалық ережелердің қорын құру, кіріс айнымалыларының фаззификациясын және айқынталмаған өнім ережелеріндегі белдендіруді құру қажет. Айқынталмаған өнім ережелерінің нәтижелерін аккумуляциялауды міндетті түрде 2 және 3 ережелерге арналған max-дизъюнкция амалдарын қолдану арқылы ал дефаззификацияны шығыс "Кран вентилін бұру бұрышы" лингвистикалық айнымалысын - ауырлық ортасы әдісімен жүргізу қажет.



Бақылау сұрақтары | Кіріс айнымалыларының фаззификациясы

Басты менюдегі бағдарламалардың міндеттері. | Командалар терезесіндегі негізгі жұмыс жасау түрлері. | MatLab жүйесінің графикалық мүмкіндіктері. | Айқын емес жүйені интерактивті режимде өңдеу процессі. | Айқын емес жүйені шығару редакторы FIS | Меншіктік функцияның редакторы | Айқын емес ережелер редакторы | Айқын емес шығару жүйесінің ережелерін корсететін бағдарлама | Айқын емес жүйенің беткі бөлігін бақылау бағдарламасы | Интерактивті режимдегі айқынталмаған шығыс жүйесін жасаудың әдіс-тәсілдерін игеру |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати