На головну

Тұлғаның даму үдерісі | Тұлға қалыптасуында нәсілдік және қоршаған орта ролі | Даму және тәрбие | Табиғи сәйкестік принципі | Іс-әрекет және тұлға дамуы | Тұлғаның даму нақтамасы | Жастық кезеңдер реті | Акселерация | Балалардың даму теңсіздігі | Рқилы жас шағындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері |

Педагогикалық үдеріс - біртұтас жүйелі құбылыс

  1. D) Жүйелік блокқа
  2. Азіргі Қазақстандағы демократияландыру: жәйі және үдерістері туралы пікіріңіз?
  3. Біртұтас педагогикалық үдерістегі тұлға қалыптасуының бастау көзі - отбасы тәрбиесі
  4. Дәріс. Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық технологиялар.
  5. Дәріс. Еуропа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер.
  6. Дәріс. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті - оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты.
  7. Дәріс. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау.

Мақсаты біртұтас тұлға қалыптасуын қамсыздандыру болған педагогикалық үдеріс мәнін түсінудің арқасында педагогикалық үдерісті тұтастай құбылыс ретінде ұйымдастыру қажеттілігі жөнінде мәселе көтеріледі. Біртұтастық - бұл ұйымдасуы жоғары деңгейлі, күрделі ішкі құрылымға ие нысандардың бірігімді, жалпыланған сипаттамасы.

Біртұтастық- педагогикалық үдерістің бірігімді сапасы, оның дамуының ең жоғары деңгейін көрсетіп, үдеріске араласқан субъекттердің саналы іс-әрекетінің нәтижесін білдіреді.

Педагогикалық үдерістің мәнді қасиеті болған біртұтастық жүйе құрастырушы екі жағдайаттың іске асуынан пайда болады:

1) педагогикалық үдерісте тәрбие, оқу-үйретім, даму міндеттерінің теңдей, бірігімді шешілуі;

2) педагогикалық үдерісте барша негізгі де іргелі және дамып барушы іс-әрекет түрлерінің өзара ықпалды байланысқа келуі, яғни оқу-үйретім, еңбек, дене шынықтыру бірлігі.

Біртұтас педагогикалық үдеріске тән заңдылық: оны құрайтын элементтердің іштей бірлігі, олардың бір-біріне болған өзара үйлесімді ықпалы. Бұл тұрғыдан біртұтас педагогикалық үдеріс тәрбиеленушілер өмірін бағыттаушы және өзгеріске келтіруші педагогикалық мақсаттар, мазмұн, әдістер және формалардың ұйымдасқан жиынтығын білдіреді.

Мазмұндық тұрғыдан педагогикалық үдерістің біртұтастығы тәрбие мақсаты мен мазмұнында ескерілетін адамзат топтаған тәжірибе және оның өзара байланысты келген төрт элементінің:

білімдер, олармен бірге жүретін әрекеттерді орындау тәсілдері, ептіліктері мен дағдылары;

шығармашылық іс-әрекеттер тәжірибесі;

сапалық-құндылық тану тәжірибесі;

қоршаған ортаға еріктік қатынас жасай білу тәжірибесі - бірлікті көрінісімен сипатталады. Тәрбие мазмұнының аталған негізгі бөліктерінің іске асуынан педагогикалық үдерістің тәлім жинақтау, дамытушылық, және тәрбиелік қызмет мақсаттарының бірлігі орындалады. Ұйымдастыру тұрғысынан педагогикалық үдеріс төменде аталған салыстырмалы дербес үдерістік бірліктердің тұтастығы қамтамасыз етілген жағдайда ғана өз мәніне ие болады; тәрбие мазмұны мен материалдық қорын меңгеру және құрастыру үдерісі, яғни дидактикалық бейімге келтіру, мазмұн түзу, материал, құралдарын құрастыру, іс-әрекет жобаларын жасау бағыттарындағы педагог қызметі;

мақсатты игерілуі тиіс тәрбие мазмұнына орай педагог және тәрбиеленуші арасындағы іскерлік-әрекеттестік үдерістің орындалуы;

педагог пен тәрбиеленушінің жеке бастары деңгейінде бейресми қатынас әрекеттестік үдерісінің жүрісі;

тәрбиеленушінің өз бойында тәрбие мазмұнын педагогтың қатысынсыз (өзіндік білім меңгеру, өзіндік тәрбие) игеру үдерісіне деген ниеттің болуы.

Біртұтас құбылыс ретінде педагогикалық үдеріс жүйелілік тұрғысынан ұйымдастырылуы мүмкін, осыдан мұнда ең алдымен назарға алынатыны- педагогикалық жүйе. Тұлғаның тұтастай дамуына ықпалды нақты тәрбие мақсаты - төңірегінде ұжымдасқан сан алуан әрі көптеген өзара байланысты құрылым бірліктерінің басын қосқан педагогикалық жүйені құрау.

Біртұтас педагогикалық жүйе өз ішіне көп санды арнайы тәрбие міндеттерін көздеген қызметтік жүйешелерден түзіледі. Мұндай жүйешелер тізімінде еңбеккерлік, адамгершілік ұстаным, елжандылық сезім, эстетикалық талғам, ақыл-ес дамуы, т.с.с. бағдарлы мақсаты болған іс-әрекет түрлерін атауға болады.

Педагогикалық үдеріс жүйелілігі қажеттілік, бірізділік, бірігімділік, жалпы жүйе мен жекеленген жүйешелер әрекеттестігі принциптерінің іске қосылып, орындалуымен түзіледі. Осыған орай педагогикалық үдерістің жүйе құрастырушылық шарты жөнінде мәселе көтеріледі. Мазмұндық тарапынан педагогикалық үдерістің жүйе құрастырушылық себебі ретінде оның көп деңгейлі құбылыс болып ескерілетін мақсаты алғы шепке шығады. Әдетте, педагогикалық жүйе өз ұйымдасуында тәрбие мақсатын көздеп, әрі сол мақсаттың іске асуы үшін қызмет етеді. Ал нақты тәрбие мақсаттары тәрбиелік әрекеттестік түрлері немесе жүйешелер қызметі арқасында іске асады.

Сондықтан, нақты мазмұндық жүйе құрастырушы жағдаят ретінде тәрбиенің жетекші бағытын айыра қарастыру қажет. Гуманистік педагогика үшін мұндай тәрбие бағыттары арасында рухани-тұтастық, адамгершіліктәрбиесін ерекше атаған орынды. Тәрбиелік іс-әрекеттің қай түрі болмасын, ол рухани, ізгіліктілік тәрбиесі төңірегінде топталып, тұлғаға әсер етуші өзара әрекеттестік пен әрекеттік ықпалдарды бір арнаға түсіреді.

Жалпы жүйе аймағында іске асатын жүйешелер әрекеттестігі принципіне сай тәрбиенің әр жеке түрінде оның өзіне ғана тән тікелей міндеттері орындалып қоймастан, басқа тәрбие түрлеріне қатысты жанама міндеттері де атқарылып жатады. (еңбек тәрбиесіне байланысты міндетті орындай отырып, тәжірибелі педагог бір уақытта ақыл-ес тәрбиесін, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие талаптарын, т.с.с. орындайды).

Қызметтік жүйешелердегі арнайы іс-әрекет түрлерінің барша тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалана отырып, тек ерекшелерін ғана емес, сондай-ақ жалпы педагогикалық міндеттерді де шешу арқылы педагог рухани-ізгіліктілік тәрбиесіне басымдылық берумен әрбір нақты тәрбие түрін біртұтас педагогикалық үдерістің маңызды құрамды бөлігі дәрежесіне көтереді.

Нақты педагогикалық жүйешелер мүмкіндіктерін, олардың өзара байланыстары мен әрекеттестігін толыққанды пайдаланудан біртіндеп тұтастай педагогикалық үдеріс қалыптаса бастайды. Тәрбиенің барша арнайы бағыттары осы үдерісте өздерінің жалпылық сипат алған мүмкіндіктерін толықтай ашады. Рухани құндылық тәрбиесі еңбек, азаматтық, ақыл-ес тәрбиелерімен тығыз қарым-қатынас, байланыс бірігіміне келеді.

5.3. Педагогикалық міндет - педагогикалық үдерістің негізгі бірлігі

Педагогикалық үдерістің барысы жөнінде ақпарат беруші әрі уақыт желісінде дамып баратын негізгі бірлігі келесідей шарттарды қанағаттандыруы тиіс: педагогикалық үдерістің барша мәнді белгілерін қамтуы; қалаған педагогикалық мақсатты іске асыруға сай жалпыланғаны; кез келген нақты үдерісте дерексіздендірілген күйде байқалуы. Нақ осы шарттарға сай педагогикалық үдерістің мұндай негізі - бұл педагогикалық міндет. Педагогикалық міндеттің де құрылым бірліктері педагогикалық үдеріс бөліктерімен сәйкес келеді. Олар - педагогтар, тәрбиеленушілер, мазмұн және құрал-жабдықтар. Алайда, педагогикалық міндетті жүйе ретінде қабылдайтын болсақ, оның құрылымындағы табиғи басқа да бірліктерді назардан шығармауымыз тиіс. Бұлар - міндет ауқымындағы заттардың (құбылыстардың, оқиғалардың және т.б.) бастау қалпы, көзделген қалып жобасы (міндет талаптары).

Педагогикалық үдеріс жағдайында міндетті бірліктер - материалдық (шәкірт тұрқы, күш-қуаты, сырт келбеті, т.с.с); саналық (білім, ептілік, тұлғалық-іскерлік сапалары, қарым-қатынастар және т.б) болуы мүмкін. Бұлардың бәрі де сандық және сапалық өзгерістерге түседі немесе керісінше шектелген уақыт аралығында бұрынғы қалпын сақтайды.

Сонымен педагогикалық міндет дегеніміз: болмысты тану және қайтажасау қажеттілігінен белгіленген мақсатпен ұштасып, саналы алға тартылған шарт-жағдайлар (ситуация)

Кезкелген педагогикалық жүйедегі педагогикалық іс-әрекет міндеттік құрылымға ие. Бұл құрылымда, біріншіден, әрқилы күрделілік деңгейіндегі шексіз көп міндеттер бірізді әрі өзара байланыстырыла шешіліп жатады; ал екіншіден, шәкірттенр, өз кезегінде, сол шешімдерді табуға қатыстырылады. Осыдан, қандай да педагогикалық өнімге бағытталған оқу-үйретім, тәрбие міндетін педагогикалық үдерістің белгілі мақсатына айналған педагог және тәрбиеленушілер арасындағы әрекеттестік байланыстың бір бөлігі ретінде қарастырған орынды. Сонымен, педагогикалық үдеріс желісі, оның әр "сәті" бір мәселе-міндет шешімінен екіншісіне өтерде ескеріліп баруы қажет.

Ұстаздың кәсіби педагогикалық іс-әрекеті мен дайындығын мақсатты түрде ұйымдастыру үшін аса маңызды келетін жағдайят-бұл педагогикалық міндеттерді топтастыру (классификация) мәселесі. Уақыт, мерзім сипатына орай педагогикалық міндеттер үш ірі топқа ажыралады: ұзақты көздеген түпкілікті міндет - стратегиялық, іс-әрекеттің белгілі кезеңіне арналған міндет - тактикалық, іс-әрекеттің нақты бір мезетінде орындалатын міндет - нақты іс-әрекеттік (оперативті)

Педагогикалық міндеттер, өз мәні бойынша, әлеуметтік басқарымды құбылыс. Осы міндеттердің әрқайсысы, өз алдына педагогикалық үдерістің ең кіші бөлігі сипатында нақты жұмыс бабында орындалып баруымен тактикалық, соң стратегиялық мәселелердің іске асуын қамтамасыз етеді. Көп санды майда, әр сәттік педагогикалық міндеттердің бәрінің бірігімге келуі төрт өзара байланысты кезеңдердің өту принциптік сұлбасына тәуелді.

Олар:

- жағдайды талдаумен педагогикалық міндет белгілеу;

- шешім баламаларын жобалап, нақты жағдайға тиімдісін таңдау;

- педагогикалық үдерістегі әрекеттестікті реттеу және түзетуді ұйымдастыру шараларын қамтып, міндеттің тәжірибеде шешілуіне арналған жоспарды іске асыру,

- шешім нәтижелерін талдау;

Педагогикалық міндетті орындау үдерісі - бұл әрдайым шығармашыл іс-әрекет. Оның кезеңді жүзеге келуінен теориялық және тәжірибелік ойлау әрекеттерінің өзара ауысып отыру заңдылығын байқаймыз. Нақтамалық шешім шығарып және оларды қабылдаумен аяқталатын қызметтер тобын қамтыған педагогикалық жағдайларға талдау бірінші кезеңнің жұмысы. Бұл орайда жүргізілетін нақтама (диагностика) өз ішіне даралық және топтық, тұлғалық және ұжымдық қылық - әрекеттерді ашу үшін жүргізіледі. Осының негізінде оқу-үйретім мен тәрбие нәтижелері болжастырылады, сонымен бірге шәкірттер кезігетін қиыншылықтар айқындалып, болып қалар қателіктер, педагогикалық ықпалдарға жауап әрекет қимылдары байқалады.

Педагогикалық міндет теориялық тұрғыдан шешімін тапқан соң екінші міндеттері - күнделікті іске асыру кезеңі алға шығады. Дегенмен, теориялық ой жұмысы доғарылмайды, енді ол "тасада" тұрып, үздіксіз ақпарат ағымынан болатын педагогикалық үдерістегі өзгеріс, ауысуларға реттеу, түзетулер беріп отырады.

Педагогикалық міндетті шешудің соңғы кезеңінде теориялық ойлау жұмыстары қайтадан алғы шепке тартылады. Бұл ретте алынған нәтижелердің қорытынды есебі мен оларды бағалау қызметі атқарылады.

Педагогикалық міндеттердің шешілу кезеңдеріне сәйкес, бірақ олардың мазмұнына және өту мерзіміне тәуелсіз жалпы, сондай-ақ жекеленген технологиялар ажыралады. Жалпы технология - бұл мысалы, бүкіл тәлім-тәрбие үдерісін құрастыру мен оның тұтастай орындалуы; ал жекеленгентехнология шәкірттерді педагогикалық ынталандыруға, оқу-үйретім және тәрбие жұмыстарын бақылау мен бағалауға, одан әрі нақтылау жұмыстары - оқу-үйретім жағдайын талдау, сабақ кіріспесін ұйымдастыруға және т.б. арналады.

Сонымен, біртұтастық принципіне сәйкес жүйе ретінде танылған педагогикалық үдерісті нақтылау және іске асыру барысында оның барша бөліктерінің табиғи бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз етуге ұмтылу қажет. Себебі, олай болмаған жағдайда, бір жүйешедегі қандайда өзгеріс барша басқа жүйе құрылымының еріксіз ауысуына алып келеді. Оқу-үйретім, тәрбие әдістемелерінен педагогикалық технологияның өзгешелігі: ол, негізінен, үйренушілердің өздері тарапынан орындалатын іс-әрекеттерді ұйымдастыру мазмұны мен тәсілдерін дайындап, нақтылауға арналады. Сондықтан, мұндай технология тұлғаны дамытуға бағытталған педагогикалық үдерістің сапасына шынайы қадағалау қойып, нақтамалық мақсат дәлдігін талап етеді.

5.4 Біртұтас педагогикалық үдеріс заңдылықтары мен принциптері

Заң - болмыс құбылыстары мен үдерістері арасында болатын жалпы, тұрақты қайталанып отыратын қажетті де мәнді байланыс. Заңдар сан алуан, ал олардың ішінде қоғамдық дамуға қажеттісі қоғамның әртүрлі ұрпақтары арасындағы ұштастықты қамтамасыз етеді. Сондықтан, педагогикалық үдерістің негізгі заңы сипатында өскелең әулет тарапынан аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін игеру қажеттігі заңы қарастырылады. Ал педагогикалық заңдылықтар ретінде көрінетін арнайы заңдар осы заңмен тікелей де тығыз байланысты. Бұл байланыс мәні: ең алдымен педагогикалық іс-әрекеттің мазмұн, форма және әдістері қоғамның өндіргіш күштерінің даму деңгейіне, әрі оларға сәйкес өндірістік қатынастар мен қондырғылар (надстройка) дәрежесіне тәуелді келеді. Тәлім білім деңгейі тек өндіріс талаптарымен анықталып қалмастан, ол қоғамда билік жүргізуші саясат пен идеиологияға бағыт-бағдар беруші әлеуметтік топтардың мүддесімен де байланысты келеді.

Педагогикалық үдерістің тиімділігі оның өтуіне жасалған жағдай-шарттарға (қаражаттық, гигиеналық, моральдық-психологиялық, және т.б.) тәуелді болуы заңдылықты құбылыс. Көбіне аталған шарттар елдегі әлеуметтік экономикалық жағдайларға, сонымен бірге субьективтік ықпал жасаушы, тәлім және тәрбиелеу мекемелерінің басшылығына байланысты.

Тәрбие нәтижелілігі балалардың қоршаған дүниемен қарым-қатынас ерекшелігіне тәуелді болуы да заңдылықты құбылыс. Педагогикалық заңдылық мәні - оқу-үйретім және тәрбие нәтижелерінің өз дамуының әрқилы кезеңінде бала араласқан іс-әрекеттерінің сипатына байланыстылығы. Педагогикалық үдеріс мазмұны, формасы мен әдістерінің тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне және мүмкіндіктеріне сай болуы аса маңызды заңдылықтар тізімінен. Педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың нақты желісінде қандай да қызмет орындауға қажет үдерістік бірліктер арасындағы ішкі заңдылықты қатынастардың маңызы елеуге тұрарлық. Нақты тәрбие - тәлім үдерісі мазмұнының алға қойылған міндеттеріне байланысты нақтылануы міне осыдан. Педагогикалық іс-әрекет әдістері мен оларға қолданылатын құрал-жабдықтар нақты педагогикалық жағдайға және мазмұнға орай іріктеледі. Мақсат, міндет, мазмұн және т.б. педагогикалық үдерісті ұйымдастыру формасын таңдауға ықпал жасайды.

Педагогикалық үдеріс заңдылықтары өздерінің нақты көрінісін негізгі ереже-талаптарда, яғни принциптерде табады. Принциптерге орай педагогикалық үдерістің жалпы ұйымдасуы, мазмұны, формасы мен әдістері анықталады.

Бүгінгі ғылымда принциптер қандай да теорияның, жетекші пайымдардың, мінез-құлық, іс-әрекеттің негізгі бастау ережелерін көрсетеді. Педагогикалық үдеріс прнциптері, сонымен тәлім-тәрбие істерін ұйымдастыру талаптарын аңдатады, олардың бағыт-бағдарын сілтейді, нәтижеде педагогикалық үдерісті шығармашылықпен құрастыруға жәрдем береді.

Біртұтас педагогикалық үдеріс ауқымында принциптердің екі тобын ажыратуға болады:

педагогикалық үдерісті ұйымдастыру принциптері;

тәрбиеленушілер іс-әрекеттерін басқару принциптері;

Педагогикалық үдерістерді ұйымдастыру принциптері:

- педагогикалық үдерістің гуманистік бағытталуы принципі - бұл принциптің орындалуынан қоғам және тұлға байланысында тұлға мүддесі асқақталады. Барша тәрбие міндеттері (тәрбиелеу, тәлім топтау, даму,) біртұтас жан-жақты дамыған тұлғаның қалыптасуына бағышталады.

- оқу-үйретім және тәрбие үдерісінде тұлғада біртұтас және үйлесімдіақыл-ес, сезімдік, көңіл-күй, еріктік,әрекеттік-тәжірибелік қабілеттер қалыптасуына жәрдем іске асады. Осыған орай адамның барша табиғи және әлеуметтік мүмкіндіктеріне қозғау салып, олардың дамуынан тұлғаның өмірге деген сенімі артады, қоғамда өз орнын тауып, өз көзқарас, дүниетанымына иелік дәрежесін көтеріп, дарыны мен кәсіби біліктілігін жетілдіреді.

- тәрбиелік іс-әрекеттердің әрқилы формаларының өзара қатынасын үйлесімді әрі бірлікті ұйымдастыратын, кешенділік ұстану принципі. Мысалы, ойындық іс-әрекеттер баланы оқу-үйренім, еңбек, өзіндік ұйымдасу және тұрмыстық әрекет, қызметтерге ынталандыруы мүмкін;

- педагогикалық үдерістің тәлім-білім, ептілік және адамгершілік, қоғамдық-саяси ұстанымдарын бірлікті қалыптастыру принципі.

- сана және іс әрекет бірлігі принципі.

- педагогикалық үдерістің өмірмен, қоғамдық тәжірибемен байланысын қамсыздандыру принципі.

- оқу-үйретімді және тәрбиені өзіндік мүдде және жалпы әлеумет пайдасына арналған еңбекпен байланыстыру принципі.

- педагогикалық үдеріс құрылымында өзара жалғастық, бірізділік және жүйелілік принципі.

- балаларды ұжымдатәрбиелеу және үйрету принципі.

- балалардың бүкіл өмірін, әсіресе, оқу-үйренімін, тәрбиесін әсемдікке бөлеу принципі.

Тәрбиеленушілердің іс-әрекетін басқару принциптері:

- педагогикалық басқарымда тәрбиеленушілердің ынталылығымендербестігін арқау ету принципі;

- тәрбиеленуші тұлғасын оған деген талаппен ұштастыра құрметтеу;

- адам бойындағы ұнамды қасиет пен оның күшті тұлғалық сапаларын тірек қылу принципі;

- мектеп, отбасы және қоғам талаптарының үйлесімділігі принципі;

- тікелей және қосарлы педагогикалық ықпалдарды үйлестіре пайдалану принципі;

- тәрбиеленушілердің шынайы мүмкіндіктерін ескеру принципі;

- тәрбиеленушілердің жасы мен даралық ерекшеліктерін ескеру принципі;

- тәлім, тәрбие және даму нәтижелерінің беріктілігі мен әсерлілігі принципі.

 



Педагогикалық үдеріс мәні және оның құрылымы | Тәрбиелік үдеріс мәні мен ерекшелігі
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати