На головну

Педагогикалық тестілеу | Жымдық құбылыстарды зерттеу әдістері | Педагогикадағы сандық әдістер | Тұлғаның даму үдерісі | Тұлға қалыптасуында нәсілдік және қоршаған орта ролі | Даму және тәрбие | Табиғи сәйкестік принципі | Іс-әрекет және тұлға дамуы | Тұлғаның даму нақтамасы | Жастық кезеңдер реті |

Балалардың даму теңсіздігі

  1. Балалардың дене дамуын зерттеу және бағалау әдістері.
  2. Балалардың дене дамуын кешендік әдіспен бағалау сызбасы
  3. Балалардың мектепте оқуға функционалдық дайындығы.
  4. Емшектегі және мектепке дейінгінің алдындағы (бөбектік) жастағы балалардың күн тәртібі.
  5. Мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібі мен оқу-тәрбиелеу үрдісінің гигиеналық негіздері.
  6. Секулярлық тренд және қазіргі кезеңдегі балалардың өсу және даму ерекшеліктері

Бала дамуы саласындағы зерттеулер оқу-үйретім, тәрбие қызметін тиімді жобалау мен ұйымдастыру үшін аса қажетті болған бірнеше маңызды заңдылықтарды ашты. Мектеп мұғалімдері ең алдымен тән-дене дамуы заңдылықтарына арқа сүйегені жөн:

Жас уақытта баланың тән-дене дамуы жылдам әрі жедел; ал баланың жасы ұлғаюымен дамуы желісі бәсеңдейді.

Баланың тән-дене дамуы бір кезеңде - жылдам, ал екінші бір дәуірде -жәй.

Адам денесінің әрбір ағзасы өз желісімен дамиды, ал бүтіндей дене бөліктерінің дамуы тең емес әрі олардың арасында даму сәйкессіздігі байқалды.

Биологиялық дамумен тығыз байланыста рухани даму жүріп жатады. Ал бұл дамудың өзінде айтарлықтай ауытқулар көрінеді, олардың себебі жүйке жүйесінің жетілуі мен психикалық қызметтердің даму заңдылықтарында. Зерттеулер көрсеткендей, балалар арасындағы мәнді айырмашылықтар ең алдымен олардың ақыл-ес, зиятты әрекеттері деңгейінде, сана құрылымында, қажеттерінде, қызығуларында, сеп-түркілерінде, ізгілік қылықтарында, әлеуметтік даму деңгейінде байқалады. Рухани даму бірнеше жалпы заңдылықтарға бағынады:

1. Баланың жасы мен рухани даму желісінің арасында кері қатынасты тәуелділік бар: жас неғұрылым кіші болса, рухани даму соғұрылым тез; жастың ұлғаюымен рухани даму бәсеңдейді.

Адам дамуының сырлары жөнінде ой толғастыра отырып, Л. Н. Толстой жазған екен: «5 жасар баладан маған дейін - бір ғана қадам. Ал жаңа туған сәбиден 5 жасар балаға дейін - шексіз ұзақтық. Жатырдағы ұрықтан дүниеге жаңа келген балаға дейін - тұңғиық. Ал жоқтан ұрыққа дейінгі аралықты айыратын тұңғиық та емес, оны тіпті санамен сараптауға болмайды». Ұлы адамтанушы ғұламаның жеке басы сезгендерін кейін ғалымдар нақты ғылыми әдістермен дәлелдеді.

2. Балалардың рухани дамуында тепе-теңдік болмайды. Психикалық қызметтер мен рухани сапалардың негізінде болатын тұлға қасиеттері бірдей даму деңгейінде жүрмейді. Өмірдің кейбір кезеңдерінде нақты сапалардың дамуына сай ұнамды жағдайлар болып қалады. Бір сапалар тез, ал екінші біреулері - жайымен қалыптасып жатады.

3. Кейбір психикалық әрекеттердің дамуы мен қалыптасуы үшін тиімді (оптималь) мерзімдер болады. Қандай да сапалардың қалыптасуы үшін аса қолайлы болған жас кезеңдері психологияда сензитивтік кезеңдер деп аталады (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, В. А. Крутецкий). Сензитивтік себептері - ми мен жүйке жүйесінің пісіп жетілуіндегі теңсіздіктер және тұлғаның кейбір қасиеттерінің бұрыннан қалыптасқан сапалар негізінде орнығуынан. Әлеуметтену үдерісінде қабылданған өмірлік тәжірибе де үлкен маңызға ие.

Неліктен бала Маугли ересектердің қалыпты тілін игере алмады? Жауап анық - бұл сапаның қалыптасуы үшін сай болған сензитивтік кезең өтіп кеткен. Егер бала белгілі уақыт аралығында (1,5 - 2,5 жас аралығында) тілге үйренбесе, кейінгі кезеңдерде оны қалыпқа келтіру бірте-бірте қиындаса береді. Басқа да сапалардың: тән-дене, психикалық, әлеуметтік, инабаттық - қалыптасуы жөнінде де осыны айтуға болады. Бұлардың арасындағы күрделілері орнына келмейді. Мысалы, тура, тік жүруге үйренбегеннен қозғалыс және дене теңдігі (вестибуляр) аппараттары дамымайды. Дамудың сензитивтік кезеңдері жақсы зерттелген. Педагогтар ақыл-ес, инабаттық, әлеуметтік сапалардың қалыптасу кезеңдерін (кіші және орта мектеп жасы) үздіксіз бақылауға алуы шарт. Жақын уақыттарда американ психологтары мәселе, міндеттер шешу дағдыларының дамуына байланысты сензитивтік кезең 6-12 жастар аралығы екенін анықтаған. Осы кезең еленбей қалса, адамның жоғары деңгейдегі шығармашыл ойлау тәсілдерін игеруі өте қиындасады.

4. Адамның психикалық дамуының арқасында оның рухани сапалары орнықты, тұрақты, сонымен бірге өзгеріске икемді сипат ала бастайды. Тәрбие ықпалының өзі жүйке жүйесінің икемділігіне негізделген. Осы икемділіктен кейбір адам кемшіліктері толығып жатады, яғни адамның күшті ағзасы кемшіндеу болған мүшенің орнына қызмет жасайды. Мысалы, әлсіз ес орнына жоғары ұйымдастырылған танымдық әркеттер (ойлау, сөйлеу, қиялдау т.б.) қолданылуы мүмкін. Даму теңсіздігі - көп сырлы құпия құбылыс, кейде бұған біздің таңдануымыздың шегі болмайды, тіпті қиялымызға сыймайды. Мысалы, жасына сай болмаған кей сапалардың жылдам дамуы: Моцарт 4 жасынан музыкалық аспапты игеріп, 5 жасында шығарма жазған, 8 жасында алғашқы сонатасы мен симфония жазған, ал 11 жасында әлемге опера берді. Әйгілі музыкант және композитор Глинка 7-8 жасында бөлмесінде металл ыдыс-аяқтарды іліп қойып, «оркестр» жасаған. 2 жасқа енді жеткен Римский - Корсаков музыкалық есту елеңі және жадымен таңдандырған. 3 жасар Репин қағаздан әртүрлі әрекеттегі сұлу ат бейнелерін қиып үйренсе, ал 6 жаста бояулармен сурет сала бастаған. Пушкин алғашқы өлеңдерін жаза бастағанда 7-8 жасар бала екен.

Қандай да салада аса дарындылық көрсете алған балаларға вундеркинд (немісше «вундер» - ғажайып, «кинд» - бала) атауы берілген. Мұндай аса дарын иелері - жас балалар жөнінде қазіргі заман ғылымы не дейді? Олардың белгілі саладағы қабілеттерінің ерте оянғаны болмаса, басқа балалардан аса айырмашылығы жоқ. Дарынды балалар өзінің алдына қойған міндеттерін аз уақыт және күш жұмсап шешуге бейім. Бұдан олар шаршамайды, жеткен табысымен қанаттана түседі. Арнайы сынақтарда дарынды балалар нақты әрі тар салада жоғары қабілет көрсетуге бейім.

Сонымен, балалардың рухани және тән-дене дамуы тең жүріп жатпайды: бір кезеңдерде - жылдам, екінші бірде - шабан. Мұндайда мұғалімдер көптеген маңызды заңдылықтарды пайдалануы шарт. Әсіресе, қандай да тән-дене және рухани сапалардың дамуына қолайлы сензитивтік кезеңдердің болатынын есте ұстауы қажет.



Акселерация | Рқилы жас шағындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати