На головну

Лекция. | Тақырыбы: Кеңестік кезеңдегі білім беру жүйесі мен педагогика ғылымы | Лекция. | Тақырыбы: Қазақстандағы ХІХ-ХХ ғасырлардағы білім беру мен педагогика ғылымы | Тақырыбы: Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде | Мұғалімнің зерттеушілік мәдениет-оқу тәрбие удерісі нәтижелігінің шарты. | Тұтас педагогикалық үдерістің мәні мен құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары | Тақырыбы: Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі | Тақырыбы: Ғылыми дүниетаным - оқушының интеллектуалды дамуының негізі | Тақырыбы: Тұтас педагогикалық үрдістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны |

Ынталандыру əдістері

  1. Сананы қалыптастыру əдістері

Тəрбиеленушіні белгілі іс-əрекетті орындатуға талаптандыру ниетімен қолданылатын əдістер тобында ынталандырудың орны өз алдына. Бұл əдістің ежелден-ақ мадақтау мен жазалау түрі белгілі. XX ғасыр педагогикасы жəне бір өте əсерлі ынталандыру əдісі - жарыстыру əдісін алға тартып отыр. Кейінгі он жылдықта дəстүрлі ықпал əдістеріне қосымша субъектив-прагматикалық əдістің тиімділігі жариялануда. Ғылыми зерттеулер мен практика нақтылағандай, бүгінгі жастардың ерекшелігі - өмірге болған прагматикалық (пайдакүнемдік) қатынасы.

Мадақтау - тəрбиеленушілер əрекетіне ұнамды баға беру. Мадақтау ықпалы оқушының ұнамды көңіл-күй сезімін көтеруге негізделген. Осыдан да мадақтау балада өзіне деген сенім орнықтырып, жұмысқа деген жағымды көңіл қатынасын оятады, жауапкершілік арттырады. Мадақтау түрліше орындалуы мүмкін. Олар арасында тəрбие процесінде жиі қолданылатындары - қолдау, қуаттау, алғыс жариялау, құрметті құқықтар беру, мақтау қағаздары мен сыйлықтар беру жəне т. б.

Жарыс, бəсеке. Көп бала топтала қалса, сол бойда өзара бедел таластыра бастайды. Балалар табиғатына аса тəн құбылыс - бəсекелестік. Төңірегіндегілер арасында өз беделін танытып, оны бекіту - əр адамның тума қажеті. Ал бұл қажеттілікті іске асыру басқалармен жарысуды керек етеді. Жарыс нəтижесі баланың ұжымдағы беделін ұзақ уақытқа айқындап, бекітеді.

Жазалау -келеңсіз қылықтарды шектеп, тежеу үшін, басқалар алдында, өз тұрғысынан айыбын мойындау сезімін ояту мақсатында қолданылатын педагогикалық ықпал əдісі. Басқа тəрбие əдістері секілді жазалау да қылық-əрекеттердің сырттай себептерінің тұлғалық ішкі ықылас-ниеттерге ауысуына негізделген. Мектеп тəжірибесінде жазалаудың келесідей түрлері қолданылуда; 1) қосымша міндеттер таңу; 2) кей құқықтардан айыру не шектеу; 3) моральдық сөгіс, не айып тағу. Тəрбие барысында жазалаудың келесі формалары қабылданған: жақтырмау, ескерту, сөгіс жариялау, алдын ала сақтандыру, айыпқа сай талап қою.

Лекция



Сананы қалыптастыру əдістері | Тақырыбы: Балалар ұжымы - тәрбиенің объектісі және субъектісі
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати