На головну

Лекция. | Дәріс | Тақырыбы: Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту. орта ғасырда Индия мен Қытайдағы оқыту мен тәрбие | Дәріс | Лекция. | Тақырыбы: Кеңестік кезеңдегі білім беру жүйесі мен педагогика ғылымы | Лекция. | Тақырыбы: Қазақстандағы ХІХ-ХХ ғасырлардағы білім беру мен педагогика ғылымы | Тақырыбы: Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде | Мұғалімнің зерттеушілік мәдениет-оқу тәрбие удерісі нәтижелігінің шарты. |

Тақырыбы: Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі

  1. Lt;variant> әлеуметтік теңдік концепциясы
  2. Lt;variant> орта мен оның нақтылығығы туралы ақпараттардың қатысты саныны
  3. MATLAB жүйесін іске қосу және оның кесте интерфейсінің элементтерімен танысу
  4. Азақстан Республикасының әлеуметтік саясаты, оның маңызы мен тиімділігі туралы не айтасыз?
  5. Азақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру және оның соғысқа дейінгі кезеңде дамуы.
  6. Арнайы білім беру жүйеснің әлеуметтік - мәдени тұрғыдан қалыптасу тарихи кезеңдері.
  7. Ауа ортасының электрлік жағдайы және оның гигиеналық маңызы.

Жоспар:
1. Тәрбиенің мақсаты тұтас педагогикалық үдерістің жүйе түзуші факторы.

2. Тәрбиенің мақсаты нақты табиғи құбылыс

3. Тәрбиенің мақсаты-жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға ұғымын қалыптастыру

Негізгі ұғымдар: тәрбиенің мақсаты, әлемдік мәдениет, ұлттық мәдениет, жалпыадамзаттық құндылық, ұлттық құндылық, жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға.

Тәрбиенің негізгі мақсаты-қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп апектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады.

Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. роттердамский, Я. а. Коменский, К. а. Гельвиций, Д. дидро, А. дистерверг, Д. ушинский, В. г. Белинский, Н. г. Чернышевский, К. маркс, Ф. энгельс, З. фрейд, Д. дьюи, Э. торндайк, Н. к. Крупская, П. п. блонский, А. с. Макаренко т. б.).

Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымның әртүрлі түсіндімелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі; жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі-оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінезқұлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).

Жеке тұлға-бұл интегративті және жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың «өзегі» бар деп мойындайды. жеке тұлғаның ең маңызды белгілері-оның саналылығы, жауап-кершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда «адам тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.

«Даралық» ұғым бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық мен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады. адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым - «индивид». бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы-«жекелік».Әрбір адам индивид болып табылады. даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып танылады. Әлеуметтану бағытын жоқтаушылар адам биологиялық тіршілік иесі болып туғанымен, белгілі ортада жетіліп, сол ортаның заңдылықтарына байланысты әлеуметтенеді дейді. Адам неғұрлым ортамен қарым-қатынас жасаған сайын, соғұрлым оның биологиялық негізінің кей жақтары өзгеріске ұшырайды. Адамның ұлт өкілі болу көрсеткіштері де соған байланысты болмақ. Ал, биоәлеуметтік бағыттағылар адамның психикалық процестерді (түйсіну, қабылдау, ойлау, т. б.) биологиялық негізде қалыптасатын болса, оның бағыттылығы, қызығушылығы, қабілеті, әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптасатындығын түсіндіреді.

Лекция



Тұтас педагогикалық үдерістің мәні мен құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары | Тақырыбы: Ғылыми дүниетаным - оқушының интеллектуалды дамуының негізі
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати