На головну

СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары | Лекция. | Лекция. | Дәріс | Тақырыбы: Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту. орта ғасырда Индия мен Қытайдағы оқыту мен тәрбие | Дәріс | Лекция. | Тақырыбы: Кеңестік кезеңдегі білім беру жүйесі мен педагогика ғылымы | Лекция. | Тұтас педагогикалық үдерістің мәні мен құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары |

Тақырыбы: Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде

  1. I. К чему стремится педагогика, какой она должна быть и в чем ее задачи?
  2. Lt;variant> Қиын жағдайда шешім қабылдайтын басшыларға көмек ретінде сандық әдістерді дамыту
  3. Lt;variant> орта мен оның нақтылығығы туралы ақпараттардың қатысты саныны
  4. Lt;variant> сөздердің мен белгілердің қолданылуы туралы ғылым
  5. Ақыл-ой тәрбиесіне қандай ұғым кіреді?
  6. Азақстан Республикасының әлеуметтік саясаты, оның маңызы мен тиімділігі туралы не айтасыз?
  7. Азақстан Республикасының сыртқы саясаты. Саясат және дипломатия туралы пікіріңіз?

Жоспары:

1. педагогика - қазіргі адамтанудың саласы

2. педагогика пәні, оның негізгі категориялары

3. педагогика ғылымының әдіснамасы және оның деңгейлері жөніндегі түсінік

Негізгі ұғымдар: Педагогика, тәрбие, білім беру, педагогикалық үдеріс, педагогика пәні, педагогика ғылымдарының жүйесі, әдіснамалық негіздер, педагогика ғылымдарының әдістері, педагогиканың пәнаралық байланысы

Педагогика тәрбие туралы ғылым. Педагогика өзінің атауын гректің "paidagogas"-баланы жетектеуші сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбие-қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін - делдал - ұстаз, мұғалім керек.

Педагогика нысаны - қозғалыстың мақсатты бағдарланған іс-әрекеттері үрдісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылысын айтамыз.

Педагогика пәні. Білім білімдену процесі тек педагогиканың ғана меншікті зерттеу аймағы емес, оның зерттеуімен философия,әлеуметтану, жантану, экономика және де басқа ғылымдар шұғылданады.

Педагогика ғылымының қызметтері. Дербес ғылым реттінде танылған педагогиканың қызметтері оның жоғырыда аталған пәндік сипатымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық және технологиялық міндеттер.

Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады.

-сипаттау немесе түсіндіру озат әрі жаңашыл педагогикалық тәжірбиені зерттеу

-анықтау педагогикалық құбылыс жағдайтын, педагог пен оқушы іс-әрекетің нәтижелігі немесетиімділігі және оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу

-болжау барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткіз және оның негізде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.

Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс берді.

-жобалау (проекттеу) -педагогикалық іс-әрекетпен оның мазмұны әрі сипатын қалыптастыру және реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар мен анықтамаларды қамтыған қажетті әдістемелік материалдарды ( жоспарлау, бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары, педагогикалық ұсыныстар) Жасауға болады.

-жаңалау тәрбие және білім беру тәжірибесін жетілдіру мен қайта түзу мақсатына орай педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп өміріне енгізу, пайдалану.

-ықпал таныту және реттеу-түзетулер енгізу (коррекциялық) ғылыми зерттеу нәтижесінің оқу - тәрбие ісіне болған әеер- ықпалын бағалау және одан соңғы ғылыми теория ментәжірбиелік іс-әрекеттер байланысына қажет болып қалатын реттеу түзетулерді іске асыру.

Білім мәні- әр адамның өте күрделі өзіндік басқару тиімділігін көтеру және оны жоғары моральдық және азаматтық мұрмттары рухында тәрбиелеу.

  Педагогика ғылымының негізгі категорияларыны  
Оқыту Білім беру Тәрбие
  Педагогика ғылымының басқа ғылымдариен байланысы
Философия Психология Физиология Социология Этнография, археология

Лекция

Тақырыбы: Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әр түрлі жастағы топтарда көрінуі

Жоспары:

1.«Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы.

2. Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін негізгі факторлар

3. Жеке тұлға дамуының жас ерекшелігі туралы түсінік, оның табиғи әлеуеті.

Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, индивид, даралық даму, тәрбие, қалыптасу, жеке тұлғаның қалыптасу және даму факторлары, субъект және объект, жас ерекшелігі, жыныстық ерекшеліктері, жастық кезеңдері, даралық ерекшеліктері, педагогикалық қолдау, инклюзивтік білім беру.

Тәрбиенің негізгі мақсаты-қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп апектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады.

Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. роттердамский, Я. а. Коменский, К. а. Гельвиций, Д. дидро, А. дистерверг, Д. ушинский, В. г. Белинский, Н. г. Чернышевский, К. маркс, Ф. энгельс, З. фрейд, Д. дьюи, Э. торндайк, Н. к. Крупская, П. п. блонский, А. с. Макаренко т. б.).

Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымның әртүрлі түсіндімелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі; жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі-оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінезқұлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).

Жеке тұлға-бұл интегративті және жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың «өзегі» бар деп мойындайды. жеке тұлғаның ең маңызды белгілері-оның саналылығы, жауап-кершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда «адам тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.

«Даралық» ұғым бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық мен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады. адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым - «индивид». бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы-«жекелік».Әрбір адам индивид болып табылады. даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып танылады. Даму дегеніміз-төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы-оның бойында болып жатқан өзгерістер. сондықтан, даму дегеніміз адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен пихиканың дамуындағы, сондай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси қөзқарасты мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсіну дұрыс.

  Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ықпал етуші факторлар  
  Әлеуметтік орта   Биологиялық фактор   Тәрбие
  Пайыздық мөлшерін көрсетіңіз (100%)  

Лекция



Тақырыбы: Қазақстандағы ХІХ-ХХ ғасырлардағы білім беру мен педагогика ғылымы | Мұғалімнің зерттеушілік мәдениет-оқу тәрбие удерісі нәтижелігінің шарты.
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати