Головна

Шымкент - 2008 ж | L. Зертханалық жұмыс. Пластикалық және морт материалдардан жасалған үлгілерді созуға сынау. | Зертханалық жұмыс. Пластикалық, морт және анизотропты материалдардан жасалған үлгілерді сығуға сынау. | Зертханалық жұмыс. Пластикалық және морт материалдардан жасалған үлгілерді ығысуға сынау. | Материалдардың серпімділік қасиеттерін сипаттайтын тұрақтыларын анықтау. | Иілген арқалықтың деформациялануын зерттеу. | Сынақ қондырғысы мен сыналатын үлгi. | Белгiсiз тiрек күшiн тәжрибе арқылы анықтау. | Арқалықтың тiрек күштерiн теориялық өрнектiң көмегiмен анықтау. | Сынақ қондырғысы мен сыналатын үлгі. |

Зертханалық жұмыс. Оралған созылу-сығылу, бұралу серіппелерінің сипаттамаларын анықтау.

  1. L. Зертханалық жұмыс. Пластикалық және морт материалдардан жасалған үлгілерді созуға сынау.
  2. Арқалықтың тiрек күштерiн теориялық өрнектiң көмегiмен анықтау.
  3. Басты кернеулердi теориялық өрнекпен анықтау.
  4. Белгiсiз тiрек күшiн тәжрибе арқылы анықтау.
  5. Билирубинді анықтау.
  6. Динамикалық деңгейдің астына сораптың батыру тереңдігін анықтау.

Серіппелердің деформациялануын зерттеу.

Жұмыстың мақсаты: Серіппелердің сипаттамаларын тәжірибеден анықтау және теориялық өрнектердің дәлдігін тексеру.

Сынақ әмбебап столдың арнайы саймандарын қолданып жүргізіледі. Сынақ қондырғысының кескіні 10-суретте көрсетілген.

10-сурет. Сынақ қондырғысының схемасы

Сыналатын серіппелер жэне сынақ жүргізу тәртібі.

Сыналатын серіппелердің сыртқы диаметрі D, ал сымының диаметрі d деп белгілейміз. Олардың сыртқы диаметрлері D - бірдей болады да тікелей өлшеу арқылы анықталады, ал сымының диаметрлері d1 = 4 мм, d2 = 5 мм және d3 = 6 мм болып келеді. Осыған орай олардың орам сандарын - да п1, п2 және п3 тікелей санау арқылы студенттердің өздері анықтайды. Серіппенің орам саны ретінде оның жүктеулі тұрған кезіндегі бір-біріне жанаспай тұрған орамдары алынады.

10 - суретте кескінделгендей етіп құрастырылған қондырғыға жүк ілетін сырға арқылы алғашқы Ғ11= 10 Н жүгі ілінеді де тұғырда орнатылған стрелканың немесе индикатордың көрсетуі кестеге енгізіледі. Одан әрі сырғаға ілінетін жүкті Ғ12 = 40 Н-ға дейін көбейтеміз және оған сәйкес келетін индикатордың көрсетуін кестеге енгіземіз. Сосын сырғадағы барлық жүкті алып тастап тәжірибені тағы екі рет қайталаймыз да қорытындысын кестеге енгіземіз.


Осындай тәжірибені үш серіппеге де жасаймыз, олардың қорытындысын
6 - кестеге жеке - жеке енгіземіз.

6 - кесте

Күш пен серіппелердің ұзаруының орташа мәндерін анықтаймыз:

Олай болса, тәжірибеден алынған серіппенің ұзару [см] тең болады да, ал оның теориялық табылатын мәні келесі формуламен есептеледі:

Бұл жерде Dop = D - d [см], орташа диаметр;

n - серіппенің жүктелген кездегі бір-біріне жанаспай тұрған орамдарының саны.

G = 8·104 кН/см2 -ығысу модулі. Теориялық өрнектің дәлдігі келесі формуламен анықталады:

Оның мәні 5% - тен аспаса теориялық өрнек дұрыс деп есептеледі.

Бақылау сұрақтары:

1. Цилиндр тәріздес серіппенің материалы қандай деформацияға ұшырайды?

2. Жұмыстың мақсаты не?

3. Теориялық өрнектің дәлдігі қалай анықталады?

4. Серіппенің ұзаруы қандай шамаларға тәуелді?

5. Серіппенің беріктік шартын жазыңыз.



Зертханалық жұмыс. Пластикалық және морт материалдарды бұралуға сынау. | Иілген арқалықтардың қимасындағы кернеудің таралу заңдылығын зерттеу.
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати