Головна

Зертханалық жұмыс. Пластикалық және морт материалдарды бұралуға сынау.

  1. A) бірқалыпты және түзу сызықты
  2. B) өзгермейді және 10Дж
  3. B) авитаминоз және гиповитаминозбен зардап шегетін адамдар
  4. B) Тікелей және тұрақты шығындар
  5. B)он және терiс иондар
  6. C) ақпаратты өңдеу және басқа құрылғылардың жұмыстарын басқару
  7. C) консервативті және оперативті

Біліктердің бұралу деформациясын зерттеу.

Диаметрі әртүрлі аралықтардан тұратын біліктің бұралу бұрышын анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Біліктердің бұралуын сипаттайтын теориялық өрнектердің дәлдігін тәжірибеден тексеру.

Қимасы дөңгелек немесе сақина тәріздес біліктердің серпімді деформация аралығында бұралу бұрышы мен бұраушы момент арасындағы байланыс пропорционал күйінде сақталады. Осы жағдайға сәйкес бұралу бұрышының мәні Гук заңы бойынша келесі өрнекпен анықталады.

мұндағы mб - бұраушы момент [кН- см];

l - бұраушы момент пен біліктің қатаңдығы тұрақты болатын

аралықтың ұзындығы, [см];

G- біліктің материалының ығысу модулі, [кН/см2];

- қиманың өрістік инерция моменті, [см ].

Егер біліктің қимасы, диаметрі d - ға тең тұтас дөңгелек болса, оның өрістік инерция моменті келесі өрнекпен анықталады

d -дөңгелек қиманың диаметрі [см];

G - - көбейтіндісі біліктің бұралуы кезіндегі қатаңдығы деп аталады.

Егер біліктің қатаңдығы әртүрлі (яғни диаметрі әртүрлі) п - аралықтан тұратын болса, ал бұраушы момент пен материалдың ығысу модулі тұрақты болса, ол біліктің толық бұралу бұрышы келесі теориялық өрнекпен анықталады:

Мұндағы li - аралықтардың ұзындығы;

- сол аралықтарға сәйкес қималардың өрістік инерция моменттері.

Біздің тәжірибеміздегі үлгі үшін п = 5.

Сынақ үлгісінің кескіні 8 - суретте келтірілген.


8 - Сурет

Біліктің бір ұшы сынақ қондырғысының ілгектеріне бекітіледі де, ал екінші ұшына жүктер арқылы бұраушы момент түсіріледі. Біліктің сол жақ ұшы қондырғының қозғалмайтын ілгегіне байланыстырылады да, ол жерге білік өсінен һ - аралығында орналасқан сағат тәріздес индикатор бекітіледі (9 - шы сурет).

Ал біліктің оң жақ ұшы қондырғының жылжымалы ілгегімен байланыстырылады және сол қимаға формасы "Г" - тәріздес кронштейн бекітіледі. Бұл кронштейннің бір басы біліктің сол жақ ұшында орналасқан индикатордың өлшегіш аяғына тіреледі. Білікке бұраушы момент әсер еткенде біліктің оң жақ ұшы " " - бұрышына бұралады да "Г" - тәріздес кронштейн білікпен бірге өзінің бастапқы орнын өзгертіп 9(6) - суретіндегі 2-ші орынға ауысады. Осы кезде, білік өсінен "һ" - қашықтықта орналасқан, сағат тәріздес индикатордың өлшегіш аяғы кронштейннің ұшымен бірге қозғалып оның қаншаға орын ауыстырғанын -ді өлшейді.

" "- бұрышының мәні шексіз кіші шама болғандықтан


деуімізге болады. Олай болса тәжірибеден алынатын бұралу бұрышы тең бо-лады. Бұл жерде "һ" - тың мәні «мм» өлшемімен қойылуы керек.


9 - сурет. Деформацияны тәжірибеден анықтау тәсілі


Ал ол бұрыштың теориялық өрнектер арқылы табылатын мәні тең болады:





Жұмысты орындау тәртібі.

Толық құрастырылған сынақ қондырғысы арқылы диаметрі әртүрлі аралықтардан тұратын білікке алғашқыда m11 = 5 кН·см момент түсіреміз де осы мезгілде сағат тәріздес индикатордың көрсетуін п11-ді кестеге жазып аламыз. Одан әрі бұраушы моменттің мәнін m12 = 25 кН·см -ге дейін көтереміз


де индикатордың көрсетуін п12- ні тағы да кестеге енгіземіз. Моменттің мәнін нөлге дейін төмендетіп тәжірибені тағы екі рет қайталаймыз, қорытындысын кестеге енгіземіз. Бұраушы моменттердің және индикатордың көрсетулерінің айырмасын есептейміз.

m1 = m12 - m11 n1 = п12- п11,

m2 = m22 - m21 n2 = п22 - п21

m3 = m32 - m31 n3 = п32 - п31

Оларды да кестеге енгіземіз.

Олай болса, бұраушы моменттің және индикатор көрсетулерінің орташа мәндері тең болады:

Тәжірибе қорытындыларын енгізетін кесте.

5 - Кесте

Теориялық өрнектің дәлдігі келесі формуламен табылады:


Бұл шама 5% - тен аспауы керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Біліктің бұралуы кезіндегі бұралу бұрышы тэжірибеден қалай анықталады?

2. Біліктің қатаңдығын қандай шамалар сипаттайды?

3. Теориялық өрнекті тексеру үшін біліктің деформациясы қандай болуы керек (серпімді, пластикалық)?

4. Білік қимасындағы бұраушы момент неге тең жэне ол қалай анықталады?

5. Қимасы дөңгелек білік үшін жанама кернеу кандай өрнекпен анықталады?



Материалдардың серпімділік қасиеттерін сипаттайтын тұрақтыларын анықтау. | Зертханалық жұмыс. Оралған созылу-сығылу, бұралу серіппелерінің сипаттамаларын анықтау.

Шымкент - 2008 ж | L. Зертханалық жұмыс. Пластикалық және морт материалдардан жасалған үлгілерді созуға сынау. | Зертханалық жұмыс. Пластикалық, морт және анизотропты материалдардан жасалған үлгілерді сығуға сынау. | Зертханалық жұмыс. Пластикалық және морт материалдардан жасалған үлгілерді ығысуға сынау. | Иілген арқалықтардың қимасындағы кернеудің таралу заңдылығын зерттеу. | Иілген арқалықтың деформациялануын зерттеу. | Сынақ қондырғысы мен сыналатын үлгi. | Белгiсiз тiрек күшiн тәжрибе арқылы анықтау. | Арқалықтың тiрек күштерiн теориялық өрнектiң көмегiмен анықтау. | Сынақ қондырғысы мен сыналатын үлгі. |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати