Головна

Дәріс -12.

  1. Дәріс
  2. Дәріс
  3. Дәріс - 14.
  4. Дәріс -1.
  5. Дәріс -2.
  6. Дәріс -3.

Дәріс тақырыбы:Паскаль бағдарламалау тілін оқыту әдістемесі.

Дәрістің мақсаты: Орта мектепте Паскаль бағдарламалау тілін оқытылуын қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Информатикада бағдарламалау тілінің оқытылуы тарихы.

2. Паскаль бағдарламалау тілін оқыту.

Дәрістің тезисі: Жалпы білім беретін мектептерге бағдарламалау элементтерінің енгізуіне 40 жылдан астам уақыт болады. Информатика бағдарламалау элементінің орта мектепке енгізілуінің өзіндік тарихы бар, яғни оны бірнеше кезеңге бөлуге болады.

- Бірінші кезең, бұрынғы одақтағы 50 жылдардың бас кезіндегі алғашқы ЭЕМ - дың пайда болуына байланысты.

- Екінші кезең, математикаға бейімделген мектептер кезінде бағдарламалауға мамандандыруға байланысты, (информатика мектепте оқытуды 1959 жылдан басталды деуге болады). Математика және оның қолданушылары бойынша жүргізілген факультативтерде арнаулы үш курс әртүрілі деңгейде ЭЕМ - ның қолданылуын қажет етті. "Бағдарламалау", "Есептеу математикасы", "Векторлық кеңістіктер және сызықтық бағдарламалау". Осы факультативтік курстардың енгізілуіне байланысты бағдарламалауды орта мектепке енгізу кезеңі басталды.

- Кейінірек сол кездегі математикалыық орта білімнің қайта құрылуына байланысты жаңа таңдаулы тақырыптар ұсынылады. "Санау жүйелері және ЭЕМ - нің арифметикалық құрылғылары",

( 7 - класс), "Алгоритмдеу және бағдарламалау",

( 8 - класс), "Кибернетика негіздері",

Кибернетика қолданбалы информатика ретінде жеке объектілерді басқарудан бастап (станоктар, кәсіпорындық құрылымдар, автомобильдер, т.б.) өте күрделі бүтін өндіріс салаларын, банк жүйелерін, әуелі адамдар қоғамдастығын басқару жүйелеріне дейін автоматтық немесе күрделігі әртүрілі дәрежедегі автоматтандырылған басқару жүйесін жасау және қолдану саласында қарастырылуы мүмкін.

(9, 10 - класс), "Бағдарламалау тілдері".

- Сонымен келесі кезең, оқу - өндірістік комбинаттары негізінде мамандандыруға байланысты.

- Одан кейінгі кезең, жалпы білімдік бағдардың дамуымен сипатталады.

Қазіргі заманда адам көпміндетті компьютерді пайдалану арқылы атқарады. Кез-келген міндетті орындау алгоритмнің болуын, яғни нәтиже алуға жеткізетін әрекеттердің алдын ала жазылып қоюын қажет етеді. Алгоритмнің негізінде бағдарлама түзіледі, яғни есеп шешуінің алгоритмі оны компьютерде орындауға жарамды түрде жазылады. Осыдан барып компьютердің көмегімен есепті шешу үрдісінің мәні алгоритмді құру екені көрінеді. Алгоритмдік алдын ала жазбаларды құрастыру үрдісі алгоритмдеу деп аталады. «Алгоритм» сөзі IX ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі Әл-Хорезми атының латынша жазылу -algoritmi қалпынан шыққан. Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын ала берілген алгоритмнен, яғни жоспарлы жұмыс істейді. Алгоритмді реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі деп ұғынған жөн. Оның көптеген анықтамасы бар. Соның бірі: алгоритм-берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны бағдарлама түрінде жазып шығу керек.

Алгоритмдерді компьютерде орындау үшін оларды алдын ала жазып алу керек, яғни ол белгілі бір заңдылықпен өңделуі тиіс. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:

1) табиғи тілдегі жазылуы;

2) белгілі бір түйінді сөздер-терминдер (псевдокодтар-жалған кодтар) арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу, мұны қарапайым алгоритмдік тіл деп те айтады.

3) Графиктік жолмен (блок-схема арқылы) жазу;

4) Бағдарламалау тілдеріндегі жазылуы.

Бірақ табиғи тілде жазылған алгоритм компьютерде орындалмайды, өйткені бұл жағдайда дәлдік, нақтылық сақталмайды. Ал алгоритмді екінші көрсетілген жолмен жазу, қарапайым алгоритмдік тіл деп аталып, қолданылып жүр. Мұны олардың ағылшын тіліне негізделіп жасалған бағдарламалау тілдеріне жақындығымен түсіндіруге болады. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазу, кейіннен оны бағдарламалау тіліндегі бағдарламаға айналдыру жұмысы мемлекеттік стандартпен бекітіліп, ақпарат өңдеу жұмысында қолданылады.

Кесте 2. Алгоритм блок-схемаларының арнайы белгілері.

Іс-әрекеттің аталуы Блок пішімі Атқаратын жұмысы
  Үрдіс   Таңдау     Модификация   Құжат     Енгізу, шығару   Бастау, аяқтау         Математикалық өрнектерді есептеу Есеп шығару жолын таңдау     Цикл (қайталау) басы   Нәтижені шығару, қағазға басу   Мәліметтерді енгізу, (шығару) Алгоритмдердің басталуы, аяқталуы

Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазіргі кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс істей алады. Паскаль тілінде жазылған бағдарламаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай.

Паскаль тілін 1970 жылы Швейцария ғалымы Н. Вирт бағдарламалау әдістерін оқыту мақсатында арнайы жасаған .

Қазіргі кезде Паскаль тілі кез-келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде бағдарламалауды оқытуда осы Паскаль тілі таңдалып алынған .

Мектеп курсында жаңа бағдарлама бойынша 2005-2006 оқу жылынан бастап 9-сыныптың информатика пәніне Паскаль тілі бағдарламасын оқыту енгізілді.

Күнтізбелік жоспар бойынша 9-сыныпта Паскаль тілін оқытуға (алгоритмдерді қоса есептегенде) бар-жоғы 24-26 сағат ғана бөлінген. Сондықтан оқушылардың материалды толық меңгеруге сағаттардың аздығы, игеретін материалдардың тығыздығы өте үлкен әсер етіп отыр.

Мұғалімдерге арналған қосымша әдістемелік оқулық, ал оқушыларға арналған есептер мен жаттығулар жинағы бар, бірақ есептер деңгейлерге бөлінбеген, шығару жолдары көрсетілмеген.. Сол себепті қазіргі жаңа педагогикалық технологиялардың бірі-профессор Ж. Қараевтың «Саралап-деңгейлеп оқыту технологиясын» тиімді пайдалану керек.

Арифметикалық операцияларды және санның типтерін ажырата білу бағдарламаны құруда маңызы зор. Төмендегіде келтірілген мысал оған дәлел болады:

Дұрыс дұрыс емес

1) Var 1) Var

a, b: integer; a, b: integer;

r: integer; r: integer;

s: integer; r:= a/b; {бөлуге болмайды}

r:=adivb; s:=a*b;

2) Var 2) Var

a: integer; b, c: real a: integer; b, c: real

c:=a+b a:=b+c {сол жағында едәуір кең тип тұруы керек}.

Паскаль тілі бағдарламасын оқыту әдістемесі үшін келесі шешу жолдар ұсынылады:

1) Алгоритмдерді бағдарламалаумен қатар өткізу (паралель жүргізу);

2) Паскаль тіліндегі операторларды жатқа білуі және оларды есте сақтау үшін электронды түрдегі тест тапсырмасын беру керек;

3) Уақытты ұту үшін дайын бағдарламаны өңдесе жеткілікті;

4) Сабақ жоспарында жаңа педагогикалық технологиялардың элементтерін тиімді қолдану;

5) Паскаль тілі бағдарламасын оқытуға арналған электрондық оқулық жасау;

6) Ақпараттық технологияларды пайдалану (Интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану).

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

1. Сызықтық алгоритмдерді бағдарламалау.

2. Тармақталу алгоритмдерді бағдарламалау.

3. Циклдік алгоритмдерді бағдарламалау.

Негізгі әдебиеттер /1,4/,

Қосымша әдебиеттер/2,3,5-6,20/.



Информатиканы оқытудың дидактикалық принциптері. | Дәріс тақырыбы: Компьютерлік сауаттылық, білімділік және мәдениет.

Тестіні оқу үрдісінде қолдану және оған қойылатын талаптар. | Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің нәтижесін бақылау, бағалау және есепке алу. | ТАРАУ: Информатика курсының негізгі тарауларын оқыту әдістемесі | Дәріс -9. | Информатика кабинетіне қойылатын талаптар | Информатика кабинетіндегі жұмыстарды ұйымдастыру | ДК-ні пайдалану арқылы жүргізілетін оқу сабақтарының режиміне қойылатын талаптар | Педагогикалық бағдарламалық құрал. | Педагогикалық бағдарламалық құрал даму мәселелері. | Информатиканы оқыту әдістері. |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати