На головну

Дәріс -2.

  1. Дәріс
  2. Дәріс
  3. Дәріс - 14.
  4. Дәріс -1.
  5. Дәріс -12.
  6. Дәріс -3.

Дәріс тақырыбы:«Информатика» мектеп пәні бойынша мемлекеттік стандарты.

Дәрістің мақсаты: Информатика пәнінің оқытылуындағы қолданбалы ғылыми - зерттеу бағдарламаларын қарастыру, оқыту кезеңдерін көрсету.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Қолданбалы ғылыми - зерттеу бағдарламаларының түрлері;

2. Мектептегі информатика пәнінің кезеңдері;

3. «Информатика» пәні бойынша орта жалпы білімнің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында қарастырылатын бөлімдер.

Дәрістің тезисі: Ғалымдардың пікірінше, қазіргі мектепте информатика курсының оқытылуы дүниежүзілік педагогикалық практикада бұрын соңды болмаған құбылыс деуге болады. Әдетте ғылыми пәннің мектепке енуінен бастап, оның жалпы білім берудегі маңызын толық түсінуіне дейін кем дегенде бірнеше онжылдықтар өтеді - бұл уақыт ішінде ғылыми аппараты тұрақтанып, пәннің методологиясы мен жалпы әдістемелік тәсілдері қалыптасады. Ал информатиканың пән есебінде мектепке енуі өте жылдам іске асып жатқаны белгілі. Қазіргі өскелең өмір бұл пәннің мектепке жылдам енуімен қатар ол пәннен берілетін білім сапасын жетілдіруді талап еткен.

Лабораторияда информатика пәнінің мектепте оқытылуы жөніндегі мәселелер жүйелі түрде төмендегі қолданбалы ғылыми - зерттеу бағдарламалары бойынша жүргізілді:

- "Жалпы орта білім мазмұнын жаңартудың ғылыми - әдістемелік негіздері" (1992-1996ж.);

- "Білім мазмұнын жаңарту Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңын жүзеге асыру" (1997-1999 ж.);

- "Қазақстан Республикасындағы жалпы білім мазмұнын жетілдірудің ғылыми - әдістемелік негіздері"(2000-2002ж.)

Лабораторияда 1990 - жылдардан бастап жоғарыда аталған бағдарламаларға сәйкес информатика пәнін ғылыми - әдістемелік жағынан қамтамасыз ету мәселесімен Ж. Қараев. С. Рах, К. Халықова, Ж. Ешеева, М. Кенжебаева, М. Құрманбаев, Қ. Аганина т.б. мамандар айналысты.

ҚР БМЖМС 2.003-2002 негізінде дайындалған стандарт «Информатика» пәні бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумына және оқушылардың деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды.

Стандарт ережелері:

- Қазақсан Республикасының жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық ұйымдарында, олардың меншіктік формасына, типіне және түріне тәуелсіз «Информатика» пәнін оқытуды жүзеге асыру кезінде;

- Бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында қабылдау емтихандарының материалдарын сақтау кезінде;

- Мемлекеттік білім стандарттары және тестілеудің ұлттық орталығында қабылдау емтихандары материалдарын дайындау кезінде;

- Жоғары оқу орындарында «Информатика» пәні бойынша педагог-кадрларды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын жасау кезінде;

- Білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу институттарында «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындау барысында;

- Білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институтта «Информатика» пәні бойынша мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау бағдарламаларын жасау барысында;

- Білім беру саласындағы орталық және жергілікті атқару органдарында «Информатика» пәні бойынша оқыту сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде қолданылуы және сақталуы міндетті.

Сонымен бірге стандарт республиканың мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдарында білім қызметін лицензиялау, білім ұйымдарын аттестациялау, жұмыстық оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау, олардың жүзеге асырылуын бақылау кезінде пайдаланылуы мүмкін. «Информатика» пәні бойынша осы стандарт білім берудің сәйкес сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу бағдарламаларымен, жұмыстық оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады.

«Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны - оқу пәнінің мектепте міндетті түрде оқытылуы тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары мен деңгейлерінде информатиканы оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы. «Информатика» оқу пәні бойынша білім берудің негізгі бағдарламасы - «Информатика» оқу пәнінің мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негізді қалыптастыруды, олардың ойлау қабілетін дамытуды, ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгертуді және оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат.

«Информатика» оқу пәні бойынша бағдарлы білім беру бағдарламасы (БББ) - «Информатика» оқу пәнінің мазмұнын анықтайтын, пәнді тереңдетіп, бағдарлы оқытуды қамтамасыз ететін, оқушыларды кәсіби даярлау бағытына қарай көлемі мен мазмұны бойынша сараланған құжат. БББ мазмұны мемлекеттік стандарт пен анықталады.

«Информатика» оқу пәні бойынша қосымша білім беру бағдарламасы - бұл мемлекеттік стандарт мазмұнынан тыс, оқушыларды «Информатика» пәні бойынша білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының мазмұнын анықтайтын құжат. Бұл бағдарлама факультативтік және (немесе) арнайы курстар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. Оны мектеп дайындайды және білім саласындағы жергілікті атқару ұйымдары бекітіледі.

«Информатика» жалпы білім беретін оқу орындарының негізгі (7-9-сыныптар) және жоғарғы (10-11 сыныптар) сатысында оқытылатын оқу пәні ретінде қарастырылады.

«Информатика» оқу пәні көлемінде мынадай бағдарламалар жүзеге асырылады:

Білім берудің негізгі бағдарламасы - информатиканың базалық курсы (7-9 сыныптар) - 3 жыл.

Бағдарлы білім беру бағдарламасы - қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану - математикалық бағыттар бойынша информатиканың бағдарлы курсы (10-11 сыныптар) - 2 жыл. Қосымша білім беру бағдарламасы - бұл стандарт көлемінен тыс, информатика пәні бойынша оқушылардың білім қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған факультативтік және (немесе) арнайы курс - 2 және одан да көп жыл.

«Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі білім бағдарламаларына сәйкес құрылады:

1. Негізгі сатыда (7,8,9 сыныптар) - аптасына 1 сағат, оқу жылына әрбір сыныпта 34 сағаттан, барлығы 102 сағат;

2. Оқыту бағдарламаларына қарай жоғарғы сатыда:

а) қоғамдық - гуманитарлық бағыт (10-11- сыныптар) - әр сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат, барлығы 68 сағат;

ә) жаратылыстану -математикалық бағыт (10-11 - сыныптар ) - әр сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат, барлығы 68 сағат.

Қазіргі таңда мектептерде профессор Ж. Қараевтың басшылығымен, авторлар тобы дайындаған информатикадан жаңа буын оқулықтары мен оқу - әдістемелік құралдары кеңінен пайдаланылуда.

Теориялық зерттеулер мен практикалық эксперимент нәтижелері бүгінгі таңда мектептегі информатика пәнінің бірнеше кезеңге бөлініп оқытылғаны жөн екені дәлелденіп отыр.

Бірінші кезең-пропедевтикалық. Бұл кезеңде, төменгі сынып оқушыларын компьютермен алғаш таныстыру өтеді, қарапайым компьютерлік ойындар мен жаттығулар бағдармаларын қолдану арқылы оларда ақпараттық мәдениеттің алғашқы элементтері қалыптасады.

Екінші кезең- базалық курс, информатика пәні бойынша оқушылар дайындығының жалпы білім денгейімен қамтамасыз етеді. Бұл кезеңде оқушылар ақпараттық технология құралдары мен әдістерін менгеріп, компьютерді қолдана білу біліктілігі қалыптасады.

Үшінші кезең-информатика саласы бойынша көлемі мен мазмұны жағынан сараланған бағдарлы оқу бағдарламалары бойынша, қызығушылықтары мен бағыттарына қарай кәсіптік даярлыққа дейін білімдерін жалғастырады.

Базистік оқу жоспарына сәйкес информатика пәні орта мектептің 7 - 11 сыныптарында ғана оқытылатын міндетті оқу пәні ретінде беріледі, ал пропедевтикалық курс факультативтік сабақтарда, қажетіне қарай ұйымдастыру негізінде оқытылады.

"Информатика" пәні бойынша орта жалпы білімнің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында ұсынылғандай информатикалық білім мазмұны теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, әлеуметтік информатика бөлімдерін қамтиды.

Білім мазмұны оқушылардың қолданушы есебінде біліктілігімен қоса, бағдармалау біліктілігін арттыруға бағытталған материалмен толықтырылған. Біліміге қойылатын талаптар осы мазмұндық желілерге, бағдарлама бағытына сәйкес білуі, үйренуі тиіс бөлімдерінде жүйеленіп берілген.

Информатиканың даму болашағы туралы мәліметтер жалпы алғаш рет осы стандартта беріліп отыр. Бұл ғылымның дамуына байланысты қай мәселеге, қай денгейде көбірек көңіл бөлінуі қажет екенін алдын ала білуге көмектеседі. Бұл атқарылған жұмыстардың бәрі оқушылардың білім сапасының жоғары болуының кепілі десек қателеспейміз. Информатиканы мектепте оқыту сапасын жетілдіру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі информатика оқулықтары мен оқу - әдістемелік құралдарына қойылатын дидактикалық талаптарды нақтылап, осы оқу құралдарды даярлауда пайдалану. Бұл жұмыста информатика пәнінің өзіндік ерекшеліктері ескеріледі. Информатикадан білім сапасын жетілдірудің тағы бір бағыты есебінде, бағдарлы бағдарлама бойынша арнайы курстар өткізуге болады. "Бағдармалау" курсы оқушыларды кәсіптік бағдармалауға және бағдармалау тілдері, сандық әдістер, құрылымдық бағдармалау элементтері, компьютерлік модельдеу, компьютерлік желілер, ақпараттық деректер базасы сияқты бағдарлы пәндермен байланысты жоғары оқу орындарында негізделген. "Іс қағаздарын жүргізуші және компьютер" курсы бітірушілер ауыл шаруашылығында және қоғамдық өндірістің кез келген саласында кәсіптік қызмет етуге дайындайды. Оқу мекемесінің бағдарына байланысты информатикадан басқа профильдік курстар дайындап, өз мүмкіндіктеріне қарай пайдалануға болады.

Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты - әрбір оқушыға информатика ғылыми негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты - оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.

«Информатика» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады.

Мектептік информатика курсы білім алушыларға осы курсты оқыту саласындағы іргелі білімдердің жеткілікті деңгейдегі толық көлемін беруді, оқушылардың ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, ақпараттық қоғам өміріндегі информатиканың рөлі туралы түсінігін қалыптастыру және жалпыадамзаттық құндылықты дамытуды, табиғатқа ғылыми көзқарасын, адамның дүниетанымдық көзқарасына алғышарт болып табылатын әлеуметтік маңызды бағдарларын, түрлі мәселелерді шешуде алған білімін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

Мектеп информатикасының мазмұнын дамыту келешегі оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру бағытында информатиканың ғылыми зерттеу объектісінің кеңеюімен байланысты.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

1. Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту ерекшеліктері.

2. Негізгі курсында информатиканы оқыту бағдарламалары.

3. Профильдік бағытқа арналған оқу бағдарламалары.

Негізгі әдебиеттер /2,4/,

Қосымша әдебиеттер/5, 6, 11/.



Дәріс -1. | Дәріс -3.

Дәріс - 4. | Дәріс - 5. | Дәрістің мазмұны: Информатиканы оқытудың түрлері. | Информатиканы оқыту формалары. | Дәріс - 7. | Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар. | Информатиканы қосымша оқыту түрлері. | Бақылау функциясы, түрлері және әдістері. | Тестіні оқу үрдісінде қолдану және оған қойылатын талаптар. | Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің нәтижесін бақылау, бағалау және есепке алу. |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати