На головну

Сплайндар. Сплайндарды салу командасы. 1 страница

СПЛАЙН (SPLINE) командасы сплайнды сызады - берілген нүктелерден өтетін, бастапқы мен соңғы нүктелерінде немесе екеуініңде жанама шарттарын қанағаттандыратын тегіс сызық. Команда пернетақтадан енгізуден басқа, Draw(Сурет салу) тақтадан Spline(Сплайн) шертпесімен немесе Draw(Сурет салу) горизонталь менюдегі Spline(Сплайн) пунктінен шақыруға болады.

Команданың бастапқы сұрағы:

Specify first point or [Object]: ( бірінші нүкте немесе [объект]:)

Егер сіз нүктені көрсетсеңіздер, онда сұрақ береді:

Specify next point:( келесі нүкте:)

Екінші нүктені енгізгеннен кейін басқа нүктелердің енгізуіне немесе Close (тұйықтау) опциясы арқасында сызықтың тұйықталуына мүмкіншілік бар. <Enter> пернені басқаннан кейін бастапқы және ақырғы жанасу бұрыштар

Блок 2

9. AutoCAD жүйеде мәліметтерді алу. Мәліметтер түрлері.

3.4. Мәліметтер алу

Жұмыс істегенде құрылатын объектер туралы мәліметтер командалары керек болуы мүмкін. 9 суретте Inquiry (мәліметтер) панельдегі мәліметтер операцияларының шертпелері көрсетілген: Distance(Аралық); Area(Аудан); Mass Properties(Масса); List(Тізім); Locate Point(Координаттар).

Бұл командаларды Tools(Сервис) горизонталь менюдің Inquiry (Мәліметтер) пунктінен шақыруға болады. Командаларды пернетақтадан енгізгенде олардың аттары: DIST; AREA; MASSPROP; LIST; ID.

Блок

10. Тұтқалар. Примитивтерді тұтқалармен редакциялау.

ТұтқаларЕгер командалық жолда Команда:(Command:) шақыру болса, экранда көрініп тұрған объектерді белгілесек, онда оларда тұтқалар көрінеді (10 сурет) - кіші көк квадраттар объектіге тән нүктелер. Тышқанмен терезенің екінші бұрышын көрсетіңіз, барлық алдыңғы салынған нүктелер мен кесінділер терезенің ішінде болсын. Содан кейін барлық таңдап алынған объектілерде, яғни объектілерді сипаттайтын нүктелеріндегі кіші көк квадраттар - түтқалар пайда болады. Объектілерді белгілейтін терезені, сол бұрыштан оң бұрышқа немесе оң бұрыштан сол бұрышқа көрсетуге болады. Бірінші оқиғада ол қарапайым, ал екінші оқиғада ол қиюшы терезе деп аталады. Қарапайым терезе тұтас сызықпен көрсетіледі және оның ішінде тек қана түгел орналасқан объектілер таңдалады. Қиюші терезе пунктир сызықпен көрсетіледі және оның ішінде жатқан, сонымен қатар терезені кесіп өткен объектілер таңдалады.Примитивтер. Әрбір суретті қарапайым бөліктеріне бөлуге болады. AutoCAD жүйесінде олар примитивтер деп аталады.Примитивтің түрлері:Примитивтер жай және күрделі болады. Қарапайым примитивтерге келесі объектілер жатады: нүкте, кесінді, шеңбер, доға, түзу, сәуле, эллипс, сплайн, біржолды мәтін. Күрделі примитивтерге жатады: полисызық, мультисызық, мультитекст, өлшем, шығару сызығы, дәлдік шегі, штрихтау, блоктың немесе сыртқы сілтеменің кіруі, атрибут және растрлік бейнелеу. Тағы кеңістік примитивтер мен көрініс экраны бар. Және сирек кездесетін примитивтер бар. Примитивтердің көбісінің құру операциялары Draw (сурет салу) аспаптар панеліндегі шертпелер көмегімен орындалады .

Блок2

11. Алып тастау және копиясын жасау командалары.

COPY (КӨШІРУ) команданың шертпесі белгіленген объектілерді бастапқы мен соңғы нүктелерімен берілген векторға параллель көшіреді. Көшіру операциясына объектер таңдап алынғаннан кейін команданың бірінші сұрауы: Негізгі нүкте немесе орын ауыстыру, немесе [Бірнеше]: (Specify base point or displacement, or [Multiple]:). Бірінші нүктені көрсетіңіз. Келесі сұрау: Орын ауыстырудың екінші нүктесі <бірінші нүктені орын ауыстыру деп есептейміз >:(Specify second point of displacement or <use first point as displacement:).

Екінші нүктені көрсетіңіз. Нәтижесінде, белгіленген объекті-лердің копиясы пайда болады, ол оригиналға қатысты берілген векторға ығыстырылған (13 сурет).

Блок2

12. Айналық шағылысу және ұқсастық командалары. MIRROR (АЙНА) командасының шертпесі таңдап алынған объектерді екі нүктемен анықталатын өске қатысты айналық шағылысу (симметриялау) жасауына мүмкіншілік береді.

Объектерді таңдап алғаннан кейін AutoCAD жүйесі сұрайды: Шағылысу өстің бірінші нүктесі: (Specify first point of mirror line:).

Одан кейін, екінші нүкте сұ-ралынады, екі нүктеден өтетін тура шағылысу өсі болады: Шағылысу өстің екінші нүктесі:(Specify second point of mirror line:). Екінші нүктені көрсетіңіз. Одан кейін, сұраққа жауап беру керек, берілген объектермен не істеу керек (өшіру немесе жоқ): Берілген объектерді өшіріп тастау? [Иә/Жоқ] <Ж>:(Delete source objects?[Yes/No] <N>:) (14 сурет).

Сурет салу(Draw) панеліндегі ҰҚСАСТЫҚ (OFFSET)команданың шертпесі .Бұл команда сызықты объектілерге ұқсас (параллельді) сызықтарды сызады. Параллель сызықтарды сызу үшін екі варианты бар: оригиналдан ара қашықтықты қолданып (ығысу) және берілген нүкте арқылы. Команданың бірінші сұрауы: Ығысу шамасы немесе [Нүкте] <1.0000>:(Specify offset distance or [Through] < 1.0000>:).

Бірінші ығысу берілген вариантты қарастырайық: Ұқсастарды құрасатын объекті таңдап алыңыз немесе <шығу>:(Select object to offset or <exit>:).

Оған параллель сызықты салатын, тек қана бір объекті көрсетіңіз. Одан кейін AutoCAD сұрайды, объектің қай жағына параллель сызықты салу керек: Ығысу жағын анықтайтын нүктені көрсетіңіз:(Specify point on side to offset:).

Объектің параллель сызығы салынатын жағында кез келген нүктені көрсетіңіз (15 сурет). Тағы да, алынған ығысу мен ұқсастықтарды салатын объектілерді таңдап алу сұрағы циклде қайталанады.

Егер ҰҚСАСТЫҚ (OFFSET)командамен жұмыс істегенде (Т) опциясын қолдансаңыз, онда AutoCAD бірінші сұрайды: Ұқсастарды құрасатын объекті таңдап алыңыз немесе <выход >:(Select object to offset or <exit>:).

Объекті көрсеткеннен кейін нүктені сұрайды: Нүкте арқылы:(Specify through point:).

Нүктені көрсеткеннен кейін, жүйе таңдап алған объектке параллель сызықты сызады. Ығысудың шамасы автоматты түрде есептелінеді. Құрастыру біткеннен кейін <Enter> батырманы басыңыз.

2 блок. 13 сұрақ

Array(жиын) - редактрлеу командасы. Ол тіктөртбұрыш немесе шеңбер құрылымында белгіленген объектілердің бірнеше көшірмесін алу үшін қолданылады. Бұл команданың екі кілті бар:

R - баған және қатар бойынша тіктөртбұрыш жиын жасау.

Осы кілт таңдалған жағдайда мыналарды сұрайды:

- Қатар саны

- Баған саны

- Ұяшық өлшемі немесе қатарлардың ара қашықтығы

- Бағандар ара қашықтығы

P - шеңбер жиын жасау

Осы кілт таңдалған жағдайда мыналарды сұрайды:

- Шеңбердің ортасы

- Элементтер саны

- Толтыру бұрышы

- Объектіні айналдыру керек пе?

Move(орын ауыстыру) - редактрлеу командасы. Ол объектілерді жылжыту үшін қолданылады.

Осы команданы таңдағанда мыналарды сұрайды:

- Объектілерді таңдау

- Базалық нүкте

- Орын ауыстыру нүктесі

Rotate(бұрылу) - редактрлеу командасы. Ол берілген объектілерді бұру үшін қолданылады.

Осы команданы таңдағанда мыналарды сұрайды:

- Объектілерді таңдау

- Базалық нүкте(бұру центрі)

- Бұру бұрышы

Scale((масштабтау)- редактрлеу командасы. Бұл команда бар приметивтердің масштабын өзгерту үшін қолданылады.

Осы команданы таңдағанда мыналарды сұрайды:

- Объектілерді таңдау

- Базалық нүкте(масштабтау центрі)

- Масштабтау коефициенті. Масштабтау коефициенті барлық белгіленген объектілерге көбейтіледі.


2 блок. 14 сұрақ

Stretch(созу) - редактрлеу командасы. Әдетте полтсызықтарға(доғаларды, сплайн, сызықтық приметивтерді созуға болады) қолданылады. Объектілер геометриясын құру үшін объектінің бірнеше төбесін екі нүктелі вектор көмегімен параллелді жылжыту үшін, ал қалған төбелерін орнында қалдыру үшін қолданылады.

Осы команданы таңдағанда мыналарды сұрайды:

- Қию рамкамен немесе қию көпбұрышымен созылатын объектілерді таңдаңыз. Аяқтау үшін

ENTER басыңыз.

- Базалық нүктені немесе орын ауыстыруды көрсетіңіз

- Екінші орын ауыстыру нүктесін көрсетіңіз

Trim(кесу) - редактрлеу командасы. Бұл команда берілген шекара арқылы объектіні кесіп тастау үшін қолданылады.

Осы команданы таңдағанда мыналарды сұрайды:

- Кесетін жиектерді белгілеңіз. Кесетін жиектер отрезок, доға, шеңбер бола алады.

- Кесілетін объектілерді белгілеңіз

Lengthen(үлкейту) - редактрлеу командасы. Бұл команда доға, кесінді, сплайн және тұйық емес полисызықтардың бір уақытта ұзындығын және центрлік бұрышын өзгерту үшін арналған.

Орындау алгоритмі:

- Объектіні таңдау

- Үлкейтілетін объектідегі орын ауыстырылатын соңын таңдау

- Үлкейтуді аяқтау

Extend(ұзарту)- редактрлеу командасы. Бұл команда арқылы белгіленген объектілерді шектік жиекке дейін ұзартуға болады.

Осы команданы таңдағанда мыналарды сұрайды:

- Шектік жиектерді таңдау

- Ұзартылатын объектілерді таңдау

Бұл команданы алшақтатылған кесінділер, доға, алшақтатылған полисызық, алшақтатылған сплайндарға қолдануға болады.


2 блок. 15 сұрақ

Break(үзу)- редактрлеу командасы. Объектіні екі берілген нүкте арқылы бірдей типті бөліктерге үзеді. Үзуді үзілген бөлікті өшірумен немесе өшірусіз орындауға болады.

Осы команданы таңдағанда мыналарды сұрайды:

- Объектіні таңдау

- Екінші нүктені таңдау. Объектіні таңдағанда таңдалған нүкте үзудің бірінші нүктесі деп түсінеді. Егер бірінші нүктені қайта беру үшін F батырмасын басу қажет.

Үзуді кесінді, шеңбер және екі өлшемді полисызыққа қолдануға болады.

Chamfer(фаска) - редактрлеу командасы. Екі қиылысқан кесіндіні, сәулені, полисызықтарды қияды.

Осы команданы шақырғанда мыналарды сұрайды:

- Бірінші кесіндіні таңдаңыз немесе ...

- Екінші кесіндіні таңдаңыз

Тышқанның оң батырмасын басу арқылы фаска параметрлерін өзгертуге болады. Олар: полисызық, ұзындық, бұрыш, кесу.

Fillet(түйіндесу)- редактрлеу командасы. Команда берілген радиус бойынша объектілерде түйіндесу жасайды.

Осы команданы шақырғанда мыналарды сұрайды:

- Бірінші объектіні таңдаңыз немесе ...

- Екінші объектіні таңдаңыз.

Тышқанның оң батырмасын басу арқылы түйіндесу параметрлерін өзгертуге болады. Олар: полисызық, радиус, кесу.


Блок 3

Сұрақ 1 Полисызықтарды редакциялау процесстi сипаттаңыз

Полисызықтарды редакциялау

Екі өлшемді полисызықтарды редакциялау PEDIT команданың көмегімен жасалынады. Оған Modify II (Редакциялау 2) тақтадағы Edit Polyline(Полисызықты редакциялау) шертпесі және саймандар тақтасына кіретін горизонталь меню Modify(Редакциялау) Polyline(Полисызық) пункті сай келеді.

Полисызықты таңдағаннан кейін сұраққа Полисызықты көрсетіңіз: (Select polyline:) AutoCAD опциялардың тізімін береді: Опцияны енгізіңіз [Бекіту/Қосу/Ені/Төбе/Тегістеу/Сплайн/Тегістеуді алу/Типсыз/Болдырмау]: (Enter an option [Close/Join/Width/Edit vertex./Fit/Spline/ Decurve /Ltype gen/Undo/:).

Команданың опциялары: Close(тұйықтау)- алшық салынған полисызықты тұйықтайды; егер тұйық полисызық белгіленген болса, онда Open (ажыратып жіберу) опцияға өзгереді; Join (қосу)- полисызыққа жаңа сегменттерді қосады; Width (ені)- полисызықтың барлық сегменттерінің енін жаңа тұрақты мағынаға өзгертеді; Edit vertex (төбелерді редакциялау) - полисызықтың төбелерінің редакциялау режиміне көшеді (төбелерді орын ауыстыру, алып тастау, төбелерді қосу, бөлек сегменттердің енін өзгерту және т. б.); Fit (тегістеу)- полисызықты доғалық сегменттер көмегімен тегістейді; Spline (сплайн)- бастапқы және ақырғы полисызықтың нүктелерінен өтетін арнайы теңдеумен сплайнді өткізеді; Decurve (тегістеуді алып тастау)- Fit (тегістеу) және Spline (сплайн) опциялармен орындалған тегістеуді алып тастайды; Ltype gen (Типлин)- сызық түрін құруын басқарады (бөлек сегменттерге немесе барлық бүтін полисызық үшін); Undo (болдырмай)- осы PEDIT командасына жасалынған соңғы операцияны болдырмайды.

Ең күрделі опция - Edit vertex, ол полисызықтардың төбелерін редакциялау режимін іске қосады. Бұл режимде төбелерді орын ауыстыру, алып тастау, қосу, бөлек сегменттердің енін өзгерту, полисызықты үзуге болады.

Тап осы режимде келесі опциялар қолайлы: Next (келесі)- келесі төбеге өту; Previous (алдыңғы)- алдындағы төбеге өту; Break (үзу)- ағымдағы төбеден бастап полисызықты үзу; Insert (енгізу)- ағымдағы төбеден кейін жаңа төбені енгізу; Move (орын ауыстыру)- ағымдағы төбені жаңа орынға жылжыту; Regen (реген)- полисызықты ағымдағы құрулармен қалпына келтіру (суретті қайта салу); Straighten (түзету)- ағымдағы төбеден басталған учаскеде полисызықты түзету (көршілес төбелерді алып тастау); Tangent (жанама)- келешек Fit (тегістеу) операциясына үшін ағымдағы төбеге жанаманың бағытын беру; Width (ен)- ағымдағы төбеден басталған учаскеде полисызықтың енін беру; eXit (шығу)- төбелерді редакциялау режимінен шығу және сұраққа қайта келу: Enter an option [Close/Join/Width/Edil vertex/Fit/ Spline/Decurve/Ltype gen/Undo]:(опцияны беру [тұйықтайық | қосу | ен | шың | тегістеу | сплайн | тегістеу алып тастау | Типлин | өзгерту]:).

Блок 3

Сұрақ2 Сплайндарды редакциялау процесстi сипаттаңыз.

Сплайндарды SPLINEDIT командасымен редакциялайды, оған Modify II (редакциялау-2) панеліндегі шертпесі және горизонталь менюінің Modify | Object | Spline (Редакт объектілер сплайн) пункті сай болады. Команданың бірінші сұрағы: Select spline: (сплайнды таңдаңыздар:). Тышқанмен сплайнды көрсетіңіздер. AutoCAD жүйесі редакциялау опцияларының тізімін береді: Enter an option [Fit data/Close/Move vertex/Refine /rEverse/Undo]: (опцияны беріңіздер [Анықтайтындар | тұйықтау | орын ауыстыру | түзеу | кері | болдырмай | шығу ]:).

Бір уақытта AutoCAD жүйесі сплайнда емес, каркас полисызықта жататың басқару нүктелерге жарық түсіреді. Осы каркасты полисызықты тегістеу керек, онда керекті түріндегі сплайны аламыз. Анықтаушы нүктелерге (тұтінушы енгізген нүктелер және олар арқылы сплайнды өткізілген болатын) жарық түсірілмейді .

Fit data (анықтаушылар) опциясы - сплайнның анықтаушы нүктелерін редакциялайды; Close ( тұйықтау )- сплайнды тұйықтайды; Move vertex ( төбелерді орын ауыстыру) - басқарушы нүктелердің орнын өзгертеді (және анықтаушыларды алып тастайды); Refine (түзеу)- сплайн сызығының тегістеуін өзгертеді; rEverse (кері)- сплайн бағытын өзгертеді (нүктелерді кері бағытта қайта қояды); Undo (болдырмау)- сплайн редакциялауы соңғы операциясын болдырмайды.

Fit data (анықтаушылар) опцияны таңдағаннан кейін команда сплайнның анықтаушы нүктелеріне жарық түсіреді және олардың редакциялау режиміне өтеді (32 сурет). Сұрақ беріледі: Enter a fit data option [Add/Close/Delete/ Move/Purge/ Tangents/ toLerance/eXit] <eXit>: (опцияны берініз [қосу | тұйықтау | алып тастау | орын ауыстыру | тазалау | жанамалар | дәлдікшек | шығу ] < шығу >:).

Осы деңгейдегі опцияларда келесі тағайындау болады:

Add(қосу)- сплайнға жаңа анықтаушы нүктені қосады;

Close(тұйықтау)- сплайнды тұйықтайды;

Delete (алып тастау)- кейбір анықтаушы нүктелерді алып тастайды және қалған анықтаушы нүктелермен сплайн түгендейді;

Move(орын ауыстыру)- анықтаушы нүктелерді басқаша орналастырады;

Purge (тазалау)- сплайнның анықтаушы нүктелері туралы информацияны жояды, кейін олармен қолдануға болмайды;

Tangents (жанамалар)- сплайнның бастапқы және ақырғы шектес шарттарын өзгертеді ;

ToLerance (дәлдікшек)- дәлдікшекті өзгертеді, анықтаушы нүктелерден сплайнның ауытқуы;

EXit (шығу)- анықтаушы нүктелердің редакциялау режимінен шығады.

Блок 3

Сұрақ 3 Мультисызықтарды редакциялау процесстi сипаттаңыз.

Мультисызықтарды редакциялау үшін арнайы команда MLEDIT бар. Оған Modify(Редакциялау) горизонталь менюдегі Multiline...(Мультисызық...) пункті сай келеді.

MLEDIT командасы Multiline Edit Toolsультисызықтарды редакциялау ) сұқбат терезені шақырады (27 сурет).

Осы терезеде 12 операциялардың шертпелері бар. Бірінші бағанада екі мультисызықтардың қиылысуын, ал екіншіде - бір мультисызық екіншідегі бітуін өңдеу, үшіншіде - екі немесе бір мультисызықтардың бұрыштық қиылысуын, төртіншіде - үзу операцияларын өңдеу шертпелері тұр.

Блок 3

Сұрақ 4 Жазбаларды редакциялау процесстi сипаттаңыз.

Мәтіндерді редакциялау операциялары Text (мәтін). аспаптарының панелінде жиналған. Жазуларды редакциялауға Text (мәтін) панеліндегі шертпесі және горизонталь менюінің Modify | Object | Text | Edit ( Редак | объект| мәтін | редакциялау ) пункті арналған.

Олар тек қана мәтін редакциялауына арналған емес DDEDIT команданы шақырады, сонымен қатар ол олшем мәтінді, дәлдікшек және атрибуттердің анықтамаларын редакциялайды. Осы команданың шақырудың басқа қарапайым жолы - біржолды мәтінге екі рет шерту.

Команданың сұрағы:

Select an annotation object or [Undo]: (мәтінді таңдаңыз немесе |болдырмау]:)

Егер біржолды мәтінді көрсетсе, онда Edit Text (мәтін редакциялау) сұқбат терезесі көрінеді (28 сурет). Белгіленген Text (мәтін) алаңында керек өзгертулерді енгізу қажетті, содан соң ОК шертпені басу керек. Егер DDEDIT командасында редакцияланатын объекті мультимәтін болса, онда мультимәтін редактор терезесі шақырылады (29 сурет). Осы терезеде өзгертулерді енгізу керек.

Text(мәтін) панеліндегі шертпе FIND(табу) командасын шақырады. Осы команданың көмегімен барлық сызбадағы немесе белгіленген объектілердің терімінінен мәтіндік примитивтерде іздеу және ауыстыру операцияларын орындайды. шертпеге мәтін стильдері жасаушы STYLE (СТИЛЬ) командасы сай болады. шертпе мәтін масштабтауға рұқсат ететін SCALETEXT командасын шақырады. Сонымен қатар команданы Modify | Object | Text | Scale (Редак | объект | мәтін| масштаб) горизонталь менюдің пунктінен шақыруға болады.

JUSTIFYTEXT командасы (оған шертпесі сай болады) жазудың сырт пішінін алмастырмай, оның тегістеу тәсілін өзгертуге (мысалы, жазу төменгі оң нүктеге байланыс болған, ал сіздер, жазуді Fit опциясымен қайтадан жасауға қалайсыздар) рұқсат етеді. Сонымен қатар команданы горизонталь менюдің Modify | Object | Text | Justify (Редак | объектілер |мәтін | тегістеу) пунктінен шақыруға болады. Тегістеу тәсілін өзгертуі бұдан былай жазудың редакциялауға рұқсат етеді, бірақ жаңа қасиеттердің сақтауымен.

Text (мәтін) панеліндегі соңғы шертпе SPACETRANS командасына сай болады, модель және парақ кеңістіктерінің арасында ұзындықтарды қайтадан есептей үшін арналған. Клавиатурадан енгізілетін CHANGE (өзгерту) командасы біржолды мәтіндерді редакциялауға ыңғайлы. Ол жазудың кез келген параметрлерін өзгертуге рұқсат етеді. CHANGE командасы көпжолды мәтінді түзету үшін қолданылмайды. Сонымен қатар, мәтін өзгерту және оның кез келген параметрлерін редакциялауын PROPERTIESең әмбебаб командамен жасауға болады.

Блок 3

Сұрақ 5 Өлшемдерді редакциялау процесстi сипаттаңыз.

Dimension(өлшемдер) панелінде, бірнеше шертпелер бар, олардың командалар көмегімен ертерек жасалған примитивтерді редакциялауға болады. Ұқсас операциялар Dimension горизонталь менюінде бар. DIMEDIT командасына Dimension (өлшемдер)панеліндегі шертпе сай болады, ол өлшем мәтінді және оның тұрған жерін ауыстыруға рұқсат етеді, сонымен қатар шығару сызықтарды еңкейтеді. Команданың бірінші сұрағы:

Enter type of dimension editing [Home/New/Rotate/Oblique] <Home>: (өлшемдерді редакциялау операциясы [ қайтару | жаңа | айналдыру | еңкейту ]<қайтару >:)



Примитивтер | Сплайндар. Сплайндарды салу командасы. 2 страница

Цилиндрлiк бет | Построение изометрии предмета по ортогональным проекциям. | Способ. | Режимдер | Сплайндар. Сплайндарды салу командасы. 3 страница | Сплайндар. Сплайндарды салу командасы. 4 страница |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати