На головну

Ан және лимфа. Плазманың құрамы.

Қан (гр. haemo ;лат. sanguis - қан) - организмдегі ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің клеткаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан организмнің инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.

Ағзаның ішкі ортасына қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа жатады.

Лимфа-адам денесіндегі екінші сұйық орта. Қанның қызметі:

адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бірімен-бірін өзара байланыстырады;

оттегін өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазарта-ды;

қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді;

ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т. б. мүшелерге тасымалдайды;

дене температурасының тұрақтылығын сақтайды;

ағзаны зиянды микробтардан қорғайды;

ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды;

жасушаларда қышқылдың, судың деңгейін реттейді;

қорғаныштық қызмет атқарады (қанды ұйыта алады).

Қанның құрамы. Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4,5-5 л. Қанның құрамы - плазмадан{55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады . Ересек адам организмінде шамамен бес литр қан болады. Қан - ағзадағы дәнекер тканінің бір түрі. Оның негізгі бөлігі клетка аралық сұйық зат - плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары - эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары - тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы клеткалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді.

Қан плазмасы (қан сарысуы) - қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі. Егер қанды ыдысқа құйып тұндырса, ыдыста 3 қабат айқын білінеді. Соның ең үстіңгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты плазма. Ал астыңғы қызыл түсті қабаты - қан жасушалары. Плазманың құрамында 90-92% су; 7-8% нәруыз (белок); 0,12% глюкоза; 0,7 0,ұ% май; 0,9% тұз болады. Бұлардан басқа сүтқышқылы, ферменттергормондар бар. Плазмадағы нәруыздар (7-8%) 3 топқа бөлінеді: альбуминдер (4,5%); глобулиндер (1,7-3,5 %) және фибриногендер (0.4). Фибриноген нәруызы қанның ұюына қатысады.



Рефлекс. Рефлекторлық доға,оның бөлімдері. | Кеуде қаңқасы. Ми сауыты

Жоғарғы жүйке жүйесінің типтері. Гиппократ бойынша. | Адам анатомиясы пәні, мақсаты мен міндеттері. Пәннің ғылымдағы орны | Адам анатомиясы пәнінің зеттеу әдістері | Синапстар, оның түрлері. Химиялық және электрлік синапстардың ерекшеліктері. | Бауырдың қызметі. Өттің маңызы | Аралық ми. Құрылысы және қызметі. | Бұлшық еттер. | Сопақша мидың қызметі мен ондағы орталықтар. | Сұрақ Аяқ бұлшықеттері | Биопотенциал түрлері. Мембраналық потенциал. |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати