На головну

Асым хан тұсындағы Қазақ хандығы.

  1. VI-XII ғ.ғ оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстанның қалалық мәдениеті.
  2. XIII - XVI ғғ. Моңғол империясының құрылуы. Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде.
  3. XVI-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының мәдениеті
  4. XXғ. 20-30 жылдардағы Қазақстанның мәдени құрылысы.
  5. Азан төңкерісі. Қазақсатндағы кеңес үкіметінің орнауы
  6. Басы мен 12ғ. Қазақстанның экономикасы мен мәдениетінің дамуы

Керейдің ұлы Бұрындық хан(1473/1474-1511) Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығына қаратуға күш салды. Оның ел ішінде беделі болмағандықтан Самарқанға көшіп кетті.

Қазақ хандығы ең жоғарғы қуаттылығына XVIғ. бірінші ширегінде,Қасым хан тұсында жетті.Қасым Әз Жәнібектің ұлы.

Қасым хандығы Ақ Орда иеліктері, көшпелі ноғайлықтар, шығыстағы түрік тайпалары, дулат,үйсін,қаңлы және моғолстанның батысындағы тайпалар кірді. Қасым хан ел бірлігі және қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін күресті.

Қасым ханның басты мақсаты: Сыр бойындағы қалаларды қайтадан өз иелігіне қосып алу.

Ол бүкіл Дешті Қыпшақтың ханына айналды.

Қырғыздарға билігі жүрген жоқ.

1510 жылдың қысында Шайбани хан әскері Ұлытау бөктерінде отырған Қасым хан ұлысына шабуыл жасады. Оларға күшті тойтарыс бере алмайтынын білген Қасым хан шегініп кетті де, тұтқиылдан шабуыл жасап, дұшпанын тас-талқан етті.1513 жылы Қасым хан Қараталда отырған кезде Сайрамның билеушісі Қаттабек қаланы Қасым ханның билігіне берді де, оны өзбектерге қарсы аттануға көндірді. Сол жылы жазда Моғолстан ханы Сұлтан Сайд Ташкентке бірлесіп жорық жасауды ұсынды, алайда Қасым хан бұл соғыстан бас тартты.

Қасым хан билігінің соңғы жылдарында қазақ билеушілері мен Шайбанилердің өзара қатынастары шиеленіскен қалпында қала берді. 1516-17 ж. қыста Шайбани әулетінің сұлтандары күш біріктіріп, Қазақтарға қарсы жорыққа шықты.

Қазақтардың «Қасым ханның қасқа жолы» дейтін белгілі заңдары Қасым ханның есімімен байланыстырды.

41. ХVІ ғ. 20-30 жж. Қазақ хандығының «уақытша әлсіреуі»XVI ғасырдың 20 жылдары Қасым ханна кейінгі Жошы ұрпағының өзара тартысы Қазақ хандығын әлсіретті. Қазақ хандығына қарсы Моғол және өзбек хандығының соғыс одағы қалыптасты.

Қасым ханның мұрагері Мамаш өзара тартыс барысында қаза тауып, хан тағын Қасымның немере інісі Тақыр (1523-1532 ж. ж.) иеленді.

1524 жыл Моғолстан ханы Сұлтан Саидке қарсы қырғыздармен одақ жасасты.

Негізгі шайқастар Ертіс бойында, Алтын Емелде, Ыстықкөл маңында болып, моғолдар жеңіліп, Қашқарияға кетті.

Жетісу мен Ыстықкөл өңірі қазақтар мен қырғыздардың қолында қалды.

Тақыр асқан қатігездігімен ерекшеленді және дипломатиялық, әскери де таланты болмады. Көрші мемлекеттердің Қазақ хандығына шабулы жиіледі. Ол Ноғай Ордасымен соғыста жеңілді, Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып ала алмады.

Хан аздаған қазақтармен қырғыздарға кетеді, ақыры қырғыздар арасында жоқшылық көріп, қайтыс болады.

XVI ғ. аяғына дейін Сырдариялық қалалар Сығанақ, Отырар, Түркістан т. б. шайбанилықтардың иелігінде болды.

Бұйдаш хан (1532-1537 ж. ж. Тақырдың інісі) тұсында да Қазақ хандығындағы өзара тартыстар тоқтаған жоқ.

Осыны пайдаланған өзбек хандығы Убайдуллах Моғолстан ханы Абдар Рашидпен соғыс одағын құрып, Жетісуда соғыс ашты. Қазақ әскері жеңіліп, Бұйдаш хан қашып құтылады.

Бұл хандар тұсындағы үздіксіз соғыстар жағдайында феодалдық езгінің күшеюі халық наразылығын туғызып, басқа жаққа көшуді ұлғайтты.

42. Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы.Қасым ханнан кейінгі тартыстан әлсіреген хандықты қайтадан нығайтып, біріктіруге Хақназар хан әрекет жасады.

Негізгі мақсаты: Қасым хан кезіндегі иелікті қалпына келтіру.

Хақназар сыртқы саясатын Ноғай Ордасынан бастады. Жайықтың сол жағалауындағы ноғайлар Қазақ ханының билігіне өтті.Қаңлылар,қыпшақтар да Қазақ хандығына келіп қосылды.

Хақназар - қазақ ханы шамамен 1510-1520 жылдары дүниеге келіп,1580 жылы қазақ болған. Қасым ханның ұлы. Қазақ Ордасында хан тұрақтамады. Біразы (Момыш, Тоғым, Ахмет хандар) шайқастарда шейіт болады. Қасым хан айбынын асырған Қазақ хандығы іштей әлсіреп, сырт жаулармен күресте ірі -ірі сәтсіздіктерге ұшырады. Батысында Ноғайлы, шығысында Монғолстан, солтүстігінде Сібір, оңтүстігінде өзбек хандығының қыспағында болды. Қазақ ордасы үшін ауыр жылдарда ірі қолбасшы ретінде танылған Хақназар 1560 жылы ақ киізге көтеріліп, хан тағына отырды. Ол әлсіреген қазақ Ордасын қайта күшейтеді. Әкесінің ісін жалғастырып, Ноғай Ордасының бір бөлігін Қазақ хандығына қосады. Қазақ хандығының шекарасын Еділ мен Жайыққа жеткізеді. Бұл қазақ хандығы, Қажы Тархан хан құлаған кез еді. Хақназар хан Сібірде Көшім ханды талқандап, шығыста ойраттарға 1554 жылы күйрете соққы береді. Моғолыстанмен соғысып, оларды Тәңір тауынан ары асырып тастайды. түркістан, Сығанақ, Сауран, Сайрам, Тараз қалаларын қай тарып алады.

Хақназар хан қазақ халқын біріктіріп , мемлекеттігін нығайтуға айрықша еңбек сіңірген хан.

43. Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығы.Тәуекел - Қазақ ханы (1586-98) Хақназар хан мұрагерлерінің бірі, әрі ісін жалғастырушы. Моғолстан мен Бұхардан тәуелсіз болу үшін олармен тынымсыз күрес жүргізді. Бұхар әскерін жеңіп, Ташкент пен Самарқанды басып алды.

1583 жыл -Тәуекел хан Өзбек ханымен жасасқан шартты бұзды. себебі:

Абдаллахтың бақталасын жойғаннан кейін уәдесін орындамады.

Абдаллахтың Баба сұлтанға көмек берген қазақ сұлтандарын жазалауы.

1586 жыл - Тәуекел Түркістанды, Сауранды, Отырарды, сайрамды басып алып, ташкентке қауіп төндірді.

1588 жыл - Абдаллах ханға қарсы халық көтерілісі болды.

1597-1598 ж. ж. - Тәуекел хан Абдаллах хан мен оның баласы арасындағы қайшылықты тиімді пайдаланды.

1597-1598 жж. - Тәуекел хан Ташкент түбінде Абдаллах ханның әскерін жеңді.

Бұл жеңіс Қазақ хандығының беделін, күш қуатын арттырды.

Сыр бойындағы қамал қалалар мен Ташкент қазақ хандығының құрамына қосылды.

XVI ғ. Соңында Қазақ хандығының халқының саны өсіп, шекарасы кеңіп, аса қуатты мемлекетке айналды.

1598 жыл - Шайбани әулетінің орнына Аштархани әулеті (1598-1743 ж.) келді.

Жаңа әулет пен қазақ хандары арасында қазақ хандығына қосылған жерлерді заңдастыру шарты жасалды.

Тәуекел Ресеймен одақ құруға күш салды. Ресейдің мұндағы мақсаты: Көшім ханға қарсы күресте одақтасу; Орта Азия хандықтармен келіссөз жүргізуге пайдалану; Бұхар хандығына қарсы Тәуекел мен Иран шаһы Аббас I-нің арасында одақ құрғызу еді. 1594 ж. қаңтарда патша үкіметі Тәуекелге әскери көмек көрсетпекші болды. Тәуекел Мәскеуге өзінің ұлы - Хұсайынды аманатқа беруге келісті. Патша үкіметі осының қарымтасы ретінде Тәуекелдің немере інісі Ораз - Мұхаммедті қайтармақшы болды. Тәуекел 1595 ж. мамыр маусымда В. степанов бастаған орыс елшілігін қабылдап, қонақ етті. Тәуекл Бұхара үшін болған шайқаста қаза тапты.

44. ХҮІІ ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы.Қазақстандағы ішкі саяси өмір тұрақтылығымен ерекшелене қойған жоқ. Қазақ хандығы барған сайын бөлшектене түсті, феодалдық ала ауыздықтар күшейді. Көшпелі ақсүйектердің әр түрлі топтары бақталастыққа берілді. оңтүстікке іс жүзінде екі хан бекілді. Табаққұлдық мирасқоры Есім хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етіп алды. Ташкентте Жәлім сұлтанның ұлы Тұрсын - Мұхаммед өзін тәуелсіз жанмын деп жариялады. Бірте - бірте үш жүздің әр қайсысында өз алдына жеке хандар пайда болды. Қазақ хандығының барлық, әсіресе, оңтүстік және шығыс шептеріндегі сыртқы жағдай қиындай түсті. Бұхар ханы Иманқұл Ташкентті тартып алуға тырысты, кейбір сұлтандардың бөлініп шығу ниеттерін қолдап отырды. 1612 ж. қазақ әскерлерінің Бұхара төңірегіне шапқыншылық жасағанын жауап ретінде Иманқұл хан қазақ жерлеріне жорық ұйымдастырып, Түркістан аймағын «Ашпара мен Қаратаудың шеткергі шегіне дейін» басып өтті, сөйтіп оның бірнеше қалалары мен елді мекендерін тонады. Ташкентке өзінің ұлын уәли етіп қойды. Көп кешікпей ол орнынан түсіріліп, өлтірілді. Бұңан жауап ретінде Иманқұл қалада қанды қырғын жасады. Өзінің Ташкентке дәмеленуіне ол қазақтың екі ханының өзара жауластығын пайдаланды. 1627 ж. Есім хан Тұрсын - Мұхаммедті өлтірді. бір жылдан соң Есімнің өзі де қайтыс болды. Бұхар әскерлері Ташкентті қайтадан басып алды. Алайда, Есім ханның мұрагері, оның ұлы Жәңгір Бұхар билеушісін шығыстан келетін ортақ қатер ойраттар шапқыншылығын тойтару үшін әскери одақ құру қажеттілігіне көндіре алды.

45. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы.Тәуке хан билік еткен кезеңде (1680-1718) Қазақ хандығының нығайтылуы, қазақтардың қырғыздармен және қарақалпақтармен одақтасуы жоңғарлардың қазақ жерлеріне шабулын уақытша бәсеңдетті. Олардың 1680 ж. Оңтүстік Қазақстанда шабуылдаған уақытында тек Түркістан қаласы ғана жоңғарлардың тонаушылығынан аман қалды. Өйткені онда әскерлері мен Тәуке хан болған еді. Жоңғарлардың салған ойраны Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар тіршілігінің бірте бірте сөнуінің басты себептерінің бірі болды. Жоңғарлардың шапқыншылығы маңызды сауда жолдарын кесіп тастауды, бейбіт халықтың шаруашылығына үлкен зиянын тигізді. Қазақ хандығының әлсірей бастауына тек мемлекеттік, хандарға бағынышты жерлердің тұтастығына ғана емес, сонымен бірге этникалық тұтастыққа да кері әсер етпей қоймады. Билік жүргізіп, иелік жасау үшін жайылымдық жерлер мен қалалар үшін бақталастыққа түскен хандардың, сұлтандардың, тайпалар ақсүйектері топтарының өзара ұрыс таласы қоғамдық мәдени дамудың қарқынын бәсендетті. Қазақстан аймағында мемлекеттіліктің нығаюы үшін жағдай туғызуға, оны халықтың ата қонысы жерлерінің көмегімен тиімді қорғап қалуына кедергі келтірді. Тәуке ханға ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды аздап бірыңғайлаудың сәті түсті. Хандық өкімет билігінің беделін көтеріп, ақсүйектердің бөлініп, оңашалануын тоқтату, халықты біріктіру үшін, ол бірсыпыра шараларды іске асырды. Оның тұсында құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі принциптерін айқындайтын әдеттегі құқықтық «Жеті жарғы» деп аталған нормалар жиынтығы жасалды. Ол көрші мемлекеттермен одақтасудың және бейбіт қарым қатынас орнатудың жолдарын іздестірді.

Тәуке көрші жатқан Ресей елімен мәмілегерлік қатынас орнатқан. Тәуке Ресей еліне арнаған хатында достық қарым қатынасты сақтай отырып, бейбіт көрші болуға шақырады. Тәуке өзінің әкесі Жәңгірдің ісін жалғастырушы болды. Соғыс тәсілдерін тиімді пайдаланған. Тәуке батыр атағына ие болған. 1689,1702 жылдары қазақ жасақтары ойрат жерлеріне шабуыл жасаса 1711,1712,1714 жылдары ойраттар қазақ жеріне бірнеше дүркін болып кірді. Тәуке көрші жатқан мемлекеттермен өз заманына сай тиімді мәмілегерлік қарым қатынас орнатты. Қазақ хандығы Тәуке хан тұсында басқару жүйесінде хандық билікке негізделген саяси жағынан орталықтанған мемлекет болды.

46. Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашижи» еңбегі ХҮ-ХҮІ ғғ. Қазақ хандығы тарихының жазба дерегі.Мұхаммед Хайдар Дулат - ортағасырлық тарихшы, әдебиетші. 1499 жылы Ташкентте дүниеге келіп, 1551 жылы Үндістандағы Кашмирде қайтыс болған. моғолстан тарихын, басқада түркі халықтары тарихын қамтыған әйгілі «Тарихи Рашиди» шығармашылығының авторы. 1541-1546 ж. ж. парсы тілінде жазылған «Тарих-и Рашиди» еңбегін Абдар Рашид ханға тарту еткен.

Билеген Шағатай әулеті хандарының тарихы жүйелі баяндалады. Екінші дәптер естеліктік сипат ұстағанымен, онда Мұхаммед Хайдардың Кашмирді жаулап алғанына дейінгі тарихи оқиғалар сөз болады. Шығарма XV-XVI ғасырларда Орта Азия, Шығыс Түркістан, Ауғаныстан, Үндістанда болған тарихи оқиғаларды да қамтиды.



Монғол шапқыншылығының Қазақстан халқына тигізген зардабы. | Н территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдері.Қазақ этнонимі.

Сақтар | Сақтар археологиялық ескерткіштері | Ндардың тарихы | Түрік қағанаты - 551-603 жылдар | Оғыздар мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті. | Ыпшақ хандығы | VI-XII ғ.ғТүркі тайпаларының мәдениеті | VI-XII ғ.ғ оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстанның қалалық мәдениеті. | Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары. Әл-Фараби, М.Қашқари, А. иассауи, Ж. баласағұн және т. б. | Азақтардың этникалық территориясының қалыптасу кезеңдерін атап өт |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати