Головна

Оғыздар мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.

  1. VI-XII ғ.ғ оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстанның қалалық мәдениеті.
  2. Ндар: саяси жүйесі, шаруашылығы, мәдениеті

Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында IX-X ғасырларда Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. Оғыздардың ата-бабаларының әуелгі қоныстанған жерлері Ыстықкөлдің маңы. Оғыздар IX ғасырда Сырдария бойына келіп орналасады, бірақ ондағы кангар-печенег бірлестігімен ұзақ уақыт соғысуға тура келеді. Махмұд Қашғари Оғыз елінің 22 кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін және әр тайпаның өз белгі таңбасы мен туы болғанын айтады.

965 жылы Оғыз жабғуы Киев князі Святослав пен одақтасып хазарларды талқандады. 985 жылы оғыздар Орыс князьдарымен бірігіп, Еділ Булғариясын күйрете жеңді. IX-X ғасырларда Оғыз мемлекетінде ескі рулық-тайпалық институттардың тез ыдырауы жағдайында патриархаттық-феодалдық қатынастар дамыды. X ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың бас кезінде Оғыз елінде алым-салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі орын алды, бұл - мемлекетте тұрақты басқару аппаратының құрылғанын көрсетеді

XI ғасырдың басында Оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Оған алым-салықты жыртқыштықпен аяусыз жинауға наразылық білдірген оғыз тайпаларының көтерілісі себеп болды. Бұл жағдай X ғасырдың екінші жартысында өкімет басына келген Әлиханның билік құрған кезіне жатады. Жабғының өкіметіне қарсы халық наразылығын, Жент маңына келіп қоныстанған салжұқтардың көсемдері пайдаланды. Салжұқ көсемдері Янгикенттегі оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, Жент қаласын басып алды, бірақ оны ұзақ ұстап тұра алмады. Осы кезде ел басына Әлиханның мұрагері Шахмәлік келіп, мемлекет едәуір кұшейді. 1041 жылы оғыздар Хорезмді жаулап алады. Алайда, арада екі жыл өткеннен кейін оғыздардың соңғы жабғысы Шахмәлік салжұқтардың қолына түсіп өлтіріледі. Салжұқтармен жүргізілген ұзақ жылғы соғыстар Оғыз мемлекетін қатты әлсіретті. Аяғында келіп Жабғы мемлекеті қыпшақ тайпаларының соққысынан біржолата құлады. Оғыздардың бірсыпыра топтары осыдан кейін Шығыс Еуропаға, Кіші Азияға қоныс аударды. Енді біразы Орта Азияға, Оңтүстік Қазақстандағы Қарахан әулетінің және Хорасанның салжұқ билеушілерінің қол астына көшті. Ал XI ғасырдың ортасында қыпшақтар талқандаған оғыздардың кейбір қалдықтары кейін келе Дешті Қыпшақтардың түркі тілдес тайпаларына сіңіп кетті.

Шаруашылығы. . Оғыздардың көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Оғыз тайпаларының бір бөлігі Сырдарияның төменгі бойын қыстап, жайлауға Каспий маңындағы далаға көшкен. Оғыздар негізінен жылқы, қой, ешкі, сиыр, өгіз, түйе өсірген. Әсіресе, қой өсіру шаруашылығы маңызды рөл атқарған. Сондай-ақ оғыз бай-феодалдары жер қайыстырған қалың жылқы үйірлерін ұстаған. Көшпелі оғыздар түйе, оның ішінде айыр өркешті ірі түйелер өсірген. Оғыздар аңшылықпен де айналысты. Оғыз кедейлері Арал теңізінен, Сырдариядан, тағы басқа да өзендерден балық аулап кәсіп қылған.

Мәдениеті.Қалалардағы үйлер көбіне тастан, ағаштан, қамыстан тұрғызылды. Оғыздардың Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент, Жент, Жуара, ал Сырдарияның орта ағысында Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ және Сауран т. б. қалалары болған. Оларда қолөнер кәсібі, соның ішінде мал өнімдері мен шикізаттарды өңдеу дамыды. Оғыздарда құмырашылық өндірісі де өркендеді. Олар мекендейтін аумақтарда темір, күміс, алтын, мыс және асыл тастар өндірілді.

18. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (IX-XI ғ.ғ)

XI ғасырдың екінші жартысынан бастап 1219 жылға дейін қыпшақ тайпалық одағы дамуының үшінші кезеңі жүрді. Осы кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты өсті. Олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, құман, ертедегі башқұрт, оғыз т. б. тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, ұрандар, Шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер әсерін тигізді.

ІХ-Х ғғ. қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі: қыпшақтар кимек қағанатына саяси тәуелді болады, конфедерацияға, сосын Кимек қағанаты құрамына кіреді.Қыпшақ тайпалары - 11-12 ғ-да Орт. азия мен Шығ. еуропадағы саны жағынан ең көп түркі тілдес тайпа. хІ ғ. екінші жартысында қыпшақтар Маңғыстау мен Үстірт жерлеріне орнығады, олармен бірге сол арада оғыз тайпаларының біраз топтары да көшіп-қонып жүреді.Қыпшақтардың ХІ ғ. орта кезінде батысқа қарай жылжуының бастапқы кезеңі М.Қашқаридің географиялық картасында бейнеленген, ол картада қыпшақтардың мекені ретінде Еділдің ар жағы мен Каспий теңізінің арғы бетіндегі солтүстік-батыс жерлері көрсетілген, ал Еділ өзенінің өзі Қыпшақ елі ішінде қаладыҚыпшақ хандары өз мемлекетінің шекарасын еңейте отырып, оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан жерден Қанжек Сеңгір бекінісін салады. Қыпшақ билеушілері мен Қарахандар арасындағы табиғи шекара Балқаш көлімен Алакөл шұңқырының көлдері болады. солт-шығыс бетте қыпшақтар өркениет пен мәдениеттің Саян-Алтай ошағымен байланысты болған, бұл мәдениеттің иелері қырғыздар мен хакастар және басқа да тайпалар еді. Қыпшақ хандығының солтүстік шекарасы қазіргі қазақ даласын Батыс Сібірден айырып тұратын орманды дала зонасы арқылы өткен. Солтүстік Батыс жағында қыпшақтар Еділ бойы мен Орал өңірінің халқымен этникалық мәдени және саяси қарым-қатынас жасаған.Қыпшақ тайпаларының этникалық территориясы өздерінің этникалық-саяси бірлестігі шебінің тұрғысынан қарағанда,

негізінен тұрақты болған, тек оң-батыс шекарада ХІІ ғ. 30-жылдарынан бастап Хорезмшахтар мемлекеті тым белсенді саясатты жүргізуге көшеді. Қыпшақ тайпаларының ХІ ғ. екінші жартысы мен ХІІІ ғ. бас кезінде бұлғарлармен және башқұрттармен өзара алыс-беріс жасап, аралас-құралас тұруы қыпшақ тілі мен мәдениетінің оларға ықпал етуі бағытында дамып отырған. хІ ғ. екінші жартысында ХІІ бірінші ширегі біткенге дейін қыпшақ хандарының жағдайы бірсыпыра тұрақтанып, саяси бірлігі біраз жақсарды. Бұған қарағанда, қыпшақтың этникалық - әлеуметтік қауымдастығында өз билігін бүкіл хандыққа жүргізе алатын жоғарғы хандар болғанға ұқсайды.

Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі - малға жекеменшік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулердің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған деседі. Қыпшақ отбасының меншігіндегі малға ру-тайпа белгілері - таңбалар басылған. Хисапсыз көп малы бар

ақсүйектер жеке меншігіне заң жолымен бекітіп берілмесе де, мал жайылатын өрістің бәрін

меншіктеген. Жайылымдарды бөліп беруді, көші-қон мәселелерін реттеп отыруды қыпшақ

хандары мен тайпа тектілері уысынан шығармаған. Бүкіл мұсылман Азиясы ішінде бірінші орын алуға ұмтылған Хорезмшах Мухаммед (1200-1220 жж.) мемлекеті құрамына ХІІІ ғ. бас кезінде Сығанақ облысы да кіреді. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан, қыпшақ хандары Хорезмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра береді. Жент қаласынан солтүстікке қарай Дешті қыпшақ еліне Мұхаммед Хорезмшах талай рет жорық жасайды. 1216 ж. Қадырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетіп, Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғыс хан қолымен кездейсоқ соқтығысып қалады. Сұлтанмен айқасып қалғаннан кейін, монғолдар түн жамылып шегініп кетеді. Бұл монғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, бұған ілесе қыпшақтардың Хорезмшахтармен ұзаққа созылған бәсекесі тоқтап қалады. Моңғол басқыншылығының дәуірі келіп жеткен еді.1219ж монғол шапқыншылығынан Қыпшақ мемлекеті құлап, оның жері моңғол ұлыстарының құрамына енді.

19. Қарахан мемлекеті: Этносаяси тарихы, Әлеуметтік экономикалық дамуы мәдени өркендеуі. Х ғасырдың орта кезінде оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан жерінде Қарахан мемлекеті пайда болды. Орталығы - Баласағұн қаласы. Қарахан мемлекетінің құрылуы тарихында Қарлұқ конфедерациясы зор роль атқарды. Қарлұқтар мен бірге шікілдер мен яғма кірді. Қарахан мемлекетінің құрылуы Батыста Жетісудан

Испиджабқа дейінгі және Шығыста Қашқарға дейінгі ұланбайтақ аумақта болған саяси оқиғалар және Қарлұқ мемлекетінің ыдырауымен тығыз байланысты болды. оғулшақтың немере інісі Сатұқ Боғраханды (915-955) Қарахан әулетінің негізін салушы деп есептейді. Исламды қабылдап, Саманилердің қолдауын пайдалана отырып, Сатұқ Боғрахан Оғулшаққа қарсы шығып, оны талқандады, сөйтіп Тараз бен Қашқарды бағындырды: 942 жылы ол Баласағұнда билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялады. сатұқ өлгеннен кейін билік басына

Мұса қаған келді. Ол Қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Оның астанасы Қашқар болды. Мұса қаған қаза болған соң билік Әли-Арыстан қағанға өтеді. Ол Тараз бен Баласа

ғұнды да өзіне бағынышты қалалар есебінде жариялаған. Қарахан мемлекетінің

алғашқы саяси тарихы, Сатұқ ұрпақтарының ішіндегі ең күшті екі әулетінің Әли-Арыстан хан мен Хасан Бура ханның тұқымдарының арасында билік үшін ұзақ жылдарға созылған талас тартыстар басталды.Қарахан мемлекеті екі иеліктен тұрды:1) Шығыс хандық. Оның жері Оңтүстік

Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан, астанасы Баласағұн, кейде Қашқар қаласы

болып тұрған; 2) Батыс хандық. ОрталығыТараз, кейде Бұхар болған. Шығыс хандық

қарахандықтардың негізгі бөлігі болып саналған. Сондықтан да оның қағаны дәстүр бойынша ұлы қаған деп есептелген. Жетісу мен Шығыс Түркістанды ХІ ғ. басында Хасан әулетінен шыққан Тұған хан билеп тұрды. Онымен Борға хан баласы Қадырхан Жүсіп бәсекелес болды.

1005 жылы Туған ханды Қадырхан Қашқардан тықсырып шығарды. 1017-1018 жылы Жетісу көшпелі тайпалар шабуылына ұшырап, көп ұзамай Туған хан дүние салды. Қадырхан күшейіп, Шығыс Қарахан мемлекетіндегі бүкіл билік оның қолына көшеді.1032 ж. Қадырхан иелігіне

Жетісу, Испиджиб пен Тараз өңірлері Шығыс Түркістан қарайды. 1056 жылы

Қадырхан баласы Иннал-тегін өкімет басына келеді. Иннал-тегіннің баласы Ибрахим болады. Осыдан кейін Шығыс қағанатының да он бес жыл бойы Қадыр ханның балалары Юсуар

Торғулхан мен Бограхан Харун басқарады. екі қағанат арсындағы шекара Сырдарияны бойлай

өтеді. Орта Азия мемлекеттерімен қызу сауда жүргізеді. 1089 жылы Орта Азиядағы Салжұқ сұлтандығы шабуыл жасап Самарқант қаласын басып алады. Осы кезде Шығыс Қарахан қағанатына Шығыс Түрік қағанатының билеушісі Тоғырыл шабуыл жасап Қашқар қаласын

өзіне қаратты. Осындай шапқыншылықтан кейін ХІІ ғ. 1-жартыжылдығында Қарахан

мемлекеті іс жүзінде тарихи сахнадан шығып қалды.

Мемлекеттік дін ретінде - Ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұни есімі кең мәлім болды



Түрік қағанаты - 551-603 жылдар | Ыпшақ хандығы

Сақтар | Сақтар археологиялық ескерткіштері | Ндардың тарихы | VI-XII ғ.ғТүркі тайпаларының мәдениеті | VI-XII ғ.ғ оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстанның қалалық мәдениеті. | Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары. Әл-Фараби, М.Қашқари, А. иассауи, Ж. баласағұн және т. б. | Монғол шапқыншылығының Қазақстан халқына тигізген зардабы. | Асым хан тұсындағы Қазақ хандығы. | Н территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдері.Қазақ этнонимі. | Азақтардың этникалық территориясының қалыптасу кезеңдерін атап өт |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати