Головна

Сақтар

  1. Сақтар (ҮІІ-ІІІғ.ғ).
  2. Сақтар археологиялық ескерткіштері

Б. з. б І мыңжылдықтағы Қазақстан территориясын мекендеген көшпелілер-сақтар. Сақ тайпалар одағы б. з. б VII-IV ғасырларда құрылды. Бұл сақтардың материалдық мәдениеті мен қоғамдық құрылысы жағынан оңт. сібір тайпалары және Ресейдің еуропалық бөлігінің далалық аймақтарын мекендеген киф тайпаларымен ұқсастығы болды.
Сақ тайпаларының негізгі3 тобыболды:
*Парадарайа(Теңіздің ар жағындағы сақтар)
*Тиграхауда(Шошақ бөрікті сақтар)
*Хаумаварга(Хаома сусынын дайындайтын сақтар).
Қоғамдық құрылысы:Сақ қоғамында халықтың 3 тобы болған. олар: жауынгерлер, абыздар, қауымшыл сақтар Осы жіктердің әрқайсысының өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге қызыл және сары-қызыл, абыздарға-ақ, қауымшыл сақтарға-сары мен көк түстер тән еді. Сақ көсемдері мен патшалары жауынгерлер тобынан сайланған. Патшалардың белгісі жебелі садақ болды. сақ әйелдері қоғамдық өмірдің барлық салаларына, тіпті соғыс шайқастарына да елдермен бірдей қатысып, ерлік көрсетіп отырған. Б. з. д VI-V ғасырлардың өзінде-ақ сақтардың қоғамдық құрылысының сол заманғы прогрестің неғұрлым жоғары сатысына көтерілгендігін, оған экономикалық және саяси алғышарттардың болғандығын көрсетеді.
Мәдениеті:Сақ мәдениеті- орт. жіне Алд. азияның мәдениеті мен өнер жетістіктерінің бірі болды. Сырдария,Іле, талас, лепсі және т. б өзендер аңғарларында көптеген тас және топырақ обалар шоғырланған. мысалы: Жуантөбе қорымы-300 обадан, берікқара қорымы-500 обадан, Кетпен-Төбе алқабында700 обадан тұратын қорымдар табылған. сақтар Алтай, сібір, Шығыс және Еуропа халықтарымен сауда байланысын жасады. шығыс Қаз. мен Жетісу аралығында ішкі сауда қалыптасқан. Б. з. б 7 ғасырдан бастап Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуропаның оңтүстігінде "аңдық стиль" деп аталатын өнер пайда болды. Басты тақырыбы-аңдар мен аңыздағы қиял-ғажайып бейнелерді суреттеу. "Аңдық стиль" дәстүрімен сақтар Алдынғы Азия мен Иранға жасаған жорықтары кезіде танысқан. Осы жерден алғаш рет "өмір ағашы" атанған арыстан бейнесі тараған. Жылқы- күн және отпен байланыстырылды. есік қорғанынан табылған патшаның бас киімінде бейнеленген қанатты аттар-күннің қозғалысын білдіреді. Қабан бейнесі- күн күркіреу құдайы. Сақтарда зергерлік өнер жоғары дәрежеде жетілдірілді. Әсіресе ағаштан ойып жасалған бейнелер мен бұйымдарды алтынмен аптау ісі кең тарады. Зергерлік өнердің тамаша туындылыры Есік және Шірік-Раббат қоныстарынан табылды.
Жазба деректері:Сақ бірлестігі туралы мәліметтер кездесетін негізгі жазба деректер екі топтан тұрады: 1) Антик дәуірінің авторлары (гректер)-Геродот, страбон, ксенофонт, птоломей және т. б. 2) Ахеменидтер әулетінен (көне парсы) қалған сына жазулар (Бехистун сына жазуы т. б.) Парсы жазбалары "Сақ" атауын қолданса, грек деректері бұл тайпаларды "Азиялық скифтер" деп атайды. Парсы сына жазбаларында хаомаварга сақтары ең ірі тайпа немесе тайпалар тобы деп айтылған, олар грек деректерінде амюрьгий сақтары деп аталды.

Сақ тайпаларының атауы әр елде әртүрлі аталған:
*Гректер-Азиялық скифтер;
*Парсылар-Құдіретті еркектер;
*Ирандықтар-Жүйрік атты турлар;
6)Ұлы жібек жолының тарихи-мәдени маңызы
Ұлы «Жібек Жолы»
-ежелгі және орта ғасырларда Шығыс пен батысты байланыстырып, жерорта теңізінен қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Үлы Жібек жолы туралы алғашқы мәліметті будда діндары Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан білеміз (620-630ж. ж) Б. з. б ІІІ-ІІ ғ.ғ - жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған. Бұл жол Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып дамыды. Олар
-Лазурит жолы
-Нефрит жолы
-Дала жолы
Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған,.
«Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы7000km асады.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. .Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы - Есік және Аралтөбе қорымдарынан табылған «Алтын киімді адам»ескерткіштері, Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалар, ежелгі Түрік жазба әдебиетініңорхонескерткіштері. Саудадағы басты тауар-жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Кейін бұл жол арқылы Үндістан, иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды.Ұлы жібек жолымен ән мен би өнері, әдебиет туындылары тараған. Сондай-ақ бұл жолдың бойымен дін таралды. Буддизм-Үндістаннан Орта Азия мен Қазақстанға келіп, Оңт.Қаз және Жетісуда кең тарады. Жібек жолымен ІІІ ғасырда Иранда пайда болған манихейлік дінді соғдылықтар таратты. Бұл дін туралы "Екі негіздің қасиетті кітабында" жазылған. Тараздан манихейлердің көк тәңірісі болып есептелетін әйел бейнесі мен ай суреті салынған қола медальон табылды.
7) Неолит төңкерісінің мәнін ашып көрсетіңіз:
Неолит кезеңі б. з. б 5-3 мыңжылдықтар арасын қамтиды. Бұл тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезі. Тасты өңдеудің жаңа технологиялық тәсілдері: тегістеу, бұрғылау, аралау, пайда болды. Тастан балта, кетпен, келі, келсаптар, дән үккіштер жасалды. Микролиттер дайындау неолитте меңгерілді. Сүйек өңдеу жетілдіріле түсті. Мал және егін шаруашылығының тууы, табиғаттың даяр өнімдерін пайдалану, аң аулау орнын өндіруші шаруашылықтың басуы-сол кезеңнің аса маңызды белгісі болып табылды. Ғылымда бұл құбылыс-Неолит төңкерісідеп аталды.



ДВОЙНОГО ОТРИЦАНИЯ ЗАКОНЫ | Сақтар археологиялық ескерткіштері

Ндардың тарихы | Түрік қағанаты - 551-603 жылдар | Оғыздар мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті. | Ыпшақ хандығы | VI-XII ғ.ғТүркі тайпаларының мәдениеті | VI-XII ғ.ғ оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстанның қалалық мәдениеті. | Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары. Әл-Фараби, М.Қашқари, А. иассауи, Ж. баласағұн және т. б. | Монғол шапқыншылығының Қазақстан халқына тигізген зардабы. | Асым хан тұсындағы Қазақ хандығы. | Н территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдері.Қазақ этнонимі. |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати