Головна

Орытынды

  1. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі: қорытынды акт. Жаңа Еурпаға арналған Париж хартиясы
  2. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі: қорытынды акт. Жаңа Еурпаға арналған Париж хартиясы
  3. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі: қорытынды акт. Жаңа Еурпаға арналған Париж хартиясы
  4. ОРЫТЫНДЫ

Жоғарыдағы аталған мәліметтер мен деректерді сараптай келе мынадай қорытындыға келуге болады. Курстық жұмыстың алғашқы тарауы «Банк жүйесінің мәні мен мазмұны» деп аталған болатын. Бұл тарауда банктік жүйеге бірқатар түсініктер берілді: банктік жүйенің қалыптасу эволюциясы, даму тарихы және құрылымы аталып кетті.

Келесі тарау «Қазақстан Республикасынның банк жүйесі» деп аталды. Бұл тарауда Қазақстандағы жүргізіліп отырған заңдық-нормативтік актілерге сай Қазақстан Республикасының Орталық банкі, яғни Ұлттық Банк пен коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары анықталды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тәуелсіз, екінші деңгейлі банктердің қызметтерін бақылаушы мен реттеуші ретінде табылады. Ал, коммерциялық банктер тұрғындардың қаржылық операцияларын орындаушы.

Қазақстанда банк жүйесі экономиканың дамуында елеулі үлес қосып отырғаны және қосатыны анық. Тәуелсіздік алғаннан бері банк жүйесі елімізде бірқатар іс-шаралар жүргізді. Мысалы, ұлттық валютамыздың айналысқа енуі, инфляция қарқынын бірқалыпты ұстап тұру, Үкімет бюджетінің қаржысын реттеу, ипотекалық несие беру арқылы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғындардың шаруашылығын дамытуға несие беру және т.б. Алайда банк секторына шамадан тыс назардың аударылуына байланысты 2007 жылдан бері банк секторының өтімділігі төмендеп, дағдарысқа ұшырап отыр. Бірақ бұл түзелетін мәселе. Өйткені, Қазақстан экономикасын ұзақ мерзімде қарастыратын болсақ, айтарлықтай жетістіктерге жеткен. Қазірдің өзінде Үкімет бұл мәселені шешуде барлық шараларды жүргізіп отыр. Яғни банк секторының өтімділігін арттыру үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлді. Бұл мәселе тез арада өз шешімін табуы тиіс.

Дағдарыстан кейінгі көтерілуді күтпей ақ, қазірден бастап мемлекет экономикасын жандандырып алға жылжытуымыз керек. Осы істе біздің бірден бір көмекшіміз банктер болып табылады. Халықты несиелендіру, кіші және орта бизнесске көмек көрсету, халыққа тұтынушылық несилар мен ссудалар беру осының бәрі де коммерциялық банктердің қолында. Ал комерциялық банктерге протекция жасау, міндетті резервтер нормасын төмендету және мемелкет тарапынан бірқатар жеңілдіктермен қамтамасыз ету, ол Орталық банктің негізгі міндеті болып саналады.

Осы курстық жұмыстың үшінші тарауы «Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары» деп аталады. Мұнда Қазақстан Республикасының банк жүйесін жетілдіру мәселелері қарастырылып кеткен. Жалпы, отандық банк жүйесін қолдау қажеттілігі оның елдің экономикалық жүйесіндегі маңызды рөлінің болуымен түсіндіріледі. Тәуелсіздік жылдарында отандық банктер отандық экономикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналған, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және оның нарық жағдайында дамуын ынталандыратын жетілдірілген қаржы жүйесін қалыптастырды.

Қорыта келгенде, нарықтық экономиканың тиімді ұйымдастырылып, тиімді қызмет етуінің негізі, жалпы экономиканың басты қозғаушысы қаржы секторы болса, ал оның басты құралы банк жүйесі болып отыр. Содықтан, экономиканы реформалауда ең бірінші банктік жүйені реформалау қажет. өйткені банктік жүйе жүргізетін ақша-несие, валюталық реттеу және бақылау саясаттары арқылы экономиканы одан әрі реформалап, жан-жақты дамытуға болады.

Сонымен, банк жүйесі - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Несие жүйесінің негізгі буыны - банктік жүйе болып табылады. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым бөлігі банктер арқылы өтеді.

 



Жетілдіру жолдары | Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Банк жүйесінің мәні мен мазмұны | Банктің пайда болуы , қалыптасу тарихы мен дамуы. | Банк жүйесінің даму тарихы | Банк жүйесінің құрылымы | Азақстан Республикасының банк жүйесінің экономикалық мәні мен сипаты. | Лттық Банк - Қазақстан Республикасының Орталық банкі | Азақстан Республикасындағы коммерциялық банктер |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати