На головну

Азақстан Республикасындағы коммерциялық банктер

  1. A) Қазақстан Республикасының Мәжілісі
  2. E) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің төрағасымен.
  3. Азақстан республикасы Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері.
  4. Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
  5. Азақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
  6. Азақстан Республикасы - демократиялық мемлекет.

«Коммерциялық банк» - бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылады.

Қазақстан Республикасының коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызында «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» және 1995 жылы 31 тамыз айында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады. Бұл заңдарда Қазақстан Республикасының банктерді құрудың, қайта ұйымдастырудың және таратудың барлық ерекшеліктері көрініс тапқан.

Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.

90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін коммерциялық банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, ал бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады. Қазіргі уақытта елімізде 38 коммерциялық банктер жұмыс істеуде.

Қазіргі тұрақтандырылған экономиканың жетілдіруі үшін коммерциялық банктер халыққа көптеген операцияларды жүзеге асырады. Еліміздің екінші деңгейлі банктері ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастыруымен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар, халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, қаржылық операциялардың барлық түрлері, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операцияларын жүргізеді.

"Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығының 1-ші бабына сәйкес "банк - бұл осы жарғыға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы, коммерциялық ұйым болып табылатын, заңды тұлға".

Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:

- мемлекеттік;

- акционерлік;

- жеке;

- пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);

- аралас (шетел капиталының қатысуымен).

2. Операцияларының турлеріне қарай:

- әмбебап, яғни экономиканың барлықсалаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;

- маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;

3. Аумақтық белгісіне қарай:

- халықаралық;

- мемлекетаралық

- ұлттық;

- аймақтық;

4. Салалық белгісіне қарай:

- өнеркәсіптік банктер;

- сауда банктері;

- ауыл шаруашылық банктері;

- құрылыс банктері;

- басқа.

5. Филиалдар санына қарай:

- филиалсыз;

- кеп филиалды.

Қазақстан Республикасының 31.08.1995ж. № 2444 «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңының 30 бабы бойынша қызмет көрсету - бұл «банктік операцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ бап бойынша көрсетілген басқа да банктік операциялар». Бұл заңда, сонымен қатар, банктік операцияларды жекелеген түрлерін ұйымдастырудың ерекшеліктері көрініс тапқан.

Аталған заңға сәйкес коммерциялық банктер келесі операцияларды орындауға құқылы:

- заңды және жеке тұлғалардың ақылы негізде депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;

- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;

- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұстау, сорттау, қаптау және сақтау;

- банкнота мен монеталарды және бағалы қағаздарды инкассациялау және жөнелту;

- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударымен байланысты тапсырмаларын орындау;

- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

- қарыздық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;

- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операциялары операцияларын жүргізу;

- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;

- ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;

- коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг);

- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және өзге де міндеттемелерді);

- төлем карточкаларын шығару;

- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;

- ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзге де міндетемелерді беру;

- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе оларды иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру.

Сонымен қатар бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Олар: брокерлік, дилерлік, кастодиандық. Бұл банктік операциялар бойынша қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету.

Осыған орай, банктік заңдарына сәйкес, банк - уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтауға, клиенттердің тапсырысы бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізуге құқылы несие ұйымы.

Екінші деңгейлі банктер заңнаманың барлық құқықтық жағынан қамтылған кең көлемде операциялар түрлерін ұсынады. Коммерциялық банктің операцияларын 3 топқа бөліп қарастырамыз:

Пассивті операциялар (тартылған қаражаттар)
  - қызмет көрсету арқылы клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын тарту; - қызмет көрсетулерсіз клиенттердің ақша қаражаттарын тарту; - басқа көздерден ақша қаражаттарын тарту.
  Активті операциялар (қаражаттарды орналастыру)
  - банктердің өз шотына және пайдасына жүргізілетін операциялар; - клиенттердің шоттарына және олардың қажеттіліктері бойынша жүргізілетін операциялар.

Активті-пассивті операциялар (комиссиялық делдал)
  - клиенттердің қажеттіліктері бойынша және комиссиялық бастама негізінде (таза банктік қызмет көрсетулер) жүргізілетін операциялар.

Сурет-1 Коммерциялық банк операцияларының негізгі құрылымы

Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық - делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және сенімді операциялар.

Активті операциялар - табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында иелігінде бар ресурстардың орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.

Пассив операциялары - олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және с. с. басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын кұру және оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет.

Пассив операцияларына мыналар жатады:

- салым кабылдау (депозиттер);

- клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент - банктерге) ашу және оларды жүргізу;

- өзінің бағалы қағаздарын шығару (облигация, вексель, депозиттік және жинақ сертификаттары);

- банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие ресурстарынан;

- репо операциялары;

- еуровалюталық несие алу.

Пассивтер - бір мерзімге алынған немесе шақырылған құралдар бойынша кәсіп орынның міндеттемелері, оларға кәсіп орын қарызы да кіреді. Коммерциялық банк үшін басқа да коммерциялық құрылымдар сияқты, пассивтер қажет ресурстар ауданы мен масштабын көрсететін кәсіпкерліктің ядросы болып табылады.

Коммерциялық банктердің пассивтік операцияларының төрт түрі болады:

 
 


Сурет-2 Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары

Банктің капиталы өз қаражаты, тартылған қаражат және эмиссияланған каражаттардан кұрылады. Банктің өз қаражатына акционерлік және резерв капиталы, сонымен бірге бөлінбеген пайда жатады. Акционерлік капитал немесе жарғылық кор бағалы қағаздар нарығында акцияларды орналастыру арқылы жинақталады. Жарғылық қордың мөлшері, оны қалыптастыру және өзгерту банктің жарғысында көрсетіледі. Жарғылық капиталдың сомасы заңмен шектелмейді, дегенмен банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталық банк оның томенгі аз мөлшерін бекітеді. Банктің резерв капиталы ағымдағы пайдадан бөлінген сомадан құрылады.

Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.

Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ақша деп, тек қолма - қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес.

 



Лттық Банк - Қазақстан Республикасының Орталық банкі | Жетілдіру жолдары

Банк жүйесінің мәні мен мазмұны | Банктің пайда болуы , қалыптасу тарихы мен дамуы. | Банк жүйесінің даму тарихы | Банк жүйесінің құрылымы | Азақстан Республикасының банк жүйесінің экономикалық мәні мен сипаты. | Орытынды | Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати