Головна

Банк жүйесінің даму тарихы

  1. Азақстан Республикасының банк жүйесінің экономикалық мәні мен сипаты.
  2. Банк жүйесінің құрылымы
  3. Банк жүйесінің мәні мен мазмұны
  4. Банктің пайда болуы , қалыптасу тарихы мен дамуы.
  5. Лттық есептеу жүйесінің басты көрсеткіштері қандай?
  6. Саяси ой дамуының негізгі кезеңдері. Қазақстанның саяси ойларының тарихы.

Банктер несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Себебi банк мемлекет пен кәсiпорындардың, акционерлiк Қоғамның және шаруашылық субъектiлердiң халықтың бос ақшасын шоғырландырып iс жүзiндегi капиталға айналдырады. Осы айтып өткен бағытына байланысты банк төлем есептеу, несие беру, сақтандыру және т. б. операцияны жүргiзедi.

Банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар, салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізіледі.

Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Алғашы акционерлік банк Ағылшын банкі 1964 жылы құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алды.

Мұның өзі алғашқы банктердің капитализмнің мануфактура жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куәландырады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек алғышарттарын ғана сипаттайды.

Анықтамалық басылымдарда банк «ірі несиелік мекеме» ретінде сипатталады. Несиелік істің даму денгейіне байланысты және несие берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналдыру нәтижесінде жеке несие беруші өзінің несие беуін тоқтатады. Несие теке қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің клиентінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орталыққа айналды. Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын яғни мемлекеттің құрылу кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандықтан тарих куә.

Ежелгі Римде нормалары болған, ол нормаларға сәйкес б. э. д. III ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерде кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қана қоймай, сондай-ақ жер бөлімшелерін сатып алу сату, және басқа да операцияларды орындаған. Жоғарыдағыларды ескере отырып біз банктердің жалпы операциялары мен қызметтерінің банктердің дамуына тоқталдық. Енді Қазақстанда банктердің дамуына келетін болсақ, Қазақстанда банк жүйесінің дамуы келесі кезеңдерден тұрды:

Бірінші кезең; 1917 жыл мен 1930 жылдар арасындағы патшалық Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әртүрлі меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.

Екінші кезең: 1930 жылдар мен 1987 жылдар аралығы елде КСРО Мемлекеттік банкі әмбебеп қызмет атқарады, яғни ол мемлекеттің Орталық банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсеті.

Үшінші кезең: 1988-1991 жылдар аралығында елде мемлекеттік мамандандырылған банктердің құрылуы, яғни КСРО мемлекеттік банкі банктердің банкісі ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және тағы басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың әртүрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990 жылы басында кооперативтік және коммерциялық банктер де құрыла бастады.

Төртінші кезең, 1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін нарықтық банк жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықтық қатынастарға өту жағдайында екі денгейлік банк жүйесінің пайда болуы және дамуы.

Осы кезеңдердің сипаттамаларын келесі кестеден көруімізге болады.

1- кесте Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері

1930 жылға дейінгі банк жүйесі 1930-1987 жылдар (одақтық бір денгейлі банк жүйесі) 1988-1990 жылдар (одақтық бірденгейлі маманданған банктер жүйесі) 1991 жылдан бастап (дербес екі денгейлі банк жүйесі)
Ресей Мемлекеттік банкі және көптеген несие банк мекемелері 1КСРО Мембанкі (оның ішінде КСРО мемлекеттік еңбек жинақ кассалары жүйесі). 2КСРО Мемлекеттік Құрылыс банкі. 3КСРО Сыртқы сауда банкі.   1банк жүйесін қайта ұйымдаст-ыру: КСРО Мем-банкі және маманданды-рылған банктер: КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкі, КСРО Агроөнеркәсіп банкі, КСРО Тұрғын үй әлеуметтік банкі. КСРО Жинақ банкі. КСРО Сыртқы экономика банкі. 2Жаңадан кооперативтік және коммерциялық банктердің құрыла бастауы. Егемен Қазақстанда өзінің банк жүйесінің құрылуы. Екі денгейлі банк жүйесі Ұлттық банк және коммерциялық банктер.

Қазіргі уақытта экономикасы нарықтық типпен дамыған мемлекеттердің барлығында дерлік екі денгейлі банк жүйесі қалыптасқан. Оның бірінші денгейінде эмиссиялық, қадағалау, нұсқау ереже шығару, рұқсат ету тағы басқа қызметтер, ал екінші денгейіне клиентерге қызмет көрсету негізделген. Бұл елдердің тәжірибесі дәлелденгендей олардың барлық жүйесі ақша айналымын ұйымдастыратын орталық банкпен, ал кәсіпорындарды, ұйымдарды және халықты несиелейтін коммерциялық банктерден құрылған.

Банктерді эмиссиялық және коммерциялық деп бөлу Қазақстан мемлекеттінің жаңа экономикалық механизімін құруға септігін тигізеді.

 



Банктің пайда болуы , қалыптасу тарихы мен дамуы. | Банк жүйесінің құрылымы

Банк жүйесінің мәні мен мазмұны | Азақстан Республикасының банк жүйесінің экономикалық мәні мен сипаты. | Лттық Банк - Қазақстан Республикасының Орталық банкі | Азақстан Республикасындағы коммерциялық банктер | Жетілдіру жолдары | Орытынды | Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати