Головна

тақырып. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы операциялары.

  1. Азақстан Республикасындағы коммерциялық банктер
  2. Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар
  3. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары
  4. Бағалы қағаздардың түрлері мен классификациясы
  5. Дәріс. Бағалы қағаздар нарығының қызметін ұйымдастыру
  6. Дәріс. Коммерциялық банктер және банк қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері
  7. Тақырып. Қатаң ауыр кедергісі бар ЖҚТМ ара қатынасы.

Коммерциялық банктердің инвестициялық портфелі туралы түсінік. Олардың инвестициялық портфельді қалыптастырудағы мақсаты. Инвестициялық тәуекелдер және оларды басқару.

Банктердің инвестициялық операциясы бұл олардың бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын сипаттайды.

Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын мынадай үш топқа бөлуге болады:

- банктің эмитент ретіндегі операциялары;

- инвестор ретіндегі операциялары;

- делдал ретіндегі операциялары.

Коммерциялық банктер эмитент ретінде төмендегідей бағалы қағаз-

дарды шығарады:

- акция,

- облигация;

- банктік сертификат;

- туынды бағалы қағаздар.

Акцияларды шығару арқылы банктер акционерлік қоғам ретінде , оның жарғылық капиталын қалыптастырады.

Облигация мен сертификатты шығару арқылы банктер қосымша қаражаттар тартады.

Банктің инвестор ретіндегі қызметінін нәтижесінде банктің бағалы қағаздар портфелі қалыптасады. Бұл жерді банктер табыс алу мақсатында өзге эмитенттердің бағалы қағаздарына қаражаттарын салады. Әрине қаражат салуда мынадай факторларды ескереді:

- тәуекел деңгейі; : '

- өтімділік дәрежесі;

- табыстылық.

Тақырып №18. Банктің лизинг операциялары.

Лизинг туралы түсінік және оның объектілері мен субъектілері және қызметтері. Лизинг түрлері. Лизинг операциясын жүргізу тәртібі.

Лизинг- бұл лизинг берушінің (жалга берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріс-ке, сауда-саттыққа және қоймага арналган құрылгыларды лизинг алушыга (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шүғыл жэне қаржылық лизингтер.

1. Шұғыл лизинг- бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.

2. Қаржы лизингі- бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:

Ішкі лизинг- бұл, оның қатысушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.

Халықаралық лизинг- бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.

Сыртқы лизинг экспортық және импорттык болып бөлінеді. Экспортық лизингке шетел лизнг алушы болаа, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.

Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол ссуда алады. Мұндай операцияны қосымша каражат тартатын лизингтік операция деп атайды.

Тәжірибе керсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мэмілелердің 85%-ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизингке беруші лизингке беретін активтер құнының 80%-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік толемдер мен кұрал-жабдыктың өзі ссуданы қамтамасыз ету құралы болып табылады.

Лизингтік контракт. Лизинг - бұл ұйымдастырылуы біршама күрдслі операция. Көптеген мәмілелерде кемінде үш контракті жасалады: I) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында; 2) лизинг беруші мен жабдыктаушы арасында; 3) лизинг алушы мен банк арасында.

Коммерциялық банктердің ең көп таралған делдалдық қызметінің бір түрі

Шетелде факторинг бұл ұсақ және орта компаниалар үшін қаржыландыру көзіне сілтейтін кысқа жолды білдіреді.

Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды.

Факторинг клиентгің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясьның бір түрі. Бұл жерде факторингтік компания клиенттердің шотын 90%-ға дейін төлеу шартымен сатып алады.

Факторинг- бұл тауарларды немесе қызыметтерді жабдықтаушыдані төлем қүжаттарын сатып алуды білдіреді. Факторингтің мақсаыы кез келген несиелік операциялардың ажырама бөлігі болып табылатын тәускелді қалпына келтіру. Нарық' экономикасы дамыған елдерде төлемдсрдің сақгалу мерзімдеріне басты көңіл аударылады. Ендеше факторинг компаниялар мен банктердіц фактор бөлімдсрінің қызметі жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынастардағы тәускелдср мен төлемдср мерзімдеріне байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.

Факторинг - жабдықтаушы - клиенттің тауары мен көрсеткен қызметтері үшін толенбеген төлем талабын (шот-факшу/кісын) банкке сатумен байлаиысты комиссиондық-делдалдық операция.

Банк төленбеген төлсм талабының иесі ретінде, борышқордың нсеиелік қабілетін тексергенімен де олардың төлснбей қалуына байланысты тәуекелге барады.

Факторингоперациясына үш тарап қатысады:

1. Факторнгтік компаиия (банктің факторинг бөлімі) өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.

2. Клиент (тауарды жабдықгаушы, несие беруші) факторинг компаниясымсн келісімшарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.

3. Кәсіпорын (қарыз алушы) тауарды сатып алушы фирма.

Форфейтинг пен факторинг операциялары озара ұқсас болып келеді. Вірақ форфейтингтің факторингтен айырмашылығы - форфейтинг сатқан гауарлар мен қызметтерге деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражатттарды қарызға алумен байланысты бір рет жасалатын операцияны білдірсді. Сопдаіі-ііқ мшюртердың (|іо|5(|) Сйіиінтік кыімсгі орга мсрчімді нсмссс үзақмсрзімді пссислсумси байлпііысгы болса, ал фіікіориипс пссис бсру мсрзімі псбары 6 айды қүрпйды.

Форс|) Ейгипг созі (|) Рапңуз гіліпдс "а ГоіГаіІ", аударгапдп "қүкықгаи бас тарту" дегснді білдірсді. Форфейтинг гауарларды жабдықгау псмс-се қызметтерді корссгу барысыида пайда болатым жэис алдагы уакыггарда отелуге тиісті міидсттемелерді сатып алуды білдіру үпіін пайдаланылагын термин.

Форфейтинг мэмілесі бойынша, алдымен экспортер озінің тауарын пс-сиеге алушыны - импортерды іздейді. Ал импортер болса, оған жай нсмс-се аударма векселін, яғни кдрыздык міндеттемесін жазып беруге тиіс. Нгер вексель берушіиіңбеделі немесе қаржылықжағдайы жақсы болса, онда нск-сельге кепіл беру талап етілмеуі мүмкін, дегенмен де импортер аудармалы векселі бойынша авальшыны (толеуге кепіл беруші тұлғаны) табады. Осы жерде басты мэн берілетіні мыналар: банк несиесінің сомасы мен мсрчімі, сатып алушының толем қабілеттілігі, аваль берушінің қаржылықжагдайы.

Форфейтинг мэмілесінде үш қатысушы болады:

/. Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;

2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;

3. Форфеітюр, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арпайы ұйым.

Траст операциясы-клиенттің сенімді тұлгасы ретінде оның мүлкін басқаруга және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге баиланысты банктің операцыялары.

Траст опсрациясына қатысушыларға мыналар жатады:

1. Траст құрылтйшысы (немесе оның негізін қалаушы) - сенімді мсншік иесіне сенім хат арқылы басқаруға беретін, мүліктің немесе мүліктік кұқықтардың меншік иесі. Траст қүрылтайшысы рстінде кез кслгсн қолында мүлкі бар заңды немесе жеке тұлға бола алады.

2. Трастыны иемденуші (сеніп тапсырғантұлга) -траст келісімшартын-дағы көрсетілген жағдайға сэйкес, мүлікті басқару кұқығын өзіне кабылдайтын тұлға. Мұндағы мүлікке жылжитын жэне жылжымай-тын мүліктер де жатады.

3. Бенефициар - траст келісімшартын өзінің пайдасына жарататын кез келген заңды жэне жеке тұлға. Яғни ол, трастыны иемденушіге бе-рілген мүліктен түсетін табысты алып отыруға құқылы тұлға.

Сонымен, банктің траст операциясы - бұл банктің өз клиентеріне (заңды және жеке тұлғаларына) көрсететін эр түрлі қызметі түріндегі сенім операцияларын білдіреді.

Дәріс - №13

Тақырып №20. Банктің есеп айырысу операциялары, кассалық және комиссиялық қызметтері.

Есеп айырысу формалары мен есеп айырысу құралдары. Есеп айырысудың әдістері мен тәсілдері. Банк пен клиент арасындағы есеп айырысу операциялары.

Есеп айырысу операциялар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

Есеп айырысу субъектілеріне қарай:

- банктік емес секторлар (шарушылык субъектілері) арасындағы банктер арқылы есеп айырысулар;

- жеке сектор - үй шарушылықтарының банктер арқылы есеп айрысулары;

- банктік сектор - банкаралық есеп айырысулар.

Қатысушыларға байланысты банктің есеп оперциялары негізгі екі топқа бөлінеді:

Ø клиенттік есеп айырысу операциялары, мұнда негізгі субъект ретінде банк және оның клиенттері қатысады;

Ø негізгі субъект банк болып табылатын, таза банктік есеп айырысу операциялары және банкаралық есеп айырысулар

Есеп айырысу объектілеріне қарай:

- тауарлы операциялар бойынша есеп айрысулар;

- бюджет және басқа бюджеттен тыс қорлармен аударымдар;

- банк ссудалары, вексельдері және басқа да міндеттемелері бойынша төлемдер.

Есеп айырысу-кассалық операциялар негізінен клиенттердің банктердегі ашқан ағымдық және басқа да шоттары арқылы жүзеге асады.

Қазіргі кездегі екінші деңгейдегі банктерде шоттар ашу тәртібі 1998 жылғы 29 маусымдағы "Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы" ҚР заңына және 2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының №266 бекітілген "Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы" нұсқаулықта көзделген. осы нұскаулыкқа сай банктерде ашылатын шоттар мынадай түрлерге бөлінеді: ағымдағы, жинақ және корреспонденттік.

Банктің есеп айрысу-кассалық операциялары екі формада жүзеге асады: қолма-қол ақшалар және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу.

Қолма-қол ақшалармен есеп апырысулар - бұл нақты ақшалармен төлемдер және аударымдар жасауды сипаттайды.

Мұндағы, нақты ақшалар - банкноталар және монеталар. Қолма-қол ақшалармен есеп айырысулар көбіне кассалық операциялар көмегімен іске асады.

Есеп айырысу операцияларының басым бөлігі қолма-қолсыз түрде жүреді.

Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулар - клиенттердің банкте ашқан шоттары көмегімен, олардың тапсырмасы негізінде бір шоттан екінші бір шотңа аударылатын төлемдердің жиынтыгы

Мұндағы, қолмақолсыз ақшалар - чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаган ақшалары (депозиттер).

Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал, банктен жалақы, жәрдемақы, шәкіртақы, зейнетақы және т. с. с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалар қолма-қол ақшаларға ауы-суы байқалады.

"Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі" туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылға 25 сәуірде бекіткен №179 Қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс.

Тақырып №21. Валюталық операциялар және валюталық тәуекелерді басқару.

Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу туралы" заңына (24.12. 1996 ж.) сәйкес, "валюта- мемлекеттердің заңды төлем қүралы ретінде қабылданган ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер меи тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалган тиындар (аиналымнан алынган немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауга жататынын қоса алганда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындагы қүнның ресми стандарттары, сондай-ақ июттардагы, соның ішінде халықаралың ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары ".

Осы заңда "валюталық операцияларга " төмендегідей түсінік берілген:

1) мсншік құқығының жэне өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, соның ішінде төлем туралы рстінде шетел валютасын және шетел валютасындағы өзге де толсм қүралдарын пайдаланумен байланысты мэмілелер

2) иадіоталық кундылықтарды ксз кслгсн тәсілмсн Қіпнқстмн І'ссиуГ).іш* касыіііі экелу ЖОНС жоиеліу, еопдай-ак Қачаксіан Ресііубликіісыппіі оксту жэне жвнелту;

Мүпдагы валюталық қүш)і,іпықтаре>а мыпалар жатады;

1) шетсл «алютасы;

2) помипалы шетел ііііліоіасында корсстілгсн багалы қагіпдар ЖАііе толсм қуралдарһі;

3) тазартылган қуііма алтын;

4) үлттық валюта, рсзиденттер мен бейрезидснттер арасыида оліірмеи опсрациялар жасалган жағдайда құны ұлттық валютамсн корссгілгеи бағалы қағаздар жэне төлем кұжаттары.

Мұндагы резиденттерге жататындар:

- ҚР-нын турақты тұрғыны, соның ішінде уақытша шсгслдс нсмс-се республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызмспс жүргси жеке тұлға;

- ҚР-ның заңдылықтарына сэйкес кұрылған барлық заңды гүлгалар, олардың республика ішіндегі немесе одан тысқары жсрлсрде орналасқан филиалдары мен өкілеттігі;

- ҚР-дан тысқары жердегі орналасқан дипломатиялық, сауда жэнс очгс де өкілеттіктер жатады.

Ал, бейрезидентерге резидент кұрылымында корсстілмсгсп ҚР-ның барлық заңды жэне жеке тұлғалары немесе одан тысқары жсрлердегі олардың филиалдары мен өкілеттіктері жатады.

Кейбір экономикалық эдебиеттерде валюталық құндылықгар кагарына багалы металдар (алтынан басқа да) мен табиги асыл тастарды (алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александрит жене жемчуг) жатқызады.

Валюталық операциялар агымдық операциялар жэнс катітал қома-лысымен байланысты операиияларга бөлінеді.

Валюталық реттеу - нормативтік кұқыктық актілерді жасау жэне бскіту, ақпараттар жинау, валюталық заңдылыктардың орындалуына бақы-лау жасау, заңмен көзделген санкцияларды колдану шараларын білдіреді.

Валюталык заңға сэйкес, валюталық реттеу шараларына мыналар жа-тады:

- лицензиялау;

- тірксу;

- хабарлау.

Тар мағынасында валюталық тәуекел - бұл валюта бағамның өзгеруі нәтижесінде зиян шегу қауіпін білдіреді. Кең мағынасында, валюталық тәуекел - бұл банктің несиелік, валюталық және өзге банктік операцияларды жүргізу барысында ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамының өзгеруінен туындайтын валюталық шығын.

Валюталық тәуекел негізінен банктің шетел валютасымен қаражаттарды тартьп, оларды орналастыру нәтижесінде туындайды.

Банктік тәжірибеде валюталық тәуекелдің бірнеше түрлері қолданылады атап айтсақ:

- айырбас бағамының өзгеру тәуекелі;

- конверсиондық операциялар тәуекелі;

- трансляциялық тәуекелі;

- форфейтинг тәуекелі.

.

Айырбас бағамының өзгеруі тәуекелі. Валюта бағамы - бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бағасы. Валюталардың бағамдарын анықтау бағамдау (котировка) деп аталады. Бағамдау екі түрге: тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей бағамдауда шетел валютасының құны ұлттық валютамен бейнеленеді.

Дәріс - №14

Тақырып №22.Банк өтімділігін басқару.

1. банктің өтімділігі туралы түсінік және оны анықтайтын көрсеткішлер. Банк өтімділігіне ықпал ететін факторлар.

Өтімділік - банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамалардың бірі.

Банк өтімділігі - бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.

Егер коммерциялық банктің борыштык және қаржылық міндеттсмелерді уақтысында орындау үшін қолма-қол ақшалай каражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып табылады.

Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сиипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспопдснгтік шоттардағы (Орталық банкте жэне басқа коммерциялык банктерде) қалдықтарымен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма-қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немссе Орталык банктсн алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздсрі пайдаланады,

Тақырып №23.Банктің қаржылық нәтижелерін талдау.

Коммерциялық банктердің табыс көздеріне мынадай банктік бизнес

түрлерін жатқызуға болады:

- несие бизнесі;

- дисконттық бизнес;

- сақтау бизнесі;

- банктік тілхат беру бізнесі;

- бағалы қағаздармен жасалатын бизнес;

- салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бізнесі;

- басқа банктермен корреспонденттік қатынасқа негізделген бизнес;

- дастүрлі емес қызметтерді көрсету бизнесі.

ч Банктің барлық табысын үш топқа бөлуге болады:

1. пайыздық табыстар;

2. банктік қызмет көрсетуден алатын комиссиялар;

3. басқа да табыстар (бағамдық айырма, яғни баланстық құны мен нарықтық құны арасындагы айырма, алынган айып пұлдар, пенялар және т. с. с.)

Коммерциялық банктердің шығыстарын формасына және есепке алу тәсіліне қарай жіктеуге болады.

Формасына қарай, олар мынадай түрлерге бөлінеді:

- пайыздық шығыстар;

- пайызсыз шығыстар;

- басқа да шығыстар.

Пайда - бұл банктің табысы мен шығысының айырмасы.

Баланыстық пайда - бұл пайдаға қосылған саудаланбаған операциялардан түсім, оның ішінде шет ел валютасының бағыт тық айырмашылығы.

Банк пайдасының негізгі көзі алынған және төленген пайыздардың айырмасы болып келетін табыс.

Дәріс - №15

Тақырып №24. Банктік қадағалау. Банктік қадағалау мақсаттары, қадағалаудың түрлері,

жүзеге асыру органдары.

2004 жылдың қаңтар айынан бастап, ҚР екінші деңгейдегі банктері қаржы нарыгын жэне қаржылың ұйымдарды реттеу және қадғалау жөніндегі ҚР Агенттіг (Қаржылық қадағалау агенттігі) - өкілетті орган ретінде жүзеге асырады.

Банктік қадағалау - бұл банктердегі қандайда да бір ауытқуларды білу мақсатында бақылауды сипаттайды.

Банктік қадағалаудың басты міндеттерінің бірі - бұл банктердің қызметін реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету. Ол міндеттерді шешу үшін қдағалаудың 2 тәсілі қолданылады: қашықтан талдау және инспекциялық әдіс.

Қашықтан талдау әдісі - бұл банктердің қадаалау органдарына мәліметтер беру түрінде жүргізілетін пруденциялдық қдағалау әдісісі.

Кураторлар банктердің қызметін реттеуде ең маңызды кұралдарының бірі болып табылатын пруденциялық нормативтердің орындалуын тексеріп, олардың дұрыс есептелмегені жәнс орындалмағаны жағдайында банкке ескертулер мен түзетулер жасайды.

Жалпы прудеициялық реттеу тәжірибесі екінші деңгейдегі банктердің пруденциялық нормативтерді сақтаумен бірге сенімді ішкі аудит жүйесін және дұрыс несие саясатымен өтімділік саясатын жүргізуге бағытталған

Тақырып №24/1

Банктік қадағалауды ұйымдастырудың принциптері және банктік қадағалауды жүзеге асырудың құқықытық, нормативтік негіздері. Банктік қадағалаудің негізгі элементтері.

Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу механизмінің тәртібі ҚР ¥лттық банкінің екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу және қадағалау бойынша нормативтік құықтык актілермен анықталады.

1995 жылы 31 тамызда қабылданған "Банктер және банктік қызмет туралы" ҚР заңының 41-бабына сэйкес, ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында аталған банктердің қызметін реттеуді мынадай жолдармен жүзеге асырады:

- прудетшялық нормативтер белгілеу;

- банктердің орындауына міндетті нормативтік құқъқтық актілер шығару;

- банктердің қызметін тексеру;

- банктің қаржыльқ жағдайын сауықтандыруға байпанысты ұсыныстар беру;

- банктерге ықпал ететін шектеу шараларын қолдану;

- банктерге немесе олардың лауазьшды тұлгаларына санкциялар беру.

ҚР ұлттық банкі халықаралық банктік тәжірибеде қолданылатын пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы. Ол, сонымен қатар банктердің пруденциялық нормативтерді және орындауға міндетті басқа да нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді.

Екінші денгейдегі банктер ҚР Қаржылық қадағалау агенттігіне есеп берудің төмсндегідей формаларын тапсырады:

- 700 Н формасы бойынша күнделікті балансы;

- ашық валюталық позщияның лимиттері және валютаның нетто-позициясы тураяы апталық есебі;

- ағымдагы өтімділікті орындағаны жайлы апта сайын есеп беру (талаптар мен міндеттемелертің өзара салыстыру кестесі).

- пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы ай сайын есеп 6еруі;

- активтердің және шартты талаптар мен міндеттемелердің ай сайын жіктелінуін;

- тоқсан сайын үнемі қаржылық есеп беруі.

Қазакстан Республикасының пруденциялық нормативтері туралы ережесіне сәйкес, к1, к2, кЗ,1, кЗ,2, к4,1, к4,2 және к5 коэффициенттерінін есептелген мәліметтерін есеп беретін айдан кейінгі айдың сегізінші күнінен кешіктірмей Қаржылык кадағалау агенттігіне тапсырады. Кураторлар әр ай сайын нормативтердің дұрыс есептелгенін тексеру ушін ақпаратты-статистикалық басқармасынын есептелген мәліметтерімен салыстырып отырады.

Қазақстан Республикасының ¥лттык банкі белгіленген екінші деңгейдегі банктердің қаржылық есеп беру туральг тәртібіне сәйкес банктер Қаржылық қадағалау агенттігіне тоқсан сайын халықаралық стандарттарға негізделген қаржылык есеп берсді. Қаржылық есеп беру банктік қаржылық жағдайы мен оның қызметінің нәтижелері туралы нақты мәлійеттерді қамтитын отыз бес кестеден тұрады.

Кестеде берілген мәліметтер ВОSS жүйесінің көмегімен автоматтандырылған әдіспен өңделеді және осы мәліметтердің негізінде банктің қаржылык жағдайы туралы толық көрініс алуға болады және салыстырмалы банктердің топтарында банктің рейтингісін аныктауға болады.

 



Кепіл - несиенің қайтарылуын материалдық қамсыздандырудың негізгі формалары. Кепіл болушылық, кепілдік. | ГІГІЄНА ТА ЕКОЛОГІЯ

Дәріс. Коммерциялық банктер және банк қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері | Банктің несиелік саясаты мен несиелік механизмі | Несие беруді ұйымдастыру процесі, несиелеу кезеңдер. | Арыз алушының несиелік қабілетін бағалау. |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати