На головну

Тақырып: Өзге заттық құқықтар

  1. Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
  2. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.
  3. Тақырып 5 Заңды тұлғалар- азаматтық құқықтардың субъектілері
  4. Тақырып: Өкілдік және сенімхат
  5. Тақырып: Азаматтық құқықтар объектілері
  6. Тақырып: Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру. Құқықтарды қорғау

Мақсаты:«Заттық құқық» категориясымен таныстыру, шектелген заттық құықтардың негiзгi түрлерiн сипаттау.

Сұрақтар:

1 Заттық қүқықтар үгымы.

2 Заттық қүқықтардың түрлері.

3 Меншік иесі емес адамдардың заттық қүқықтары.

1. Заттық қүқықтар үгымы.Осы заманғы заң әдебиеттерінде «заттық қүқықтар» ұғымыжиі қолданылатын, бірақ жеткілікті талданбаған ұғым болып табылады. Заттық құқықтар кезінде рим құқығында да егжей-тегжейлі қарастырылғанына қарамастан, осы уақытқа дейін орнығып қалыптаспаған және барлық құқықтық жүйелер тани қоймаған ұғым. Заттық құқықтың көптеген қырлары постулат ретінде ұсынылып, теориялық тұрғыдан тиісінше дәлелденбеген.

Заттық құқық дегеніміз - заңда баянды етілген абсолюттік мүліктік құқық: 1) объектісі - дара анықталған зат; 2) ерекше заттық-құқықтық талаптардың көмегімен баршадан және әркімнен қорғайтын арнайы құралдары бар; 3) құқық иесінде барлығын немесе жеке, толық көлемде немесе ішінара иелену, пайдалану немесе билік жүргізу өкілеттігі бар; 4) қүқық иесіне затқа тікелей ықпал ету (затқа тікелей билік жүргізу) мүмкiндігін береді, оның ішінде меншік иесінің немесе басқа заттық қүқық субъектісінің өкілеттігін жүзеге асыруын шектеу жолымен мүмкіндік береді; 5) ілесе жүру және артықшылық өкілеттігі бар.

2. Заттық қүқықтардың түрлері.Осы елде қолданылатын заңдарда тікелей көзделген құқықтар ғана заттық құқықтарға жатады, яғни жеке тұлға өз еркімен заттық құқықтардың қандай да бір өзге түрлерін жасай алмайды.

Әр түрлі заң актілерінде заттық қүқықтардың осынау түйық шеңберібірдей емес. Белгілі бір елдің құқық жүйесінде орталық институт болып табылатын меншік құқығы барлық елдердің азаматтық құқығыңдағы заттық құқықтар жүйесінде жетекші орын алады.

Сонымен қатар, кепіл, сервитут, узуфрукт құқығы секілді заттық құқықтар осы жүйеге жатады. Бұлардың бәріне ортақ нәрсе - бұл мүлік иелеріне меншік иесінің кейбір өкілеттіктеріне (әдетте иелену, пайдалану) жататын кейбір өкілеттіктерді бекітіп беретін бөтеннің мүлкіне құқық. Басқаша айтқанда, бұл меншік құқығынан туындайтын заттық құқықтар.

Заттық құқықтарды меншік қүқығына және меншік иелері болып табылмайтын адамдардың заттық қүқығынабөлу олардың негізгі жіктелуі болып табылады (АК-ның 195-бабы).

АК-ның 194 және 195-баптарында заттық құқықтардың кейбір түрлері аталған:

- шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, жерді пайдалану құқығы, тұрғын үйге заттық құқықтар

Заттық құқықтарды екі үлкен топқа бөлуге болады: 1) меншік құқығы; 2) меншік иелері болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары (бөтеннің мүлкіне құқық, шектеулі заттық құқықтар).

Бөтеннің мүлкіне құқықты былайша жіктеуге болады:

1) иелік (ол меншік құқығымен және пайдалану құқығымен байланыссыз, дербес сипатта болатын жағдайларда);

2) сервитуттар;

3) меншік иесінің мүлкімен шаруашылық жүргізу құқықтары: шаруашылық жүргізу құқығы; оралымды басқару құқығы; өз мүлкіне дербес билік ету құқығы;

4) міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін құқықтар: кепіл құқығы; ұстап қалу құқығы;

5) табиғатты пайдалану құқығы: жерді пайдалану құқығы; жер қойнауын пайдалану құқығы; суды пайдалану құқығы; өзге де табиғатты пайдалану құқықтары;

6) тұрғын үй алу құқығы: тұрғын үй жалдаушының құқығы;тұрғын үйдің меншік иесі отбасы мүшелерінің осы тұрғын үйді пайдалану құқықтары; шарт бойынша немесе өсиет қалдырудан бас тартуға байланысты басқа адамға тиесілі тұрғын үйде өмір бойы тұру құқығы; кооператив мүшесінің оған кооперативтік тұрған үйді сатып алғанға дейінгі құқығы; басқа да тұрғын үй алу құқықтары;

7) шарттардың (алдыңғы тармақтарда көрсетілгендерден өзге негізінде берілген затқа құқық: жалға алынған затқа құқық; сенімгерлік басқаруға алған затқа құқық; сақтауға алған затқа құқық; рента негізінде берілген затқа құқық; басқа шарттардың (мердігерлік және т.с.с.) негізінде берілген затқа құқық.

3. Меншік иесі емес адамдардың заттық қүқықтары. Иелену қүқығы - заттық қүкық, ол - затты иемденуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігін көрсетеді.

Иелену ұғымынбірнеше мағнада қолдануға болады деп ойлаймыз:

1) меншік қүқығы өкілеттіктерінің бірі ретінде.

Меншік иесінде өзінің меншік құқығын жүзеге асыру үшін оның затқа іс жүзінде үстемдігі болуы керек. «Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету (АК-ның 188-бабының 2-тармағы);

2) басқа заттық құкықтардын элементі ретінде,бұл жағдайда заттын иесі оған өзімдікі деп қарамайды, меншік иесінің билігін мойындайды. Мұны рим құқығында derentiо, герман құқығында - тікелей иелену, француздар құқығында - ұстау деп атайды.

3) меншікті иеленудің кейбір тәсілдерін жүзеге асырғанда туындайтын өзінше санат ретінде, бұл жағдайда иегер затқа меншік иесі сияқты өз мүлкім деп қарайды.

Мүлікті меншік иесі болып табылмайтын, бірақ өзінің жеке қозғалмайтын мүлкіндей он бес жыл бойы, не өзге мүлікті кем дегенде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлікке меншік құқығын (иелену мерзімін) алады, - делінген АК- 240-бабының 1-тармағында.

Яғни, меншік құқығы қозғалмайтын мүлікті 15 жыл иеленгеннен кейін пайда болады. Ал, осы 15 жыл бойы адамда қандай құқық болды? Әдетте (көп жағдайларда) мұны құқық емес, факт деп дәлелдейді. Қалай десек те, бұл үшінші жаққа қарсы заңдық қорғануды падаланатын нағыз құқық.

Иелену құқығы адамдарда қандай да бір дәрежеде туындайды және ол затты меншік иесіне бергенше немесе коммуналдық меншікке бергенше, немесе өз меншігіне айналдырғанша мына жағдайларда болады:

· олжа болса (245-бап);

· қараусыз жануарлар болса (246-бап);

· көмбе болса (247-бап);

· иесіз заттар болса (242-бап);

· өз бетімен салынған құрылыс болса (244-бап).

4) үшінші жақтан заттық-қүқықтық қорғауды іске асырғанда туындайтын өзінше санат ретінде.

АК-да адал және адал емес иегер, заңды және заңсыз иегер жайында айтылады (15-тарау). Сонымен қатар, меншік иесі емес адамдардың заттық құқығын қорғау туралы айтылады.

Заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізу қүқығы.Меншік құқығымен қатар ҚР азаматтық заңнамасы (АК-ның 33-бабы) заңды тұлғалардың өзінше бөлек мүліктік құқығы ретінде мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелер мен мекемелердің оралымды басқару құқығын (202-бап) қарастырады.

Шаруашылық жүргізу құқығы мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын АК-да және өзге де заң құжаттарымен белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады (АК-ның 196-бабы).

Иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын жүзеге асырудың шектерін АК, Мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлық және өзге заң құжаттары белгілейді. Заңға бағынышты құжаттармен, оның ішінде ҚР Президентінің Жарлықтарымен және Үкімет Қаулыларымен бұл құқықтардың жүзеге асырылуына шектеулер белгілеуге болмайды.

Меншік иесі болып табылатын мемлекет атынан әрекет ететін мемлекеттік орган да АК-ға және басқа заң құжаттарына сәйкес жүргізе алатындардан басқа ондай шектеулерді белгілеуге құқылы емес.

Оралымды басқару құқығы - меншік иесінің қаражатынан қаржыландырылатын мекеменің және меншік иесінен мүлік алған казыналық кәсіпорынның заң құжаттары белгілеген шектерде, өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмасына және мүліктің арналымына сәйкес сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырудағы заттық құқығы болып табылады.

Қазыналық кәсіпорындар, оларды кімнің құрғанына қарай, республикалық немесе коммуналдық қазыналық кәсіпорындар болып бөлінеді. Тиісінше, меншік иесінің оларға қатысты құқығын мемлекет атынан әртүрлі мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Оралымдық басқару құқығы шаруашылық жүргізу қүқығынан мына ерекшеліктер негізінде бөлектенеді:

· қазыналық кәсіпорын мен мекемені ұдайы меншік иесі қаржыландырады. Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын шаруашылық қызметінен алынған табыс есебінен өмір сұреді;

· қазыналық кәсіпорын мен мекеме өздеріне бекітілiп берілген мүлікті және смета бойынша бөлінген қаражатқа алған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен оған билік етуге құқылы емес. Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын өз табысының жұмсалу бағытын өзі анықтайды;

· қазыналық кәсіпорын мен мекеме меншік иесінің тапсырмаларын басшылыққа алады. Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның меншік иесінің тапсырмалары, жалпы ереже бойынша, ол үшін міндетті болып табылмайды, егер заңнамада немесе жарғылық құқық-қабілеттілікте өзгедей көзделмесе.

Мекемеге қарағанда қазыналық кәсіпорын коммерциялық ұйым болып табылады. Яғни, қазыналық кәсіпорынның өз қызметінде көксеген мақсаты табыс табу, ал мекемеде ондай мақсат жоқ. Мекемені, әдетте, меншік иесі қаржыландырады.

Қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме және мекеме арнаулы құқық кабілеттіліккеие. Құқық қабілеттілік шегі АК-ға, өзге заң құжаттарына сәйкес анықталған, меншік иесінің ырқымен шектелген және қазыналық кәсіпорынның, мемлекеттік мекеменің, мекеменің жарғысында көрініс тапқан. Иелену, пайдалану және билік ету өкілеттігін қазыналық кәсіпорын (мекеме) өз қалауы бойынша, тек жарғылық құқық қабілеттілік шегінде жүзеге асыра алады. Бұдан мынадай тұжырым жасауға болады - егер заң құжаттарында және құрылтай құжаттарында өзгедей көзделмеген болса, меншік иесі қазыналық кәсіпорынның (мекеменің) жарғылық қызметіне араласа алады.

Меншік иесі қазыналық кәсіпорын мен мекеме үшін мүлікті пайдаланудың құқықтық режимін анықтай алады және орындалуы міндетті тапсырмалар бере алады.

Оралымды басқаруды жүзеге асырудың шектері, сондай-ақ қазыналық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің құқықтық мәртебесі АК-да және Мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлықта анықталған. Қазыналық кәсіпорын мен мекеменің оралымды басқару құқығыңда өзінің жарғылық қызметін жүзеге асыруы үшін ғана қажетті мүлік болады.

Қазыналық кәсіпорын мен мекеме өз меншік иесі: мемлекеттің, әкімшілік-аумақтық бөліністің, заңды тұлғалар мен азаматтардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Мемлекеттік мекеме, мекеме және қазыналық кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өз билiгіндегі ақша қаражатымен жауап береді. Қазыналық кәсіпорынның, мемлекеттік мекеменің, мекеменің меншік иесі өзі құрған қазыналық кәсіпорынның, мемлекеттік мекеменің, мекеменің өз ақша қаражатымен өтей алмаған борышына қатысты міндеттемелері бойынша жәрдемдік (қосымша) жауап береді.

Қазыналық кәсіпорынның акшалай қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша сол мекеменің немесе қазыналық кәсіпорынның меншік иесі жауап береді (АК-ның 207-бабы). Яғни, меншік иесі мекеменің немесе қазыналық кәсіпорынның борыштары бойынша субсидиялық (қосымша) жауап береді (44-баптың 1-тармағы).

Әдебиет :1, 2, 3, 4, 11, 13, 16, 17

Бақылау сұрақтары:

1.Заттық қүқықтардың түрлері.

2.Заттық қүқықтар үгымы.



Тақырып: Ортақ меншік құқығы | Тақырып: Мiндеттеме туралы жалпы ережелер

ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ | Тақырып 1: Азаматтық құқық ұғымы | Тақырып: Азаматтық-қүқықтық қатынастар | Тақырып: Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру. Құқықтарды қорғау | Тақырып: Азаматтық құқықтар объектілері | Тақырып: Заңды тұлғалар- азаматтық құқықтардың субъектілері | Тақырып: Мәмілелер | Тақырып: Өкілдік және сенімхат | Тақырып: Мерзімдер. Талап қою мерзімдер. | Тақырып: Меншік қүқығының түсінігі |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати