На головну

Дәрiс. Зейнетақы қорының нарығы

  1. Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар
  2. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары
  3. Дәрiс. Қаржы нарығы ұғымы мен құрылымы
  4. Дәрiс. Банктер және олардың қаржы делдалдық қызметі
  5. Дәрiс. Валюта нарығының құрылымы
  6. Дәрiс. Дүниежүзілік қаржы нарықтары.

Қазақстанның зейнетақы рыногы бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық жүйесінде неғұрлым қарқынды дамып отырғандардың бірі.. Олардың ішінде: еңбектен кейінгі кезеңде қалыпты өмір жағдайын қамтамасыз ету үшін зейнеткерлердің жинақ қаражаттарының жеткіліксіздігі, индерлік проблемалардың (өмір ұзақтығының әр түрлілігі, еңбек ақысындағы соның салдарынан еркектер мен әйелдердің зейнетақы мөлшеріндегі теңсіздік); өндірістік мүгедектік және т.б. проблемалардың шешімін таппауы сонымен қатар мемлекет пен зейнетақымен қамсыздандыру проблемаларын жетілдіру шаралары қарастырылуда.

1997 жылдың наурызында ҚР-сы Үкіметімен "ҚР-дағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау тұжырымдамасы" ұйғарылды және 20 маусым 1997 жылы "ҚР-дағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР Заңы қабылданды.

Зейнетақы жүйесін реформалауды жүзеге асыру мемлекеттің макроэкономикалық жай-күйіне оң әсерін тигізеді және мемлекеттік қорланған зейнетақы және жеке зейнетақы қорларын сызбасын енгізу Қазақстандағы капитал рыногының дамуына септігін тигізетін көлемді ұзақ мерзімді қаржы капиталының құрылуын қамтамасыз етеді деп күтілген. Сонымен қатар жұмыс берушілер үшін әлеуметтік сақтандыру ставкаларын төмендету және оны әлеуметтік сақтандыру жүйесіне енгізуге деген жеке тұлғалардың артқан қызығушылығы еліміздің экономика салаларындағы көлеңке экономиканың үлес салмағын азайтады.

Бұл ретте зейнетақы реформасын жүзеге асырудың аса маңызды ерекшелігі Қазақстан азаматтарының негізгі санасын қайта қалыптастыру болуы тиіс.

Зейнетақы нарығы - бұл зейнетақы активтерін жинақтау, сақтау және оларды орналастыру және басқарумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы білдіреді.

Қазақстанның зейнетақы рыногының құрылымына мыналар жатады

-Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы (ЗТМО);

-Жинақтаушы зейнетақы қорлары

-Банктер - кастодиандар

-ЗАИБ ЖАҰ

-Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры

-Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры

ЗТМО мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған. Бұл органның негізгі қызметтері республикалық бюджет қаражаты есебінен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар адамдарға зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады; азаматтарға әлеуметтік жеке кодтарын беру; міндетті зейнетақы жарналарын жеке дара есепке алу; міндетті зейнетақы жарналарын агенттерден ЖЗҚ-на аудару немесе т.б. болып табылады.

ЗТМО-дан басқа ҚР-да мемелекеттік емес ЖЗҚ-ры бар. ЖЗҚ-ры халықтың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын тартады және осы ресурстарды бұл арада нақты ұстаушы болып тұрған кастадион-банктің есебіне қабылдайды. ЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не тиісті лицензиясы болған кезде ЖЗҚ-ры дербес жүзеге асыра алады. ЗАИБЖҰ кастодиан банктің шотына зейнетақы жарналары түскен күннен бастап 3 күн ішінде бұл қаражатты тиісті бағалы қағаздарға орналастыруға міндетті.

Өз қызметінде зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар және кастодиан-банк бір-біріне қатысты әрбір тараптың құқықтары мен міндеттері және барлық пайда болатын қатынастар тыянақты түрде келісілетін үш жақты кастодиандық шарттың ережелерін басшылыққа алады.

Зейнетақылық қызмет көрсетудің осы үш заңды қатысушыларының арасындағы өзара әрекеттесетік келесідей сызба бойынша болады, зейнетақы қоры мен салымшы арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес алушы салымшының жарналары қормен кастодиандық шарт жасалған кастодиан -банкке бұл үшін арнайы ашылған қордың инвестициялық зейнетақы шотына түсіп отырады.

Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің қалыптасу нәтижесінде өз активтерін халықтың қаражаттарын тарту есебінен қалыптастыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары құрылды. 20 маусым 1997 жылғы "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы" Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандырудың жаңа жүйесі оның тиянақты жұмысына және ең бастысы - зейнетақы қорларының сақталуын кепілдендіреді.

1999 жылдың басында Үкімет қаулысымен міндеттің зейнетақы жарналарын төлеудің тәртібі өзгертілді. Ал аудару механизмі сақталды. Алайда, 10%-дық міндетті зейнетақы жарналары бұрынғыдай жұмыс беруші есебінен төленбей, жұмысшының табысынан ұсталып қалады. Жұмысшы табысынан ұстап қалудың дәл осы тәртібі басында-ақ "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңда ойластырылып, бекітілген, өйткені оның зейнетақылық жинақ ақшаларына меншік құқығын дәл осылай бекітуге болады. Сонымен қатар әрбір шарт бойынша салымшының Есеп кітапшасы толтырылады. Тағы бір кепілдіктердің бірі жұмыс беруші жұмысшының келісімінсіз зейнетақы шартын бұза алмайды.

Жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналары мен зейнетақы төлемдерін тарту бойынша қызметті, сондай-ақ ҚР заңдарымен белгіленген тәртіпте зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылардың міндетті жарналарын жинауды жүзеге асырады және оларды әртүрлі бағалы қағаздарға айналдырады, осылайша қордың инвестициялық портфелін қалыптастырады.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары (ЖЗҚ) мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорлары (МЖЗҚ-ГНПФ) және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы (МеЖЗҚ-ННПФ) қорлары болып бөлінеді.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылардан міндетті зейнетақы жарналарын жинайтын және алушыларға зейнетақы төлемдерін жүргізетін, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, мемлекеттік банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын, құрылтайшысы мемлекет болып табылатын заңды тұлға болып табылады.

Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары - бұл салымшылардың міндетті және ерікті жарналарын жинайтын және алушыларға зейнетақы төлемдерін төлейтін, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру мен оларды инвестициялау бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға. Міндетті жарналардан басқа жинақтаушы зейнетақының заңдармен және зейнетақы шарттарымен анықталатын тәртіп пен мөлшерде жинақтаушы зейнетақы қорларына өз бастамашылығы бойынша салымшылар салатын ерікті зейнетақы жарналарын да тартуы мүмкін.

Зейнетақы активтері жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету және төлеуге арналады. Зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде ЖЗҚ инвестициялық табыс алады.

Жоғарыда көрсетілген түрлерінен басқа ашық және корпоративтік ЖЗҚ-н айтуға болады. Ашық ЖЗҚ алушының жұмыс істейтін және тұратын жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады. Резидент те, резидент емес те заңды және жеке тұлғалар жинақтаушы тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары мен акционерлері бола алады. Дауыс беретін акцияларының 25% астамы жиынтық түрде;

· ҚР-ның резиденті емес тұлғаның;

· Акцияларының 50 %-нан астамы ҚР-ның резиденті емес тұлғаларының меншігінде немесе басқаруында болған ҚР-ның резиденті заңды тұлғаның;

· ҚР-сы резиденті емес тұлғалардың бағалы қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын ҚР-сы резиденттерінің меншігінде немесе басқаруында болған зейнетақы қорлары ҚР-ның резиденті емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылады.

Қазақстан аумағында жинақтаушы зейнетақы қоры тиісті лицензия негізінде өз қызметін жүзеге асырады. Қазақстан зейнетақы қорының қызметін жүзеге асыруға лицензияны қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі береді және зейнетақы қорлары тек мемлекеттік емес зейнетақымен қамсыздандыруға мамандануын кепілдендіреді және мәселен, сауда-саттыққа немесе өндіріске алаңдамайды.

Зейнетақы қорының өз капиталы басқа ұйымдар құру үшін уақытша қаржылай көмек міндеттемені қамтамасыз ету ретінде кепілдіктер беру үшін пайдаланылуы мүмкін емес.

Комиссиялық сыйақының шекті шамасын ҚР-ң Үкіметі:

· инвестициялық кірістің 15%-нан;

· айына зейнетақы активтерінің 0,05 % -нан аспайтын шекте белгілейді.

Комиссиялық сыйақының шамасы жылына ең көбі бір рет өзгеруі және күнтізбелік жыл басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын жариялануы мүмкін.

Зейнетақы қорының қызметі келесідей принциптерге негізделеді:

· қорларды жеке басқару және салымшылардың қорды ерікті таңдау мүмкіндігі;

· қарапайымдылық, сенімділік және ашықтық;

· уәкілетті мемлекеттік орган тарапынан қатаң реттеу және қадағалау;

· операциялық тиімділік;

· олардың зейнетақы жинақтарының көлемі туралы ақпарат беру.

ЖЗҚ өз қызметін жүзеге асыру процесінде зейнетақы жарналарын жинауға; өз қызметтері үшін комиссиялық сыйақылар алуға және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен шарт жасасуға, зейнетақы шарттарының талаптарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. Сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорлары:

- алушыларға зейнетақы төлеуге;

- жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асыруға;

- алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

- зейнетақы заңдары және зейнетақы шартының ережелерін бұзғаны үшін жауап беруге;

- алушының өтініші бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорларынан екіншісіне аударуға;

- бір,үш, бес, он күнтізбелік жылда стандартты уақыт аралығында есептілік пен өз қызметі туралы ақпаратты жариялауға міндетті. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналар бойынша табысқа кепілдік немесе уәде қамтылған ақпаратты жариялауға жол берілмейді.

- Жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы шартын жасасқан азаматтарға тең жағдайларды қамтамасыз етуге;

- ҚР-сы заңдарына сәйкес басқа да міндеттерді орындауға міндетті.

Әдебиет: 11 негізгі [43-60] 21 қосымша [112-135]

Бақылау сұрақтары:

1. Зейнетақы рыногы дегеніміз не?

2. Қазақстанның зейнетақы рыногының қатысушылары кімдер?

3. Жаңа зейнетақы жүйесінің КСРО кезінде болған бұрынғы жүйеден айырмашылығы неде?

4. Қазақстанның зейнетақы жүйесінің жұмыс механизмі қандай?

5. ҚР-сы зейнетақы рыногының құрылымы қандай?

 



Дәріс. Сақтандыру нарығының құрылымы | Дәрiс. Банктер және олардың қаржы делдалдық қызметі

ЛЕКЦИЯЛЫҚ КЕШЕН | Дәрiс. Қаржы нарығы ұғымы мен құрылымы | Сынылатын әдебиеттер | Дәріс. Депозиттік нарықтың құрылымы | Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. | Дәрiс. Валюта нарығының құрылымы | Дәріс. Бағалы қағаздар нарығының қызметін ұйымдастыру | Дәрiс. Инвестициялық қор және оның қызметі. | Дәріс. Қазақстандағы мемлекеттік реттеу органдары | Дәрiс. Дүниежүзілік қаржы нарықтары. |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати