На головну

Дәріс. Сақтандыру нарығының құрылымы

  1. A) Мемлекеттің аумақтық құрылымы
  2. Апта. Сабақтың тақырыбы: Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы.
  3. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары
  4. Банк жүйесінің құрылымы
  5. Дәрiс. Қаржы нарығы ұғымы мен құрылымы
  6. Дәрiс. Валюта нарығының құрылымы
  7. Дәріс. Қазақстандағы мемлекеттік реттеу органдары

Қаржылық рыноктық маңызды сегменттердің бірі сақтандыру рыногы болып табылады. Сақтандыру - бұл тараптардың бірі екіншісін сақтандыруға келісетін тәуекелді бөлісу туралы келісім. Сақтандыру қызметтеріне мүдделі сақтанушылар, оларға деген сұранысты қанағаттандыратын сақтандырушылар (сақтандыру компаниялары) сақтандыру инфрақұрылымының сақтандыру делдалдары мен ұйымдары (консалтингтік фирмалар, т.б.) қызмет ететін әлеуметтік-экономикалық кеңістікті білдіретін сақтандыру рыногында сақтандыру рыногын қалыптастырудың объективтік негізін күтпеген қолайсыз жағдайлар орын алғанда зәбір шеккендерге ақшалай көмек көрсету арқылы қайта жаңғырту процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттігін білдіреді. Сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз ете отырып сақтандыру рыногы сақтандыру өнімін сатып алу-сату жөніндегі барлық экономикалық қатынастардың жиынтығын білдіреді. Бұл рынокта сақтандыру қызметін қоғамдық тану жүзеге асырылады және оның қызмет етуінің негізгі экономикалық заңдылықтары болып құн заңы және сұраныс пен ұсыныс заңы табылады. Сақтандыру рыногы тауар шаруашылығының қалыптасу барысында құрылатындықтан, еңбектің қоғамдық бөлінісі және әр түрлі меншік иелері оқшауланған тауар өндірушілердің қызмет етуі ол екеуінің де пайда болу шарты болып табылады. Өздігінен бұл рынок рыноктық қатынас субъектілерінің дербестігін, сақтандыру қызметін сату-сатып алу жөніндегі олардың тең құқықтық әріптестігін білдіреді.

Сақтандырудың мәнін негізге ала отырып сақтандыру рыногының келесідей негізгі функцияларын көрсетуге болады:

· Реттеуші- сақтандыру рыногы барлық басқа рыноктар сияқты мемлекеттік реттеуге жатады;

· Коммерциялық- сақтандыру рыногы сақтандыру операцияларын жүзеге асырудан пайда алуды қамтамасыз етеді;

· Бағалық-сақтандыру рыногы компанияның сақтандыру қызметтеріне баға орнатуды қамтамасыз етеді;

· Сенімділік функциясы- сақтандыру операциялары қолайсыз жағдайлар және тағы басқа пайда болған жағдайда сенімділікті қамтамасыз етеді;

Сақтандырудың келесідей түрлері бар.

· өмірді сақтандыру рыногы (бұған сондай-ақ барлық ұзақ мерзімді сақтандыру түрлері: зейнетақы, денсаулық, неке, аннуитет және тағы басқа жатады)

· мүлікті сақтандыру рыногы;

· жауапкершілікті сақтандыру рыногы;

· жазатайым жағдайдан сақтандыру рыногы;

Сақтандыру түрлері:

Міндетті сақтандыру - заң актілерінің талабы бойынша жүзеге асыра сақтандыру. Өз өмірін, денсаулығын сақтандыру міндеті азаматқа не заң актілерімен де, не шарттармен де жүктелуі мүмкін емес. Ерікті сақтандыру сияқты міндетті сақтандыру да шарттық негізде жүзеге асырылады. Міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкін.

Ерікті сақтандыру- тараптардың ерік білдіруі негізінде жүзеге асырылатын сақтандыру. Ерікті сақтандыру түрлері, шарттары және тәртібі тараптардың келісімімен анықталады. Сақтандыру объектісі заңсыз мүддені қоспағанда азаматтың немесе заңды тұлғаның кез келген мүддесі болуы мүмкін. Міндетті сақтандырудан айырмашылығы ерікті сақтандыру әрқашан шарттың әрекет ету мерзімімен шектеледі және сақтандыру жарналарын төлеген жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Міндетті және ерікті сақтандырудың оңтайлы үйлесімі қоғамдық өндіріс пен халықтың сақтандыру қорғанысының әмбебап көлемін қамтамасыз ететіндей сақтандыру жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді, өйткені сақтандыру оқиғасы қандай да болмасын әрқашан көптеген тұлғалардың мүдделерін қорғайды.

Жеке сақтандыру объектілеріне азаматтардың өмірі, денсаулығы және еңбек қабілеттілігі жатады. Мүлікті сақтандыру жекелеген адамдар және шаруашылық субъектілерімен олар иеленетін немесе жалға алып отырған мүлікті тікелей немесе жанама зақымданудан қорғау ретінде жүзеге асырылады. Мүліктік сақтандырудың объектілеріне: жер, әуе және су көліктері жүктер және тағы басқа мүлік, сондай-ақ қаржылық тәуекелдер.

Мемлекеттік сақтандыру- сақтандырушы мемлекеттік ұйым болатын және ол заңмен реттелетін сақтандыру формасы. Мемлекеттік сақтандыру сақтандырудың барлық түрлерін жүргізуге мемлекеттің абсолютті монополиясы, тек жекелеген сақтандыру түрлеріне ғана мемлекет монополиясы немесе қандай да бір мемлекеттік сақтандыру монополиясы болмайтын жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін.

Акционерлік сақтандыру - өзінің азғантай қаражаты жағдайында ақша ресурстарын тарту есебіне сақтандыру операцияларын жылдам жүргізуге мүмкіндік беретін акция арқылы өзінің жарғылық капиталын қалыптастыратын акционерлік қоғамдар қатысатын сақтандыру қызметінің формасы. Бастапқы капиталды құру тәртібіне байланысты ашық және жабық типтегі акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік ажыратылады. АҚ-ның мұндай типтері жалпы әлемдік тәжірибеде бар. Қазақстанда акционерлік қоғам нысанындағы сақтандыру ұйымдарын құру заңдармен анықталған.

Өзара сақтандыру - құрылу мотиві өзара көмек көрсетуді қамтамасыз ету болып табылатын сақтандыру қорғанысының формасы. Бұл жерде сақтандырушы бір мезетте сақтандыру қоғамының мүшесі болып табылады.

ҚР-ның сақтандыру рыногында сақтандыру қатынастарының қатысушылары:

· сақтандыру қызметтеріне сұранысты қалыптастыратын сақтандырушылар;

· бұл сұранысты қанағаттандыратын тікелей сақтандыру компаниялары (сақтандырушылар);

· сақтандыру операциялары бойынша залалды бөлуді тұтастай алғанда сақтандыру рыногының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін қайта сақтандыру компаниялары;

· сақтандыру қызметінің сақтандырушыдан сақтанушыға жылжытылуына ықпалдасатын сақтандыру делдалдары;

· сақтандыру инфрақұрылымының ұйымдары болып табылады.

Қаржы рыногындағы маңызыды делдал сақтандыру компаниясы болып табылады. Тура сақтандыру рыногының өзінде сақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану процесі жүзеге асырылады, біреулері құрылады және екіншісі бір экономикалық қатынастар пайда болып жатады, жеке топтық және ұжымдық мүдделер тоғысады.

Сақтандыру ұйымдары өз ресурстарын сақтандыру жарналары есебіне қалыптастырады және жинақталған қаражатты инвестициялық салым салуға жұмсайды. Қазақстанда қандайда бір бағалы қағаздарға салым салу лимиттері көрсетілген сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін диверсификациялауды шектеу жөнінде белгілі бір талаптар бар.

ҚР-ның аумағындағы сақтандыру ұйымының қызметі "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицнезиялар немесе "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.

"Жалпы сақтандыру" саласындағы қызмет "өмірді сақтандыру" саласындағы қызметпен бірге жүргізіле алмайды және жазатайым жағдайлардан және аурудан сақтандыру сондай-ақ медициналық сақтандыруды қоспағанда жинақтаушы ұйым формасында жүзеге асырыла алмайды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда лицензиялық қызметі 32 сақтандыру ұйымдары жүзеге асуда, олардың ішінде бір өмірді сақтандыру бойынша, бес ҚР-сы резидент еместердің қатысуымен, алты сақтандыру брокерлері, 28-актуарийлер және сақтандыру ұйымдарына аудит жүргізуге лицензиясы бар 34 аудиторлық ұйымдар.

Республикада сақтандыру ұйымдарының 300-ден аса филиалдары мен өкілдіктері қызмет етеді, сақтандыру агенттігінің тармақталған желісі бар (агенттіктің реестрін сақтандыру компаниялары дербес жүргізеді, және олардың саны жөнінде толық мағлұмат жоқ). Көбі-46 филиал Шығыс Қазақстан облысында ашылған, бұл Казцинк АҚ, титан-магний комбинаты, Ульбин металлургия зауыты сияқты алпауыттардың қызмет етуімен байланысты. Сондай-ақ Қарағанды облысында-36 филиал және Ақмола обылысында-35 филиал бар. Қарағанды обылысында көмір өндіруші шахталар, испат кармет комбинаты жұмыс істейді. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың болуы бизнестің жолдануын туғызады, осыған сәйкес мүлікті жауапкершіліктері және т. б. сақтандыруға деген қажеттілік туады.

Сақтандыру рыногының дамуындағы маңызды сәт шетелдік сақтандыру ұйымының қызметіне қатысты мәселе Қазақстандық болып табылады. «Сақтандыру қызметі туралы» Заңмен ҚР-ның аумағында ҚР-ның резиденті емес сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымының филиалдарын, сондай-ақ резидент емес сақтандыру брокерінің филиалдарымен өкілдіктерін құруға тыйым салынады. Мұндай филиалдардың қызметін бақылау өте қиын, өйткені олар дербес емес және тек шетелге ақша аударудың көзі ғана болуы мүмкін.

Сақтандыру ұйымдарының көпшілік бөлігінде білікті мамандардың қажетті санының болмауы олардың қызметіндегі проблемалардың бірі. Бүгінгі таңда қаржы рыногындағы кәсіби сақтандыру делдалдарының рөлі елеусіз және ескерусіз. Сондай-ақ сақтандыру рыногының жаңа қатысушылары актуарийлер пайда болды. Осыған орай ҚР-да осы іске сақтандыру рыногының кәсіби қатысушыларының қоғамдық бірлестіктерінің алдыңғы кезекте Қазақстан сақтандырушылар Одағының белсенді қатысуымен ұйымда тиісінше сақтандыру бойынша мамандарды оқыту жүйесінің болуына деген қажеттілік пайда болды. Сонымен қатар бұл жерде сақтандыру рыногына деген қызығушылықтың артуына қарай осы кәсіптер бойынша мамандандыруды жүргізетін жекеше институттар да елеулі рөл ойнай алады.



Дәріс. Бағалы қағаздар нарығының қызметін ұйымдастыру | Дәрiс. Зейнетақы қорының нарығы

ЛЕКЦИЯЛЫҚ КЕШЕН | Дәрiс. Қаржы нарығы ұғымы мен құрылымы | Сынылатын әдебиеттер | Дәріс. Депозиттік нарықтың құрылымы | Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. | Дәрiс. Валюта нарығының құрылымы | Дәрiс. Банктер және олардың қаржы делдалдық қызметі | Дәрiс. Инвестициялық қор және оның қызметі. | Дәріс. Қазақстандағы мемлекеттік реттеу органдары | Дәрiс. Дүниежүзілік қаржы нарықтары. |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати