Головна

Дәрiс. Қаржы нарығы ұғымы мен құрылымы

  1. A) Мемлекеттің аумақтық құрылымы
  2. Апта. Сабақтың тақырыбы: Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы.
  3. Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар
  4. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары
  5. Банк жүйесінің құрылымы
  6. Дәрiс. Банктер және олардың қаржы делдалдық қызметі

Қаржылық қатынастар кез келген елдің экономикалық дамуының негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналысы мен қайта бөлу олардың өзіндік айналымын түзеді(қаржы нарығын). Нарық қатынастары жағдайда қаржы нарығы елдің тұтас нарықтық қатынастар жүйесінің құрам бөлімі болып табылады. «Қаржы нарығы» түсінігі әр мемлекеттің экономикалық даму өзгешелігі мен әлемдік тәжірибеге байланысты түрліше түсіндіріледі.

Қаржы нарығы - ақша, депозит, несиелік валюталық, сақтандыру зейнет нарығының қаржы инструменттерінің ұйымдасқан сауда жүйесін құрайды. Мұнда қаржы институттары негізгі рөлге ие (ақша құралдарының ағынын меншік иесінен заемщиктерге қарыз алушыларға бағыттайтын), мұнда төлем инструменттері мен бағалы қағаздар тауар ретінде жүреді. Кез келген нарық сияқты қаржы нарығы қаржы ресурстарын сатып алушы мен сатушылар арасындағы байланысты орнатуға арналған.

Сөйтіп, қаржы нарығы - бұл несие беруші мен қарыз алушы арасындағы делдалдардың көмегімен капиталға деген ұсыныс пен сұранысты қалыптастыру аясында капиталды қайтабөлу механизм жүйесі. Тәжірибе жүзінде ол меншік иелері мен қарыз алушылардың арасындағы ақша құралдарының ағынын бағыттайтын қаржы - несиелік институттардың жиынтығын көрсетеді.

Қаржы нарығының негізгі қызметі мыналар:

- реттеу -мемлекет органдары тарапынан және өзін-өзі реттейтін ұйымдар тарапынан нарықты регулярлы реттеу,

-ақпараттық - қаржы нарығының барлық қатысушыларын толық және теңдей ақпаратпен қамтамасыз ету;

-бөлу - қаржы нарығы интсрументтерінің айналымы ақша құралдарын бір экономика саласынан екінші экономика саласына құйылуын қамтамасыз етеді, бір нарық қатысушыларының екіншісіне, бір анйалым саласынан екіншісіне, сол арқылы қаржы ресурстарының бөлінуіне ықпал етеді.

-коммерциялық - қаржы нарығында іске асатын операциялар арқылы мәмілеге қатысушыларға табыс әкеледі.

-бағалау - қаржы нарығының бағасы нарықта сұраныс пен ұсыныс есебінен, бәсеке бостандығы жағдайында қалыптасады.

Егер аккумуляция үрдісіндегі және қаржы ресурстарын орналастырудағы қаржы институттарының негізгі рөлі меншік иелері мен қарыз алушыларға қаражатты тиімді ауыстыру болып табылады, қаржы нарығының міндетіне қаржы ресурстарын сатып алушы мен сатушылар арасындағы қаржы активтері мен міндеттемелерінің саудасын ұйымдастыру жатады. Қаржы нарығында сатушы мен сатып алушылар ретінде үш экономикалық субъекті топтары болады:

- үй шаруашылығы (жеке тұлға);

- меншік нысанына тәуелсіз шаруашылық субъектілері;

- мемлекеттік басқару органдары.

Нақты уақыт кезеңінде кез келген көрсетілген субъектілер өз бюджетінің тепе-теңдік жағдайында немесе тапшылық немесе артықшылық жағдайында бола алады. Фирманың немесе мемлекеттің қаржы құралдарын қарызға алуға немесе өщзіне пайдалы жағдайда бос қаражаттарды уақытша орналастыру мүмкіндігі туады. Қаржы анрығы өз мәні бойынша потенциалды сатып алушылар мен сатушылардың, сондай-ақ - институттың делдалдық мүдделері ескеріледі және іске асуының тиімділігіне арналған.

Нарықтық экономика - өндірісті ұйымдастырудың тиімді нысаны болып табылады. Бұл әлем елдерінің көпшілігінің даму тәжірибесімен дәлелденген. Қазақстан республикасы үшін жаңа шаруашылық әдіс әдістеріне көшу дербес нарыққа көшуді білдірді, оларды іске қосу әдістері қаржы нарығының потенциалды мүмкіндіктерін қолдануды талап етеді, ең алдымен елдің жан-жақты өсуін қамтамасыз ету үшін.

Бұл мағынада, елдің қаржылық рыногы қоғамдық барлық әл-ауқаттылықтың қажетті деңгейіне жету және экономикалық өсуге арналған экономиканың барлық саласын ресурстармен қамтамасыз етуге жағдайлы, жеке бастама және бәсекелестік үшін қоғамдық өндіріс және олардың кеңістігімен ұйымдастырудың прогрессивтік формасы, ғылыми-техникалық базада өтетін даму.

Біздің көзқарасымызша, қаржы рыногы елдің барлық ақшалай ресурстарының, оның ішінде тұрақты айналыста болатын ресурстар, яғни экономиканың әртүрлі субъектілер тарапынан сұраныс пен ұсынысқа ықпал ететін ресурстар жиынтығы. Алайда, ақша ресурстары мен шаруашылық субъектілер - бұл әлі қаржы рыногы емес. Рыноктың өзі тікелей ақша ресурстары мен шаруашылық субъектілері арасында қатынас пайда болған жағдайда туындайды. Сөйтіп, қаржы рыногы - бұл ең әуелі әртүрлі экономикалық субъектілердің арасында мәмілелер жасасу жолдарымен қосалқы ақша қаражаттарын ауыстыру және қайта бөлу мүмкіндіктері бойынша ақшалай қатынас.

Жоғарыда айтылғанды негізге ала отырып, қаржы рыногының шарттастырылған қызметі төмендегідей факторлар болып табылады:

- қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекет рөлінің ең жоғары деңгейде қысқартылуы;

- монополизмді шектеу және бәсекелестікті дамыту мақсатымен меншіктің барлық нысанындағы шаруашылық субъектілерінің толық дербестігі;

- облигация және басқа да міндеттемелер айналымымен мемлекеттік займдар шығарылымы арқылы шешілетін мәселелерді, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін мемлекеттік Орталық банктің ссудалық қорын пайдалануды тоқтату;

- бағалы қағаздарды инвестициялауға болатын, тұрғындар мен шаруашылық субъектілерінде ақша табыстарын тұрақты өсіру.

Әр елде қаржы рыногының мазмұнын мен өзгешелігі неғұрлым толығырақ көрсетілген өзіндік құрылымы сипатталған. Қаржы рыногының құрылымына қатысты экономист-ғалымдардың пікірлері тоғыспай жатады. Сондықтан ғалымдар ұсынған қаржы рыногы құрылымының бірнеше түрін қарастырайық және сосын ҚР арналып сипатталынған қаржы рыногы құрылымын анықтаймыз.

ҚР ҰҒА академигі, э.ғ. д., профессор Г. с. Сейткасимованың трактовкасына сәйкес өз құрылымы бойынша бір-бірін толықтырушы және өзара байланысты, бірақ жеке дара қызметтенетін рыноктардан тұратын қаржы рыногы:

1. Қолма-қол ақша айналысындағы және қысқа мерзімді төлем қаражаттарына (вексельдер, чектер және т. с. с) ұқсас қызметтерді орындайтын рынок. Ақша рыногы болған соң инфляция ықпалында болатыны бізге мәлім және ол ақырында белгілі бір шекарадан шықпаса оң нәтиже беруі мүмкін. Солай, ЖҰӨ жыл сайын 5% өссе, ал айналымдағы қша көлемі 6-7% ұлғайса, онда бұл өспелі ЖҰӨ жүзеге асырылуын жеңілдетеді және экономиканы оң процестермен қабілеттендіреді. Егер жыл сайынғы ЖҰӨ өсімі 5% болса, айналыстағы ақша көлемі 10 және одан да көп пайызға ұлғаяды, онда қалыпты экономикалық процесті бұзып, инфляцияға өтеді.

2. Ссуда капиталының рыногы, яғни қысқа және ұзақ мерзімді банктік кредиттер. Бүгінге дейін арзан, қысқа мерзімді кредит Қазақстанда болмады. Елімізде жұмыс істейтін коммерциялық банктер тек сенімді қамтамасыздандырылған және жоғары пайызды кредит ұсынған. Негізгі қорларды модернизациялау және құруға қажетті ұзақ мерзімді кредитті тек құбылмалы (мерзімді қаралатын) пайыздық ставка бойынша алуға болады.

3. Көптеген жылдар бойы Қазақстанда болмаған, 90 жылдардың басында басталған бағалы қағаздар рыногы және оның дамуы, мемлекеттің қаржы саясатының барлық тұрпатының өзгеруімен және меншік қатынастарының қайта құрылуымен (ең әуелі мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі және акционерленуі) тікелей байланысты болғандықтан белгілі бір уақытты талап етеді. Қазіргі кезде мемлекет бюджет тапшылығын жабу үшін ақша белгілерінің эмиссиясына емес, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымына жақындауда, мәселен, мемлекеттік қазынашылық қысқа мерзімді міндеттемелер.



ЛЕКЦИЯЛЫҚ КЕШЕН | Сынылатын әдебиеттер

Дәріс. Депозиттік нарықтың құрылымы | Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. | Дәрiс. Валюта нарығының құрылымы | Дәріс. Бағалы қағаздар нарығының қызметін ұйымдастыру | Дәріс. Сақтандыру нарығының құрылымы | Дәрiс. Зейнетақы қорының нарығы | Дәрiс. Банктер және олардың қаржы делдалдық қызметі | Дәрiс. Инвестициялық қор және оның қызметі. | Дәріс. Қазақстандағы мемлекеттік реттеу органдары | Дәрiс. Дүниежүзілік қаржы нарықтары. |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати