На головну

Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы 4 страница

  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:1) формальдық-кез-келген құқықтың ең алдымен реттеуші екендігі; 2) мазмұндық-осы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.

Құқықтың мәнін түсінуде келесі тәсілдерді бөліп атауға болады:

- таптық, бұның шегінде құқық экономикалық үстемдік құрушы таптың заңда көрініс тапқан мемлекеттік еркін білдіретін, мемлекетпен кепілденген заң нормаларының жүйесі ретінде анықталады;

- жалпыәлеуметтік, бұның шегінде құқық қоғамдағы әртүрлі таптардың, әлеуметтік топтардың арасындағы келісімнің көрінісі ретінде қарастырылады.

5. Құқықтың объективтік және субъективтік мағынадағы түсінігі. Табиғи құқық. Позитивтік құқық. Бұқаралық және жеке құқық. Объективтік құқық-бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі. Объективтік құқық-бұл нақты бір мемлекеттегі белгілі бір кезеңдегі заңнама, заң әдеттері, заңды прецеденттер және нормативтік шарттар. Оның объективтілігі жеке тұлғаның еркі мен санасынан тәуелсіз болып, оған тиесілі болмауынан көрініс табады.

Субъективтік құқық-бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, заңды мүмкін жүріс-тұрыстың шамасы. Субъективтік құқықтар ретінде адамның нақты құқықтарын (еңбек етуге, білім алуға және т. б. құқық) атауға болады, олардың субъективтілігі тұлғамен байланыстылығынан, оған тиесілігінен және оның санасы мен еркінен тәуелділігінен көрінеді.

Заңды мағынадағы құқықпен (объективтік және субъективтік құқықтар) қатар табиғи құқық та болады, ол өмір сүруге, бостандыққа және т. б. құқықтарды қамтиды. Табиғи құқықтың қатарына жататын құқықтар бір жерде бектілген-бектілмегеніне қарамастан өмір сүреді, олар өмірдің өзінен тікелей туындайды.

Табиғи құқыққа қарағанда заңды мағынадағы құқық (объективтік және субъективтік құқық) позитивтік құқық ретінде көрініс табады, яғни, олар заңдар мен басқа да қайнар көздерде бекітілген.

Позитивтік құқықтың негізгі сипаттары:

а) оны адамдар немесе қоғамдық құрылымдар-заңшығарушылар, соттар, құқық субъектілер қалыптастырады, яғни, олардың шығармашылығының, мақсатты ерікті қызметінің нәтижесі болып табылады;

ә) ол заңдар немесе басқа да қайнар көздер түрінде, яғни, жай ой, идея түрінде ғана емес, нақты сыртқы көрінісі бар ақиқат ретінде өмір сүреді.

Құқықтың пайда болу кезінен бері және оның дамуы барысында оның бір мезетте әрі қарама-қайшы, әрі өзара байланысқан екі жағы анықталды. Бірінші жағы-бұқаралық-құқықтық жағы, екінші жағы-жеке-құқықтық жағы.

Бұқаралық құқық-бұл мемлекеттік істер саласы, яғни, билік пен бағыныстылық қатынастарына негізделген мемлекеттің бұқаралық билік ретіндегі және барлық бұқаралық институттардың құрылымы және қызметі.

Жеке құқық-бұл жеке істер саласы, яғни, дербестік, субъектілердің заңды теңдігі бастамаларына негізделген еркін тұлға, институттар мәртебесі.

6. Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші ретінде. Құқықтың түсінігіне кірген аса маңызды белгілерінің бірі болып оның мемлекетпен тығыз байланысы табылады. Бұл белгі мыналардан көрініс табады:

1) мемлекет құқықты ресми түрде орнықтырып, оның орындалуын мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді;

2) құқық мемлекеттік еріктің нормативтік көрінісі бола тұра, қоғамдық қатынастарды таптық, жалпыәлеуметтік және басқа да мүдделерге сәйкес реттейді;

3) құқық жалпыға міндетті сипатқа ие, бұл оның ерекше әлеуметтік реттеуші, заңды және заңсыз әрекеттерді өлшеуші ретінде көрініс табуына мүмкіндік береді.

4) басқа әлеуметтік нормаларға қарағанда құқықтың реттеушілік рөлінің ерекшелігі оның нормаларының өкілдік-міндеттеуші мазмұнымен байланысты.

14 тақырып. ҚҰҚЫҚТЫ ТҮСІНУДЕГІ ҚАЗІРГІ КЕЗГІ БАҒЫТТАР

1. Нормативистік бағыт.

2. Құқықтың табиғи-құқықтық теориясы.

3. Құқықтың діни теориясы.

4. Құқықтың тарихи мектебі.

5. Психологиялық бағыт.

6. Социологиялық бағыт.

7. Марксистік бағыт.

8. Интегративтік бағыт.

1. Нормативистік бағыт. Оны жақтаушылар (Штаммлер, Новогородцев, Кельзен және т. б.) құқыққа мемлекетпен қорғалатын нормалар жиынтығы ретінде анықтама береді. Нақты айтқанда, Кельзеннің концепциясына сәйкес, құқық нормалар жүйесі (пирамидасы) ретінде түсіндіріледі, оның ең басында заңшығарушы қабылдаған негізгі (егеменді) норма тұрады, және бұл жердегі әрбір төменгі норма өз заңдылығын заңды күші жоғары нормадан алады. Құқық туралы нормативистік бағыттың мазмұны ақиқатқа мемлекет қабылдаған нормативтік актілер негізінде қарау арқылы анықталады.

2. Құқықтың табиғи-құқықтық теориясы. Бұл құқық теориясын жақтаушылар (Т. гоббс, Д. локк, А. радищев және т. б.) мемлекет орнықтыратын құқыққа қоса адамға тумысынан берілетін табиғи құқық та болады деп санаған. Бұл-өмір сүруге, бостандыққа, теңдікке, меншікке және т. б. құқық. Яғни, табиғи құқық (адамның табиғи, мәңгі, өзгермейтін құқықтарының жиынтығы) -қолданыстағы құқыққа (заңдар, прецеденттер) қарағанда жоғары құқық, бұл өз бойына сана мен мәңгілік әділеттілікті сіңіре білген құқық. Бұл теорияның шеңберінде құқық пен заң бөліп қарастырылады, яғни, позитивтік құқықпен (мемлекет қабылдаған заңдармен) қатар адамға туған сәтінен тиесілі жоғары, шынайы, табиғи құқық та болады.

3. Құқықтың діни теориясы құқықты түсіндіруде құдай кітаптарына, ең алдымен, Інжілге негізделеді. Бұл теорияның өкілдері (Аристотель, Фома Аквинский және т. б.) егер адамға табиғи құқықтар туған сәтінен берілсе, оларды Құдай беруі мүмкін деп санаған.

4. Құқықтың тарихи мектебі. Оның өкілдері (Ф. савиньи, Гуго, Г. пухта және т. б.) құқықты заңшығарушы қалыптастырмайды, ол халықтық рухтың, дамуы нәтижесінде тіл сияқты өз бетімен қалыптасады деп санаған. Құқықтанушы-ғалымдар халықтық құқықтық рухтың көріністерін дәл тауып, оның ережелерін заң формулалары арқылы көрсетуі тиіс, ал заңшығарушы дайын құқықты тауып, оны қолданыстағы заңнамаға айналдыруы тиіс.

5. Психологиялық бағыт. Бұл теорияның өкілдері (Л. и. петражицкий, Росс, И. м. рейснер және т. б.) нормалармен қатар «құқықң түсінігіне адамдардың құқықтық санасын да, құқықтық эмоцияларын да енгізеді. Психологиялық бағыт кеңес билігінің алғашқы жылдарында аса кең қолданыста болған. Себебі, бұл кезде жаңа заңдар қалыптаспаған болатын, тіпті, декреттердің өзінде соттардың істерді пролетарлық мемлекет мүддесіне сәйкес шешуінде құқықтық санаға жүгінуі танылған еді.

6. Социологиялық бағыт. Құқықтың социологиялық теориясының өкілдері (П. эрлих, Жени, С. и. муромцев және т. б.) құқық табиғи құқықтар мен заңдардан емес, заңдарды жүзеге асырудан көрінісі табады деп санаған, яғни, құқықты өз құқықтарын белгілі бір дәрежеде жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалардың қызметі ретінде түсіндірген. Құқық ретінде мемлекетті құру тәжірибесі де жарияланған.

7. Марксистік бағыт. Марксистік теорияның өкілдері (Маркс, Энгельс, Ленин және т. б.) құқықты экономикалық үстемдік құрушы таптың заңға айналған еркі ретінде түсіндірген. Және таптық еріктің құқығынан көрініс тапқан мазмұнды материалдық өндірістік қатынастардың сипатымен анықтаған.

8. Интегративтік бағыт. Бұл бағытқа сәйкес шын мәнінде кемшіліксіз құқықтың болуына күмән келтіріледі, сондықтан, аталған бағыттың өкілдері әртүрлі теориялардан өз ойларынша ең дұрыстарын таңдап алып, құқыққа мынадай анықтама береді: «Құқық-бұл еркін еріктердің өзара байланыстағы күресі мен келісімін реттейтін, ресми қорғаумен қамтамасыз етілген және нақты бір қоғамда танылған теңдік пен әділеттілік нормативтерінің жиынтығың.

15 тақырып. ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ

1. Құқықтың қағидаларының түсінігі және түрлері.

2. Құқықтың функцияларының түсінігі және түрлері.

1. Құқықтың қағидаларының түсінігі және түрлері. Құқықтың қағидалары-бұл құқытың ерекше әлеуметтік реттеуші ретіндегі мәнін көрсететін негізгі бастамалар, ережелер, идеялар. Олар құқықтың заңдылығын, табиғатын және әлеуметтік мәнін көрсетеді және заңдардың өзінде тікелей көрініс тапқан немесе олардың мәнінен туындайтын жүріс-тұрыс ережелері болып табылады. Таралу саласына қарай жалпықұқықтық, салааралық және салалық қағидаларды бөліп қарастырады.

Жалпықұқықтық қағидалар барлық құқық салаларында күшке ие болып келеді. Оларға мына қағидалар жатады:

әділеттілік;

азаматтардың заң мен сот алдындағы заңды теңдігі;

ізгілік (гуманизм);

демократиялық;

құқықтар мен міндеттердің біртұтастығы;

сендіру мен мәжбүрлеуді үйлестіру.

Салааралық қағидалар бірнеше құқық саласының ерекше мәнді белгілерін сипаттайды. Олардың арасынан жарыспалылық және сот өндірісінің жариялылығы және т. б. қағидаларды бөліп атауға болады.

Салалық қағидалар тек бір саланың шеңберінде ғана әрекет етеді. Мысалы, азаматтық құқықта-мүліктік қатынастардағы тараптардың теңдігі қағидасы; қылмыстық құқықта-кінәсіздік презумпциясы.

Құқық қағидалары қоғамдық қатынастарды реттеуге қатысады, себебі, олар құқықтық әсер етудің жалпы бағыттарын анықтап қана қоймай, нақты бір іс бойынша шешімнің негіздемесіне де енуі мүмкін.

2. Құқықтың функцияларының түсінігі және түрлері. Құқықтың функциялары-бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін, құқықтық әсер етудің негізгі бағыттары.

Құқықтың функцияларын түрлерге бөлудің негізінде жатқан екі жақты шартты түрде бөліп қарастыруға болады:

1) сыртқы жақ, бұған сәйкес құқықтың әлеуметтік функциялары анықталады, олар: экономикалық (құқық өндірістік қатынастарды реттейді, меншік нысанын бекітеді және т. б.), саяси (құқық саяси қатынастарды, саяси жүйе субъектілерінің қызметін реттейді және т. б.), тәрбиелік (құқық белгілі бір идеологияны көрсетеді, тұлғаларға арнайы педагогикалық әсер етеді және т. б.) функциялар.

2) ішкі жақ, бұл құқықтың табиғатынан туындайды, олар-реттеуші және қорғаушы функциялар.

Реттеуші функция-бұл позитивтік жүріс-тұрыс ережелерін орынқтырудан, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне сәйкес қатынастарды дамытуыға жәрдем беру мақсатында құқық субъектілеріне субъективтік құқықтар беруден және заңды міндеттер жүктеуден көрініс табатын, құқықтық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.

Бұл функцияның шеңберінде оның екі түрін бөліп қарастырады: реттеуші статистикалық және реттеуші динамикалық функциялар.

Реттеуші статистикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға оларды белгілі бір құқықтық инстиуттарда бекіту жолымен әсер етуінен көрінеді. Статистикалық функцияны жүзеге асыруда конституцияда бекітілген саяси құқықтар мен бостандықтар институты ерекше мәнге ие.

Реттеуші динамикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға құқық субъектілерінің белсенді жүріс-тұрысын қамтамасыз ету жолымен әсер етуінен көрінеді. Ол азаматтық, әкімшілік, еңбек құқығының институттарынан көрініс табады.

Қорғаушы функция-бұл ерекше маңызды экономикалық, саяси, ұлттық және жеке қатынастарды қорғауға, заңды қорғау мен заңды жауапкершіліктің шамасын, оларды жүктеу мен орындаудың тәртібін орнықтыруға бағытталған құқықтық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.

16 тақырып. ҚҰҚЫҚТЫҢ ТИПТЕРІ

1. Құқықтың типінің түсінігі.

2. Құқықтың тарихи типтері.

1. Құқықтың типінің түсінігі. Құқықтың тарихи типі-бұл белгілі бір экономикалық базиске тән барлық құқық жүйелерінің жалпы әлеуметтік сипаттарын көрсететін категория. Формациялық бағытқа сәйкес, базис қоғамдық даумыдағы шешуші фактор болып табылады, ол мемлекет пен қоғамның белгілі бір типін қалыптастырады. Экономикалық базистің типтеріне қарай құқықтың құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік типтерін бөліп қарастырады.

2. Құқықтың тарихи типтері. Құқықтың құлиеленушілік типі-бұл құлиеленушілердің толыққұқылығын және құлдардың құқықсыздығын бекітетін, құлиеленуші таптың еркін білдіретін, құлиеленуші мемлекет қалыптастырған құқықтық нормалардың жүйесі. Бұл құқықтың мазмұны құлиеленуші таптың өмірінің материалдық жағдайларына сәйкес анықталады.

Құқықтың феодалдық типі- бұл бір сословиелердің артықшылығын және келесі бір сословиелердің кемсітілуін бекітетін, феодалдар табының еркін білдіретін сословиелік-құқықтық нормалардың жүйесі. Бұл құқықтың мазмұны феодалдар табының өмірінің материалдық жағдайларына сәйкес анықталады.

Құқықтың буржуазиялық типі-бұл капиталистердің еркін білдіретін және олардың мүдделеріне жауап беретін, мемлекетпен қалыптастырылған және қорғалатын жалпыға міндетті нормалардың, жүріс-тұрыс ережелерінің жиынтығы.

Құқықтың социалистік типі-бұл халықтың еркін б ілдіретін, мемлекетпен қалыптастырылға және қамтамасыз етілетін жалпыға міндеті заң нормаларының жиынтығы.

17 тақырып. ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚҰҚЫҚ

1. Әлеуметтік және техникалық нормалар.

2. Құқық пен моральдың арақатынасы.

3. Құқық және діни нормалар.

4. Құқық және корпоративтік нормалар.

5. Құқық және әдет-ғұрып.

1. Әлеуметтік және техникалық нормалар. Қоғам реттеушіліксіз өмір сүре алмайды, ол дегеніміз адамдардың өмір сүрудің әртүрлі салаларындағы жүріс-тұрысын ретке келтіру. Реттеу нормалардың көмегімен жүзеге асырылады, ал нормалар, өз кезегінде, техникалық және әлеуметтік болып бөлінеді.

Техникалық нормалар-бұл адамдардың еңбек құралдарын және табиғат заттарын дұрыс қолдануының ережелері. Мысалы, техникалық нормаларға мыналар жатады: белгілі бір құрылыс жұмыстарын орындау ережелері, шикізатты қолану ережелері, мемлекеттік стандарттар, техникалық жағдайлар. Техникалық нормалар төмендегідей ерекшеліктерге ие: а) бұл жердегі реттеу пәні тек әлеуметтік сипатта емес; ә) «субъектілікң құрамы тек адамдармен ғана емес, сонымен қатар сыртқы әлеммен, табиғатпен, техникамен де байланысты.

Әлеуметтік нормалар-бұл қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын жүріс-тұрыс ережелері. Оларға құқықтық, моральдық, діни, саяси, эстетикалық, әдет, корпоративтік нормалары жатады. Әлеуметтік нормалар келесі ерекшеліктерге ие: а) бұл жердегі реттеу пәні тек әлеуметтік сипатта болады, ол-қоғамдық қатынастар; ә) «субъектілікң құрамы әлеуметтік саланың өкілдері ретіндегі адамдармен ғана байланысты.

Техникалық және әлеуметтік нормалар өзара тығыз байланыстылықта болады. Нақты айтқанда, қоғам үшін маңызды техникалық нормаларды мемлекет пен құқық қолдайды, нәтижесінде олар белгілі бір заңды салдарды туындататын, жалпыға міндетті техникалық-заңды жүріс-тұрыс ережелеріне айналады. Мысалы, қылмыстық заңнама құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу әрекеттері үшін жауапкершілікті көздейді.

2. Құқық пен моральдың арақатынасы. Мораль-бұл адамдардың жүріс-тұрысын жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалардың жүйесі. Құқық-бұл мемлекетпен орнықтырылған және қамтамысыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.

Құқық пен моральдың ортақ белгілері:

1) әлеуметтік нормалар жүйесінде олар қоғамға ең кеңінен таралған, кешенді нормалар болып табылады;

2) Олардың реттеу объектісі біреу-қоғамдық қатынастар;

3) олар түп негізінде қоғамның өзінен туындайды.

Құқық пен моральдың арасындағы айырмашылықтар төмендегідей:

1) пайда болуы бойынша: егер мораль қоғаммен бірге пайда болса, құқық мемлекетпен бірге пайда болады;

2) көріну нысаны бойынша: мораль қоғамдық қатынастардан көрініс тапса, құқық жазбаша нысандағы арнайы нормативтік актілерден көрініс табады;

3) әрекет ету саласы бойынша: мораль барлық қоғамдық қатынастарды реттей алады, ал құқық аса маңызды және өзі реттей алатын қоғамдық қатынастарды ғана реттейді;

4) күшіне ену мерзімі бойынша: моральдық нормалар олардың түсіну барысында күшіне енсе, құқықтық нормалар нақты анықталған мерзімде күшіне енеді;

5) қамтамасыз ету тәсілі бойынша: моральдық нормалар қоғамдық әсер ету шараларымен қамтамасыз етілсе, құқықтық нормалар мемлекеттік әсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі;

6) бағалау негізі бойынша: моральдық нормалар қоғамдық қатынастарды жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттесе, құқықтық нормалар оларды заңдылық пен заңсыздық, құқыққа сәйкестік пен құқыққа қайшылық тұрғысынан реттейді.

3. Құқық және діни нормалар. Діни нормалар деп әртүрлі діндермен орнықтырлған және осы дінге сенуші тұлғаларға міндетті болып табылатын ережелерді атайды. Олар әртүрлі діни кітаптарда көрініс тапқан: Құранда, Інжілде, Тәуратта, буддистердің діни кітаптарында және т. б. Бұл нормалар діни бірлестіктердің ұйымдастырылуының және қызмет етунің тәртібін анықтайды, діни рәсімдерді орындау, шіркеулік қызмет тәртіптерін реттейді.

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, бірқатар дәуірлерде діни нормалар заңды сипатты иеленіп, кейбір мемлекеттік, саяси, азамттық-құқықтық, отбасы-некелік және т. б. қатынастарды реттеген. Қазіргі кездегі бірқатар ислам мемлекеттерінде Құран мен Сүннет мұсылмандардың өмірінің барлық салаларын реттейтін діни, құқықтық және моральдық нормалардың негізі болып табылады.

Діни ұйымдар орнықтырған нормалар бірқатар қатынастарда қолданыстағы құқықпен тығыз байланысқа түседі. Мысалы, Конституция әрбір адамға ар-ождан бостандығын, кез-келген дінге еркін түрде сену құқығын кепілдей отырып, діни ұйымдардың қызметінің құқықтық негізін бекітеді. Діни бірлестіктерге заңды тұлға мәртебесі берілуі мүмкін. Олар шіркеулерге, оқу орындарына иелік етуге құқылы.



Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы 3 страница | Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы 5 страница

Булгакова Д. а. | Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы 1 страница | Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы 2 страница | Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы 6 страница | Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы 7 страница | Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы 8 страница | Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы 9 страница |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати