Головна

AD - AS» үлгісіндегі экономикалық өсу қалай қорінеді?

  1. Азақстан Республикасындағы экономикалық өсудің негізгі белгілері қандай?
  2. Азақстан Республикасының банк жүйесінің экономикалық мәні мен сипаты.
  3. Апта. Сабақтың тақырыбы: Экономикалық теорияның пәні және әдістері.
  4. атерлі өспелердің инвазиялық (инфилтрациялық) өсуінің патогенезінде маңызы бар
  5. Атерлі өспелердің инвазиялық (инфилтрациялық) өсуінің патогенезінде маңызы бар
  6. Лекция Экономикалық теория пәні мен оның негізгі бағыттары

А AS қисығының солға жылжуы;

B) AD қисығының оңға жылжуы;

C) AD қисығының солға жылжуы;

D) AS қисығының оңға жылжуы;

E) AS қисығының өзгеріссіздігі.

Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар:

Нұсқа 1

І. макроэкономикалық тепе-теңдік мәселесін келесі үлгілер көмегімен бейнелеуге болады:

1) Кейнстік крест үлгісі;

2) Жиынтық сұраныс және жиынтықұсыныс үлгісі. Екі үлгінің айырмашылығы неде?

2. Төменде келтірілген тұжырымдардың қайсысын а) кеңестік бағыт; б) неоклассиктер пікіріне жатқызар едіңіз:

1) жинактау - бұл табыс функциясы;

2) жинақтау - пайыз функциясы;

3) инвестиция - бұл табыс функциясы;

4) инвестиция - пайыз функциясы;

5) баға мен номиналды жалақы икемді;

6) баға мен жалақы икемсіз.

3. Графикте жиынтық сүраныс қисығы (AD) берілген:

Анықтаңыз: абцисса және ордината осьтері нені білдіреді?

Нұсқа 2

1. С = 100 + 0,8 Ү тұтыну функциясы берілген.

Y С S MPC MPS M
         
         
         
         
         

а) көрсетшгсн таіэыс мәліметімен түғыну шьіғысы мең жинақтауды есептеңіз

б) тұтыну графигін құрыңыз;

в) тұтынуға шекті бейімділік пен жинақтауға шекті бейімділікті есептеңіз; ч

г) шығынның мультипликаторын есептеңіз.

Айталық сізде номиналды қ^ны 100 000 теңге құнды қағаз бар. Баға деңгейі 5%-ға жоғарылады. Сіздің қаржылық байлығыңыз қалай өзгереді және бұл ағымдағы табысты тұтынуға қалай әсер етеді?

3. Экономика төмендегі мәліметтермен бейнеленген:Ү=С + І;С= 100 + 0,2 Ү; 1=60 ақша бірлігі.

а) табыстың тепе-тең деңгейін;

б) тұтыну мен жинақтаудың тепе-тең деңгейін анықтаңыздар.

Жазбаша сұрақ

1. мына екі жағдайды салыстырыңыз және шекті пайдалылық теориясы тұрғысынан түсіндіріңіз. Саяхатқа шыққан турист топтан артта қалып, шөлде адасты. Ол үшін осы жағдайда бір стакан су немесе алтын бұйымның қайсысы ең бағалы болмақ?

2. шекті айдалылық теориясының төмендеу заңына сәйкес тұтынылатын игіліктер саны өскен сайын осы игіліктердің әрбір бірлігінің пайдалылығы мен қажеттіліктермен қанағаттану азаяды. Мысалы, тұтынушы нанды тағам ретінде күнде тұтынады. Бірақ адамның нанға қатысты қажеттілігі азаймайды. Неліктен? Осындай жағдай наннан басқа қандай тұтыну игіліктеріне тән?

3.Қазақстан Республикасы экономикасында бірнеше монополия қызмет етуде. Олардың кейбірі жалпы тепе-теңдікті бұзады. Мысалы, Казтелеком басылым өнімдерінің бағаларын айтарлықтай көтерді. Осы жағдай басылым өнімдеріне жазылу мен басылым өнімдерінің таралу көлемін айтарлықтай азайтты. Осы жағдайда ұлттық шаруашылықтың тепе-теңдігінің бұзылу себебі басылым өнімдерінің көлемінің азаюы емес, басылым өнімдерін тарату қызметіне бағалардың өзгеруі болып табылады. Мемлекет нарықтық экономиканың заңдарын бұзбай қандай шара қолдана алады?

4.Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеттінің кірістер бөлігінің маңызды көзі болып мұнай экспортынан түсетін табыс болып табылады. Бюджеттің осы кіріс көзін макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ететін құрал ретінде қарастыруға бола ма?

5. сұраным мөлшеріне табыс эффектісі ( сатып алушының өзгеріссіз ақшалай табысы мен тауар және қызметтер бағаларының деңгейі төмендеген жағдайында ) және алмастыру эффектісі ( сатып алушылардың қымбат тұратын тауарларды басқа арзандаған тауарлармен алмастырған жағдайда ) қалай әсер ететінін түсіндіріңіз және мысалдар келтіріңіз.

6. ТМД елдерінде экономикалық өсуді қамтамасыз етуде кедергі келтіріп отырған кәсіпорындардың бір біріне қарыз болуы. Осыған қатысты көптеген экономистер аз мөлшерде ақша эмиссиясын қолдануды ұсынады. Осы шараның экономикалық, сонымен бірге әлеуметтік -саяси салдарларын назарда ұстағанда сіздің көзқарасыңыз қандай?

7. Бұрынғы Кеңес Одағында экономикалық тепе-теңдік тұрғындардың тұт. ынысының төменгі деңгейін өндіріс саласына арналған инвестицияның жоғары деңгейімен орынын толтыру негізінде қамтамасыз етілді. Осы жағдайға қысқа уақыт және ұзақ уақыт кезеңдеріне қатысты баға беріңіз.

8. мына жағдайлар бойынша сұраныс заңының ерекшеліктерін түсіндіріңіз. а) Инфляция - ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің төмендеуі. Осы құбылыс товарлардың барлық ақшалай бағаларының өсуіне әкеледі. Бірақ нарықтық экономика өздігінен, инфляцияға байланыссыз көптеген факторлардың әсерінен бағалардың үнемі қозғалысын тудырады. Осы жағдайда сұраным мөлшерінің өзгеруін шақыруға тиісті белгілі бір товарға бағаның өсуі бағаның нарықтық немесе инфляциялық өсуімен болғандығын қалай анықтауға болатындығына қатысты мәселесі туындайды. Товар бағасының осы екі түрде өсуінің қосылуы - инфляциялық және нарықтық сұраным заңының іс-әрекетін күрделендіреді. Сонымен қатар олар қарама-қарсы бағыттарда жиі әсер етеді , яғни инфляция товардың ақшалай бағасының көтерілуіне , ал техникалық прогресс пен нарықтық конъюнктура оның төмендеуіне мәжбүр етеді.

9. Ірі фирмалар өздерінің іс-әрекет көлеміне қатысты тиімді жағдайда, яғни шағын фирмалармен салыстырғанда шығындарға қатысты артықшылықта болады. Сонымен қатар шағын фирмалардың да белгілі бір жағдайларда тиімді жұмыс жасауына мүмкіндіктер болады. Осындай салада шағын фирмалардың өміршеңдігін қандай жағдайлар туғызады?

10. фирма іс-әрекетінің жалғыз экономикалық тиімді көлемі қандай жағдайларда болады?

11. нарықтық сұраныс пен ұсынымның өзгеру процесі сала ішінде үлкен және шағын фирмалардың ролдерін қайта бөлуге әсер етеді?

12. мысалға, Қазақстан Республикасында жағымды инвестициялық ахуал қалыптасты. Осыған қатысты елге шетел инвестициясының тартылуы өсуде. Осы жағдай шетелдіктердің біздің экономикамыздың үстінен бақылау жасауын білдіре ме? Ел экономикасына шетел инвестициясын тартуды көбейтудің ел үшін қандай ұтысы және ұтылымы болуы мүмкін? Осы көрсетілген тенденцияға экономика сферасында үкімет қандай шаралар арқылы әсер ете алады?

13.Ішкі және сыртқы экономикалық мәселелерді шешуде Қазақстан Республикасы үшін шетел капиталын тартудың қандай әдістері ең тиімді болыып табылады? Тікелей шетел инвестициясы ма? Халықаралық коммерциялық банктердің заемдары ма? Халықаралық қаржы мекемелерінің сыртқы заемдары ма?

14.Ұлттық есепшоттың негізінде шешілетін міндеттердің бірі негізгі экономикалық өзара байланыстарды және экономиканың құрылымын көрсету болып табылады. Осыған қатысты қандай көрсеткіштерді анықтау қажет?

15.Ұлттық есепшоттың негізгі міндеті қаржы ресурстарының қалыптасуы мен қолданылуын көрсету болып табылады. Осыған қатысты үй шаруашылығының және ұсақ кәсіпорындардың ( ұсақ фирмалардың, шағын магазиндер мен шеберханалардың иегерлері үй шаруашылығы болып табылған жағдайда) қандай шығындары сізге белгілі? Үй шаруашылығының кіріс көздерін атаңыз.

8-апта. Сабақтың тақырыбы: Экономикалық циклдар. Инфляция және жұмыссыздық.

Үй тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Экономикалық цикл дегеніміз не?

2. Экономикалық циклдың болу себептері қандай?

3. Циклдың қандай түрлерін білесіз?

4. Циклдық толқулардың әртүрлі мерзімді қамту себептері неде?

5. Жұмыссыздар дсп кімдерді айтамыз?

6. Жұмыссыздық деңгейін қалай анықтауға болады?

7. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің мәні қандай жағдаймен анықталады?

8. Инфляцияның пайда болу себептері қандай факторларға байланысты?

9. Инфляцияның түрлерін жіктеп, ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

10. Филипс қисық сызығының мәні неде?

Дәріс сабағындағы тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1. Өнеркәсіптік циклдың мәнін келесі сатылардың болуы сипаттайды:

А) дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу;

ВІ экспансия, рецессия;

С) төмендеу, өсу;

Д) жандану, өрлеу, бум, максималды құлдырау нүктесі;

Е) дағдарыс және құлдырау.

2. Циклдық даму- бұл:

A) макроэкономикалық тепе-тендіктің келесі тепе-теңдікке қөзғалысы;

B) экономикалық жүйеге кездейсоқ құбылыстардың әсері (импульс, шок);

C) төлем қабілеттілігі бар сұраныспен салыстырғандатовардың артық өндірілуі;

Д) өндіріс тоқырауының салыстырмалы кезеңі;

Е) экономиканың шеңбер бойымен көзғалысы.

3. Инфляция- бұл:

A) ақшаның құнсыздануы;

B) ақшаның сатып алу қабілетінің тусуі;

C) сұраныс және үсыныстың теңсіздігі;

Д) халықтың өмір сүру денгейінің төмендеуі;

Е) барлық жауаптар дұрыс.

4. Болжамсыз инфляция әдетте:

A) экономикалық шығындалудың болмауынан;

B) экономика тиімділігінің төмендеуімен;

C) табыс және байлықтың қайта бөлінуімен сипатталады;

D) Д) дұрыс жауаптары В), С);

Е) өндірістің құлдырауынаи.

5.Үдемелі инфляция кезецінде пайыздық қойылым;

A) төмендейді, өйткені ақша бағасы түседі;

B) төмендсйді, ойткені жұмысбастылық деңгейі түссді;

C) өседі, өйткені ақша бағасы түседі;

Д) өседі, ойткені жұмысбастылық деңгейі түседі;

Е) төмендейді, ойткені өндіріс деңгейі қүлдыраған (түскен).

6. Ұсыныс инфляциясы:

A) жиынтық сүраныс қисығының солға жылжуы;

B) жиынтық сүраныс қисығының оңға жылжуы;

C) жиынтық үсыныс кисығының солға жылжуы;

Д) жиынтық үсыныс кисығының оңға жылжуы;

Е) жиынтық үсыныс қисығының солға, темен жылжуы.

7. артық сұраныс нәтижесіндегі инфляция:

A) жиынтық сұраныс қисығының солға жылжуы;

B) жиынтык, сұраныс қисығының оңға жылжуы;

C) жиынтық ұсыныс қисығының солға жылжуы;

Д) жиынтық ұсыныс қисығының оңға жылжуы нәтижесінде пайда болады;

Е) барлық жауаптар дұрыс емес.

Нұсқа 2



Жұмыс құні деген үғым қай қоғамда пайда болған? | Жұмыспен толыққамтамасыз етілген жағдайда фрикциондық жұмыссыздық деңгейі қандай болу керек?

Syllabus | Апта. Сабақтың тақырыбы: Экономикалық теорияның пәні және әдістері. | Экономикалық ресурстар категориясын қалай түсінесіз? | Экономика - бұл күрделі, жүйелі құбылыс, өйткені | Апта. Сабақтың тақырыбы: Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы. | Тауардың шекті пайдалылығы қалай анықталады? | Жеке меншіктің қайшылығы неде? | Жеке меншіктің артықшылығы неде? | Апта. Сабақтың тақырыбы: Қоғамдық шаруашылықтың нысандары. Тауарлы өндіріс Ақша. | Девальвация дегеніміз не? |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати