Головна

Азақстандағы екі деңгейлі мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі

  1. ASTANA MOTORS" АҚ қаржылық-экономикалық дамуы
  2. E) мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды зерттеуі үшін қолданылатын айла-тәсілдер
  3. Азақстан Республикасының қаржылық құқығы құқық саласы ретінде.
  4. Азақстан Республикасының банк жүйесінің экономикалық мәні мен сипаты.
  5. Азақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдастырылуы: эволюциясы, конституция негіздері.
  6. Азақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы.

Екі деңгейлі жүйе Қазақстан үшін де лайықты болды. Сондықтан Ресейдің Есеп Палатасымен бірге 1996 жылы Қазақстанда республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитеті құрылды. Ол тікелей Қазақстан Республикасының Президентіне бағынады.

Есеп комитетінің құрамы мен қағидаттарын және қызмет бағытын анықтайтын құқықтық-нормативтік акт - конституция болып табылады. Комитет құрамын Президент пен Парламент анықтайтын, 9 адамнан тұратын, 5 жылға сайланған тәуелсіз орган болып табылады.

Есеп комитетімен қатар бақылау жұмысын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті атқарады. Оның функциялары келесідей: республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің бюджет заңнамасының талаптарын орындауына бақылау жасау, рұқсат етілген бюджет қаражаттарын мақсатты жұмсауына бақылау жасау, бюджет қаражаттарының кірістері мен шығыстарына кешенді тексеріс жүргізу, белгіленген республикалық бюджеттік бағдарламалардың экономикалық тиімділігі мен мақсаттылығын бағалау.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінде орын алатын басқа да мемлекеттік қаржылық бақылаушы органдар жайлы алдыңғы бөлімде айтылған болатын. Ал есеп комитеті мен Қаржы министрлігі қазіргі кездегі бақылаушы органдардың маңыздылары болып табылады.

2005 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі жұмыс істей бастады. Оның қабылдануы барлық мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметінің құқықтық базасын жасауға негіз болды.

Бюджет кодексіне енгізілген нормаларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004жылдың 30-шы қарашасындағы №1246 қаулысы бойынша ішкішаруашылық бақылауды жүргізу ережелері белгіленген. Ережелер бақылау жүргізуді жоспарлау мәселелері, ішкішаруашылық бақылауды жүргізу және тексеру нәтижесі бойынша есеп беру тәртібі жайлы тұжырымдайды.

Қазіргі кезде мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі күрделі ұйымдастырушылық өзгерістер енгізу кезеңінде. Қазақстанның әлемдік экономикалық қауымдастыққа интеграциялануына байланысты мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметі халықаралық стандарттарға сәйкес болуы тиіс. Осыған орай, бақылау объектісі мен материалы бойынша толымды ақпараттық деректер базасын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар заң жүзінде ережелермен реттелген және комитеттің бақылау нәтижесі бойынша есебінің көрінісі максималды түрде жіктелген.

Бақылау жұмыстарын жүргізу, үйлестіру және өңдеу процестерін жоспарлауды ақпараттандыру бақылау объектісінде қаржылық проблемалардың пайда болуын тудыратын факторларды анықтау мен жоюға жұмсалатын бюджет қаражаттарының мақсатты және тиімді пайдаланылуына анализ жасау мүмкіндігін береді.

Комитеттің 2004 жылғы бақылау қызметі келесі көрсеткіштермен сипатталады: 6078 объектіні бақылау нәтижесінде анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 12446,1 млн. тг құрады. Бұзушылықтарды талдау барысында олардың түрлері бойынша соңғы үш жылда бюджет қаражаттарының мақсатсыз, әрі тиімсіз пайдаланылуының ұлғаюы байқалды. Сонымен қатар, заңға сәйкес келмейтін шығындардың өсуі және бюджетке төленетін төлемдерден жалтарыну көлемі артқаны да байқалды.

2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы бақылау объектілерінің саны 7%-ке, ал анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 6%-ке көбейген. 2002 жылға қарағанда тексерістер көлемі 15%-ке азайған. Осыған қарамастан анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 2,5 есе өскен. Мұндай үйлесімсіздік комитеттің бақылау қызметін ұйымдастырудың өзгеруімен түсіндіріледі. Яғни тексерістің барлық түрлерін жүргізуге жалпы тәсіл қолданылады және кешенді тексерістер жүргізу көлемі ұлғайған.

Комитет қызметінің басты міндеттеріне барынша көп бюджет бағдарламаларын бақылаумен қамту жүктелген. Бақылау объектісінің есептері шығындардың заңдылығы бойынша тексеріледі.

 



© um.co.ua - учбові матеріали та реферати