На головну

Тақырып. Шынжырлы тартым органы бар конвейер динамикасы

  1. II. Органы межотраслевой и специальной компетенции
  2. N При односторонней волне более благоприятными являются горизонтальное положение конвейера, пологая форма и возможно большая скорость циркуляции припоя.
  3. Верховное руководство вооруженными силами осуществляют высшие представительные органы государственной власти, глава государства или глава правительства.
  4. Военно-следственные органы обеспечиваются служебными помещениями, средствами связи за счет Вооруженных Сил.
  5. Выборы депутатов и должностных лиц в органы местного самоуправления (организация и порядок проведения).
  6. Высшие органы государственной власти в Республике Беларусь
  7. Генеративные органы покрытосеменных растений. Цветок, его строение и функции. Соцветия.

Шынжырлы конвейер жұмысы жетек жұлдызшасының айналу жылдамдығы бірқалыпты болғандағы шынжырдың пульстік қозғалысымен сипатталады. Бұның себебі шынжырдың набегание радиусының жетекші жұлдызшаға өзгеруі болып табылады. R -ден R· -ге дейін. ( 9.1сурет).

Іске қосу кезіндегі шындырдағы динамикалық күш:

Sд. п = mk·D·ε/(2Up), (9.1)

Мұнда: mk - конвейердің жетекші массасы; D - жұлдызша диаметрі; Up -бәсеңдеткіштің беріліс саны ; ε- жетектің бұрыштық үдеуі:

ε = (Mп. ср - Мс)/Jпр. (9.2)

Мұнда Mп. ср - қозғалтқыштың орта іске қосу моменті; Мс - қозғалтқышқа келтіретін статикалық моменті; Jпр - барлық қозғалыс массасының инерциалық моменті.

9.1 - сурет. шынжырлы жетектің динамикасының есептік сұлбасы.

Іске қосу кезіндегі шынжырдың үдеуі :

а = dυ/dt = d(ωRcosφ)/dt=-ωsinφdφ/dt=-ω2Rsinφ.

Шынжырдың үдеуі синусоидалы тәуелділікпен өзгереді. φ = α/2 - кезінде оның максимум мәні:

amax=±2π2·υ2/(z02·ρ)= ± 2π2υ2/( z02D), (9.3)

Мұнда z0 -жұлдызша тістерінің саны; D - диаметрі.

Бұл үдеудің болуы шынжырда яғни шынжырға эквивалент серпімді стержень берілген ортада υ (м/с) дыбыс жылдамдығымен оның бойымен таралатын динамикалық деформацияны туғызады.

υ = ,

Мұнда Ец -эквивалентті стерженнің бойлық серпімділік модулі; ρц - серпімді тақтайдағы эквивалентті стержень тығыздығы.

Күш шынжырға тез арада соғуды туғызып түскенде , динамикалық жүктеме келесідей болады.

Sд. ц= 4mпр·аmax, (9.4)

Ал динамикалық есептік жүктеме:

Sд= 4mпр·аmax- mпр·аmax = 3mпр·аmax, (9.5)

Мұнда mпр -шынжырлы конвейерге келтірілген масса mпр = (mг+λmk)·L.

Мұнда mг және mk - конвейердің қозғалыс бөліктерін және жүктің пагонды массалары; L - конвейер массасы; λ - тербеліс қозғалысындағы кері тарамдардың массасын ескеретін коэффициент.

(9.5) формулаға аmax мәнін қойып , динамикалық күшке келесіні аламыз:

Sд = 6(πυ/Z0)2·L·mпр/ρ.

Шынжырлы конвейерде динамикалық жүктемені төмендету үшін шынжырдың біркелкі жылдамдығын тудыратын теңдікті жетекті қолданады. ( 9.2-сурет).

9.2 -сурет. теңдік жетегінің сұлбасы

Шеңберлі емес тісті дөңгелегі бар 2 теңдік жетегіне ( 10.2, а -сурет) впадина саны тартым жұлдызшасының 3 тістерінің санына тең. Бұл жұлдызша ауыспалы жылдамдықпен айналады және конвейердің шынжырының 4 тұрақты жылдамдықпен қамтамасыз етеді.

Қысқа буынды шынжырлы берілісі 1 бар теңдік механизмі тартым шынжырының 4 жылдамдығымен қамтамасыз етеді.

Негізгі әдебиет [5, с. 72...74]

Қосымша әдебиет [10, с. 342...346]

Бақылау сұрақтары:

1. Шынжырлы конвейерлерде шынжырдың пульстік қозғалысының себебін ата.

2. Конвейердің шынжырындағы динамикалық күштердің туындысын жаз.

3. Динамикалық жүктемені төмендету үшін шынжырлы конвейерлерде қандай шаралар қарастырывлады?

 



Тақырып. Конвейер таспасындағы динамикалық күштер мен толқынды үрдістер | Тақырып. Шынжырлы конвейердің тартым элементінің қозғалыс теңдеуі

Тақырып. Кiрiспе. Көлiктік техниканың жұмыс процессі кезінде пайда болатын динамикалық жүктемелер. | Тақырып. Машиналар және тетiктердiң динамикасының ортақ теңдеулерi | Тақырып.Өтпелі жұмыс режиміндегі таспалы конвейнрлердің динамикасы. | Тақырып. Жер қазатын - тасымалдау машиналарының динамикасының негіздері | Тақырып. Қатаң ауыр кедергісі бар ЖҚТМ ара қатынасы. | Тақырып. Трактордың және автокөліктің қозғалыс теңдеуі | Тақырып. Машина-тракторлы агрегаттың орнатылмаған жүктемесі кезіндегі жетекші моментті анықтау | тақырып. Трактор және автокөліктің тербелістері туралы негізгі мәліметтер. Тербеліс теңдеуі |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати