Головна

Ықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.

  1. A) Мемлекеттің аумақтық құрылымы
  2. E) әкімшілік құқықтың функциясы болып табылатын құқықтық реттеуі әдісі
  3. А) Негізгі әдебиеттер
  4. Азақстан Республикасындағы экономикалық өсудің негізгі белгілері қандай?
  5. Азақстандағы саяси элитаның қалыптасуының құқықтық механизмдері.
  6. Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұны.
  7. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері.

Құқықтық мемлекет дегеніміз жеке адам және қоғам мүддесін корғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру ісі қоғамды демократияландыруға, құқықтық тәртіптің және заңдылық принциптерінің сақталуына негізделеді.

Құқықтық мемлекет - басқаша түсіндірсек ол жеке тұлға мен қоғамның құқықтары мен бостандықтарының құқықтық қорғалуын өзінің негізгі мақсаты етіп қойған мемлекетті айтады. Бұл мемлекет өз мақсатын орындауда төмендегідей қағидаттарға сүйенеді:

а) құқыктың басымдылығы;

б) адам мен азаматтың құқықтық қорғалуы;

в) мемлекеттік биліктің бөлінуі;

г) заң үстемдігі;

д) құқық пен заңның тұтастығы;

е) мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы;

ж) азаматтық коғамның орнауы;

з) қоғамның құқықтық мәдениетінің жоғары болып, оның құқықтық санасы деңгейінің биікке көтерілуі;

и) соттардың тәуелсіздігі;

к) антимонополиялық құрылымдардың тұрақты түрде қызмет істеуі.

Құқықтық мемлекетте барлық субъектілер өз әрекеттері бойынша жауапты және құқықтық тендікті сақтай отырып құрылуы тиіс. Сондықтан күкықтық мемлекетте субъектілердің әрекет ету қағидаттары төмендегідей болады:

а) "Заңда тікелей көрсетілген әрекеттерге ғана рұқсат берілген" қағидат мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға ғана қатысты болып келеді.

б) Құқық субъектілерінің қайсысына болсын атап-атап көрсеткенде азаматтар, занды тұлғалар мен басқалай да шаруашылық субъектілеріне қатысты "заңмен тікелей тыйым салынбағанның бәріне рүқсат етілген" қағидаты басшылыққа алынады.

Құқықтық мемлекеттің басты белгілерінің бірі азаматтық қоғамның орнығуы болып табылады.

Азаматтық қоғам дегеніміз имандылық, өнегелік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасылық қатынастар мен институттардың жиынтығы, осылардың көмегі арқылы жеке адамдар мен олардың топтарының мүдделері қанағаттандырылады.

Азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің негізі болып табылады. Азаматтық қоғам болмаса құқықтық мемлекет те болмайды.

"Азаматтық коғам" ұғымын өткен замандардың ұлы ойшылдары Аристотель, Цицерон, Г. Гроций, Т. Гоббс, Дж. Локк, Гегель, К. Маркс және т. Б. тұжырымдаған болатын.

Азаматтық коғамның негізгі идеясы адамның қоғамдағы басымдылық идеясы, адамның дербестік идеясы, өз әрекеттерін құқықты құрмет тұта отырып, ең алдымен өнеге мен имандылық қағидаттарына сүйене отырып жүзеге асыруға қабілетті болу идеясы. Сонымен бірге, азаматтық қоғамның болмысына мемлекет араласпауы тиіс, ал оның араласуы тек құқық бұзушылық болған жағдайда ғана болуы мүмкін.

Егер де азаматтық коғамның толық сипаттамасын жасауға талпынар болсақ, онда - азаматтық қоғам дегеніміз нақты адамға арнайы бағытталған, оның бойында құқықтық дәстүрлер мен заңдарға, жалпы ізгілік, имандылық, өнегелік идеяларына (мұраттарына) құрмет сезімін тудыратын, шығармашылық және кәсіпкерлік істер азаттығын (бостандығын) қамтамасыз ететін, ондай істерде сәттілікке жетуге мүмкіндіктер жасайтын, адам мен азамат құқықтарын жүзеге асыруда мемлекет әрекеттерін шектеу мен қадағалаудың тетіктерін (механизмдерін) табиғи түрде байланысты етіп жасайтын азат демократиялық құқықтық қоғам.

Азаматтық қоғам құрылым ретінде мына жүйелерден тұрады:

а) әлеуметтік;

б) экономикалық;

в) саяси;

г) рухани-мәдени;

д) ақпараттық.

Бұдан да толығырақ алғанда азаматтық коғамның күрылымы мынадай бөліктерден тұрады:

1. Мемлекеттік емес, әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік).

2. Мемлекетке тәуелді емес өндірушілер (жекеше фирмалар мен т. Б.).

3. Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер.

4. Саяси партиялар мен қозғалыстар.

5. Тәрбие беру аясы мен мемлекеттік емес білім беру.

6. Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары.

7. Отбасы.

8. Шіркеу, мешіт, және т. С. С.

Азаматтық қоғамның белгілері:

- адам және азаматтың құқықтары мен бостаңдықтарын ең толық түрде қамтамасыз ету;

- өзін-өзі басқаруы;

- оны құрайтын құрылымдар мен ондағы түрлі халық топтары арасында болатын бәсекелестік;

- қоғамдық пікірдің еркін түрде қалыптасуы және көппікірлілік (плюрализм);

- бүкіл жалпылык хабардар болу және ең алдымен ақпарат алуға адам құқықтарынын іс жүзінде жүзеге асырылуы;

- адамдардың тіршілік етуін қоғамның үйлестіруі (координация-келісімділік) қағидатына негізделеді (мемлекеттік аппаратта қызмет ету субординация қағидатына қарай құрылған. Бұл қоғамдағы болмыстың ұйымдастырылуынан айырмашылығы);

- экономиканың көп құрылымдығы (көп укладтығы);

- биліктің легитимділік пен демократиялық сипатта болуы;

- құқықтық мемлекет;

- мемлекеттің адамдарға лайықты деңгейде өмір сүруіне қажетті жағдайды қамтамасыз ететін пәрменді әлеуметтік саясатының болуы және т. Б.


 



Ық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы. | Азаматтық қоғам.

Мемлекеттің мәні және әлеуметтік функциясы. | Мемлекетті басқарудың нысаны | A) Мемлекеттің аумақтық құрылымы | Мемлекеттің саяси режимі | Мемлекеттің белгілері. | Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар. | Ық бұзушылықтың ұғымы және құрамы | Ықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері | Субъективті құқық және заңдық міндет. | Ық бұзушылықтың түрлері. |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати