загрузка...
загрузка...
На головну

HTML-құжатының негіздері

  1. HTML-құжатының түстік гаммасы.
  2. Интернеттің жұмыс істеу негіздері.
  3. Тақырып 1 Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру негіздері және олардың қаржы ортасының мазмұны
  4. Тақырып 2 Қаржы - несие шешімдерін қабылдауға қаржы-экономикалық есептеудің математикалық негіздері

HTML тілі World Wіde Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wіde Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wіde Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.Web-тораптарындағы құжаттардың негізгі форматы HTML тілі болып табылады. HTML (Hyper Marker Language) ағылшын тілінен аударғанда мына мағынаны білдіреді: гипермәтінді белгілеу тілі. Ол құжаттың бастапқы мәніне енгізілетін қарапайым командалар жиынынан тұрады, олар осы құжаттың экранда көрсетілуін басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кез келген мәтіндік редакторда даярланған құжаттар HTML форматы ретінде сақталғаннан кейін Web-бет түрінде бейнеленеді.

Гипермәтін- бұл қосымша элементереді басқару мақсатында ішінде екпінді элемент орналасқан мәтін түрі. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізуге, мәтінді безендіру және форматтау әрекеттерін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз.

Гипермәтінді бейнелеу үшін браузер деп аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Броузер-бұл Web-беттерін (гипермәтіндік беттерді ) қарауға негізделген программа (Internet Explorer, Netscape Navigator).

Графикалық, бейнелік және аудиомәліметтер жеке файлдарға жазылады да, құжат ішіндегі сілтемелерге сәйкес браузерлер оларды біртіндеп іске қосу қызметін атқарады. Файлдардағы мәліметтерді қабылдап, браузер оларды реттеп орналастырады да, HTML тілінің командалары арқылы мәтінге қажетті түстер енгізіп, терезе көлемін, мәтін қаріпі мен оның мөлшерін және т.б. әрекеттерді анықтап, нәтижесін экранда көрсетеді.

HTML файлдары *.htm немесе *.html деген кеңейтулер арқылы өрнектеледі. Оны құрастыру үшін «Қолданбалы» программасындағы Блокнотты пайдаланамыз. Ал оның нәтижесін көру үшін Microsoft Internet Explorer браузері қолданылады.

HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары белгі немесе тэг (tag) деп аталады. Тэг символдар тізбегінен тұрады. Тэгтердің көбісі ашылатын тэг <> және жабылатын тэг </> арқылы жазылады. HTML-құжаты әрқашан <HTML> тэгімен басаталады және </HTML> тэгімен аяқталады. Ал ары қарай беттің тақырыбы жазылады <HEAD>...</HEAD>, беттің атын анықтайтын тэгтер <TITLE>...</TITLE>. Тек енді <BODY>...</BODY> тэгтерінің ортасына өз ақпараттарыңызды, суреттеріңізді, видеофайлдарыңызды және аудиофайлдарыңызды орнатуға болады.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   Наступна

Йымдастыру кезеңі: -5 мин | Жергілікті және ауқымды желілер | Интернеттің жұмыс істеу негіздері. | WEB браузер | HTML-тізімін қолдану. Тізімдер. Тізімдер анықтамасы. | Lt;UL>параметрлерінің тэгі | HTML-құжатының түстік гаммасы. | HTML-құжатында суреттерді бейнелеу. | Мысал 3. | Кестелер |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати