Головна

Байланыс операторларының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара

  1. Абыса байланысқан сөз тіркестерін көрсетіңіз.
  2. Азақстандағы байланыс жүйелері
  3. алалық сымсыз байланыс тораптары
  4. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі
  5. Байланыс кәсіпорны әрбір келесі жылға өнім көлемін анықтайды.
  6. Денсаулық көрсеткіштерінің қоршаған ортаның ластанғандығымен байланысы

іс-қимылы:

1. Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерін, абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ аталған іс-шараларды жүргізу нысандары мен әдістерінің жария болуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттары үшін байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісе отырып уәкілетті орган айқындайды.

Байланыс операторлары байланыс желілерінде қажетті техникалық құралдарды орнатуға, өз жабдықтарының белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Өкіметі айқындайтын тәртіппен абоненттер туралы қызметтік ақпаратты екі жыл бойы жинау мен сақтауды жүзеге асыруға міндетті.

2. Ұялы байланыс операторлары өз желілерінде жұмыс істейтін абоненттік құрылғылардың сәйкестендіру кодтарының тізілімін жүргізуге міндетті.

Желіде сәйкестендіру кодтары бірдей бірнеше абоненттік құрылғы байқалған жағдайда, ұялы байланыс операторы бұл туралы Қазақстан Республикасының Өкіметі айқындайтын тәртіппен жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті органдарды хабардар етуге міндетті.

3. Байланыс құралдары жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кез келген байланыс желілері мен құралдарының қызметін тоқтата тұруға құқылы.

4. Байланыс операторларының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасы осы Заңға және Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес реттеледі.

5. Ұялы байланыс операторлары абоненттік құрылғы иесінің өтініші бойынша өз желісіндегі абоненттік құрылғының жұмысын сәйкестендіру коды бойынша тоқтата тұруға не оны қайта бастауға міндетті.

Бақылау сұрақтары:

1. ҚР-сында іс қазғаздары қай тілде жүргізіледі?

2. Іс қағаздарын жүргізу тәртібі қатаң сақтала ма?

3. ҚР-сында барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің міндеті неге байланысты?

Глоссарий:

Көрсеткіш Датчик Sensor
Шапшаң Оперативный Efficient
Оқтын-оқтын Периодически Periodically
Сұрыптаушылық Избирательность Selectivity
Байланыс Связь Affair, communication
Уәкілетті Уполномоченный Proxy
Сақтау Хранить Keep
Пайдалану Эксплуатация Exploitation, maintenance

СӨЖ:Іс қағаздарына Power Point дайындаңыз. (Өз қалауыңызға қарай алыңыз)

СОӨЖ: 1. Берілген мәтінді оқып, мазмұнын түсініп айту.

2. Туған-туысқаныңызға құттықтау хатын жазыңыз.

 



  29   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   Наступна

Білім және Конституция күні | ІІ баптан үзінді. | ХХІ ғасырдағы кәсіптік мамандарды даярлау | Глоссарий | Азақстандағы байланыс жүйелері | Факсимильді байланыс негізі | Глоссарий | Электр сыйымдылығы | Тапсырма: Берілген мәтіннен шылау арқылы немесе қосымша арқылы байланысқан тіркестерді бөліп жаз. | Жазық конденсатордың электр сыйымдылығы. |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати