Головна

Тарау. Барлық тыйымдарға қарамастан мәулітті ұйымдастыруды жалғастыратындарға ықыласты кеңес-насихат

  1. Мониторингтің барлық түрлерін ұйымдастырудың негізгі жолдары мен принциптері.
  2. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық нәрсе туралы білімге ие» деген сенім.
  3. Тарау. Қалыс қалатындарға әрі діндегі бұл жаңалықты (бидғатты) сөкпейтіндерге ықыласты кеңес
  4. Тарау. Аллаһ Тағала Құранмен бірге сол Құранды түсіндіретін Сүннетті де түсірді
  5. Тарау. Аллаһ Тағала бізге Құран мен Сүннетті сахабалар түсінгендей етіп түсінуді бұйырды
  6. Тарау. Діндегі жаңалық (бидғат) деген не және оның зияны неде?

Мұндай іс-шараларды ұйымдастырушылардың екі түрі болады:

1. Оларды өз еркімен және қалауларымен ұйымдастырушылар. Себебі, олар осыған материалдық немесе өзге мүдделері үшін құныққан.

2. Оларды ұйымдастыруда өз еркімен емес, оларға белгілі, жиі жағдайда азғантай-ақ қысым жасалғандықтан қатысатындар. Мұндайлардың материалдық қызығушылықтары жоқ, алайда оларды мазалайтын нәрсе - қолдарында бар жағдай-ды, мал-мүлікті, жұмысты сақтап қалу.

Алайда Аллаһ Тағаланың шариғатында біріншілері де, екіншілері де істеген амалдары үшін жауапкершілік пен күнә көтеріді. Себебі, олардың барлығын бір сипат, яғни бұл дүниені және ондағы бар нәрселерді болашақ өмірден және Аллаһтағы бар нәрселерден абзал көруі біріктіреді.

Мүмкін олар мына аяттар мен хадистерге құлақ салар:

1. Абу Хурайра Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Ал кім Исламда жаман әдет бастаса, сол өзі үшін де жазаны көтереді және осы әдетті орындауда өзіне ілескендердің барлығының да жазасын көтереді, әрі бұл олардың жазасын азайтпайды». Хадис сенімді (сахих);Муслим 1017.

Аллаһ былай деп айтты: «Олар өз жүгін Қиямет күні толығымен көтереді, сондай-ақ өздері адасушылыққа салған надандардың жүгін де. Олардың жүгі нендей жиіркенішті!»(16:25).

Аллаһ сондай-ақ: «Әрине, олар өз жүктерін де, онымен бірге басқа жүктерді де көтереді. Әлбетте, олар Қиямет күні жасама істерінен сұраққа тартылады»(29:13).

Және өзінің бидғатына шақыруда қаншалықты көп күш жұмсаса, оған соншалықты көп адам еретінін, ал бұл оның жағдайын одан сайын қиындатанын түсінбейтін адам нендей бақытсыз! Имам әл-Укайли «әд-Ду‟афа» 1/232 атты кітабында имам Юсуф ибн Асбаттың бір бидғатшыны адамдардың алдында сөккені туралы және масқара еткені туралы айтқан. Сонда сол жердегілердің біреуі оған: «Сен ғайбат пен өсек таратқаннан қорықпайсың ба?», - деп айтады. Ал Юсуф ибн Асбат: «Не үшін, уа, ақымақ? Мен бұл бидғатшыға оның ата-анасынан сүйіктірекпін. Өйткені мен адамдарды оның бидғатынан ескертемін, керісінше болған жағдайда, ол өзіне ілескендердің барлығының жүгін көтерер еді».

2. Аллаһтың құзырындағы нәрселер бұл дүниедегі бар нәрселерден жақсырақ және таусылмас, ал Аллаһтың жазасы (бұл дүниедегілердің жазасынан) қаталырақ әрі азаптырақ.

Аллаһ былай деп айтты: «Дүние тіршілігі ойын-сауық ғана. Әрине, Ақырет мекені тақуалар үшін жақсырақ. Сонда да түсінбейсіңдер ме?»(6:32).

Ол сондай-ақ былай деді: «Осындай Ақыретті беріп, дүние тіршілігін айырбастап алғандар, олардан азап жеңілдетілмейді де, оларға көмек те болмайды»(2:86).

Имам әш-Шәукани былай деген: «Аллаһтың Өз жаратылыстарындағы заңы осындай. Кім дінін сатып, мына дүниенің тамсандыратын сұлулықтарын қаласа, ерте ме, кеш пе қайғы-қасіреттен және зияннан басқа еш нәрсеге ие болмайды». «Әдаб ут-Таләб» 30-бет.

Имам Ибн әл-Қайим былай деген: «Білім иелерінен осы дүниені абзал көріп, оны сүйіп қалған кез келген (адам) өзінің пәтуалар мен үкімдерінде міндетті түрде өтірік жапсыра бастайды. Өйткені әлемдердің Раббысы - Аллаһтың үкімдері жиі жағдайда адамдардың, әсіресе билікке ие болғандарының немесе құмарлықтарына ергендерінің наздары мен қалауларына қайшы келеді. Мұндайлар ақиқатты қабыл алмай және оған кері жүрмей ешқашан өз қалауларын және ұмтылыстарын қанағаттандырмайды. Сондықтан да билік пен құмарлықтарға ілесуді сүйіп қалған кез келген ғалым міндетті түрде ақиқатты итеріп тастайды, әсіресе егер шариғаттан өзін ақтау үшін қармайтын кішкентай ғана нәрсе тапса. Міне, оның қалаулары мен өзін ақтау үшін келтіретін дәйексымақ нәрселері біріккен кезде, құмарлықтар еселеп көбейе түседі де, ақиқат көрінбей қалады, тіпті іс жүзінде ақиқат ашық және айқын болса да. Сол кезде ол шекараларды басып өтеді де, өзіне-өзі: «Мен кез келген уақытта тәубе жасап, қайтуға үлгеремін», - дейді. Солар және сол сияқтылар туралы Аллаһ былай деп айтты: «Бұл пайғамбарлардан кейін олардың орындарына намазды қойып, нәпсілеріне ергендер келді»(19:59), сондай-ақ: «Олардан кейін Кітапқа мұрагер болып, осы сапасыз дүниенің бұйымын алатын топ келіп отырады да: «Жуықта жарылқанамыз», - дейді. Тағы сондай нәрсе келсе, оны да ала береді. Олардан Аллаһқа байланысты шындықты ғана айтулары туралы Кітапта уәде алынбады ма? Ал олар ондағы нәрселерді оқымады ма? Негізінде, Ақырет тақуалар үшін хайырлы. Сонда да түсінбейсіңдер ме?»(7:169), - деді.

Бұл оларды Аллаһ туралы өтірік айтуға мәжбүрлейтін нәрсе. Олар Аллаһтың укім-қаулылары, Оның шариғаты және Оның діні қарама-қарсы жақта екенін білсе де, немесе осы нәрсе Аллаһтың үкімі, Оның шариғаты және оның діні болып табылатындығы туралы білмесе де: «Бұл - Аллаһтың үкім-қаулылары, Оның шариғаты және Оның діні» , - деп айтады. Сөйтіп кейде олар Аллаһ туралы білмеген нәрселерін, ал кейде Аллаһ туралы өтірік екендігін білетін нәрселерді айтады». «Әл-Фәуаид» 100-бет.

Олар Аллаһтың, Елшісінің өздеріне бергеніне разы болып: «Аллаһ бізге жеткілікті. Аллаһ және Елшісі бізге мәрхаметімен береді. Расында, біз Аллаһқа ынтықбыз», - дегені жақсырақ еді»(9:59).

«Аллаһ: «Бүгін шыншылдардың шындықтары пайда беретін бір күн. Оларға астарынан өзендер ағатын Жәннат бақтары әзірленген. Олар онда мәңгі қалады», - деп айтты. Аллаһ олардан разы болды, әрі олар да Аллаһтан разы болды. Бұл ірі жетістік!»(5:119).

Сондықтан Аллаһ былай деп айтты: «Шайтан сендерді кедейлікпен қорқытады да, арсыздықты әмір етеді. Ал Аллаһ сендерге өз қасынан жарылқауды, кеңшілікті уәде етеді. Аллаһ барлық нәрсені Қамтушы, Білуші»(2:268).

Имам әш-Шәукани былай деген: «Және кейбіреулер мемлекет тарапынан өздеріне қамтамасыз етілетін мал-мүлік пен лауазымнан болған өз үлесі туралы қам жеп, ақиқатты айтпайды және жария етпейді. Және сондықтан да олар қарапайым халықтың құрметіне ие болу үшін және олардың оны тастап қашатындарынан қорқып, адамдардың көбі ұстанатын нәрселеріне қайшы келетін ақиқатты айтпайды. Ал кейбіреулері мұндай жем дорбағада да (пайда көзіне де), мәртебеге де ие болмай, осы көптен бері тілеген үлес оған да мемлекет немесе адамдар тарапынан бір күні берілетінінен үміт етіп, ақиқатты айтпайды». «Адаб әт-Таләб уа мунтаха әл-араб» 41-бет.

Ал бидғатшылардың тарапынан болып жатқан қысыммен ақталатындарға келер болсақ, олар мына аяттар мен хадистерге құлақ салатын шығар:

Здері соққы жегеннен кейін Аллаһтың және Елшісінің нұсқауларын қабылдағандар. Олардың жақсылық істеп, тақуа болғандары үшін зор сыйлық бар. Оларға адамдар: «Сендерге қарсы ел жиналды, сондықтан олардан қорқыңдар», - деді. (Бұл сөз) олардың иманын арттырды да, олар: «Бізге Аллаһ жетіп асады, Ол нендей жақсы Қамқоршы және Сақтаушы», - деді. Сондықтан олар Аллаһтың нығметі және кеңшілігіне ие болып, бір сәтсіздікке ұшырамай, Аллаһтың ризалығына бөленіп, қайта оралды. Аллаһ зор кеңшілік иесі. Негізінен шайтан өз достарын қорқытады. Сондықтан олардан қорықпаңдар да, Менен қорқыңдар, егер мүмін болсаңдар»(3:172-175).

Ибн Аббас былай деп баяндайтын: «Бірде мен Пайғамбардың артында (ер тоқымда) отырғанымда, ол маған: «Уа, балам, мен саған бір сөздерді үйретейін: «Аллаһты (жүрегіңде) сақта және Аллаһ сені сақтайды. Аллаһты (жүрегіңде) сақта және сен Оны өз алдыңда табасың. Егер бір нәрсе сұрайтын болсаң, Аллаһтан сұра, егер көмек іздесең, оны Аллаһтан ізде. Және егер барлық адамдар саған бір нәрседе пайда келтіру үшін жиналса да, олар саған Аллаһ жазған нәрседен артық көмек бере алмайтынын, ал егер барлық адамдар саған зиян тигізу үшін жиналса, олар саған Аллаһ жазған нәрседен артық зиян тигізе алмайтынын біл. Қалам көтеріліп қойылды әрі жазулар (сиялар) құрғап болды», - деді».Хадис сенімді (сахих);Тирмизи 2516.



  22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   Наступна

Мәуліт - дінге енгізілген ең қауіпті жаңалықтардың (бидғаттардың) бірі | Және не үшін ханафи мазһабын ұстанушылар оны өткізбейді | Кіріспе | Тарау. Кез келген жүрек ақиқатты қабылдауға дайын бола бермейді | Арапайым имамнан «діни» немесе «рухани көсбасшыға» мәртебесіне дейін сапалы жаңа серпіліс жасау үмітімен мемлекетке жағуға ұмтылу. | Тарау. Кітап түсірілгенге дейін адамдар Аллаһтың разылығына қалай қол жеткізуді білмейтін | Тарау. Содан соң Аллаһ Тағала тура жолдың басшылығы ретінде Кітапты түсірді | Тарау. Аллаһ Тағала Құранмен бірге сол Құранды түсіндіретін Сүннетті де түсірді | Саған уахи етілгенге ілес. Сондай-ақ Аллаһ бір үкім бергенге дейін сабыр ет. Ол үкім берушілердің Қайырлысы»(10:109). | Сондай-ақ әрбір нәрсеге толық түсіндірме бердік»(17:12). |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати