Головна

Жүрек бұлшық етінің дамуы мен регенерациясы.

  1. Болуы, дамуы және маңызы
  2. Е) Терімшіліктің дамуы
  3. Медициналық психологтардың іс әрекетінің негізгі аспектілері
  4. Сүйектің шеміршектен дамуы
  5. Тарау. Кез келген жүрек ақиқатты қабылдауға дайын бола бермейді
  6. Экология пәнінің анықтамасы, мақсаттары, міндеттері және әдістері. Экология дамуының тарихы.

Сүтқоректілерде жүрек қос симметриялы орналасқан қан тамырлары түтік түрінде болады. Бұл ұрықтың үш қабатты пластинкалы түрге ие кезеңінде болады. Бұл түтіктер мезодерманың эктодермалы және висцеральді жапырақшаларының арасындағы кеңістікте орналасады. Даму процессі кезінде түтіктер бірігіп кетеді. Олар басқа қан тамырлары тәрізді мезенхималы шығу тегіне ие және эндокардқа бастама береді. Біріккен түтіктерді қоршаған мезодерма миоэпикардты пластинка деп аталады. Мезенхималы түтікке бағытталған ішкі бөлімнен миокард ал сыртқысынан-эпикард пайда болады.

Миокардтың қалыптасу процесінде мезодермальді клеткалар ұзарады және дифференциалданады; оларда саны өсіп тұратын миофибрилдер пайда болады; клеткалар арасында байланыстар қалыптасады, ендірмелі жолақтар пайда болады және клеткалар жиырылуы қабілетіне ие бола бастайды. П. П. Румянцевтің көрсетуі бойынша онтогенездің постнатальді процесінде кардиомиоциттер бөліну қабілетін сақтайды. Осымен бірге Z-жасақ аймағында миофибрильдердің үзілуі жүзеге асады. Әйткенмен, кардиомиоциттердің цитогенезі біртіндеп тежеледі. Егеуқұйрықтарда 5-7 тәуліктегі даму аралығында цитокенездің тежелуі нәтижесінде екі ядролы кардиомиоциттер пайда болады. Бұлшық ет клеткаларының ядролары эмбриональді кезеңінде циклден шығып қалады, яғни олар g○ немесе g, кезеңінде қалып қояды. Бұл клеткалардың плоидтылығы артады. Мезенхимадан бұлшық ет клеткалары қоршаған дәнекер қабаттар пайда болады. Бұлшық етке мезенхимамен бірге қан тамырлары мен нервтер де кіреді.

Жүрек бұлшық етінің зақымдануы кезінде, мысалы, инфаркт кезінде дәнекер ұлпасы арқылы регенерация жүзеге асады. Жүрек бұлшық етінің функциясының компенсациясы зақымдалған аймақты қоршаған бұлшық ет клеткаларының гипертрофиясы арқылы жүзеге асады.

Миокард зақымдалған кезде кардиомиоциттерде митоздың шығуын байқауға болады. Митоздар әсіресе сол жақ құлақшада, субэпикардиальді аймақта байқалады. Жүректің қарыншаларында олардың дамуынан кейін миокардиоциттер тимидинді қоса бастайды, қалыпты жағдайда қарыншалардың бұл клеткалары бөлінбейді. Бұл миокардта бағаналы клеткалардың болуымен байланысты.

Миокардта компенсация ішінен процестердің деңгейінде жүзеге асады; (гипертрофия және клетка ішілік регенерация), сонымен қатар клеткалардың пролеферациясы арқылы да жүзеге асады.

Бұлшықет ұлпасы жануарлардың және адамның организмдегі маманданған ұлпа. Осы бұлшықетті зерттейтін ілімді миология деп атайды. Негізгі ерекшелігі атқаратын қызметінде. Бұлшықет кеңістікте жиырылу, созылу процесіне қатысады. Организмде кеңістікте қозғау, жиырылу, қысқару қызметіне атқарады. Бұлшықеттің құрамында ерекше белоктар миозин (жуан) және актин (жіңішке) болады.

Омыртқалы жануарлардың бұлшықеті микроқұрылысына қарай тегіс және көлденең жолақты болып бөлінеді.

Организмде орналасуына қарай:

1. виссеральді (ішкі орган еттері)

2. соматикалық (қаңқа еттері)

3. жүрек бұлшықеті болып бөлінеді.

Бұлшықетті шығу тегіне қарай 3-ке бөлеміз. Бұлшықет ұлпасы эктодермадан және мезодермадан пайда болады.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   Наступна

Ысқаша дәрістер жинағы | Дәріс. Тақырыбы: "Цитология тарихы. Клетка теориясы" (2 сағат). | Клетка зерттеу әдістері | Электронды микроскоп. | Дәріс. Тақырыбы: "Цитоплазманың, плазматикалық мембрананың құрылысы және қызметі" (2 сағат). | Цитоплазма мембраналары | Клетка аралық байланыстар. | Эндоплазмалық тор | Пластидтер | Ішектің шырышты эпителийі |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати