Головна

Азіргі кезеңдегі ҚР кәсіпорындарының экологиялық проблемалары.

  1. Азақстан республикасындағы жер ресурстарының экологиялық жағдайы.
  2. Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық жағдайы
  3. Денсаулықтың және аурушаңдықтың экологиялық аспектілері
  4. Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері
  5. Казіргі кездегі аймақтық саясат ерекшеліктері.
  6. Ндіріс орындарында су ресурсын пайдалануда экологиялық сараптама

Қазақстан мұнай мен табиғи газға бай елдердің бірі. Қазіргі Атырау облысына жататын жерлерде мұнайдың бірінші фонтаны 1899 жылы Қарашұңқыр барлау алаңында атқыланды, кейін 1911 жылы Доссор, 1915 жылы Мақат, 1938 жылы сағыз, 1939 жылы Құлсары сияқты мұнай көздері іске қосылды. Арал төңірегінде де мұнай мен газдың үлкен қоры бар екені анықталды. Оның бірі Торғай ойысының оңтүстік шегінде, Құмкөл кен орыны. Болжам бойынша бұл жердегі мұнайдың қоры 350 млн. тонна болса, газдікі 100 млрд. м3.

Пайдасы мен бірге мұнай өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері де аз емес. Қоршаған ортаның ластануы іздеу - барлау және мұнай, газ өндіретін ұңғымалар (скважиналар) құрылысынан басталады. Бұл кездегі ластаушы көздерге бұрғылау қондырғыларында орнатылатын дизельдерден шығатын түтіндер, азот пен көміртек оксидтері, шаң, бұрғылау ерітнділері және т. Б. Бұрғы мұнарасынан 800 м алшақтыққа дейін топырақ және өсімдіктер бұрғылау сұйығымен ластанып, зардап шегетіні ғылыми түрде дәлелденген.

Мұнайды алғанда табиғатқа тиетін зардаптар мынандай:

Апатты жағдайлардың болуын азайту мақсатында көптеген шаралар қолдануға тиіс. Мысалы, коррозиямен күресудің нәтижелі жолдарын іздестіру және тасымалдау құбырларын жиі тексеру, жөндеу жұмыстарын уақытылы ұйымдастыру.

· Мұнайды жер бетіне шығару үшін біраз жер ресурстарының әртүрлі құрылыс объектілерін салуға айналымнан шеттелуі, жер сұрқының бұзылуы, ластануы.

· Ластаушы заттар бөлініп, атмосфераның, жер бетіндегі және жер астындағы сулардың, топырақтың олармен ластануы.

· Мұнаймен қоса жер бетіне минералды судың шығуы.

· Бұрғылауда шыққан қалдықтарды көму.

· Мұнайдың төгілуі.

Негізінде негативті әсерді мұнай шығаратын кәсіпорындар атмосфералық ауаға тигізеді. Осы өндірістен шығатын ластаушы компоненттерге көмірсутектері (48%), көміртек оксиді (33%), қатты затар (20%) жатады. Мұнай шығаратын өндірістер басқалармен салыстырғанда суды көп жұмсайтын болғандықтан, олардың суаттарға жіберетін ластанған ақаба суларының көлемі де жеткілікті.

 



  16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   Наступна

Gl] Тақырып 1. "Экология тұрақты даму" пәні [:]. | Экология пәнінің анықтамасы, мақсаттары, міндеттері және әдістері. Экология дамуының тарихы. | Экология бөлімдері : аутэкология, демэкология, эйдэкология, синэкология және т. Б. | Принциптер және әсер ету деңгейі. | Gl] Тақырып 3. В. И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі [:]. | Негізгі химиялық элементтердің биогеохимиялық айналымы. | Биотехносфера және ноосфера. Адамның биосфераға әсері. | Популяция түсінігі | Экожүйе түсінігі. Экожүйенің тұрақтылығы және түрлері | Биоценоз және экожүйе |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати