На головну

Мемлекеттік табиғи бақтар

  1. Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
  2. Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық жағдайы
  3. Оршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік органдары
  4. Табиғи ресурстар және олардың маңызы. Табиғи ресурстардың жіктелуі.
  5. Табиғи ресурстар мен ластағыштардың экологиялық есебі немесе жолдары

Қазақстанның мемлекеттік табиғи бақтарының (МТБ) сипаттамасы 4-кестеде келтірілген.


1-кесте - Мемлекеттік ұлттық табиғи бақтар сипаттамасы

МҰТБ атауы Құрылу негізі Құрылу мақсаты Орналасқан жері және шекаралары
«Алтын Емел» ҚР Үкіметінің 1996 ж. 10 сәуірдегі № 416 қаулысы Іле алабының экожүйелерін сақтау. Палеонтология ескерт-кіштерін қорғау. Орынды тынығу. Алматы облысының Кербұлақ және Панфилов аудандары. Жалпы ауданы - 209553 га. Батыс шекарасы - Шолақ, Матай және Дегерес тауларының бойымен, шығысы Қатутаудың шығыс шекарасы бойымен Іле өзеніне дейін, солтүстігі - Алтын Емел жотасы бойымен, оңтүстігі - Іле өзені бойымен өтеді.
Баянауыл ҚазКСР Министрлер Кеңесінің 1985 жылғы 12 тамыздағы № 276 қаулысы. Ерекше экологиялық, тыны-ғушылық және ғылыми құндылығы бар теңдессіз табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектілерді сақтау, қалпына келтіру және көп салалы пайдалану бойынша функция-ларды жүзеге асыру. Елеулі антропогенді қысым жағдайларында далалы аймақта орналасқан Баянауылдың интра-белдемдік таулы-орманды мас-сивтерін сақтау. Парктің жалпы ауданы 50,7 мың га, соның ішінде орманды ауданы - 18252 га. Бұл басым көпшілігін-де орман өсімдігі қаулаған, қатты қиылысқан бедері бар таулы-орманды шұрат. Жеңіл механикалық құрамды қоңыр-сарғылт топырақты құрғақ далалардың арасында құрғақ-далалық Ерементау-Баянауыл физика-географиялық шалғай жерінің шығыс шетінде орналасқан. Шалғай жер Орталық Қазақстанның байтақ солтүстік-шығыс бөлігін қамтиды. Оған Баянауыл типті көптеген жақпарлы аласа таулары бар қатты бөлінген ұсақ шоқылық бедердің басым болуы тән.
Іле-Алатау   ҚР Үкіметінің 1996 ж. 22 ақпандағы № 228 қаулысы. Күшті антропогенді қысым жағдайларында Іле өзенінің ар жағындағы Алатаудың теңдессіз экожүйелерін сақтау. Алматы облысының Қарасай, Талғар және Еңбекші қазақ аудандары. Жалпы ауданы 128856 га құрайды, соның ішінде - 42056 га орман қаулаған.
Қарқаралы   ҚР Үкіметінің 1998 ж. 1 желтоқсандағы. № 1212 қаулысы. Қарқаралы және Кент таулары-ның интрабелдемдік таулы-орманды массивтерінің сәл бұзылған экожүйелерін сақтау. Табиғатты қорғау, ғылыми, экологиялық-ағартушы, туристік, тыны, ушылық және шектелген шаруашылық мақсаттары. Орталық Қазақстанда, Қазақ ұсақ шоқылығының шығыс шетінде орналасқан. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы, Қарқаралы және Кент таулы массивтері. Ауданы - 90323 га, қосып берілген Қарқаралы мемлекеттік табиғи зоологиялық қаумалын қосқанда.
Қатон-Қарағай ҚР Үкіметінің 2001 ж. 17 шіл-дедегі № 970 қаулысы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағында. Ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және тынығушылық құндылығы бар Оңтүстік Алтай-дың теңдессіз табиғи кешендерін сақтау және қалпына келтіру. Негізгі міндеттері: 1) мемлекеттік табиғи-қорық қорын, биологиялық әр алуандылықты, ерекше экология-лық, тынығушылық және ғылыми құндылығы бар теңдессіз табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектілерді сақтау; 2) табиғи процестердің дамуын және экологиялық мониторинг жүргізуді табиғи күйінде зерделеу; 3) ғылымды, мәдениетті, ағарту және білім беру ісін дамыту мақсатында ұлттық бақтар аумағын мақсатты және ұтымды пайдалану; 4) ғылыми ұйымдар ұсыныс-тарының негізінде бұзылған табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектілерді қалпына келтіру; 5) халықтың экологиялық білімін ұйымдастыру, оқу экскурсия-лары мен сабақтарын, оқушылар мен студенттердің өндірістік практикаларын өткізу; 6) осы мақсаттарға арналған аймақтарда экологиялық туризм-ді, тынығуды, шектелген-шаруа-шылық қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру. Шығыс Қазақстан облысы, Қатон-Қарағай ауданы. ООПТ ауданы 643477 гектарды құрайды. Ұлттық бақтың аумағы деңгейінен 3000 метр жоғарыға жиі көтерілетін, көптеген жоталары бар таулы елді білдіретін, Оңтүстік Алтай ірі таулы өңірінің шекарасында орналасқан. Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына: Листвяга және Катун жоталарының оңтүстік шағын беткейлері (Белуха қ. оңтүстік және шығыс беткейлері), Қазақстан шекарасындағы биік таулы Укок үстіртінің жоғарғы бөлігі, Оңтүстік, Тарбағатай (Алтай) және Сарымсақты жоталары кіреді. Бақтың келесі шекаралары анықталған: Солтүстікте және шығыста: Ресеймен (Алтай); Оңтүстік-шығыста: Қытай Халық Республикасымен шектеседі; Батыста: шекарасы Фарпусная (Шуршутсу) өзенінің бойымен Медведка және Солдатово селоларына дейін өтеді. Оңтүстікте: шекарасы Оңтүстік Алтай жоталарының солтүстік беткейлері: Сарымсақты, Тарбағатай бойымен, Шыңғыстау орман шаруашы-лығының Мұз-Бел орманды саяжайының шекара-сымен және Қатон-Қарағай және Құршым аудан-дарының әкімшілік шекарасы бойымен оңтүстік-шығысында Қытаймен шекарасына дейін өтеді. Ең жоғары жоталары шығыстан батысқа қарай тізбекпен тартылған Катун, Оңтүстік Алтай, Тарбағатай (Алтай), Сарымсақты, Листвяга болып табылады. Катун және Оңтүстік Алтай жоталары биік таулығының бедері тік жартасты жоталары, мореналары, карлары, астау тәрізді аңғарлары бар биік тау типті. Басқа жоталар бедерінің аса тегіс сипаты бар. Жоталар мен жайпақ таулардың аса жоғары бөліктері ауқымды қарлы алаңқайлармен, кейде мұздықтармен жабылған. Мұнда қазіргі мұз басқан екі орталық орналасқан - Катун мұздықтары және көптеген таулы өзендерді қоректендіретін Оңтүстік Алтай жотасының шығыс бөлігінің мұздықтары. Ұлттық бақтың аумағы дамыған гидрографиялық торапты иеленеді. Өзінің бастауын биік орналасқан Укок жайпақ тауында бастайтын, Бұқтырма су қоймасын сумен қамтитын Бұқтырма өзені негізгі су магистралі болып табылады. Ұлттық бақ шекарасындағы негізгі ағыншалар - Калмачиха, Курту, Таутекелі, Белая Берель, Сахатушка, Фадиха, Тихая, Черновая, Каменушка, Сарымсақты, Белая өзендері. Ұлттық бақтың оңтүстік бөлігінде келесі өзендер аса маңызды болып табылады: оңтүстікке қарай ағатын Қара-Қаба, Арасан-Қаба, Ақ-Қаба. Қатон-Қарағай ұлттық бағының өзендерінде бірнеше көркем сарқырама бар: Көккөл, Рахман, Язовая өзеніндегі сарқырамалар.
«Көкшетау» ҚР Үкіметінің 1998 ж. 10 сәуірдегі № 415 қаулысы.   Көкшетау қыратының теңдессіз ормандарын сақтау. Өңірдің тынығушылық және курорттық потенциалын дамыту. Тарихи ескерткіштерді сақтау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жүйесін қорғау және оның әрі қарай дамуын қамтамасыз ету. Ақмола облысының Зеренді ауданы, Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы. Жалпы ауданы - 101148 га.
Шарын ҚР Үкіметінің 2004 ж. 23 ақпандағы № 213 қаулысы.   Теңдессіз табиғи объектілерді сақтау, табиғи ресурстардың түрлерін және пайдаланылу қарқындылығын реттейтін, табиғатты пайдаланудың ерекше режимін сақтау, тынығу жүктемелерінің және табиғаттың қалпына келтіру қабілеттерінің оңтайлы және сындарлы нормаларын айқындау. Алматы облысының Ұйғыр, Райымбек және Еңбекші қазақ аудандары. Жалпы ауданы - 93150 га, соның ішінде - орман қорының жерлері - 5014 га, "Шарын шетенді тоғайы" республикалық маңызды Мемлекеттік табиғат ескерткішін қосқанда.

 

 
 


2-кесте - Мемлекеттік табиғи қорықтар сипаттамасы

МТҚ атауы Құрылу негізі Құрылу мақсаты Орналасқан жері және шекаралары
Ақсу-Жабағылы - Орта Азия мен Қазақстанның тұңғыш қорығы, 1920 ж. ұйымдас-тырылған көне заман, табиғат пен өнер ескерткіш-терін қорғау жөніндегі Түркістан комитеті (қысқартылған түрде - Туркомстарис, ал 1927 ж. бастап - Средазкомстарис) Қорық аумағында табиғатты зерделеу өткен, ғасырдың аяғында - қазіргі ғасырдың басында басталды. 20-шы жылдары - қорыққа арналған аумақты тексеру кезеңі. 1935 ж. - қорық аумағын тұрақты зерделеу. 1951 ж. - 1926...1951 жж. «Табиғат шежіресінің» бірінші жиынтық томы. 1952 ж. бастап «Шежіренің» жыл сайынғы томдары шығарылады. 1968 ж. бастап Жабағылы өзенінің аңғарында 4 сынама алаң қаланған (діңі биік арша, бетегелі-әр түрлі шөпті дала, суббиік таулы шалғын). 1983 ж. тігінен - Қызылжар шатқалынан (1600 м) Қыша-Қайыңды (3000 м) жоьасынан дейін 13 тұрақты алаң салынған (өсімдіктің әр түрлі типтерін дамыту учаскелеріне тұсталған), оларда фенология, шөптің қалыңдылығы өнімділігінің динамикасы бойынша бақылау жүргізіледі, ағаштар мен бұталар картаға түсірілген. 1926...1935 жж. омыртқалы жануарлар дүниесі толық түгенделген, аумақ геология-палеонтологиялық тексерілген, флористикалық зерттеулер басталған. 1. Қорықтың және онымен шектес аумақтардың (қорғау аймағы) экожүйелерін сақтау және табиғи қалпына келтіру; 2. Өңірде экология-лық тепе-теңдікті қолдау, табиғи кешендер мен олардың компоненттерінің табиғи даму заңдылықтарын айқындау; 3. Табиғатты қорғау-дың және табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылыми негіздерін әзірлеу; 4. Экологиялық білім беру. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы Батыс Тянь-Шаньдағы Талас Алатауы жотасының батыс шетінде орналасқан. Қорық теңіз деңгейінен 1300 метрден 4200 м дейінгі биіктіктегі таулы учаскені алып жатыр. Оның солтүстік және батыс шекаралары 1300-1600 м деңгейінде Жабағылытау, Талас Алатауы және Угам жоталарының беткейлері бойымен өтеді, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қорық Қырғызстанмен және Өзбекстанмен Талас және Угам жоталарының биік таулары бойымен шектеседі. Қорықтың жалпы ауданы - 74 400 га.
         
МТҚ атауы Құрылу негізі Құрылу мақсаты Орналасқан жері және шекаралары
Алакөл «Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында Алакөл мемлекеттік табиғи қорығын ұйымдастыру туралы» ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі қаулысы. Қорық аумағы тарихи қалыптасқан су-батпақ кешенін білдіреді, ол біршама тұрақты гидрологиялық режиммен, теңдессіз гидрофлорамен және гидрофаунамен сипатталады және ұя салатын су-батпақ құстарының резерваты, олардың жаппай түлейтін орны және жылыстағанда аялдайтын маңызды орын болып табылады, ол арқылы жыл сайын суда жүзетін және су маңында тіршілік ететін жүздеген мың құстар жылыстайды. Қорық орнитологиялық және су-батпақты ретінде құрылған. Басты мақсаты шоғырланатын және суда жүзетін құстардың: шағалалардың (қара мойнақ, қарабас өгіз шағала, көл шағаласы), қарқылдақ шағалалардың (үлкен қарқылдақ, шағала мұрынды, қара, ақ қанатты, өзен шағаласы және кішкентай шағала), бұйра және қызғылт бірқазандардың, жалбағайдың, үлкен су құзғынның, сұр және ақ құтандардың, бақылдақ құтандардың, шалшықшылардың, үйректердің және т. б. ұя салатын маңызды және теңдессіз жерлерін сақтау болды. АГПЗ МСОП критерийлері бойынша 1А категориясына жатады. Қорықтың ауданы 20743 га құрайды. Екі учаскеден тұрады: Тентек өзенінің атырауында (17423 га) және Алакөл көлінің аралдарында (3320 га). Өлшемдері бойынша Қазақстанның ООПТ арасында ең кішкентай, оның ауданы Алакөл-Сасықкөл көлдері жүйесінің су қоймалары ауданынан 1%-дан кем ауданды алып жатыр. Алакөл-Сасықкөл көлдерінің жүйесі Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Жоңғар Алатауы мен Тарбағатай таулы жүйелері арасында ауданы 10 000 км2 жуық тау аралық көл шұңқырын алып жатыр. Тау алдындағы жазық (400...800 м) осы жотаның оңтүстік баурайының бойында Қаракөл, Егінсу, Үржар, Қатынсу, Емел және т. б. өзендердің аңғарларымен қиылысқан, 50...70 км дейінгі жолақты (ауданы 3200 км2) Алакөл және Сасықкөл көлдерінің солтүстік жағалауына дейін 180 км-ге созылады. Жергілікті жердің жазықтық сипатын жеке таулар (Жайтөбе, Балатөбе) бұзады. Қазаншұңқырдың солтүстік-шығыс бөлігінде көтеріліп тұрған Қарақастың жоталы массивтері алыс жазыққа шығатын Тарбағатай сілемдері болып табылады. Барлықтың жоталы-жонды сары топырақты тау алды (тең. деңг. 500-1100 м) мемлекеттік шекара бойында (Емел өзенінен Шуршут өзеніне дейін) 750 ш. км ауданды алып, 50 км-ге (ені 20 км дейін болғанда) созылады. Осы жотаның шөлденген тау алды (347...800 м) ұзындығы 180 км және ені 25 км дейін (солтүстік-батыста Сайқан тауы мен солтүстік-шығыста КХР-мен мемлекеттік шекарасы арасында) тар тау етегімен Алакөл көлінің оңтүстік-батыс жағалауына еңіспен түседі және ұсақ тасты шөлді (ауданы 2220 ш. км) білдіреді. «Жоңғар қақпалары» деп аталатын Барлық және Жоңғар Алатауы арасындағы таулы өткел Алакөл қазаншұңқырын Қытайдағы Эби-Нор қазаншұңқырымен жалғайды.
Алматы Алғаш рет 16.05.1931 ж. құрылған. 1951ж. қыркүйекте жабылған. Екінші рет 31.07.1961 ж. құрылған. 1964ж. «Алматы мемлекеттік қорығының шекараларын өзгерту туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 13.01.64 ж. №40 Қаулысымен оған Түрген және Талғар орман шаруашылық-тары жерлерінің қолданылатын жерлердің орнына жаңа алаң бөлінген болатын . Табиғи процестерді, типтік және теңдессіз экологиялық жүйелерді, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің биологиялық алуан түрлілігін және генетикалық қорын табиғи күйінде және дамуында сақтау және зерделеу бойынша функцияны жүзеге асыру үшін құрылған. Аумақтың жалпы ауданы 71 700 мың га құрайды, бүкіл аумақ қорықты қорғау режимінде. Іле өзенінің ар жағындағы Алатау Тянь-Шань жүйесінің шеткі солтүстік тізбегі болып табылады және Күнгей Алатау жотасымен бірге Солтүстік Тянь-Шаньды құрайды. Солтүстіктен Іле өзенінің ар жағындағы Алатау жотасы кең тектоникалық ойысты білдіретін Іле ойпаңымен шектелген, оңтүстігінде ол Шелек-Кемен немесе талғар таулы түйінін құрап, өзінің орталық бөлігінде қосылатын Күнгей Алатау жотасынан Шелек және Үлкен Кемен өзендерінің тар аңғарларымен бөлінген. Батыста Іле өзенінің ар жағындағы Алатау Қастек асуынан кейін Кеңдіктас қыраттары жүйесіне өтеді, шығысында Шелек өзенімен қиылысқан соң биік емес қырқалар жүйесімен аяқталады. Қорық аумағының негізгі бөлігі Іле өзенінің ар жағындағы Алатаудың солтүстік беткейінде орналасқан. Аумақтың батыс шекарасы - Сол Талғар өзені бойымен, солтүстігі - Оң Талғар өзені бойымен, ал шығысы Есік және Түрген өзендерінің аңғарларын бөлетін биік сілем айдары бойымен өтеді. Қорық тың батыстан шығысқа қарай шекарасының ұзындығы 32 км-ден астам болады. Қорықтың қалған аумағы Тоғызақ асуының жанында және Богатырь мұздығы арқылы, Шелек өзенінің жоғарғы ағысымен Қосбұлақ-2 және Тамшы өзендері арасындағы сілемге дейін өтеді. Көршілес Кетмен, Күнгей Алатау, Қырғыз, Талас және басқа жоталармен бірге, Іле өзенінің ар жағындағы Алатау Солтүстік Тянь-Шань провинциясына жатады.
Барса келмес[1] 1939 ж. ұйымдас-тырылды. Алғашқы жыл-дары қорықта 1929 ж. әкелінген ақбөкендер қор-ғалған. Құлан-дарды 1953 ж. әкелді. Осы уақытқа қарай аралда ақбөкен-дер, қарақұйрық-тар, сұр түсті қояндар, саршұ-нақ құм тышқан, қырғауылдар және сұр шілдер болды. Негізгі қорғау объекті-лері құландар, қарақұйрықтар болды. Арал 1848 ж. тамызда ғылыми түрде ашылды. 1963 ж. ботаникалық, сонан соң кешенді эколо-гиялық зерттеу-лер басталды. Табиғи процестерді, типтік және теңдессіз экологиялық жүйелерді, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің биологиялық алуан түрлілігін және генетикалық қорын табиғи күйінде және дамуында сақтау және зерделеу бойынша функцияны жүзеге асыру үшін, жануарлар мен өсімдіктердің жоғалып кеткен түрлерін қорғау. Құландарды өсіру, қашырлар алу үшін оларды жылқылармен будандастыру. Бірақ бұл жоспарлардың жүзеге асырылуына соғыс кедергі жасады. Бұрынғы уақытта онда қорық орналасқан Барса келмес Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігінде болған. Бұл Қызылорда облысының Арал ауданы аумағының құрамына кіретін, Аралдың көлемі бойынша екінші аралы болды. Арал бойлық бағытта 30 км-ге созылып жатыр, қазір оның ауданы 300 км2 асады және теңіз деңгейінің ілгерілеп құлауына байланысты үнемі ұлғаяды. Барса келмес Орта Азия жазығы елінің Солтүстік Арал өңірі Провинциясына жатады. Солтүстік Арал өңірінде қазақстандық типті шөлдердің кең таралғаны белгілі. Сонымен, қорық аумағы - осы типті шөлдер кешендері қорғалатын әлемдегі жалғыз қорық.
Батыс Алтай ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1992 ж. 3 шілдедегі № 1519 Қаулысы. Батыс Алтайдың табиғи процесте-рін, типтік және теңдессіз экология-лық жүйелерін, өсімдіктері мен жануарлар әлемінің биологиялық алуан түрлілігін және генетикалық қорын табиғи күйінде және дамуында сақтау және зерделеу бойынша функцияны жүзеге асыру үшін құрылған. Шығыс Қазақстан облысының Лениногорск және Зыряновск аудандары. Жалпы ауданы - 56078 га.
Қаратау ҚР Жоғарғы Кеңесінің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашы-лығы министрлі-гінің Орман және аңшылық шаруа-шылығы комите-тінің ««Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» 2004 ж. 1 наурыздағы № 249 Қаулысы. Экожүйелерді үлестіру заңдылық-тарын және құрамын нақтылау, өсімдіктер және жануарлар әлемін сақтау мақсатында олардың объектілерін, маңызды түрлері мен қауымдастықтарының қазіргі күйін бағалау. 1. Теңдессіз және типтік мекендеу орындарын, флора және фаунаның экожүйелері мен түрлерін, олардың генетикалық ресурстарын және табиғи ерекшеліктерін сақтау және қорғау. 2. Ғылыми зерттеулер және монито-ринг үшін табиғи ортаның қозғал-маған элементтерін қамтамасыз ету. 3. Қорықтың табиғи ортаны сақтау бойынша функциясын іске асыру маңыздылығын арттыру мақсатын-да гидтердің басшылығымен келушілер үшін ұйымдастырылған бағдарламалар арқылы сақтау бойынша оқытушы және ақпараттық бағдарламаларды қолдауды қамтамасыз ету. 4. Қорық аумағында қоғамдық қатынасты қатаң лимиттеу. Негізгі міндеттері: - аумақты өрттерден қорғауды күшейту және өртке қарсы шаралар жүргізуді жақсарту; - тау текенің, үнді жайрасының және сүт қоректі жануарлардың басқа түрлерінің популяциясы күйін зерделеу; - жоғары споралы және жоғары түтікшелі өсімдіктер флорасын түгендеу; - өсімдіктердің эндемиялық және Қызыл кітапқа енген түрлерінің мекендерін айқындау; - тектік қорды сақтау және аса құнды жабайы өсетін өсімдіктерді ұдайы өсіру мақсатында қорықтың буферлік аймағында тәлімбақты ұйымдастыру; - экотуризм және экологиялық білім беру бойынша бағдарламаларды әзірлеу, жұртшылықпен, жергілікті әкімшілікпен байланыс жасау және жергілікті халықты қорықты басқаруға тарту. Қаратау жотасының Орталық бөлігінде орналасқан, ол Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында Тянь-Шаньның солтүстік-батыс доғаларының тармақталуы болып табылады. Мойынқұм, Қызылқұм, Бетпақ Дала шөлдері-мен шекараласады. Қорық ауданы 34300 га алады, солтүстігінде және солтүстік-шығысын-да Созақ ауданымен; батысында Созақ ауданының шекарасынан Баялдыр және Түйетас өзендерінің қосылған жеріне дейін, Қарағаштау тауларына дейін; оңтүстігінде Қарағаштау тауларынан Талдыбұлақ, Хантағы өзендері арқылы Созақ ауданының шекарала-рына дейін; шығысында Созақ ауданының бойымен шектеседі. Жотаның ассиметриялық құрылысы бар. Оның оңтүстік-батыс беткейі кең және барынша жайпақ. Солтүстік-шығыс беткейлері едәуір тіктігімен ерекшеленеді. Жотаның ең жоғары нүктесі - Мыңжылқы тауы - 2167 м белгісі бар. Жота беткейлері барлық жерде маусымдық беттік ағысы бар көптеген өзендер мен уақытша су ағыстарының терең алқаптарымен бөлшектен-ген. Барынша ірі өзендер - Баялдыр, Біресек, Хантағы, Талдыбұлақ. Ағысын беткейлер баурайында жоғалтып, олардың ешқайсысы да өз суларын басты су қатынасы - Сырдария өзеніне дейін жеткізбейді. Қорық аудандарының ұзақтығы меридиандық бағытта - 28,3 км, ендік бағытта - координаталар жүйесі бойынша 23,6 км құрайды. Қорықтың жалпы ауданы 34300 га құрайды, орталық мекенжайы Түркістан қаласынан 40 шақырымда темір жол станциясы бар Кентау қаласында орналасқан. Бұл қалалар автомагистральмен байланысқан. Орталық мекенжайдан қорық аумағына дейінгі жақын ара қашықтық - 17 км.
Қорғалжын[2] Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1968 ж. 16 сәуірдегі № 124 Қаулысы. Теңдессіз көл кешендерін қорғау; Теңіз-Қорғалжын көлдерінің биоалуантүрлілігін, ең алдымен орнитофаунаны сақтау. Рамсар Конвенциясының халықаралық резерваты статусы бар. Ақмола облысының Қорғалжын және Егіндікөл аудандары, Қарағанды облысының Нұра ауданы. Шекарасы Теңіз-Қорғалжын көлдерінің жүйесі бойымен өтеді. Жалпы ауданы - 258963 га, су басқан аумақ 150 мың га көлемінде.
Марқакөл Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1976ж. 4 тамыздағы. № 365 Қаулысы. Оңтүстік Алтайдың табиғи кешендерін, соның ішінде Марқакөл көлінің өзін табиғи күйінде сақтау үшін құрылған. Табиғи күйінде сақтау және зерделеу, табиғи процестерін, типтік және теңдессіз экологиялық жүйелерін, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің биологиялық алуан түрлілігін және генетикалық қорын ұйымдастырушы-құқықтық түрінде дамыту. Шығыс Қазақстан облысының Кұршым ауданы. Марқакөл ұзындығы отыз сегіз километрге созылады, енінде кей жерлерде он тоғыз километрге дейін жетеді. Су айдынының ауданы 455 км2, теңіз деңгейінен 1449,3 м биіктікте, солтүстігінде Құршым және оңтүстігінде Азутау жоталарының арасында тау аралық қазаншұңқырда орналасқан. Марқакөлге көптеген өзендер, жылғалар мен бұлақтар құйылады. Олардың ішінде ең ірісі: Тополевка, Тихушка, Урунхайка, Матабай, Төменгі Еловка және т. б. Көлден тек бір Қалжыр көлі ғана ағады. Барынша үлкен тереңдігі 24...27 м тектоникалық текті Марқакөл көлі тұщы судың орасан үлкен табиғи қоймасы болып табылады. Тайгамен қоршалған әдемі көл ұзақ уақыт бойы демалыс және туризм орны болды. Шығыс Қазақстан облысының Құршым ауданының аумағында орналасқан. Қорықтың ауданы 75040 га құрайды.
Наурызым Қазақ КСР Халық Комиссар-лары Кеңесінің 1931ж. 31 шілдедегі № 973 Қаулысы.   Солтүстік Қазақстанның типтік, сирек кездесетін және теңдессіз экологиялық жүйелерін, далалық аймағының өсімдіктері мен жануарлары әлемін табиғи күйінде сақтау. Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан. 4 оқшауланған учаскеден тұратын жалпы ауданы 87694 мың га құрайды, соның ішінде: - Наурызым, орталық учаске, оған Наурызым қарағайлы орманы кіреді; - Қарағай, көлдер және дала учаскелері (71 602 га);
      - Терсек - Терсек-Қарағай қарағайлы орманы және дала учаскелері (6 665 га) бар солтүстік-батыс учаскесі; - Сыпсың - көк терек-қайыңды шоғыр ормандары, орманы мен бетегелі даласы бар батыс учаскесі (7000 га); - Жаркөл көлі (2379 га), солтүстік-шығыстағы орталық учаскеге жатады. Орманды аудандары 17662 га құрайды.
Үстірт Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1984ж. 12 шілдедегі № 294 Қаулысы.   Оңтүстік-Батыс Қазақстанның шөлді аймағына тән табиғи кешенді табиғи күйінде сақтау, табиғи экожүйелердегі процестердің табиғи ағынын эталондау, тірі организмдерінің генетикалық қорын сақтау және қалпына келтіру. Маңғыстау облысының Қарақия ауданы. Қорықтың ауданы - 223300 га. Қорғау аймағы 56,8 мың га құрайды. Географиялық аудандастыруда Үстірт аумағы Африка-Азия шөлді аймағының Иран-Тұран шағын аймағына кіреді, ал қорық шөлдердің оңтүстік аймағының Үстірт және Маңғышлақ округтарының түйісінде болады. Қорық аумағы Үстірттің батыс шыңының бір бөлігін, үстірттің өзінің шыңы маңындағы тар жолақты және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында орналасқан Кендірлісор ауқымды ойпауытын алып жатыр. Қорық әкімшілігі Жаңөзен қаласында орналасқан.

3-кесте - Мемлекеттік табиғи резерваттар сипаттамасы

МТР атауы Құрылу негізі Құрылу мақсаты Орналасқан жері және шекаралары
«Ертіс орманы» ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашы-лығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің жеке мемлекеттік мекемелерін қайта құру туралы» 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 75 Қаулысының Республикалық маңызды статусы бар. ««Ертіс орманы» мемлекеттік ормандық табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағында болады. «Ертіс орманы» МОТР қызметін бақылауды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Павлодар облыстық аумақтық басқармасы уәкілетті органмен белгіленген шекте жүзеге асырады. Павлодар облысының Шығыс бөлігінде Шарбақты және Лебяжинск аудандарының аумағында орналасқан. Шекараның ұзындығы 556 км құрайды. Шекараның жалпы ұзындығы 70 км құрайды. Ауданы 277961 га, оның ішінде: Шарбақты ауданының аумағында 117 816 га; Лебяжинск ауданының аумағында 160 145 га. Орманды жерлері - 148,3 мың га (орманды жердің 65%-ы), олардың 28,4 мың га орман дақылдары. Қатар түземеген орман дақылдары шамалы ауданды 2,1 мың га (орманды жерлер ауданынан 1%) алып жатыр және онда қарағайлар отырғызылған.
«Семей орманы» ҚР Үкіметінің «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің жеке мемлекеттік мекемелерін қайта құру туралы» 2003 жылғы 22 қаңтардағы Қаулысы. Ландшафттық және биологиялық алуан түрлілікті сақтау және қалпына келтіру, Мекеме аумағында табиғи ресурстардың тұрақты және теңгерілген түрде пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша функцияларды жүзеге асыру. Қарағайлы ормандар Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Әкімшілік қатынаста ««Семей орманы» МОТР» ММ аумағы облыс-тың Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулихин, Жарма, Көкпекті, Тарбағатай және Үржар аудандарында және Семей қ. мәслихатына бағы-нышты аумақта орналасқан. Жалпы ауданы 6588 км2.

4-кесте - Мемлекеттік ұлттық бақтар сипаттамасы

МҰБ атауы Құрылу негізі Құрылу мақсаты Орналасқан жері және шекаралары
«Бұйратау» 2001 жылғы желтоқсанда Қарағанды облысы Әкімінің 19.12.2001 ж. № 260 шешімі-мен Осакаров ауданында Белодымов орманшылығының аумағында облыстық маңызы бар ООПТ категориялы жалпы ауданы 7,5 мың га мемлекеттік орман қорының жерінде құрылған. 2003 жылғы мамырда «Бұйратау» табиғи бағының жануарлар және өсімдіктер әлемін аса тиімді қорғау мақсатында Ақмола облысы Әкімдігінің Қаулысымен Күншалған селолық округіне кіретін шекараларда және Ерейментау ауданының аумағында жалпы ауданы 29000 га Ерейментау мемлекеттік табиғи қорықшасының сыртқы шекараларының бойында, жалпы ауданы 41,195 мың га қорғау аймағы бөлінген . «Бұйратау» табиғи бағын құрудың басты мақсаты қорғалатын аумақта жабайы жануарлар мен өсімдіктер-дің биологиялық алуан түрлілігін сақтау және ұлғайту, халық үшін спорттық-сауықтыру шаралары мен ғимараттарын жасау және ендіру, экологиялық туризмді дамыту, тірі табиғатпен қатынасқанда халықтың бойында жоғары сезімді тәрбиелеу, экологиялық біліммен таныстыру және оны кеңейту болып табылады.   Солтүстігінен Ақмола облысының «Қазақстан» с/х Алғабас бөлімшесінің жер-лерімен және Ерейментау қорықшасының солтүстік учаскесімен шектеседі; шығысында шекарасы «Осакаров» с/х 2-ші бөлім-шесінен өтеді; оңтүстігі мен батысынан Ақмола облысы-ның Ленин совхозының жерлерімен және Ерейментау қорықшасының оңтүстік учаскесімен шектеседі. Ерейментау тауларының күрделі бедері бақ аумағын климаттық жағдайларының үлкен алуан түрлілігімен ерекшелейді. Бедердің алуан түрлілігі ландшафттардың алуан түрлілігін қамтамасыз етеді: бұл аралас шөпті шалғындар және қайың-көк теректі массивтер, жартасты таулар және кең алқаптар, таулы қыратты, жазық бетегелі дала.
«Медеу» ҚР Президентінің «Қала шекараларын өзгерту туралы» 20.04.98ж. № 3929 Жарлығына сәйкес қаланың шекарасына жалпы ауданы 4673 га жер кірді. Алматы қ. Әкімінің «Табиғи бақты ұйымдастыру мәселелері туралы» 01.10.99 ж. № 906 шешімімен «Медеу» табиғи бағын (жергілікті маңызы бар) ұйымдастыруға кейінге сақталған болатын. Берілген шешім «Ерекше қорғалатын аумақтар туралы» ҚР заңымен келісіледі. Алматы қ. Әкімдігінің 2001 ж. 10 желтоқсанындағы № 3 /332 қаулысымен құрылған «Медеу» мемлекеттік табиғи бағы жергілікті маңызы бар табиғатты қорғайтын мемлекеттік мекеме статусы бар ООПТ болып табылады және Қазақстан Республикасы-ның ООПТ жүйесіне кіреді. Ұйымның қажеттілігі 1. Табиғи-қорық қорының құнды объектілерінің бар болуы: ботаникалық - Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктердің 17 түрі, эндемиктердің 11 түрі және эндемиялық тек; қылқан жапырақты орманды тектер, соның ішінде Шренктің көне замандық шыршасы; гидрогеологиялық - Алматы қаласындағы гидрогеология-лық жағдайын құрайтын өзендер; ландшафттық - теңдессіз көркем шатқалдар. 2. Табиғи алапаттық процестердің жоғары қауіптілігі, тұрақты мониторингтің қажеттілігі. Құрылыс үшін әрі қарай ретсіз игеруге жол бермеу, ол антропогенді ландшафттық өзгерістерді арандатуы мүмкін. 3. Жаппай қала құрылысының болуы, көлік ағынының ұлғаюы, реттелмеген тынығушылықты қарқындату. Бақты құрудың негізгі міндеті - ерекше ландшафтты-экологиялық, рекреациялық және ғылыми құндылығын сақтау, сондай-ақ Алматы қаласының антропогенді ластану деңгейі өсуінің Іле өзенінің ар жағындағы Алатау шатқалдарына әсерін азайту мақсатында. Табиғатты, мәдени ландшафттарды, тарихи құндылықты білдіретін үймереттер мен ғимараттарды сақтау және қорғау; экожүйелерді зерделеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, мониторинг жүргізу, экожүйелерде өтетін табиғи процестерді бақылау мақсатында табиғаттың жеке учаскелерін табиғи күйінде сақтау; келушілерді табиғатпен және табиғи бақтың көрікті орындарымен таныстыру; туған өлкенің табиғатымен, мәдени құндылықтармен, қорғау проблемаларымен таныстыру жолымен жастардың арасында тәрбие жұмысын жүргізуде жәрдемдесу; демалыс және туризм жүйесін ұйымдастыру. «Медеу» мемлекеттік табиғи бағының (жергілікті маңызы бар) басты міндеті жануарлар мен өсімдіктердің жоғалып бара жатқан сирек кездесетін түрлерінің қоймасы болу ғана емес, сонымен бірге адамдарға экологиялық туризм және білім беру бағдарламасын іске асыру жолымен, Іле өзенінің ар жағындағы Алатаудың табиғи байлықтары туралы ақпаратты жеткізу. Жалпы ауданы 668,23 га құрайды, соның ішінде бөтен жер пайдаланушылары (104,79 га). Медеу (496,1 га), Шымбұлақ (128,8 га), Бутаковка (43,3 га) шатқал-дарынан тұрады. Бақ Іле өзенінің ар жағындағы Алатау жотасының солтүстік беткейлерінде, Кіші Алматы өзенінің көркем алқабында орналасқан. Бақ аумағы бедер пішіндері мен типтерінің күрделі үйлесуі-мен- теңіз деңгейінен сәйкесінше 1267...2250м абсолют белгілері бар аласа таулардан жоғарыдағы орташа тауларға дейін сипатталады. Теңдессіз құрылымды білдіреді, себебі осы уақытқа дейін ҚР аумағында бірде-бір жергілікті маңызы бар табиғи бақ құрылмаған. Модель ретінде желілік-тораптық даму моделі алынған.

 



  2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   Наступна

Ауыл шаруашылығы | Биодақылдар | Экономикалық маңызды түрлер санын бақылау | Биологиялық ресурстарды пайдалану | Көліктің әсері | Ландшафттардың өзгеруі | Фаунаны қоңсыластыру | Ноосфера туралы ілім | ТП және экология проблемалары | Экологиялық дағдарыс және қоғамдық ой |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати