Головна

Аржы-экономикалық саясат

Табиғат пайдаланушыларды табиғат қорғау іс-шараларын жүргізуге, күллі табиғи -ресурстық әлеуетті тиімді пайдалануға ынталандыру;

табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін;

табиғи ресурстарды қорғауға және қалпына келтіруге арналған;

айналадағы табиғи ортаға ластайтын заттарды шығарғаны және ағызғаны үшін әрі өндіріс қалдықтарын орналастырғаны мен белгіленген лимит шегінде және одан асыра пайдаланғаны үшін;

табиғи ресурстар мен олардан алынған шикізатты лимиттен тыс (нормативтен тыс) және кешенді емес пайдаланғаны (шығындар) үшін экологиялық төлемдер жасау жүйесін көздейтін табиғат пайдалану экономикалық тетігінің көмегімен жүзеге асырылуға тиіс.

Табиғи ресурстарды нормативті пайдаланғаны үшін жасалатын төлемдер заңмен белгіленген қатынаста жергілікті және республикалық бюджеттер арасында бөлінеді де табиғат қорғау қызметі бөлігінде әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын іске асыруға арнап жұмсалады.

Табиғи ресурстарды қорғауға және қалпына келтіруге арналған төлемдер мақсатты экологиялық қорларға келіп түсуге және бұрын келтірілген залалды жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру мен экологиялық проблемаларды шешу үшін ғана жұмсалуға тиіс.

Қалдықтарды ұқсатуға сараланған баға түзудің айқын саясатын әзірлеу қажет. Қалдықтарды өндеудің және көмудің құны айналадағы ортаны қорғау мен халықтың денсаулығына байланысты барлық шығыстарды қамтуға тиіс.

Ластануды бақылау саласындағы ұйғарымдарды бұзғаны үшін айыппұлдар салынуға және санкциялар қолдануға тиіс. Айыппұлдар мен санкциялардың мөлшері белгіленген шектер мен нормалардан асып кету дәрежесіне тәуелді болуға тиіс. Айыппұлдардың сомасы нормативтердің сақталуын қамтамасыз етуге және залалдың орнын толтыруға тиіс.

Айналадағы ортаны қорғауға арналған шығыстарды қаржыландыру мемлекеттік бюджет, табиғат пайдаланушылардың қаражаты, экологиялық қорлар, сондай-ақ басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады. Қаржыландыру үшін табиғат қорғау жобаларын іріктеп алудың экологиялық та, қаржылық та өлшемдері әзірленуге тиіс. Өндірістік циклдың соңындағы тазарту технологияларына емес, экологиялық таза технологияларды интестициялауға басымдық беру қажет. Табиғат қорғау мақсаттарына арнап кредиттер бөлу рәсімдерінде банкілік және экологиялық сараптамаларды ескеру керек.

5. Халықаралық ынтымақтастық

Айналадағы ортаның жай-күйінің нашарлауы проблемаларыннеғұрлым тиімдірек шешу үшін мемлекеттер қолайлы және ашық халықаралық және экономикалық жүие құру ісінде ынтымақтасуға тиіс, бұл барлық елдерде экономикалық өсу мен тұрақты дамуға алып келер еді. БҰҰ-ның Айналадағы орта мен даму жөніндегі Рио-92 конференциясында тұрақты даму саласындағы халықаралық құқықты одан әрі жетілдіру принциптерін орындауға жылы шырайлы ерік пен әріптестік рухындағы ынтымақтастықты көздейтін әріптестік қатынастардың жаңа нысандары түзілді.

Құрып бара жатқан табиғатты сақтап қалу, адамдардың тіршілік ету ортасын суықтыру, ал сайып келгенде адамзаттың аман қалуы экологиялық апат аймақтарындағы неғұрлым шиеленісті экологиялық және әлеуметтік проблемаларды шешуді көздейтін айналадағы ортаны қорғау мен қалпына келтірудің халықаралық ауқымды бағдарламасын кідіріссіз әзірлеп, жүзеге асыруды талап етеді, БҰҰ- ның толық құқылы мүшесі бола отырып, Қазақстан жан -жақты әріптестік негізінде халықаралық ынтымақтастықты мемлекеттік экологиялық саясатты тиімді жүргізудің тетігі ретінде пайдалануға тиіс.

Ядролық экологияның қауіпсіз және экологиялық тұрғыдан негізделе отырып пайдаланылуын қамтамасыз етудің өмірлік маңызды қажеттігін ескере отырып, Қазақстан ядросыз мемлекет ретінде осы саладағы халық аралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік / МАГАТЭ/ шеңберінде жүргізіліп жатқан Ядролық қауіпсіздік жөніндегі конвенция туралы жөніндегі келіссөздердің аяқталуы үшін күш - жігерін жұмсауға тиіс.

Қазақстанның экологиялық тұрғыдан таза технологиялар мен ғылыми - техникалық ақпаратқа кепілді қол жеткізуі үшін қолайлы жағдайлар туғызуға ұмтылу қажет. Мұның өзі экологиялық жағынан шетін ел ретінде ұлттық мүдделер мен басымдықтарды қорғау үшін ерекше маңызды.

Ұлттық қауіпсіздік құрамдас бөлігі ретінде экологиялық қауіпсіздік, сол сияқты халықаралық қауіпсіздіктің елеулі компоненті болып табылады. Осы орайда Республиканың аса маңызды халықаралық конвенцияларға және халықаралық деңгейде табиғат қорғау қызметіне неғұрлым кеңірек қатысуын қамтамасыз етуі қажет. Табиғат қорғау органдары халықаралық ынтымақтастықты саласында басымдықтарды белгілеуге және өз күш - жігерін тиісті түрде жұмылдыруға тиіс.

БҰҰ- ның Айналадағы орта мен даму жөніндегі 1992 жылы Рио - де - Жанейрода / Бразилия / өткен конференциясының қорытындыларына ерекше назар аудару және Тұрақты даму жөніндегі комиссиясының қызметін пәрменді түрде қолдау талап етіледі. 21- ғасырға арналған Күн Тәртібінің қорытындыларын талдау және кейінгі іс - шаралардың ұлттық бағдарламасын әзірлеу қажет.

Қазақстан Республикасы халықаралық ынтымақтастық саласында экологиялық саясатты мынадай бағыттарда жұзеге асуы тиіс;

Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық конвенцияларға қосылуы және оларды іске асыру жәнінде практикалық шаралар қолданылуы;

Айналадағы табиғат ортаның жай - күйінің сапасын бағалау мен бақылаудың және оған антропогендік әсер етудің келісілген саясаттын, ортақ көз - қарастарды, бірыңғай әдістемелерін, өлшемдерімен рәсімдерін мәліметтердің мемлекетаралық ауқымды салғастырылуын қамтамасыз ете отырып, әзірлеу;

саясатын, ортақ көзқарастарды, бірыңғай әдістемелерін, өлшемдері мен рәсімдерін мәліметтердің мемлекетаралық және халықаралық ауқымда салғастырылуын қамтамасыз ете отырып, әзірлеу;

үйлестірілген іргелі және қолданбалы экологиялық зерттеулер жүргізу, мемлекетаралық (халықаралық) экологиялық ақпараттық жүйенің құрылып, жұмыс істеуі;

шетелдік және халықаралық ұйымдарды, фирмаларды, жекелеген мамандарды өндіріс саласында, сол сияқты тікелей табиғат қорғау қызметінде алдыңғы қатарлы экологиялық тұрғыдан таза әзірлеуге және енгізуге тарту;

экологиялық қауіпсіздік проблемаларын шешуде халықаралық тәжірибені кеңінен пайдалану;

көмек беру қорлары мен халықаралық ұйымдардың ақша қаражатын айналадағы ортаны қорғау және елдің тұрақты даму саласындағы нақты бағдарламалар мен жобаларды шешуге мүмкіндігінше тарту.

Табиғат қорғау органдарының шетелдік көмек беру бағдарламаларын үйлестіруді және оларды басқаруды жүзеге асыратын орган мен өзара іс-қимылын жақсарту қажет. Көмек беру бағдарламаларын басым табиғат қорғау міндеттерін жүзеге асыруға бағыттау және атап айтқанда, халықаралық экологиялық конвенцияларға сәйкес міндеттемелерді орындау саласындағы үлттық әлеуетін нығайтудың маңызды құралдарының бірі ретінде қарау қажет.

Техникалық көмек алу кезінде оны тиімді пайдалану мүмкіндіктерін сарапқа салу керек. Жергілікті сарапшылар мен мекемелерді бірлескен жобаларда ақпараттың жеткілікті көлемін қамтамасыз ету үшін ғана емес, олардың табиғат қорғау қызметін басқару және Ноу-Хауды беру жөніндегі дағдыларды қалыптастыруы үшін де тартқан жөн.

Ұлттық экологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігі үшін жауапкершілік республиканың Сыртқы істер министрлігіне жүктеледі.




  89   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104   Наступна

ТАПСЫРМАЛАР | ОСЫМША ХАБАРЛАР МЕН МЫСАЛДАР | ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ | ОРШАҒАН ОРТАҒА ЖӘНЕ ДАМУҒА ҚАТЫСТЫ РИО-ДЕ -ЖАНЕЙРО ДЕКЛАРАЦИЯСЫ | Жалпы ережелер | Азақстанның өтпелі кезеңдегі экологиялық мәртебесінің ерекшеліктері | Экологиялық қауіпсіздік принциттері, стратегиялық мақсаттары мен міндеттері | Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің институттары мен тетіктері | Нормативтік -құқықтық база | Экологиялық талаптар және өтпелі кезеңнің басымдықтары |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати