Головна

Нормативтік -құқықтық база

  1. Заңи және басқа да нормативтік-құқықтық актілер

Табиғат қорғау қызметін тиімді бақаруды қамтамасыз ету осы Тұжырымдаманы және орындауға қабылданатын нормативтік және құқықтық актілерді іске қосуға байланысты.

Жаңа заңдарды әзірлеу немесе қоладнылып жүрген заңдарды қайта қарау кезінде экологиялық саясат ең болмағанда басқа салалардағы саясатпен тең құқылы түрде қарастырылуға тиіс. Заңдардың барлық салалары айналадағы ортаны қорғау және пайдалану жөніндегі нормалар мен ережелерді қамтуға тиіс. Оларда жергілікті органдардың құзіретіне сәйкес келуге тиісті құқықтары мен міндеттері көрсетілуге тиіс.

Айналадағы ортаны қорғауды кешенді тұрғыда қарастыратын заңдар, атап айтқанда мыналарды қамтамасыз етуге тиіс:

а/ табиғат қорғау қызметінің түрлі субьектілерінің арасындағы міндеттер мен өкілеттіліктерді анық белгілеу және бөлу;

б/ өзара келісілген және экологиялық жағдайға сәйкес келетін нормативтердің болуы;

с/ әрбір балама жоба жөнінде рұқсат алуға арналған өтініштердің қаралуын үйлестіру. Осындай іс әрекеттің түпкілікті мақсаты барлық табиғи орталарды қамтитын кешенді сараптама негізінде рұқсат беру болуға тиіс;

д/ ұлттық, облыстық және жергілікті деңгейлердегі саясатты, жоспарлар мен бағдарламаларды талдап жасау кезінде экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды ескеру;

е/ айналадағы ортаға елеулі залал келтіретін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен қондырғылардың әсерін зерделеу және осындай зерделеу нәтижелерінің негізінде табиғи факторлар мен адам денсаулығына теріс әсерді қысқарту, шектеу немесе болдырмау мақсатында тиісті түзетулер мен өзгертулерді енгізу (қажет болған жағдайда кезең-кезеңімен);

ж/ экономикалық дамудың ұсынылатын жаңа жобаларына рұқсат беру рәсімінде айналадғы ортаға тигізілетін әсерге берілген бағаны міндетті түрде ескеру;

з/ мемлекеттік органдардың айналадағы ортаның жай-күйі туралы мезгіл-мезгіл есептер табыс етіп ортыруы және кәсіпорындар мен фирмаларға айналадағы орта мәселелері жөніндегі ақпаратты құзіретті органдарға ұдайы хабарлап отыруды міндеттеу;

и/ жұртшылықтың айналадағы орта туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығын бекіту және жеке басының өмірі, өнеркәсіптік және коммерциялық құпиялар жөніндегі құқықтары мен ұлттық қауіпсіздікке қатысты нақты тұжырымдалған шектеулерді ескере отырып, тиісті рәсімдерді қабылдау.

Қажет болған жағдайда қазақстандық заңдарды айналадағы ортаны қорғау саласындағы халықаралық құқық актілерінің қағидалары мен үйлестіруге ерекше назар аударған жөн.

 



  89   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104   Наступна

Биологиялық көптүрлілікті сақтау мәселелері | Сурет. Биологиялық көптүрлілікті сақтау | Ет-пептонды агарды дайындауға (ЕПА) әдістемелік нұсқау | ТАПСЫРМАЛАР | ОСЫМША ХАБАРЛАР МЕН МЫСАЛДАР | ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ | ОРШАҒАН ОРТАҒА ЖӘНЕ ДАМУҒА ҚАТЫСТЫ РИО-ДЕ -ЖАНЕЙРО ДЕКЛАРАЦИЯСЫ | Жалпы ережелер | Азақстанның өтпелі кезеңдегі экологиялық мәртебесінің ерекшеліктері | Экологиялық қауіпсіздік принциттері, стратегиялық мақсаттары мен міндеттері |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати