На головну

Сурет. Жануарлардың жас ерекшелік пирамидасы

  1. Азақстанның өтпелі кезеңдегі экологиялық мәртебесінің ерекшеліктері
  2. Биомеханизм ерекшеліктері
  3. Босану ерекшеліктері
  4. Дәрілік заттардың жүкті әйелдер мен ұрыққа әсер ету ерекшеліктері
  5. Дәріс. Ертегі жанры. Ертегі қаһармандарының ерекшеліктері
  6. Жүктілік пен босану кезеңдерінің ерекшеліктері
  7. Жыртылу ерекшеліктері

Популяциядағы жас ерекшелік топтарының қатынасын «жас ерекшелік пирамидасы» арқылы көруге болады (15-сурет). Бұл пирамиданың сипаты нақтылы популяцияның жақын арадағы тағдырын болжай алады. Егер оның негізі кең болса, жас особьтер көп, тар төбе - кәрісі аз және орта бөлігі жеткілікті болса, онда пирамиданың мұндай конфигурациясы өсуші пирамиданы сипаттайды (1).

Ал егер негізі тар, төбесі кеңірек болса, онда мүндай популяцияда жақын арада көбею болмайды, керісінше, туьлымға қарағанда өлім-жітім басым болатынын көрсетеді (2).

Әрбір түрге жас ерекшелік пирамидасының өз конфигурациясы тән. Сондықтан ортамен қарым-қатынасы мен даму ерекшелігін жақсы білу қажет. Мысалы, ұрпағына қамқорлығы болмайтын және өнімділігі өте жоғары жануарларда пирамида негізі кең болады.

Кейбір түрлердің жұмыртқалары мен дернәсілдері ересектерімен салыстырғанда мыңдаған есе артық болады. Егер ұрпақтарына қамқорлығы күшті дамыса, мұндай популяцияда жас особьтардың үлесі мен өнімділігі айтарлықтай аз.

Популяцияның жыныстық және жас ерекшелік құрамын талдау- табиғатта түрлердің санын болжау үшін қажетті жағдай. Мысалы, егер треска және сельдті аулауда ірі ересек балықтар жойылуы - артық аулануды көрсетеді.

Көбею арқылы популяцияларды толықтыратын және жас организмдер өсуі үшін мүндай өндірістік популяцияға «демалыс» беру керек. Егер шалғында бағалы жемдік көп жылдық өсімдіктер тек ересек түрінде кездесе бастаса, ол тұқымдық жаңаруға, көбеюге қабілетті еместігін көрсетеді. Бұл түрдің тұрақты өнімін болашақта алу мақсатында, популяция құрамын жақсарту үшін ерекше шаралар қолдану қажет.



  32   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   Наступна

Жер - ауа тіршілік ортасы | Топырақ-тіршілік ортасы | Тірі организмдер денесі - тіршілік ортасы | Сурет. Тірі организм денесі - тіршілік ортасы | Тақырыбы: Топырақ түзу процесіндегі құрттардың ролі | ОСЫМША ХАБАРЛАР МЕН МЫСАЛДАР | Сурет. 11 аптадан кейінгі салмақтың артуы | Популяцияның кеңістіктік таралуы | А- біркелкі, б-кездейсоқ, в-топтық. | Популяция тығыздығы |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати