На головну

Негізгі проблемаларды талдау

  1. WINDOWS жүйесінің негізгі ұғымдары
  2. Динамиканың негізгі теңдеуі қалай өрнектеледі.
  3. Жүктіліктің мезгілсіз үзілуінің жиілігі, негізгі себептері
  4. КІРІСПЕ. АКУШЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
  5. Лабораториялық жұмыс. әрекет принциптері және жүйелік блоктың негізгі құрылғылары.
  6. Мақсаты:Көркем шығарманы талдау бойынша жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру
  7. Негізгі ақпарат іздеу тораптары. World Wіde Web қызметі

Қазақстан экологиясы саласындағы негізгі проблемалық мәселелерге мыналар жатады:

1) ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардың ауа бассейнінің ластануы. Каспий және Балқаш өңірі;

2) жерүсті және жерасты суларының ластануы, трансшекаралық сулар проблемасы;

3) өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы;

4) суды бұру және кәріздік тазарту құрылыстары жүйелерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы;

5) жердің шөлейттену және тозу үдерістері;

6) экологиялық апаттың Арал және Семей аймақтары;

7) «тарихи» ластанулар.

Түзілетін қалдықтар көлемінің жыл сайынғы өсуіне қарамастан, оларды қайта өңдеу төмен деңгейде қалуда: түзілген қалдықтардың 20 % жуығы кәдеге жаратылады. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 30 % асады. Өндіріс қалдықтарын, оның ішінде улы қалдықтарды қайталама қайта өңдеу Қазақстанда тәжірибеге алынбаған. Қалдықтар техногенді қарқынды ластанатын ландшафттарды құра отырып, арнайы полигондарда, жинақтағыштарда және үйінді сақтағыштарда қоймаланады. Сонымен, мысалы, республикадағы электростанциялардың күл-шлак қалдықтарын кәдеге жарату және қолдану 1 % аспайды, ал Еуропада бұл көрсеткіш орташа есеппен алғанда 60 % құрайды.

Республика үшін ТОЛ, ескірген пестицидтер және онымен ластанған аумақтар мәселесін шешу өзекті проблема болып табылады. Бұл мақсаттар үшін ТОЛ-ды және басқа да қауіпті қалдықтарды экологиялық қауіпсіз жою жөніндегі зауыт салу, сондай-ақ ластанған жерлерді қалпына келтіру қажет.

2010 жылы БҰҰДБ/ ЖЭҚ «Қазақстанда ескірген пестицидтер және полихлордифенилдер қорларын және қалдықтарын жинау және жою бойынша зерттеу және ұсыныстар» жобасы аяқталды. Жобаны іске асыру барысында 14 ластанған аумақтар (10 ПХД бойынша, 4 пестицидтер бойынша) анықталды.

Стокгольм конвенциясы бойынша ұлттық міндеттемелерді орындау мақсатында Министрлік ТОЛ-дармен ластанған аумақтарды оңалту үшін жекелей алғанда Дүниежүзілік банктің жобасын іске асыру арқылы халықаралық инвестицияны тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Дүниежүзілік банктің жобасы осындай ұсыныстардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта Жаһандық экологиялық қор Қазақстанда тұрақты органикалық ластағыштарды жою жөніндегі зауыт салудың техникалық экономикалық негіздемесін (бұдан әрі - ТЭН) дайындауға құны 200 мың АҚШ долларын құрайтын грантты растады. Жобаның әкімшісі ретінде Дүниежүзілік банк Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаны бірлесіп қаржыландырған жағдайда (50%-ға дейін) зауытты салуды қаржыландыруға қаражат бөлетіндігі туралы ниетін растады. Ұсынылған жоба республикалық бюджеттен, Дүниежүзілік банк займынан және Қазақстан Республикасы үшін сомасы 10,35 миллион АҚШ долларын құрайтын ЖЭҚ грантынан қаржыландырылатын болады.

Жобаны іске асыру туралы инвестициялық шешім қабылдау үшін жобаның ТЭН дайындау көзделген. ТЭН зауыт салуға және басымдық берілген ластанған учаскелерді қалпына келтіру бағдарламасына қатысты жобаның оңтайлы техникалық шешімін және техникалық, қаржылық, экономикалық және экологиялық/әлеуметтік жүзеге асырылуын көрсетеді.

Белсенді қорларды анықтау және миллиондаған аршынды жыныстардың үйінділері мен үйінді сақтағыштарын кәдеге жарату мәселесін шешу мақсатында техногендік минералдық түзілімдерді (бұдан әрі - ТМТ) түгендеуді жалғастыру қажет.

Экономикалық өсім, эмиссия көздерінің көбеюі және өнеркәсіптік қызмет көлемдерін кеңейту шамасы бойынша ластану деңгейін төмендету үшін негізгі шарт табиғат қорғау саясатын үздіксіз арттыру болып табылады.

Бұл ретте, жылу энергетика секторының, кен өндіру және кенді қайта өңдеу салаларының кәсіпорындарын ең озық қолжетімді технологияларды ендіру жолымен техникалық қайта жарақтандыру мәселесі маңызды болып қалады.

Табиғи ресурстар және қоршаған орта мониторингінің бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінің болмауы - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және басқа мүдделі мемлекеттік ұйымдар арасындағы экологиялық ақпараттың жүйелі алмасуына мүмкіндік бермейді. Көп пайдаланушылар жүйесін көбейту, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында, оның ішінде ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға жағдай жасайды.

Қазіргі уақытта Қазақстан гидрометеорологиялық қызметін дамыту өзекті мәселе болып табылады. Республика аумағының мониторингпен қамтамасыз етілуі, метеорологиялық мониториг - 61%, агрометеорологиялық мониторинг - 66%, гидрологиялық мониторинг- 57%, атмосфералық ауаның жай-күйіне мониториг - 31% құрайды.

Еліміздің барлық аумағындағы инфрақұрылым объектілері (қызметтік ғимараттар) мүшкіл жағдайда, қызметкерлердің жұмыс орындары қанағаттанарлықсыз, еңбекақыларының төмен болуы, кадрлармен қамтамасыз ету қиындығын туғызады. Бақылау пункттерінің көпшілігінде бақылаулар қолмен жүргізіледі.

1. Тұрақты даму дегеніміз:

A) Жануар немесе өсімдіктің бейімделуінің морфологиялық типі.

B) Тұрмыстық қолданыстан алынған табиғи объектілер мен құбылыстар.

C) Биоценоз жүйесіндегі түрдің сипаты, қорек пен жауынға қарым - қатынасы.

D) Болашақ ұрпақтың өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне соқпай, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті.

E) Адамдармен пайдаланылатын табиғи объектлер мен құбылыстар.

2. Денсаулықты қорғау, өндірісті, ғылым ресурстары келесі классификация бойынша анықталады:

A) Қолдануға байланысты.

B) Адам әрекетінен шектелуіне қарай.

C) Табиғаттың тікелей және жанама түрлеріне байланысты.

D) Континенттер бойынша.

E) Биосфера компоненттері бойынша.

3. Қоршаған табиғи ортаны қорғауда жалпы бақылау іс-шаралары қарастырылады:

A) Экологиялық мониторингте.

B) Экологиялық сараптамада.

C) Экологиялық бақылауда.

D) Экологиялық бағдарларда.

E) Экологиялық мерекелерде.

4. Қоршаған ортадағы химиялық ластану адамға келесідей қауіп төндіреді:

A) Бас айналу, құсу, жөтел.

B) Созылмалы аурулардан жазылады.

C) Жалпы жағдайының жақсаруы.

D) Биоәртүрліліктің жоғарылауы.

E) Тұщы су жетіспеушілігі проблемасының шешілуі.

5. Ластану - бұл:

A) Химиялық агенттердің ортаға енуі.

B) Физикалық агенттердің ортаға енуі.

C) Биологиялық агенттердің ортаға енуі.

D) Негізгі деңгейдің орта агенттерінен жоғарылауы.

E) Физикалық, биологиялық және химиялық агенттердің ортаға енуі.

6. Жылдық радиациялық мөлшердің адамға түсу ауыртпалығы келесіге байланысты:

A) Жасанды құрылыс материалдарын қолдану.

B) Пестицидтерді қолдану.

C) Қоршаған орта сапасын жоғарылату.

D) Тазалатқыш құралдарын қолдану.

E) Электро -тұрмыстық приборларды қолдану.

7. Атмосфералық ауа құрамында азот мөлшері (%):

A) 78,08.

B) 101.

C) 15.

D) 48,2.

E) 25,31.

8. Биологиялық су ластаушыларына жатады:

A) Марганец тұзы.

B) Фенол.

C) Радионуклид.

D) Балдырлар.

E) Мұнай.

9. Тұрақты даму дегеніміз:

A) Жануар немесе өсімдіктің бейімделуінің морфологиялық типі.

B) Тұрмыстық қолданыстан алынған табиғи объектілер мен құбылыстар.

C) Биоценоз жүйесіндегі түрдің сипаты, қорек пен жауынға қарым - қатынасы.

D) Болашақ ұрпақтың өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне соқпай, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті.

E) Адамдармен пайдаланылатын табиғи объектлер мен құбылыстар.

10. Белгілі бір аймақта ғана тіршілік ететін организмдерді атаймыз:

A) Реликтілер.

B) Доминанттар.

C) Эдификаторлар.

D) Пионерлер.

E) Эндемиктер.

 



  30   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   Наступна

Оршаған орта | Леуметтік сала | Тақырып бойынша тест сұрақтар | Атмосфераны қорғау. | Олданатын әдебиеттер | Олданатын әдебиеттер | Ерекше қорғалатын территориялар | Тақырып бойынша тест сұрақтар | Экология және тұрақты даму» бірінші аралық бақылау сұрақтары | Р территориясындағы Семей ядролық сынақ алаңы және өзге де полигондар |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати