Головна

Акушерліктегі әр түрлі манипуляцияларға қажетті құралдар жиынтығының тізімі.

  1. А/ қайтымды әсер ететін дәрілер.
  2. Абынуға қарсы дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар
  3. Адренорецепторларға әсер ететін дәрілер» тақырыбы бойынша тест сұрақтары.
  4. Азақстанның өтпелі кезеңдегі экологиялық мәртебесінің ерекшеліктері
  5. АКУШЕРЛІКТЕГІ АСЕПТИКА МЕН АНТИСЕПТИКА
  6. Аллергияға қарсы дәрілер

Жатыр мойнын қарауға қажетті құралдар жиынтығы:

1. Көтергіштері бар кең қынаптық айналар (2);

2. Корнцангтар (2);

3. Ұзын пинцеттер (2);

4. Терезе тәріздес немесе оқ тәріздес қысқыштар (2-3);

5. Кохер қысқышы (2);

6. Ұзын ине ұстағыш (1);

7. Күшті иілген инелер (2-3);

8. Қайшылар (1);

9. Кетгут, жібек, залалсыз салфеткалар, шариктер.

Вульва, қынап, аралық жыртылуларын тігу операциясына арналған құралдар жиынтығы:

1. Ине ұстағыштар (2);

2. Әр түрлі калибрлі және иілуі бар инелер (4-5);

3. Хирургиялық пинцеттер (2);

4. Анатомиялық пинцеттер (2);

5. Қайшылар (2);

6. Қан тоқтатаын қысқыштар (5-6);

7. Көтергіштері бар кең қынаптық айналар (2);

8. Әр түрлі ұзындықтағы бірнеше инелер мен 1, 2, 10 және 20 г шприцтер;

9. Кетгут, жібек, шариктер, салфеткалар, ақ жаймалар.

Акушерлік қысқыштар салу операциясына арналған құралдар жиынтығы:

1. Акушерлік қысқыштар (1);

2. Корнцангтар (2);

3. Өткір емес қайшылар (1);

4. Кәдімгі қайшылар (1);

5. Қысқыштар (2):

6. Жатыр мойны мен қынапты қарауға арналған және вульва, аралық пен қынаптың жұмсақ тіндерін тігуге арналған жиынтықтар дайындалады.

Ұрықтың ваккум-экстракция операциясына арналған құралдар жиынтығы:

1. Әр түрлі өлшемді тостағаншалары бар ваккум-экстрактор (1);

2. Корнцангтар (2);

3. Соңы өткір емес қайшылар (1);

4. Өткір қайшылар (1);

5. Қысқыштар (2);

6. Босану жолдарын тексеруге және жұмсақ тіндерді тігуге арналған жиынтықтары сол уақытта дайындалады.

Нәрестені бөлшектеу операциясына керек құралдар жиынтығы:

1. Феноменов немесе Биоперфоратор (1);

2. Көтергіштері бар кең қынаптық айналар (2);

3. Тісті қысқыштар (2);

4. Мюзе қысқышы (2);

5. Миды бұзу қысқышы (1);

6. Сүйектік қысқыштар (1);

7. Краниокласт (1);

8. Бұғананы кесу қайшылары (1);

9. Қысқыштар (1);

10. Кіндікті кесуге арналған қайшылар (1);

11. Корнцангтар (2);

12. Хирургиялық және анатомиялық пинцеттер (2);

13. Босану жолдарын тексеруге және жұмсақ тіндерді тігуге арналған жиынтықтар дайындалады.

Кесар тілігі операциясына арналған құралдар жиынтығы.

1. Скальпельдер (2-3);

2. Анатомиялық пинцеттер (2);

3. Хирургиялық пинцеттер (2);

4. Корнцангтар (5-6);

5. Тік емес қайшылар (2);

6. Иілген қайшылар (2);

7. Фарабефтің өткір емес ілмекшелері (2);

8. Іштік айналар (3);

9. Қан тоқтататын қысқыштар (10-12);

10. Микулин қысқыштары (8-10);

11. Бильрот қысқыштары (20);

12. Оқ тәріздес қысқыштар (2);

13. Екі тісті Мюзе қысқыштары (2);

14. Үлкен кюреткалар (1-2);

15. Терезе тәріздес қысқыш (2);

16. Ине ұстағыштар (4);

17. Әр түрлі өлшемді хирургиялық инелер (3-7);

18. Реверден күрекшесі (1);

19. Ақ жаймалы қысқыштар (6);

20. Металды катетер (2);

21. 1-ден 20 мл-ге дейінгі инелері бар шприцтер (5-6);

22. Залалсыз ақ киім, салфеткалар, шариктер, әр түрлі өлшемді тупсфера;

23. Тігіс материалы (кетгут, жібек, лавсан).

Операция барысында операциялық медбике пайдаланылған құралдар, салфеткалар, шариктер мөлшеріне қатаң бақылау жүргізіп отырады, өйткені олар жара қаптауында қалып қоюы мүмкін.

 



  140   141   142   143   144   145   146   147   148   149   150   151   152   153   154   155   Наступна

Акушерлік қысқашты салу тәсілі | Басты тесу операциясы | ХХҮІІ ТАРАУ. КЕСАР ТІЛІГІ | Жиілігі, қажеттілігі (тұрақты, тұрақсыз), шарты, жансыздандыруы | Кесар тілігінің тәсілдері | Кіші жамбас қуысындағы жыныс мүшелерінің қабынуы | Септикалық шок | Инфекцияның қан арқылы бүкіл денеге жайылуы | Сүт бездерінің қабынуы | Тігісті алу техникасы |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати