На головну

Операциялық медбикенің міндеттері

  1. ЖАЛДАУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
  2. Іс қағаздарын жүргізу тарихы және міндеттері
  3. ОҒАМ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
  4. ОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
  5. Операциялық жүйе – ...
  6. Операциялық жүйелер
  7. Операциялық жүйелер құрамы. Утилиттер. Драйверлер.

Операциялық медбикенің міндеттері арнайы бұйрықтармен көрсетілген, ол міндеттер медбикеден хирургия, акушерлік және гинекология салаларында терең білімділікті және арнайы икемділіктерді қажет етеді.

Операциялық медбике құралдарды, таңу материалдарын, операциялық ақ киімді, тігіс материалдарын залалсыздандыруға және операцияларға дайындайды. Медбике материалдың залалсыздығын бақылауы тиіс. Сонымен қатар ол операциялық блок бөлмесінің, қатты жабдықтар жағдайларын, хирургтың операция алдында қолын өңдеуін қадағалайды.

Бактериологиялық зерттеудің көрсеткіштері арнайы журналда тіркелінеді.

Операциялық медбике операциялық журналдағы жазулардың жүйелілігін және дұрыстығын қадағалап отырады. Ол операциялық үстел мен үстел шамдарын қолдану ережелерін, құрылымын, қауіпсіздік ережелерін білуі керек, уақытында операция бөлмесін бактерицидті шамдармен сәулелендіруі қажет.

Операциялық медбике инфузионды терапияны жүргізуге қатысады (қан тобын анықтау, жүйені дайындау және толтыру, сәйкес келу сынағын, биологиялық сынақты жасау). Ол гемотрансфузиядан кейін әйелдің жағдайын қадағалайды (жалпы жағдайын, температурасын, диурезін, АҚ).

Акушерлік операциялардың көбі шұғыл жағдайда жасалатындықтан, операциялық медбике операция бөлмелерін (үлкен және кіші) жедел хирургиялық көмек көрсетуге толық дайындығын бақылап, қамтамасыз етіп отырады.

Операция кезінде операциялық медбике қажет болатын құралдарды уақытында бере отырып, барынша көмек көрсетеді.

Акушерлік операцияларға дайындық

Акушерлік операциялар жүктілік кезінде, босану немесе босанудан кейінгі ерте кезеңде де жасала береді. Бұл операциялардың көбі шұғыл жағдайда жасалатындықтан, әйелді операцияға алдын ала дайындауға әрдайым жағдай болмайды.

Қынаптық операцияға дайындық

Жабдықталуы: Рахманов кереуеті немесе операция үстелі, заласыз ақ киім мен таңу материалдары, 5% йод немесе 1% йодонат, корнцангтар, эмальді леген, катетер, сабын, ыстық су, дезинфекциялық ерітінді, наркозға арналған үстел, асфиксияда туған баланы тірілтуге қажетті заттары бар бала үстелі.

Орындалу әдісі: егер операция шұғыл емес жағдайда жасалса:

  1. Тазарту клизмасын қою.
  2. Қасағада шашты өсінділер болса, оларды қыру.
  3. Іштің төменгі жағынан кіндікке дейін, қасаға аймағын, сандардың ішкі жағын, сыртқы жыныс мүшелерін, аралықты корнцангқа ілінген мақталы тампонмен сабынды жылы сумен жуу.
  4. Дезинфекциялаушы ерітіндімен өңдеу.
  5. Құрғақ тампондармен құрғату.
  6. Жұмсақ катетермен зәрді шығару.

Шұғыл операцияны жасаған жағдайда бұл шаралардың бәрі кереегінше, жедел жасалады:

1. Әйелді операциялық үстелге немесе Рахманов кереуетіне жатқызып, аяғын іш қуысына қарай тартқызу.

2. Аяқтарын тірегішке бекіту.

3. Әйелге залалсызданған көйлек пен бахилалар кигізу.

4. Қасағаны, сыртқы жыныс ернеулерін, сандардың ішкі бетін, аралықты, аналь тесігінің аймағын 5% йод немесе 1% йодонат ерітіндісімен өңдеу.

5. Аналь тесігін клеенкамен жабу.

6. Бөксе астына залалсыз ақ жайма төсеу.

7. Іш пен сандарды да залалсыз ақ киіммен жабу керек.

8. Аяқ астына леген қою.

Операциялық медбике құралдарды, таңу материалдарын, шприцтер мен инелері бар залалсыз үстелді дайындайды.

Анестезист-медбике наркоз үшін барлық қажетті заттары бар үстелді дайындайды. Сонымен бірге бала үстелі де дайындалады.

Әйелді акушерлік қуысты операцияға дайындау әрбір басқа іштік-қабырғалық операцияға дайындау сияқты жүргізіледі.

 



  140   141   142   143   144   145   146   147   148   149   150   151   152   153   154   155   Наступна

Акушерлік қысқаш | Акушерлік қысқашты салу тәсілі | Басты тесу операциясы | ХХҮІІ ТАРАУ. КЕСАР ТІЛІГІ | Жиілігі, қажеттілігі (тұрақты, тұрақсыз), шарты, жансыздандыруы | Кесар тілігінің тәсілдері | Кіші жамбас қуысындағы жыныс мүшелерінің қабынуы | Септикалық шок | Инфекцияның қан арқылы бүкіл денеге жайылуы | Сүт бездерінің қабынуы |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати