Головна

Босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан шығыны

  1. Азақстанның өтпелі кезеңдегі экологиялық мәртебесінің ерекшеліктері
  2. Алыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі
  3. Ан және жүрек-қан тамырлар жүйесі
  4. Аяқпен жатқан нәрестені туғызудағы Цовьянов әдісі
  5. Бала жолдасының бөлінуі кезеңіндегі қан кету
  6. Босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу

Босанғаннан кейінгі кезең екіге бөлінеді - ерте және кеш. Ерте кезең екі сағатқа созылады, мұндағы қан шығынының себептері: 1) жатыр қуысында бала жолдасы қалдықтарының ірікіліп қалуы; 2) жатырдың жиырылуының төмендеуі мен оның жоқтығы (гипо-атония); 3) қан ұйыту жүйесінің бұзылуы; 4) босану жолдарының жарақаттануы.

Жатыр қуысында бала жолдасының қалдықтары іркіліп қалған жағдайда жатырдың жиырылу қабілеті төмендеп, қан шығыны көбейеді. Бірден әйелге наркоз беріп, жатыр қуысын қолмен тексеріп, іркіліп қалған бала жолдасының бөлшектерін алып тастау керек.

Жатырдың жиырылу қабілетінің төмендеуінен немесе жоқтығынан пайда болатын қан шығынын гипо-атониялық қан шығыны дейді. Гипотония - жатырдың жиырылу қабілетінің жоқтығы. Себептері: жатырдың қабынуы, өзіндік және жасанды түсіктер, қағанақ суының көптігі, егіз жүктілік, жүктілік гестоздары, баланың ірілігі, жатырдың ісігі, босанудың ауытқулары, жамбас қуысының тарлығы. Сонымен қатар, кесар тілігінен кейін жатырды қолмен жөнсіз уқалағанда, дәрі-дәрмектерді орынсыз қолданғанда немесе плацентаның бөлшектері жатыр қуысында қалып қойғанда жатырдың жиырылу қабілеті төмендеуі немесе болмауы мүмкін.

Клиникалық белгілері:

Қан кету үшінші кезеңде немесе әйел босанысымен бірден басталады.

Гипотониялық қан кетуде - қан ағады, кейде ұйыған түрде. Жатырдың жиырылу қасиеті қатты төмендейді және қысқа болады. Жатырды қолмен уқалағанда ол әдеттегідей қатты, шымыр болмай, жұмсақ болады, жатыр қуысында қан ұйып, жинала бастайды. Осыған орай оның деңгейі кіндік түбінен жоғары тұрады. Дәрі-дәрмектер қолданған жағдайда жатырдың жиырылу қабілеті жоғарылайды.

Ал атониялық қан кетуде - жатырдың жиырылу қабілеті жоққа тән, ешқандай дәрі-дәрмек нәтиже бермейді, шамалы уақыттың ішінде әйелден көп мөлшерде қан кетеді.

Мұндай асқынуларында тез арада қанды тоқтату үшін келесі шараларды орындау қажет:

1. Жұмсақ түтікшемен қуықты зәрден босатады;

2. Жатырды сыртынан уқалап, үстіне мұз немесе мұздай су құйылған грелка қояды;

3. Жатырдың жиырылу қабілетін жоғарылату үшін метилэргометрин, окситоцин, питуитрин, т.б. дәрілерді қолданады;

4. Қынаптың артқы күмбезіне эфир сіңген дәкелі тампон қояды;

5. Қан құйылады. Оны күні бұрын дайындап қою керек;

6. Қолмен жатырдың қуысын тексеріп, уқалайды;

7. Жатыр мойнының төменгі, артқы ерніне Лосицкаяның әдісімен тігіс салады;

8. Егер қан кету тоқтамай, шығыны артатын болса, тез уақытта операцияға дайындап, Бакшеев әдісімен жатыр мойнына клеммалар салады. Жоғарыда көрсетілген шаралар нәтижесіз болып, қан шығыны 800-1000 мл болса, бірден операция жасау керек. Жатырды жартылай (ампутация) немесе түгелімен (экстирпация) алып тастайды, ал қанның ұю жүйесі бұзылған сәтте, ішкі жамбас артерияларын байлайды.

Барлық босану үйлерінде тез арада көмек көрсететін дәрігерлер тобы және қажетті дәрі-дәрмектер, қан дайын болу керек.

Босанғаннан кейінгі кезеңде қан шығыны артуының тағы бір себебі - қан ұю жүйесінің бұзылуы. Бұл әйел өмірі үшін өте қауіпті. Көбіне, жүктілік гестозының ауыр түрінде, нәресте жатырда өліп қалғанда, гипо-атониялық қан шығынында, қолмен жатыр қуысына барғанда, кесар тілігі операциясында және плацентаның жатыр қабырғасынан бөлінуінің бұзылуында (плацента ұлпасының мезгілсіз бөлінуі, төмен орналасуы, тығыз бітесу жабысуында) кездеседі.

Бұл жағдайда жатырдың жиырылу қабілеті бұзылмайды, бірақ қанның кетуі тоқтамайды. Жатырдан басқа кез келген кішкентай сызаттардың бәрі қанай бастайды (мұрын, қызыл иек). Укол салған жердің бәрінен қан кетеді, аққан қан ұйымайды, осыған байланысты қан шығыны артады. Лабораториялық анализ жасағанда, қанның ұю уақыты ұзарады, қанда фибриноген өте төмен болады. Фибриногеннің қандағы мөлшері жүкті әйелде - 400% мг, оның төмендеп жойылуы қан шығынын күшейтіп, гипо және афибриногендік қан кетуге әкеліп соғады.

ДВС-тің пайда болу себебі әйел қанына жатырдан, қан тамырларының ішкі қабатынан қанның ұю қабілетін арттыратын тромбопласттиндік әр түрлі субстраттардың енуі. Осы жағдайда қанның фибриногені көп жұмсалып, қоюланып, іртіктенеді, сөйтіп, бүкіл қан тамырларын бітейді. Осыған байланысты қан ағысы, әсіресе, капилляр жүйесінде бәсеңдейді бүкіл организмдегі қан айналысы және әйел организмінің бейімделуші қабілеттері нашарлайды. Гипо және афибриногендік қан кетуді анықтау үшін мына тәсіл қолданылады. Дені сау әйелдің көк тамырынан алынған қан (2 мл) 2-3 минутта ұйиды, ал қан кетіп босанған әйелдің қаны 2-3 минутта ұйымайды. Осы екі қанды қосқан кезде дені сау әйелдің қаны еріп кетеді.

           
     
 
 

 
 


Емдеу жолдары.1. ДВС-тің пайда болуына себепкер болған жүктілік пен босанудың асқынуларын өз уақытында емдеу қажет.

2. Ағзаның гемодинамикалық және қан ұйыту жүйесін қалпына келтіру керек.

3. Егер жатырдан аққан канның кетуі тоқтамай, оның шығыны ұлғая берсе, тез арада операция қажет (экстрипация жасап, ішкі жамбас артерияларын байлайды).

 



  120   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134   135   Наступна

Жүктілікті және босануды жүргізу | ХХІІ ТАРАУ. НӘРЕСТЕ БАСЫНЫҢ ШАЛҚАЯ ОРНАЛАСУЫ | Бастың маңдайымен орналасуы | Бастың бетімен орналасуы | Тар жамбас қуысының жіктелуі | Тар жамбас қуысын анықтау | Жүктілік пен босану кезеңдерінің ерекшеліктері | Плацентаның төмен орналасуы | Емі және дәрігерлік амалы | Алыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати