На головну

Көп сулы жүктілік

  1. Аурулары кезіндегі жүктілік
  2. Биологиялық көптүрлілікті сақтау мәселелері
  3. Жүктілік кезінде болатын критериялар, гипертензиялар
  4. Жүктілік мерзімін анықтау
  5. Жүктілік патологиясы
  6. Жүктілік пен босану кезеңдерінің ерекшеліктері
  7. Жүктілік шемені

Амниотикалық қуыста қағанақ суларының мөлшерден тыс жиналуымен сипатталады. Қағанақ суларының қалыпты мөлшері жүктілік соңында 1л (0,5л-1,5 л) құрайды. Көп сулылықта судың мөлшері 3-5, кейде 10-12, тіпті одан да көпке жетеді.

Көп сулылықтың пайда болу себептері әлі толығымен анықталмаған; бұл ақау амниотикалық эпителий қызметтерінің бұзылыстарына байланысты деген ой бар.

Көп сулылық жиірек бала егіз болғанда, ұрықтың даму ақаулары мен ананың кейбір ауруларында (диабет, бүйрек жетіспеушілігі) байқалады. Егіз бала кезінде біреуінің көп сулы болуы жиірек екіншісінің аз сулы болуымен сәйкес келеді.

Көп сулылық әдетте жүктіліктің ортасында немесе екінші жартысында дами бастайды.

Көп сулылықтың жіті және созылмалы түрлері байқалады. Жіті көп сулылық тез, ал созылмалы көп сулылық біртіндеп дамиды. Жіті көп сулылық созылмалыға қарағанда сирек кездеседі.

Көп сулылық жүктілік пен босанудың бірқатар асқынуларының дамуына себепкер болады.

Қағанақ суларының шамадан тыс жиналуы жатырдың күрт өсуіне әкеледі, ал ол болса көршілес мүшелерді қысып, диафрагманы жоғары көтереді. Жүкті әйелдерді ентігу, меңзеңдік, аяқтарының ісінуі, іштің ауырлауы және ауырсыну сезімдері мазалайды; жиірек токсикоздар байқалады.

Көп сулылық кезінде ұрықтың тым қозғалғыштығы ұрықтың жамбасқа, көлдененінен және қисық орналасуына жағдай жасайды.

Көп сулылық кезіндегі жүктілік жиі мерзімінен бұрын босанумен аяқталады. Босану ұзаққа созылады, босану әрекеті әдетте әлсіз болады. Қағанақ суларының шығуы кезінде ұрықтың, әсіресе кіндіктің ұсақ бөліктері оңай түсіп қалады. Бала жолдасының тууы және босанудан кейінгі кезеңде қан кетуі мүмкін.

Көп сулылық келесі белгілерге негізделеді. Жатыр шамадан тыс үлкен және ширыққан. Кіндік бойымен санағандағы іштің айналымы 100 см артық, 110-120 см, тіпті одан жоғарыға жетеді.

Судың шамадан тыс жиналуына байланысты ұрық бөліктері қиындықпен білінеді, жүрек тондары әлсіз немесе естілмейді. Босану кезіндегі қынаптық тексеру барысында қағанақ тек толғақ кезінде ғана емес, толғақ арасындағы кідіріс уақыттарында да ширығып тұрғаны анықталады.

Көп сулылық кезінде жүкті әйел босану үйіне бағытталуы керек.

Қан айналымы және тыныс алу бұзылыстарымен қатарласатын жіті көп сулылық кезінде босануға дейін қағанақты жасанды түрде жарады; созылмалы көп сулылық кезінде жүктілікке оперативті араласулар жасау көрсетілмеген. Көп сулылық кезінде асқынулар (босану күшінің әлсіздігі, кіндіктің түсуі, нәрестенің дұрыс орналаспауы, қан кету, т.б.) жиірек пайда болуына байланысты босану әрекеттері дәрігер бақылауымен жүргізілгені жөн.

Босанудың бірінші кезеңінде қағанақты өзек 2-3 саусаққа ашылған кезде тесу (қабықты ортасынан емес, жанынан тескен жөн) ұсынылады және қолды қынаптан шығармай (кіндік түсіп кетпеу үшін) суды ақырын шығару керек. Нәресте дұрыс орналаспаған жағдайда аяққа бұру операциясы жасалады.

 



  92   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107   Наступна

Гестоздың пайда болу себептері мен даму жолдары | Ерте гестоздар | Жүктілік кезінде болатын критериялар, гипертензиялар | Жүктілік шемені | Эклампсия | Эклампсияны емдеу. | Гестоз ауруымен ауырған әйелдерді босандыру тәсілдері | МЕН ПЛАЦЕНТАНЫҢ АУРУЛАРЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНДАҒЫ АУЫТҚУЛАРЫ | Рықтың жатыр ішінде өлуі | Кіндік ауытқулары |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати