Головна

Эклампсияны емдеу.

  1. Ауруды тегіс жерге жатқызыңыз, да басын бір жаққа бұрып қойыңыз.
  2. Аузын қасық немесе шпатель арқылы ашып, тілді сыртқа шығарып, дем алу жолын ашыңыз.
  3. Егер өз демалу тез қалпына келсе қалтыраудан кейін, оттегі қабын қолданыңыз.
  4. Апноэ көпке созылса, Амбу қабы арқылы жел үрлеңіз.
  5. Эклампсия қайта қайталанбау үшін, бұлшық етке магнезии егу керек. 20мл 25% (5гр) магнии сульфаты 1мл 2% новокаин немесе лидоноин әр бұлшық етке (10гр), 20мл 25% ерітіндіні (5гр) магний сульфаты 1мл 2% новокаин немесе лидокоин әр бір 4 сағат сайын, екі жақты ауыстырып отыру керек.
  6. Магнезиялық терапияны көк тамыр арқылы да жасауға болады: 420мл физиологиялық ерітіндісін немесе 5% глкозаға -80мл, 25% ерітіндіні (20гр құрғақ ұнтақ ) магний сульфатын қосу керек. Бастапқы 100мл (4гр ұнтақ) қан тамырға 15-20 мин. 72-96 тамшы 1 минутта, кейін минутына 6-12 тамшыдан беруді жалғастырыңыз. Бұл босанудан кейін 24 сағ. созылады.

Қан тамырға еккенде мөлшерден тысқұйылып кетуін байқап отыру керек.

- дем алу уақыты ≤ 13рет минутына

- тізе рефлекстің болмауы.

- Диурездің төмендеуі < 30мл/сағ. (үнемі катетер) Егер магний сульфатының мөлшерден тыскететін болса, қан тамырына 10% еріт 10мл, глюконат калций ерітіндісін егу керек.

  1. Гипотензиялық терапия диостолитикалық қысым кезінде жасалады, 110 жоғары болса, қолда бар гипотензиялық ерітінділері қолдану керек.

- Систолитикалық қысым 30-40мм. Төмендетпеу керек.

- Диостолитикалық А.Қ. 90мм. Төмендетпеу керек.

8. Диуретиктерді екпеу керек.

9. Седативтіжәне қалтырауға қарсы ерітінділер тек ауруды басып, оның күрделі формасына әкелуі мүмкін.

10. Емдік- қадағалау режимін жасау.

11. Ары қарай егу жолдарын анықтау.

12. 30 минут сайын А.Қ., пульс, тыныс алуын, диурез, терең шеміршек рефлекстерін қадағалау.

13. Тез арада санитарлы машина және дәрігермен бірге жәрдем көмек көрсету құралдарымен бірге перезентханаға жеткізу керек.

Сонымен, гестозды емдеу уақытының мөлшері оның түріне және емдеу нәтижесіне байлансты. Гестоздың өте ауыр асқынған түрлерінің (нефропатияның үшінші сатысы, преэклампсия, эклампсия) емдеу уақытысы 2-6 сағатқа ғана созылады. Содан кейін мұндай әйелдерді көбіне кесар тілігі арқылы босандырып алады. Нефропатияның екінші сатысында ем 5-7 күнге, ал бірінші сатысы мен әйелдің ісінуі кезінде 2 аптаға созылады.

 



  86   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101   Наступна

Аяқпен жатқан нәрестені туғызудағы Цовьянов әдісі | ХІІІ ТАРАУ. КӨПҰРЫҚТЫ ЖҮКТІЛІК | Көп ұрықты жүктіліктің ағымы | Көп ұрықты жүктілікті диагностикалау | Көп ұрықты жүктілік кезінде босануды жүргізу | Гестоздың анықтамасы, түрлері , жиілігі | Гестоздың пайда болу себептері мен даму жолдары | Ерте гестоздар | Жүктілік кезінде болатын критериялар, гипертензиялар | Жүктілік шемені |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати