Головна

Бөбектер бөлімінің жұмыс тәртібі

  1. "Информатика" пәні бойынша студенттің аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарын ұйымдастыру.
  2. Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
  3. Бақылау жұмыстарын орындауға және тапсыруға қойылатын жалпы талаптар
  4. Дәріс. Әдебиет сабағында жүргізілетін тіл ұстарту жұмыстары
  5. Дәріс. Жазба жұмыстарының түрлері. шығарма жаздыру
  6. Деректер базасы туралы түсінік. Экономикалық толтыру дайын деректер базасымен жұмыс.

Әйелдер босанатын үйдің ең жауапты бөлімінің бірі бөбектер бөлімі. Оның жұмыс тәртібінің өзіндік ерекшеліктері бар.

Бөбектер бөлімінде бөбектер жататын бөлмелерден басқа жедел жәрдем, туберкулезге қарсы егу (ТҚБ), сүтті жинап залалсыздандыру (стерилизация), киім-кешек, тазалық бөлмелері болуы керек.

Бөбектер бөліміндегі төсектердің саны акушерлік бөлімшелерден 10-15% артық болады. Бұл бөлмелер кезекпен толтырылып, аналар бөлмелерінің толтырылуымен сәйкес келуі керек. Бір бөлмеде тек соңғы үш күн ішінде туған бөбектер ғана жатуы тиіс. Анасы не өзі сырқаттанған жағдайда бөбектер екінші акушерлік бөлімшеге ауыстырылады. Ондағы бөлмелер 1 бөбектік не боксқа бөлінген 2 орындық болуы керек.

Кейінгі жылдары арнайы перзентханаларда дені сау ана бөбегімен бірге бір бөлмеде орналасады.

Бірінші акушерлік бөлімнің бөбектер бөлімшесінде бір бөбекке 4-4,5 м2, екінішісінде 6-8 м2 орын бөлінуі қажет. Барлық бөлмелерде микробтарды жоятын кварц шамы тұрады.

Бөбектер бөлмесінің ауасы 22-240, шала туғандардікі 24-260 аралығында, ауасының дымқылдығы 60-65 % аралығында болуы керек. Бөлімшеде асептика мен антисептика ережелері катаң сақталады, күніне 3-4 рет микробтарды жоятын дәрілер қосылған сумен жуылады. Бөбектерді емізуге жіберген кезде бөлмелер желдетіліп, кварц шамдары қосылады.

Бөлменің жабдықтары:

- қабырғаға ілетін және жылжымалы кварц шамдары;

- айырма белгілері бар бөбек төсектері;

- бала орайтын үстелдер;

- салмақ өлшегіш таразы;

- дәрілер сақтайтын шкаф;

- залалсыздандырылған құрал-жабдықтар салынған биксті қоятын үстел;

- кір төсек-орынды жинайтын қапшықтар;

- нәресте таситын арбалар;

- қол жуғыштар;

- электрлі ваккум сорғышы.

 



  57   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71   72   Наступна

Нәрестенің біріншілік туалеті | Бала жолдасының бөліну кезеңі. | Бақылау және босануды жүргізу | Бала жолдасының бөліну кезеңін жүргізу | ІХ ТАРАУ. БОСАНУДЫ ЖАНСЫЗДАНДЫРУ | Жансыздандырудың жаңашыл тәсілдері | Акушерлік операциялар барысындағы жансыздандыру | Босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу | Еңбек ету, дем алу, тамақтану | Жыныстық қатынас |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати