Головна

Акушерлік операциялар барысындағы жансыздандыру

  1. Акушерлік
  2. Акушерлік қысқаш
  3. Акушерлік қысқашты салу тәсілі
  4. Акушерлік тексеру әдістері
  5. Акушерліктегі әр түрлі манипуляцияларға қажетті құралдар жиынтығының тізімі.
  6. АКУШЕРЛІКТЕГІ АСЕПТИКА МЕН АНТИСЕПТИКА

Босанудың бірінші кезеңінде медбике-анестезист жансыздандыруға белсенді қатысып, дәрігер-анестезиологпен бірге үлкен және кіші операцияларда жансыздандыру жасай білуі керек. Кіші акушерлік операцияларға акушерлік қысқыштар салу, босанудан кейінгі жатырды қолмен тексеру, плацентаны қолмен босатып, бала жолдасын туғызу, босану кезінде жыртылған аралықты қалпына келтіру жұмыстары жатады. Үлкен акушерлік операция дегеніміз бұл - ішті кесумен байланысты операциялар: кесар тілігі немесе босану кезінде жыртылған жатырды немесе босанудан кейінгі гипотониялық қан кетуге байланысты жатырды алып тастау.

Кіші акушерлік операцияларды жансыздандыру барысында акушерлік анестезиологияның өзінділігін ескеру қажет. Мысалы, акушерлік қысқыш салу операциясын жансыздандыру кезінде анестезист анестезияның нәресте мен жатырдың жиырылу жұмысына кері әсерін тигізбеуі тиіс.

Акушерлік операцияларда жергілікті анестезиямен бірге жалпы анестезия да қолданылады. 0,25% новокаин ерітіндісі ретіндегі жергілікті анестезия аралықтың, жыныс еріндерінің, қынап қабырғаларының жыртылуында қолданылады. Кіші акушерлік операцияларды жасау үшін көбіне науқастың есін сөндіру арқылы жалпы анестезияны (наркоз) қолданады. Бұнда ингаляциялық және ингаляциялық емес анальгетиктер қолданылады.

Ингаляциялық наркоз көміртегі тотығы - фторотан қосындыларымен жүзеге асырылады. Наркоз тереңдігінің жеткіліксіздігінен көміртегі тотығы жеке анестетик ретінде қолданылмайды, тек анағұрлым күштірек қосылыс түрінде ғана (фторотан, трихлорэтилен және т.б.) пайдаланылады.

Ингаляциялық емес анестезия тәсілдері үшін қазіргі акушерлік анестезиологияда қысқа (тиопентал-натрий) және ультрақысқа (сомбревин) мерзімді анестетиктер қолданылады. Сонымен қатар медбике-анестезист көк тамырға жасалатын анестезия түрлерін қолдану кезінде асқынулардың даму қаупін ескеруі қажет. Мысалы, анестетик жылдам енгізілгенде немесе босанушы әйелдің оған сезімталдылығы жоғары болса, тыныс алу қысылып, қан қысымы артып, тіпті жүрек тоқтап қалуы мүмкін.

Осы асқынулар туындаған жағдайда шұғыл көмек (реанимация) көрсетілуі қажет. Медбике-анестезист дәрігер-анестезиолог болмаған жағдайда өз бетімен жалпы анестезияның қандай да болсын бір тәсілдерін өткізуге құқығы жоқ екенін есте сақтағаны дұрыс. Асқыну туындаған жағдайда дәрігер-анестезист өкпені жасанды желдетіп, кардиотоникалық және т.б. заттарды енгізеді. Ал медбике осы реанимациялық шараларды өткізуге дәрігерге белсенді көмек көрсетеді.

Қандай да болсын акушерлік операция кезіндегі анестезия тәсілі мен анестетик түрлерін таңдау сұрағы дәрігер-анестезист және акушер-гинекологпен бірге қабылданады және ол хирургиялық араласу сипатына, босанатын немесе босанған әйел жағдайының ауырлығына, босану үйінің техникалық жабдықталуына байланысты болады.

Медбике-анестезисттің кіші акушерлік операцияларды жансыздандыруда белгілі бір міндеттемелері бар: наркоз аппараты мен анестетик заттарды дайындайды, наркоз аппаратына газ баллондарын қосады, наркоз аппаратының флакондарын сұйық анестетиктермен толтырады, көк тамырға анестезия жасау кезінде дәрігер нұсқауы бойынша шприцті қажетті анестетикпен толтырып, көк тамырға енгізеді, әйелдің қан қысымы, тамыр соғысы және жалпы жағдайын бақылап отырады.

Үлкен акушерлік операцияларды орындау барысында медбике-анестезисттің жұмысы әр түрлі және күрделі.

Кесар тілігі операциясы қазіргі кезде үйлестірілген эндотрахеальді наркоз көмегімен жасалады. Эндотрахеальді наркоз ағзаның өмірлік маңызды функцияларын басқаруға және операцияны оның минималды тереңдігінде өткізуге болатындығына байланысты жалпы анестезияның анағұрлым жетілген тәсілдерінің бірі болып саналады. Эндотрахеальді наркоздың бұл қасиеттері әсіресе кесар тілігі операциясында өте маңызды, өйткені қатты әсер ететін есірткі заттарының аз ғана мөлшерін енгізу мүмкіндігі нәресте гипоксиясының және есірткілік депрессиясының алдын алуға жағдай жасайды.

Эндотрахеальді наркозды жүргізуде келесі кезеңдерді айыруға болады: премедикация, сұйытылған наркоз, кеңірдек интубациясы, негізгі наркоз және кеңірдек экстубациясы.

Операция аяқталғаннан соң науқас өздігінен тыныс алуы қалыптасқаннан және жоғалтқан қан көлемі толыққаннан кейін қарқынды терапия палатасына ауыстырылады.

Х ТАРАУ. БОСАНҒАННАН КЕЙІНГІ ҚАЛЫПТЫ КЕЗЕҢ

Босанғаннан кейінгі кезең деп - жүктілік пен босану кезіндегі әйел ағзасындағы өзгеріске ұшыраған ағзалардың бұрынғы қалпына келуін айтады. Бұл кезең бала жолдасы түскеннен кейін басталады (6-8 жұма). Босанғаннан кейінгі кезеңдегі ана жас босанған әйел деп атайды. Бұл кезең ерте және кеш кезең деп бөлінеді.

Ерте кезең деп - алғашқы 2-4 сағат шамасын айтады, бұл мезетте ана босанған бөлмеде, дәрігерлердің қарауында болады.

Жүкті кезде өзгеріске көп ұшырайтын ағзалардың бірі - жатыр. Босанғанға дейін ол өсіп, кіндік түбінен жоғары көтеріледі. Ал босанғаннан кейін бірітіндеп кішірейіп, бұрынғы өз қалпына келеді.

Босанғаннан кейін бірден жатырдың салмағы 1000г болып, жатыр түбі кіндік шекарасында тұрады, өлшегіш зонтпен өлшегенде ұзындығы 15-20 см-ге таяу болады. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңде босанған әйелдің жатыр мойнын, қынабын тексеріп қарайды. Егер жыртылған жері болса, тігеді.

Сонымен қатар осы кезеңде әйелдің жалпы жағдайын, тамыр соғуын, қан қысымын өлшеп, жатыр жағдайын бақылап, әрбір 15 минут сайын жатырды уқалап отыру қажет. Бұл кезеңде жатырдан шамалы қан (250-300 мл) бөлінеді.

Босанғаннан кейінгі кеш кезең деп - босанған бөлмеден көшірген мезгілден бастап, әйел ағзасындағы жүктілік пен босанғаннан кейінгі барлық өзгерістердің, ағзалардың өз қалпына келу мезгілін айтады. Мәселен, жатырдың бұрынғы қалпына келуі мынадай: босанғаннан кейінгі бірінші жұмада оның салмағы екі есе кішірейеді (500 г), екінші жұмада 350 г, үшінші жұмада 250 г, 6-8-жұмада жатыр өз қалпына келеді, туған әйелдің жатыры 75 г. Босанғаннан кейін жатыр түбі 1-ші күні кіндіктен 2-4 см төмен, ал төртінші күні кіндік пен қасағаның ортасында анықталады. Ал 8-9 күндері қасағадан төмен түседі.

1 қосымша. Жатыр жиырылуымен бірге бездердің түбіндегі бөлімдерінің эпителийі және эндометрийдің базальді қабатының өсуі арқасында жатырдың кілегей қабығының қалпына келуі жүреді. Кілегейдің регенерациясы жараланған жатыр бетінің жазылу процесі болып табылады. Жараланған жатыр бетінің жазылуы кезінде лейкоциттер көптеп жиналып, жатырға және басқа да жыныс мүшелеріне микроптардың енуіне кедергі жасайды.

Жатырдың ішкі (жаралық) бетінің эпителизациясы 10-күні, эндометрийдің толық қалпына келуі босанудан кейінгі 20-күні аяқталады.

Жатыр инволюциясының жылдамдығы бірқатар себептерге байланысты: әйелдің жалпы жағдайына, әйелдің жас шамасына, босану сипатына, төспен тамақтандыруына, т.б. Жатыр инволюциясы әлсіз және көп босанған әйелдерде, бірінші рет босанатын кәрі әйелдерде, патологиялық босанулардан кейін баяу өтеді; төс сүтімен емізетін әйелдерде емізбейтіндерге қарағанда жатыр жылдамырақ жиырылады.

Қазіргі уақытта жатыр инволюциясын бақылау УДТ арқылы жүргізіледі.

Босанғаннан кейін 10-12 сағатта жатыр мойны өзгере бастайды, тек үшінші күні ғана оның өзегі 2 см дейін кішірейіп, 10-күні өз қалпына келеді. 2-3 жұмада жатырдың өзегі түгел қалыптасып, саңылау ғана қалады. Әйел босанғаннан кейінгі алғашқы күндері жатырдан қан аралас сұйықтық (үш күндей), содан кейін қанды сарысу ағады. Тек үшінші жұманың соңында жатырдан сұйықтықтың бөлінуі тоқталады.

Ал емшек безінің қызметі босанғаннан кейін бұрынғыдан да ұлғая бастайды. Босанғаннан кейінгі емшек безі 1-3-ші күндері уыз, ал 3-4-ші күндерінде сүт бөледі. Емшек бездерінде сүттің көп пайда болуынан кейде емшектің ісініп, дене ыстығы да көтерілуі мүмкін. Ана сүтінің құрамында 88 % су, 1,13 % белок, 7,2 % қант, 3,36 % май, т.б. болады.

Қалыпты жағдайда жас босанған әйелдің жалпы жағдайы өзгермейді, ыстығы көтерілмейді, тамыр соғысы шамалы төмендеп, қан қысымы бірінші, екінші күндері төмендейді, жатырдан бөлінген сұйықтық өз күндеріне сәйкес келеді, ал емшек бездері жеткілікті сүт бөледі.

Осы жоғарыда аталған қалыпты жағдайға қарамастан, кейде жас босанған әйелдің ыстығы көтеріледі.

Әдетте, дене ыстығы екі рет көтерілуі мүмкін. Бірінші рет босанған мезгілден бастап 12 сағатқа дейін, бұл босанған кездегі әйел ағзасындағы көптеген өзгерістерге байланысты болады. Ал екінші рет 3-4-күндері байқалады, ол сүт бездерінің ұлғаюына және осы күндері инфекцияның қынаптан жатырға қарай өтуіне байланысты болады, яғни, жатырдың инфекцияға қарсы қорғаныс реакциясы. Бұл - физиологиялық құбылыс.

2 қосымша. Босанғаннан кейінгі кезеңде бүйрек жұмысы әдетте қалыпты болады, бірақ зәр бөлінудің қиындауы қуық қызметінің бұзылуымен байланысады. Әйелдер көптеген жағдайларда қуық толық болғанымен, дәретке отыру сезімін сезінбейді.

Босанғаннан кейінгі кезеңде жиі ішек атониясына байланысты іш қату байқалады.

Қажетті жағдайда ананың қаны мен зәрі тексеріліп тұрады.

Босанғаннан кейінгі алғашқы тәуілікте жыныс мүшелерінің ернеулері мен қынап ептеп ауырғандай болады. Ал жатырдың біртіндеп жиырылуына байланысты іштің төменгі жағы 3-4 күндей толғақ тәрізденіп, бүріп ауырады.

Жүктілік, босану кезеңі асқынбаған әйел әдетте 7-8 күннен кейін перзентханадан шығады. Сонымен, босанған әйелдің ішкі-сыртқы жыныс мүшелері тек екі айдан кейін ғана қалпына келеді. Босанғаннан кейінгі кезеңнің дұрыс өтуі жүктілік кезеңі мен толғақтың қалыпты өтуіне байланысты. Жүктілік кезеңі асқынбаған жағдайда босану кезеңі де асқынбайды.

Босанғаннан кейінгі кезеңде ана гигиеналық шарттарды қатаң сақтауы тиіс. Перзентханада ана ауру жұқтырып алмауы үшін барлық шараларды қолданады, атап айтқанда, бұл жерде әйелдің жыныс мүшелері күніне бірнеше рет жуылып, іш киімдері мен төсек орындары әр үш күн сайын ауыстырылады, жататын бөлмесі күн сайын тазартылады. Дене қызуы күніне екі рет өлшенеді, егер бұл кезең асқынып, дене ыстығы 37,5-тен жоғары көтерілсе, әйелді обсервация бөліміне ауыстырады.

 



  52   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67   Наступна

Санитарлық өңдеу | Ынаптық тексеру алдындағы сыртқы жыныс мүшелерін өңдеу | Босанудың бірінші кезеңінде әйелді күту және бақылау | Шүйде сүйегінің алға қарап тууы | Туу кезінде көрсетілетін акушерлік әрекет кезеңдері | Нәрестенің біріншілік туалеті | Бала жолдасының бөліну кезеңі. | Бақылау және босануды жүргізу | Бала жолдасының бөліну кезеңін жүргізу | ІХ ТАРАУ. БОСАНУДЫ ЖАНСЫЗДАНДЫРУ |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати