Головна

Жетілген нәрестенің бас сүйегі

  1. Жаңа туған нәрестенің бас қаңқасының өлшемі
  2. Жатырдағы нәрестенің гипоксиясы мен асфиксиясы
  3. Нәрестенің біріншілік туалеті
  4. Нәрестенің жатырдағы қалпы
  5. Шүйде сүйегінің алға қарап тууы

Жетілген нәресте басының бірқатар ерекшеліктері бар. Нәрестені шығару кезеңінің ағымы оның формасы, мөлшері, сүйектерінің қозғалғыштығы және т.б. байланысты. Босанудың көпшілігінде баланың басы бірнеше жүйелі қозғалыстарды жасай отырып босану өзегінен өтеді. Ішкі тексеріс барысында нәрестенің басынан жүктіліктің ағымы турасында көрініс беретін бірнеше жіктер мен енбектерді анықтауға болады. Қаңқа сүйегі орнынан жылжиды, соның себебінен бас иілімді болады.

Нәрестенің басы екі маңдай, екі төбе, екі самай, бір негізгі шүйде сүйегінен және бір торлы сүйектерден тұрады.

       
 
   
19 сурет. Нәрістенің бас сүйегі. 1-кіші еңбек; 2-үлкен еңбек; 3-төбежігі; 4-үлкен көлденең өлшем; 5-кіші көлденең өлшем.
 

Акушерлікте келесі жіктерге ерекше назар бөлінеді:

- жебе жігі төбе сүйектері арасынан өтеді; алдыңғы жағынан үлкен енбекке, артқы жағы - кіші енбекке өтеді;

- маңдай жігі маңдай сүйектері аралығында орналасқан, жебе жігі бағытында жүреді;

- төбежігі маңдай сүйектерін төбе сүйектерімен байланыстырады, жебе және маңдай жігіне перпендикулярлы жүреді;

- ламбда (шүйде) жігі шүйде сүйегін төбе сүйегімен байланыстырады.

Жіктердің байланысқан жерлерінде сүйек ұлпаларынан ерікті, тек шандырлармен жабылған енбектер орналасады.

1. Жебе, маңдай және төбе жіктері арасындағы алдыңғы үлкен енбек; ол ромбыға ұқсас болып келеді.

2. Артқы кіші енбек оқтай және ламбда сияқты жіктер арасындағы кішірек ойыққа ұқсас болады; ол үшбұрышты формалы болып келеді.

Нәресте басында шүйде, екі төбе және екі маңдай төмпешігі болады.



  23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38   Наступна

ЙЕЛ ӨМІРІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ | Балалық шақ кезеңі | Жыныстық пісіп-жетілу кезеңі | Жыныстық толығу кезеңі | Йел жыныс мүшелерінің физологиясы, етеккір циклы | Етеккір кезеңінің гигиенасы | ІІІ ТАРАУ. ӘЙЕЛ ЖАМБАС СҮЙЕГІНІҢ АНАТОМИЯСЫ | Кіші жамбас қуысы | Йел жамбас қуысының ерлер жамбас қуысынан айырмашылығы | ІҮ ТАРАУ. ЖҮКТІЛІК ФИЗИОЛОГИЯСЫ |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати