Головна

Рықтың дамуы туралы жалпы мәліметтер

  1. Ағзадағы ауыруды жалпыландыратын және басатын механиз
  2. АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ
  3. Аржыландыру туралы
  4. Бақылау жұмыстарын орындауға және тапсыруға қойылатын жалпы талаптар
  5. Биосфера туралы түсінік
  6. Биосфера туралы түсінік және оның компонентттері.
  7. Білімді бағалаудың жалпы шкаласы

Құрсақтағы нәресте толық өсіп, жүкті әйелдің босану мерзіміне дейін орташа есеппен 280 күн керек, яғни баланың өсу кезеңі 10 акушерлік айға (әр ай 28 күннен) созылады. Осы уақыт ішінде нәрестенің салмағы бастапқы кезіндегіге қарағанда 6 миллиардтай үлкейеді. Екінші сөзбен айтқанда, тек микроскоппен көруге болатын ұрықтың салмағы орта есеппен 3000-3300 гр., бойы 50 см дейін өседі. Бұл "кішкентай адам" пайда болысымен тек үлкейіп қана қоймайды, сонымен қатар әр кезеңде ағзаның әр түрлі мүшелері мен жүйелері пайда болып, жетіле түседі. Атап айтқанда, жасушалар ұрықтанғаннан кейін шектену басталады да, жатыр түтігі арқылы жатырға түседі. Бұл мерзім 8-10 күнге созылады. Жатырға ұрық морула сатысында түседі де, оның шырышты қабығына енеді. Соңғы процесс тез жүреді. 24 сағаттың ішінде шырышты қабыққа ұрықтың жартысынан көбі, ал 40 сағатта толығымен енеді.

Ұрық дами бастаған кезде оның сыртын орап жататын қабықтар түзіледі. Сыртқы қабықта көптеген бүрлер болады. Ол бүрлер биологиялық процестердің әсерінен жатырдың шырышты қабатына тереңірек еніп, бірігіп кетеді. Осылайша ұрықтың бір мүшесі - жолдасы құрылады. Нәрестедегі зат алмасу процесі әлгі жолдасы арқылы қамтамасыз етіледі. Нәресте кіндік арқылы жолдасымен жалғасады да, бұл екеуі де қан тамырлары арқылы байланысып тұрады. Ал баланың жолдасы қан тамырлары арқылы бүкіл ана ағзасының қанымен байланыс жасайды. Ана мен нәресте арасындағы зат алмасу процестері ана ағзасынан жатырға, жатырдан баланың жолдасына, одан кіндік арқылы нәрестеге және керісінше ана ағзасына бару арқылы жүреді. Яғни, бала жолдасы ол туғанға дейінгі мерзім ішінде оған өкпенің де, асқазанның да, бауырдың да, бүйректің де қызметін атқарады.

Нәрестенің даму ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, алғашқы айда зигота бөлшектеніп, морула құралады, имплантация жүреді және басты-басты мүшелердің алды пайда бола бастайды.

Имплантация аяқталғаннан кейін негізгі мүшелер мен жүйелердің қалану кезеңі (органогенез) басталады. Жүйке жүйесі жатырішілік өмірдің екінші айынан бастап қалыптасады. 5-ай шамасында жұлын миы қалыптасады, ал бас миының дамуы жатырішілік өмірдің 6-7-айына қарай аяқталады. Дегенмен, бас миының сыртқы қабығы ұрық өмірге келгеннен кейін дамиды.

Эндокринді жүйе фетоплацентарлы кешенді қалыптастыра отырып, органогенездің басынан бастап жұмыс істейді.

Ұрықтың қан тудыру жүйесі жатырішілік өмірінің 2-айынан бастап тұрақты қалыптасады. 4-айда көк бауырдың қан тудыру жүйесі пайда болады. Жетілген ұрықтың гемоглобині мен эритроциттері ересек адамдарға қарағанда көп болады, ол ұрықтың оттегімен қамтамасыз етілуіне көмектеседі.

Тыныс алу мүшелері жатырішілік өмірдің бірінші айында пайда болады, толығу кезеңіне қарай ұрықтың тыныс алу жүйесі толықтай дамиды.

Плацента арқылы оттегінің жеткіліксіз келуі салдарынан ұрық оттегімен ашығуы мүмкін, ал ол болса ұрықтың дамуын бұзады және оның өлуіне себепкер болады.

Ас қорыту жүйесі ұрықтың жатырішілік даму кезеңі бойында қалыптасады, дегенмен бүйрегі 4-5-айларда ғана жұмыс істей бастайды. Ұрықтың ішектерінде алғашқы нәжіс (меконий) түзіледі. Жатырішілік ұрықтың ас қорыту жүйесін плацента орындайды. Ұрықтың дамуы толығымен ана ағзасынан келіп түсетін өнімді заттарға байланысты. Сол себепті, жүкті әйелдің тиімді тамақтануы ұрық үшін өте маңызды. Сору қызметі ұрықтың жатырішілік даму кезеңінің екінші жартысында қалыптасады.

Бөлу қызметі ұрықтың жатырішілік өмірінің 7-ші айына қарай толығымен қалыптасады, бірақ нақты жұмысын тек өмірге келгеннен соң бастайды, себебі жатыр ішінде ол қызметті плацента атқаратын болады.

Плацента ұрықтың тыныс алуына, қоректенуіне және қорытылған өнімді шығаруға көмектесетін маңызды мүше, иммунобиологиялық қорғанысының құрандысы болып табылады. Сонымен қатар плацента ұрық ағзасын сыртқы ортаның жағымсыз факторларынан (уытты заттар, кейбір дәрілік өнімдер, микроорганизмдер, т. б.) қорғау қабілетіне ие болады. Сыртқы сұлбасы бойынша ол домалақ, қалың, жұмсақ шелпекке ұқсас болып келеді. Диаметрі 15-18 см, қалыңдығы 2-3 см, салмағы 500-600 гр. Оның екі беті болады: аналық және ұрықтық.

Бүрлерді қоршап тұратын ұрық анасының қаны ұйымайды және бүрлердің ішінде орналасқан тамырлар арқылы жүретін ұрық қанымен араласпайды. Ана және ұрық қаны арасында үнемі зат алмасу жүріп отырады. Ана қанынан ұрық қанына оттегі мен өнімді заттар өтіп отырады. Керісінше, ана қанына ұрық ағзасынан қорытылған өнім қалдықтары мен көмір қышқылы ауысады.

Плацента арқылы анадан ұрыққа оның дамуына қажет, бірақ өзінің ішкі сұйық бөлу бездері өндірмейтін гормондар бөлінеді. Ұрықтың ішкі сұйық бөлу мүшелері қызмет істей бастаған кезде өндірілетін гормондар плацента арқылы ана ағзасына өтеді. Ұрықтың ұйқы безі (инсулин) гормоны сусамырмен науқас ана ағзасына өтіп, ауру ағымын жеңілдетеді деген мәлімет бар.

Плацента ішкі сұйық бөлу қызметінің жаңа белсенді мүшесі болып табылады. Плацентада гонадотропты және эстрогенді гормондар, сонымен қатар прогестерон, өсу гормондары түзіліп, жинақталады.

Ұрықтың өсуіне байланысты жаңа жағдайлар әсерінен жүктілік кезінде әйел ағзасында көптеген және күрделі өзгерістер болады. Ол физиологиялық өзгерістер, олар ұрықтың дұрыс дамуына ықпал жасап, әйел ағзасын босануға және тамақтандыруға дайындайды.

Іштегі нәрестеге, оның дамуына сыртқы ортаның зиянды факторлары, дәрілік препараттар, ішімдік, наша, никотин үлкен әсер етеді.

Дегенмен, плацентаның тосқауыл жасаушы қызметі бірқатар зақымдаушы заттар үшін жеткіліксіз. Мысалы, ішімдік, наша, никотин, сынап, радиация, мышьяк, кейбір дәрілік заттар, қызамық вирустары, токсоплазма және т. б. плацентадан оңай өтіп кетеді.

Қағанақ сулары түрлі қызметтерді атқаратын ұрықты қоршап тұрған биологиялық белсенді орта. Қағанақ суларының мөлшері 1-1,5 л. 1 сағат уақыт шамасында судың үштен бір бөлігі ауысып отырады. Сулар ұрықтың гомеостазын қамтамасыз етеді; ұрықтың еркін дамып, қозғалуына мүмкіндік береді; қағанақ суларының жеткіліксіз мөлшері туа біткен кемістіктердің себебі болуы мүмкін; ұрықты жағымсыз әсерлерден, кіндікті жаншылудан қорғайды; ұрық үшін өнімді орта болып табылады; босану кезінде суға толған қағанақ қапшығы қалыпты ашылуға жағдай жасайды.

Децидуальді қабық - жүктілікке байланысты өзгеріске түскен жатырдың шырышты қабаты. Босану кезінде басқа қабықтармен және плацентамен қоса жатырдан бөлініп, шығарылады.

Дамудың бастапқы кезеңі аяқталған соң ұрық амниотикалық сұйықтықпен және децидуальді, хорион, амнион сияқты үш қабықпен қоршалады.

Децидуальді - жатырдың шырышты қабатынан түзілетін аналық қабат.

Түкті және сулы қабықтар - ұрықтікі.

Кіндік - бау тәрізді, оның ішінде 2 артерия және 1 вена тамырлары өтеді, сол арқылы нәрестеден плацентаға және плацентадан нәрестеге қанды айдайды. Орташа ұзындығы 50 см. Жаңа жағдайларына байланысты, жүктілік кезінде әйелдің ағзасында көптеген және күрделі өзгерістер болады, нәрестенің дамуына байланысты. бұл -физиологиялық өзгерістер, олар нәрестенің дұрыс дамуына, жүкті әйелді босандыруға және баланы тамақтандыруға дайындайды. нәрестеге және оның дамуына көбінесе сыртқы орта факторлары: дәрі - дәрмек, никотин, алькоголь, нашақорлық әсер етеді.

Нәрестенің бала жолдасы көптеген химиялық заттарға сезімтал екенін белгілеп, есте сақтау керек. Өйткені ананың ағзасыннан нәрестеге - сынап, фосфор, йод, бром, мыс, көміртегі қышқылы, улы газ, хлорформ, эфир, алькоголь, никотин, морфий, хинин, атропин, антибиотиктер сульфаниломидты құралдар және тағы басқа заттар өтеді. Көптеген жағдайда бұл заттар (морфин, алькоголь, никотин, сынап тағы басқа), аз мөлшердеде нәрестеге уландырғыш әсерін тигізеді. Сондықтан жүкті әйелді емдегенде, тамақтану тәртібін тағайындағанда осыны есте сақтау керек. сонымен қатар патогенді микроптар аурулардың инфекциялық қоздырғыштары нәрестеге енуі мүмкін. Бала жолдасы арқылы нәрестеге тұмау қоздырғыштары, қызылша т. б аурулардың вирустары жұғады. Осы вирустар тудырған аурулардан нәрестенің іштей өлуі немесе жүктіліктің алдын ала тоқтауы мүмкін.



  22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   Наступна

Сүт бездерін өз бетімен бақылау | ЙЕЛ ӨМІРІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ | Балалық шақ кезеңі | Жыныстық пісіп-жетілу кезеңі | Жыныстық толығу кезеңі | Йел жыныс мүшелерінің физологиясы, етеккір циклы | Етеккір кезеңінің гигиенасы | ІІІ ТАРАУ. ӘЙЕЛ ЖАМБАС СҮЙЕГІНІҢ АНАТОМИЯСЫ | Кіші жамбас қуысы | Йел жамбас қуысының ерлер жамбас қуысынан айырмашылығы |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати