Головна

ЙЕЛ ӨМІРІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ

  1. КІРІСПЕ. АКУШЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ

Әйел өмірінің бойынша жас шамасының анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын бірнеше кезеңдері анықталады. Кезеңдер ара жігі мейлінше шартты және жеке даму ерекшелігі, тұқымқуалаушылық, биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты өзгеріп отырады.

Жатырішілік кезең

Бұл кезеңде ұрықтың барлық мүшелері мен жүйелерінің, сонымен қатар, анасының қанынан, плацентадан келетін және ұрықтың өз ағзасында түзілетін жыныстық гормондар әсерінен жыныстық жүйенің дамуы, саралануы және пісіп-жетілуі жүреді. Ұрықтың дамуының 3-4 аптасында ең бірінші болып жыныс бездері, ал 6-8 аптасынан бастап сыртқы және ішкі жыныс мүшелерінің дамуы және саралануы басталады. Ұрықішілік дамудың 20 аптасына қарай ұрықтың аналық бездерінде примордиальді фоликуллдар болады. 31-33 аптаға қарай фоликуллдар дамуының алғашқы белгілері пайда бола бастайды, гранулеза жасушалары қабаттарының саны 6-8 қатарға дейін өседі, тека-жасушалардың қалыптасуы жүреді. Ұрықішілік дамуыдың әр аптасында репродуктивті жүйенің қалыптасуының маңызды шаралары болып тұрады, ал сыртқы ортаның зиянды фактор әрекеттері осы кезеңде белсенді даму үстіндегі құрылым мен жүйелерге өзінің кері зақымдаушы әсерін тигізеді. Бұл кезең әйелдің жыныс жүйесі қызметінің орнына келуі үшін өте маңызды, себебі сыртқы ортаның жағымсыз факторларының әсері жыныс жүйесі мүшелерінде ақаулардың дамуына себеп болады, ал ол болса әйел ағзасының өзіндік қызметтерінің бұзылысына әкеліп соғады. Бала көтеру кезінде жүкті әйел өз айналасында өте жағымды эмоцианалдық, т.б. жағдайларды, сонымен қатар дәрумендерге, микроэлементтерге, ақуыздарға және энергетикалық байланыстарға бай тиімді тағамдарды қажет етеді.

 



  12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   Наступна

АНА ӨЛІМІНІҢ «ҚАУІП-ҚАТЕР» ТОПТАРЫ | Көмектің ұйымдастырылуы | Көмектің ұйымдастырылуы | Перзентхананың құрылысы мен жұмысы | Жанұяны жоспарлау | АКУШЕРЛІКТЕГІ АСЕПТИКА МЕН АНТИСЕПТИКА | Жұқпалы аурулардың шығу көздері | Ызметшілерді тексеру | Кіші жамбас клетчаткасы | Сүт безінің анатомиясы |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати