На головну

Жұқпалы аурулардың шығу көздері

  1. Жіті және созылмалы жұқпалы аурулар

Босанушылардың зақымдалған босану жолдары жұқпалардың «кіру жолдары» болып табылады. Бала жолдасы түскеннен кейін жатыр жаралы қабат сияқты болады, ал жарақаттанған қынап, жатыр мойны және аралықтан жұқпалардың оңай өтуіне байланысты, босанудан кейінгі бастапқы кезең жұқпалардың кіруіне неғұрлым жағдайлы болып табылады. Бұл босанудан кейінгі жұқпалы асқынулардың дамуына әкеліп соғады.

Балаларда жұқпалардың «кіру жолдары» кіндік қалдығы болып табылады. Алайда, жұқпа зақымдалған тері және шырышты қабаттар арқылы, тыныс алу жолдары, сонымен қатар ас қорыту жолдары арқылы да өтуі мүмкін.

Босану үйінде жұқпаның көздері ретінде болуы мүмкін:

a) бактериотаратушылыққа дұрыс тексерілмеген персонал;

б) ауыратын немесе бактерия таратушы жүктілердің, босанатындардың және

босанғандардың өздері;

в) ауруханаішілік жұқпа (антибактериалды және залалсыздандырушы заттарға

жоғары тұрақтылығы бар микробтар штаммаларының болуы);

г) мұрын-жұтқыншақ, асқазан-ішек жолы, тері қабаттарының аурулары бар жаңа

туған нәрестелер.

Жұқпалардың таралуында жиі кездесетін жүйелілік – персонал – ана – нәресте.

Акушер-гинекологиялық стационарда санитарлық-індетке қарсы тәртіп ережелерінің орындалу тәртібін орнататын бірнеше құжаттар бар: №№ 55 9.01.1981 жылдан, 691, 470, 80, 372, ОСТ 42-21-2-85, № 338 26.11.1997 жылдан және басқа құжаттар.

Осы бұйрықтарға сәйкес персоналды таңдау және тексеру ережесі, олардың денсаулық жағдайын бақылау кезеңдері; босанушыларды стационарға қабылдау және жүктілер, босанушылар, босанғандар мен нәрестелерде түрлі асқынулардың пайда болуы кезінде дер кезінде оңашалау дұрыстығы; құралдарды, тану материалдарын залалсыздандыру, персоналдың қолды жуу, босану жолдары мен операциялақ алаңды өңдеу, төс сүтін пастерлеу, босану залын, палаталар мен қосалқы бөлмелерді тазалау ережелері, сонымен қатар босануға көмектесетін мекемелерде санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы тәртіптердің сақталуына байланысты басқа да сұрақтар қарастырылады.

Осы тәртіптердің сақталу барысында палаталардың дайындалуына және дезинфекциялануына, олардың ағымдағы тазалау жұмыстарына, босану залының уақытында тазалауға жабылуына басты назар бөлінеді. Осыған байланысты медбикені оқыту және қажетті талаптарды орындау дағдыларын үйрету біздің міндетіміз болып табылады.

Медбике:

1) босанушы шығарылғаннан кейін палатаны басты тазалауға дайындауды;

2) палатаны өңдеп, босану блогынан босанушыны қабылдануына дайындауды;

3) босануды қабылдау және нәрестені өңдеуге қажетті пакеттерді автоклавтауға дайындауды;

4) залалсыздандыру үшін бикстерге материал салуды істей білу тиістігін ескере отырып, осы манипуляциялардың орындалу әдістемесімен және тәртібімен таныстырамыз.

 



  7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   Наступна

КІРІСПЕ. АКУШЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ | І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АКУШЕРЛІК-ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ | Йелдер кеңес орнының құрылысы мен жұмысы | АУІПСІЗ ЖҮКТІЛІК | ПЕРИНАТАЛЬДІК ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕРДІ ҰПАЙ АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУ | АНА ӨЛІМІНІҢ «ҚАУІП-ҚАТЕР» ТОПТАРЫ | Көмектің ұйымдастырылуы | Көмектің ұйымдастырылуы | Перзентхананың құрылысы мен жұмысы | Жанұяны жоспарлау |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати