На головну

Көмектің ұйымдастырылуы

  1. Көмектің ұйымдастырылуы

Ауылдық мекенде акушерлік-гинекологиялықкөмек бірқатар алдын алу емдеу мекемелері кезеңмен көрсетіледі. Бірінші кезеңде акушерлік-гинекологиялық көмек акушер-гинеколог дәрігерінсіз жұмыс істейтін фельдшер-акушерлік пункттердің (ФАП), аймақтық ауруханалардың орта медициналық персоналымен (акушер, медбикелер) қамтамасыз етіледі.

Акушердің бірінші кезеңдегі амбулаторлық жұмысы аймақтық аурухана дәрігерінің бақылауымен жүргізіледі және де негізінен жүктілік пен гинекологиялық аурулардың асқынуының алдын алу бағытын ұстанады.

Орта медициналық персонал міндетіне өз аймағындағы ерте мерзімді барлық жүктілерді анықтау, жүйелі түрде олардың жағдайын қадағалау, жүктілерді, жас босанған әйелдерді және бір жасқа дейінгі нәрестелерді бақылау, жүктілердің босануға физиопсихопрофилактикалық дайындығын жүргізу және санитарлық-ағарту жұмысы, гинекологиялық науқастарды анықтау кіреді.

Акушерлік бірінші кезең мекемесінің аумағында тұратын барлық жүктілерді акушер-гинеколог дәрігері бар стационарға бағыттауы тиіс. Босану кезінде асқыну туындаған жағдайда орта медициналық персонал міндетіне жедел түрде акушер-гинекологты шақырту, болмаса білікті медициналық көмек көрсетілуі үшін әйелді келесі кезеңге жеткізу сұрағы кіреді.

Екінші кезеңде амбулаторлық акушер-гинекологиялық көмек жатады. Акушер-гинеколог лауазымы бар, 50 не одан да көп керует орнымен жабдықталған аймақтық ауруханаларда, сондай-ақ ауылдық амбулаторияларда көрсетіледі. Қажетті жұмыс көлемі болған жағдайда ауылдық дәрігерлік амбулатория штатына акушер-гинеколог лауазымы енгізіледі. Екінші кезеңде дәрігер мен орта медициналық персонал физиологиялық ағымды дені сау жүкті әйелдерді бақылайды. Қауіпті топқа жататын жүктілер екінші кезеңді мекемелер бақылауында болумен қатар, аудандық немесе орталық аудандық аурухана дәрігерінің диспансерлік бақылауында болады. Екінші кезеңдегі стационарлық көмек ІІІ категориялы аймақтық ауруханалар, аудандық ауруханалар және орталық аудандық ауруханалармен көрсетіледі.

Үшінші кезеңде амбулаторлық-емханалық көмек. Аудандық және орталық аудандық ауруханалардың әйелдер кеңесімен, ал стационарлық көмек - І-ІІ категориялы орталық аудандық ауруханалармен атқарылады. Бұл кезең ауыл тұрғындарына білікті дәрігерлік көмек көрсетілудегі анағұрлым маңызды буын болып саналады.

Төртінші кезең қалалық және облыстық босану үйлері мен ауруханалардың әйелдер кеңесі және стационарымен, ал бесінші кезең – арнаулы акушер-гинекологиялық мекемелердің әйелдер кеңесімен және стационарымен, ғылыми-зерттеу институты және ЖОО акушерлік және гинекология кафедраларымен ұсынылады. Төртінші және бесінші кезең мекемелеріне айрықша ауыр патологиялы жүктілер, босанатын әйелдер және гинекологиялық науқастар жолданады. Ауылдық жерде жедел акушер-гинекологиялық көмекті анестезиолог-реаниматорлар және басқа мамандармен бірлесе отырып акушер-гинекологтардың көшпелі бригадалары көрсетеді. Бұл жерде жиі санитарлық авиация қолданылады.

 



  3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   Наступна

МАЗМҰНЫ | АЛҒЫ СӨЗ | КІРІСПЕ. АКУШЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ | І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АКУШЕРЛІК-ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ | Йелдер кеңес орнының құрылысы мен жұмысы | АУІПСІЗ ЖҮКТІЛІК | ПЕРИНАТАЛЬДІК ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕРДІ ҰПАЙ АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУ | АНА ӨЛІМІНІҢ «ҚАУІП-ҚАТЕР» ТОПТАРЫ | Жанұяны жоспарлау | АКУШЕРЛІКТЕГІ АСЕПТИКА МЕН АНТИСЕПТИКА |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати